Қазақстан Республикасында педиатриялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»


Қазақстан Республикасында педиатриялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты



бет2/8
Дата20.12.2023
өлшемі76,99 Kb.
#197979
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
1027 12.01.2022 07

Қазақстан Республикасында педиатриялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты


1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Қазақстан Республикасында педиатриялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты (бұдан әрі – Стандарт) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 32) тармақшасына (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау ұйымдарында балаларға педиатриялық көмек көрсетуді ұйымдастыру процестеріне қойылатын талаптар мен қағидаттарын белгілейді.


2. Педиатриялық көмек он сегіз жасқа толмаған балаларға (бұдан әрі – балаларға) Кодекстің 117, 118-баптарына сәйкес нысандарда және жағдайларда көрсетіледі.
3. Медициналық ұйымдар (бұдан әрі – МҰ) педиатриялық көмек көрсетудің барлық кезеңдерінде сабақтастықты сақтай отырып, пациенттерді профилактикалауға, ерте диагностикалауға, емдеуге бағытталған іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді.
4. Балаларға медициналық көмек Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы № 672 «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы», 2019 жылғы 20 маусымдағы № 421 «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің тізбесін бекіту туралы» қаулыларына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМКБК) шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерімен жүзеге асырылады.
5. ТМКБК шеңберінде балаларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету МҰ-да Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-75 «Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23885 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес ұсынылады.
6. Балаларға педиатриялық көмек көрсету Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметтің сапасы жөніндегі біріккен комиссиясы (бұдан әрі – СБК) бекіткен диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес жүргізіледі.
7. МҰ «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығына сәйкес (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) денсаулық саласындағы медициналық есепке алу құжаттамасының нысандарын жүргізуді қамтамасыз етеді.
8. Зорлық-зомбылық фактілері мен дене жарақаттары анықталған жағдайда емдік-профилактикалық көмек көрсету, медициналық оңалту жүргізу, ішкі істер органдарын хабардар ету жүзеге асырылады.
9. Осы Стандартта пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
1) бала жасындағы ауруларды ықпалдастыра қарау (бұдан әрі – БЖАЫҚ) – 5 жасқа дейінгі балаларға уақтылы және сапалы медициналық көмек көрсетуге, сырқаттанушылығын, өлімін, мүгедектігін азайтуға, сондай-ақ физикалық, психоәлеуметтік және эмоциялық дамуын жақсартуға бағытталған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) және Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) ұсынған стратегия;
2) белсенді бару – дәрігердің бастамасы бойынша, сондай-ақ медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) ұйымдарына стационарлардан шығарылған науқастар туралы, медицина қызметкерінің белсенді қарап-тексеруін қажет ететін пациенттерге шақыртуларға қызмет көрсеткеннен кейін жедел көмек ұйымынан мәліметтер берілгеннен кейін науқастың үйіне дәрігердің және (немесе) орта медицина қызметкерінің баруы;
3) патронаж – медицина қызметкерлерінің үй жағдайында профилактикалық және ақпараттық шараларды жүргізуі (нәрестеге патронаж, жүкті әйелге, босанған әйелге, диспансерлік науқасқа патронаж);
4) перинаталдық көмекті өңірлендіру – бұл жүктілік және босану барысының қауіп дәрежесіне қарай әйелдерге және жаңа туған нәрестелерге перинаталдық стационарлық жағдайда көмек көрсетудің үш деңгейі бойынша облыс аумағында медициналық ұйымдарды бөлу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет