Қазақстан Республикасында педиатриялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»


-тарау. Педиатриялық көмек көрсету тәртібі



бет4/8
Дата20.12.2023
өлшемі76,99 Kb.
#197979
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
1027 12.01.2022 07

4-тарау. Педиатриялық көмек көрсету тәртібі


1-параграф. Амбулаториялық жағдайларда педиатриялық көмек көрсету тәртібі
14. Амбулаториялық жағдайларда балаларға педиатриялық көмекті дәрігерлер, кеңейтілген практиканың мейіргері, жалпы практика мейіргері, учаскелік мейіргері, мамандандырылған мейіргері, білім беру ұйымдарындағы медициналық пункттің мейіргері (бұдан әрі – мейіргер ісінің мамандары), фельдшерлер, денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандар (бұдан әрі – әлеуметтік қызметкер) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-305/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен мамандандырулар номенклатурасын, денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21856 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрық) бұйрығына сәйкес және психологтар іске асырады.
15. МСАК ұйымдарына бекіту Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-194/2020 «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21642 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес жүргізіледі.
16. Баланың дамуы туралы мәліметтер № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрықпен бекітілген «Амбулаториялық науқастың медициналық картасы» № 052/е нысаны бойынша туған күнінен бастап МСАК ұйымдары деңгейінде медициналық ақпараттық жүйеге (бұдан әрі - МАЖ) енгізіледі.
17. МСАК ұйымдары жүргізеді:
1) балаларға консультациялық, диагностикалық, емдік көмек көрсету, динамикалық байқау;
2) патронаждық қызметтің әмбебап-прогрессивті моделіне сәйкес жүкті әйелдердің, жаңа туған нәрестелер мен ерте шақтағы балалардың патронажы және белсенді қарап - қадағалау;
3) «Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесін, екпелерді жүргізу қағидаларын, мерзімдерін және халықтың профилактикалық екпелерге жататын топтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысымен бекітілген профилактикалық егулердің мерзімдеріне сәйкес вакцинациялауды жоспарлау, ұйымдастыру және жүргізу;
4) көрсетілімдері болған жағдайда балаларды бейінді мамандардың консультациясына жіберу;
5) жіті және созылмалы ауруларды анықтау, шұғыл және жоспарлы емдеу іс-шараларын уақтылы жүргізу;
6) көрсетілімдері болған жағдайда балаларды тәуліктік стационарларға, күндізгі стационарға жіберу және үйде стационар ұйымдастыру;
7) диспансерлік есепте тұрған созылмалы аурулары бар балаларды динамикалық бақылау, емдеу және сауықтыру;
8) қалпына келтіру емі және медициналық оңалту;
9) № 704 бұйрыққа сәйкес жаңа туған нәрестелер мен ерте жастағы балалардың скринингін жүргізу;
10) мектепке дейінгі немесе мектеп мекемелеріне барар алдында балаларды сауықтыруды ұйымдастыру;
11) дұрыс тамақтану, балалар ауруларының профилактикасы және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері бойынша ата-аналармен және отбасы мүшелерімен немесе баланың заңды өкілдерімен ақпараттық жұмыстар жүргізу.
18. Медициналық ұйымдарда (немесе медициналық пунктте) балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызмет сапасы жөніндегі біріккен комиссиясы бекіткен диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес іске асырылады.
19. МҰ-да (немесе медициналық пунктте) балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету СБК бекіткен диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес жүзеге асырылады.
20. Амбулаториялық жағдайда шұғыл медициналық көмек көрсетуге арналған дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар арнайы пластик қобдишаларда – алып жүруге жеңіл және ыңғайлы, қол жетімді жерде орналасқан, өңделетін материалдан жасалған «шабадандарда» болады.
21. Пациентке көрсетілген шұғыл медициналық көмектің көлемі жүрек жиырылуының жиілігін, артериялық қысымның, пульстің деңгейін, дене температурасын, дәрілік препараттың атауы мен дозасын, енгізу әдістері мен уақытын көрсете отырып, № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген «Амбулаториялық пациенттің медициналық картасы» № 052/е нысанында тіркеледі.
22. Созылмалы аурулар анықталған кезде № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген «Амбулаториялық пациенттің медициналық картасы» № 052/е нысанына 5-қосымша параққа сәйкес нысан бойынша жүргізу жоспарын жасай отырып, динамикалық бақылау жүзеге асырылады.
23. Балалар арасында инфекцияның таралуының алдын алу үшін инфекциялық аурулар ошақтарында санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар орындалады.
24. Профилактикалық егулерді есепке алу есепке алу нысандарында тиісті жазбалармен жүзеге асырылады, олар егу жүргізілген жердегі денсаулық сақтау объектілерінде, білім беру, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту объектілерінде сақталады: № 065/е нысаны бойынша профилактикалық егулердің картасы, № 066/е нысаны бойынша профилактикалық егулерді есепке алу журналы, № ҚР ДСМ- 175/2020 бұйрықпен бекітілген.
25. Педиатр дәрігер (бұдан әрі – педиатр) немесе Жалпы дәрігерлік практика», «Отбасылық медицина» (бұдан әрі – ЖПД) мамандығы бойынша дәрігер баланы санаторийлік-курорттық емдеуге медициналық құжаттарды ресімдеуді жүзеге асырады.
26. Көрсетілімдер бойынша ата-анаға (қамқоршыға) бала күтімі бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақтарды (анықтамаларды), сырқаттану кезеңінде мектепке дейінгі мекемеге және мектепке барудан баланы босату үшін еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтаманы ресімдеу және беру Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің «Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 18 қарашадағы № ҚР ДСМ-198/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21660 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
27. Сырқаттанған кезде ауыстыру және оқу бітіру емтихандарынан босату туралы мәселені дәрігерлік-консультациялық комиссия (бұдан әрі - ДКК) шешеді.
28. Амбулаториялық науқастың медициналық картасындағы зерттеп-қарау нәтижелерімен баладан организм функциясының қатты бұзылулары анықталған кезде ДКК-да Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) сәйкес медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберу туралы мәселе қаралды.
29. Мүгедектік белгіленген кезде мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалтуға арналған жеке бағдарламаларды, оның ішінде әлеуметтік қызметтерді тарта отырып, әзірлеу және орындау жүргізіледі.
30. Педиатр, ЖПД, мейіргер ісінің мамандары «Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-313/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21879 болып тіркелген) бекітілген нысандар бойынша бөлімше басшысына (бөлімше меңгерушісіне) қызмет көрсетілетін аумақтағы балалардың аурушаңдығының, мүгедектігі мен өлім-жітімінің негізгі медициналық-статистикалық көрсеткіштері бойынша есептерді ұсына отырып, денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттаманы жүргізуді жүзеге асырады.
31. Балалармен және олардың заңды өкілдерімен профилактикалық, консультациялық жұмыс жүргізу мақсатында балаларға МСАК көрсететін барлық МҰ-да жарақтандырылған баланы дамыту кабинеті (бұдан әрі – БДК) ұйымдастырылады.
БДК-ның жабдықтандырылуы осы Стандартың 1-қосымшасына сәйкес жүзеге асырылады.
32. БДК мейіргер ісінің маманы мынадай іс-шараларды өткізеді:
1) ерте шақтағы балаларды күту мәселелері бойынша консультация беру және ана мен оның отбасы мүшелерінің ата-аналық дағдыларын қалыптастыру, баланың дамуы үшін ойынның, оқудың, қарым-қатынастың мәнін түсіндіру;
2) жүкті әйелді немесе емізетін аналарды дұрыс тамақтану, жүктілік пен отбасын жоспарлау мәселесі туралы, емшекпен қоректендіруді қолдау мәселесі бойынша хабардар ету;
3) санитариялық қауіпсіздік нормаларын және энергетикалық қажеттілікті ескере отырып ата-ананы уақтылы қосымша тамақтандыруды енгізіп және оны іс жүзінде дайындауға үйрету;
4) балалар үшін жарақаттанушылықтың, улану мен жазатайым оқиғалардың алдын алатын қауіпсіз орта туғызу бойынша ата-анасына (ата-аналарға) түсіндіру;
5) баланың психомоторлық және сөйлеу дамуының мониторингі және анықталған проблемалар бойынша консультация беру;
6) № 704 бұйрыққа сәйкес балалардың аудиологиялық және психофизикалық скринингін жүргізу;
7) осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес «M-CHAT-R» - балалар үшін аутизмге түрлендірілген скринингтік тест жүргізу;
8) сырқат балаларға үйде күтім жасау және дамуында ақауы бар балаларға күтім жасау мәселелері бойынша консультация беру;
9) тұрмыстық зорлық-зомбылық және балаға қатал қараудың профилактикасы.
33. МҰ-да балаларды профилактикалық қабылдау (қадағалау) кешенді бағалауды және баланың даму мониторингін: табиғи, жыныстық дамуын, естуін, көруін, ұсақ және ірі моторикасын, экспрессивті және рецептивті сөйлеуін, сезімін, өзін-өзі реттеуге және қарым-қатынас орнатуға, ойнауға және оған өзара қатысуға қабілеттілігін қамтиды.
34. Есту және көру қабілетінің нашарлауы, созылмалы аурулардың анықталуы, сондай-ақ кеңірдек пен көмей жолдарының тарылу симптоматикасы бар балалар анықталған кезде учаскелік дәрігер оларды диагнозын анықтап, емделу үшін бейінді мамандарға жібереді. 
35. Психофизикалық дамуында тежелу каупі бар, есту және көру қабілетінің нашарлауы, неврологиялық симптоматикасы бар балалар анықталған кезде медицина қызметкері оларды психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияға жібереді.
36. Соматикалық патологияның, синкопальдық жағдайдың, «енжар бала» синдромының салдарынан болатын фебрильдік құрысқақпен нервтік-психикалық дамуында кідірісі бар пациенттердің нерв жүйесінің патологиясын «Неврология ересектердің, балалардың» мамандығы бойынша дәрігер жойғаннан кейін оларды педиатрлар бақылайтын болады.
37. «Неврология ересектердің, балалардың» мамандығы бойынша дәрігер болмаған жағдайда стационарлық мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін қосымша зерттеп-қарауды ұйымдастыру және өткізу немесе стационардың бейінді бөлімшесіне жатқызу мәселесін учаскелік педиатр немесе ЖПД шешеді.
38. Баланың өміріне, денсаулығына, дамуына қауіп төндіретін медициналық немесе әлеуметтік сипаттағы қауіптерді анықтау және төмендету, сондай-ақ қаупі жоқ отбасына міндетті бару санын азайту мақсатында жүкті әйелдерді, нәрестелер мен ерте шақтағы балаларды үйде патронаждық бақылауды ұйымдастыру Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қорының (ЮНИСЕФ) ұсынған әмбебап-прогрессивті моделінің негізінде жасалады.
Патронаждың әмбебап-прогрессивті моделі кезінде міндетті жоспарланған үйге барулармен қатар (әмбебап тәсілдеме) баланың өміріне, денсаулығына немесе дамуына әсері бар медициналық немесе әлеуметтік қауіптің болуына байланысты ерекше қолдауды қажет ететін жүкті әйелдерге, нәрестелер мен балаларға арналған жеке жоспар бойынша қосымша белсенді бару енгізіледі (прогрессивті тәсілдеме).
39. Әмбебап (міндетті) патронаждық бақылау барлық жүкті әйелдер мен 5 жасқа дейінгі балаларға көрсетіледі және жүкті әйелдерге (жүктіліктің 12 аптасына және 32 аптасына дейінгі мерзімде) босануға дейінгі 2 патронаждан, ал балаларға осы Стандарқа 3-қосымшаға сәйкес жүкті әйелдерді, нәрестелерді және 5 жасқа дейінгі балаларды дәрігер/фельдшер және мейіргер ісінің маманы үй жағдайында және МСАК деңгейінде медициналық ұйымдарда қабылдауының жалпы бақылау сызбасы бойынша 9 рет барудан тұрады.
40. Прогрессивті тәсіл жүкті әйелдер, нәрестелер және 5 жасқа дейінгі балалар патронажының әмбебап-прогрессивті моделінің сызбасы бойынша (мейіргер ісінің маманының үйге патронаждық баруы) осы Стандартқа 4-қосымшаға сәйкес өміріне, денсаулығына, дамуына және қауіпсіздігіне қауіп төндіретін медициналық және әлеуметтік сипаттағы қауіптер анықталған жүкті әйелдер мен балаларды патронаждық бақылауды көздейді.
41. Бірқалыпты қауіп анықталған жағдайда (оның ішінде емізуге, қосымша тамақтандыруға қатысты мәселелер, гигиеналық дағды, ойнау, қарым-қатынастағы қиындықтар және т.б.) мейіргер ісінің маманы оны жою бойынша өз бетінше немесе учаскелік дәрігермен бірлесіп жұмыс жүргізеді.
Отбасы әлеуметтік қолдауды қажет ететін жоғары қауіп жағдайында (балаға қатал қарау, зорлық-зомбылық, жақтырмау, мүгедектік және т.б.) мәліметтер әлеуметтік қызметкерге, психологқа және (немесе) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды, білім беруді, әлеуметтік қорғауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, аумақтық полиция департаменттеріне, үкіметтік емес ұйымдарға беріледі.
42. Нәрестелер мен ерте шақтағы балаларға үй жағдайында патронаждық бару кезінде мейіргер ісінің маманы өзімен бірге балаларға арналған тонометр, өлшеуіш лента, термометр, бір рет қолданылатын шпатель алып жүреді.
43. Жүкті әйелге патронаждық бару кезінде мейіргер ісінің маманы:
1) жүкті әйелден шағымдарын сұрайды, артериялық қысымын өлшейді, ісіну және анемия белгілерінің бар-жоғын қарайды;
2) көңіл-күйін (депрессия бар-жоғын), үй жағдайының және өмірінің қауіпсіздігін, үй-жайының және жеке гигиенасын, жүктіліктің қауіп факторларын бағалайды;
3) жүктілікке байланысты физикалық және психикалық өзгерістер туралы, жүктілік кезіндегі күйзелістің зиянды салдары туралы, темекіні, алкогольді және есірткіні тұтынудың зиянды салдары туралы хабардар етеді;
4) үйлестірілген тағам бойынша, салмақты, физикалық белсенділікті бақылау, ауыз қуысының гигиенасын, жеке гигиенаны сақтау бойынша ұсыныстар береді;
5) отбасын жүктіліктің алаңдататын белгілеріне, қандай жағдайда тез арада дәрігерге қаралу керектігіне үйретеді және босануға дейін терапевттің және гинекологтың бақылауын жоспарлайды;
6) босануға, нәрестеге арналған орынды, бөлмені, күту заттары мен киімдерді қалай дайындауға, нәрестенің негізгі күтіміне, тек қана емшекпен қоректендірудің маңыздылығы мен емізу техникасына үйретеді және консультация береді.
44. Нәрестеге патронаждық бару кезінде мейіргер ісінің маманы:
1) нәрестедегі аурудың немесе жергілікті бактериялық инфекциялардың белгілерін бағалайды және олар болған жағдайда тез арада дәрігерді хабардар етеді;
2) депрессияны, үй жағдайының қауіпсіздігін және нәрестенің қажеттілігін анықтау мақсатында ананың (ата-анасының немесе баланың заңды өкілінің) көңіл күйін бағалайды;
3) жаңа босанған әйелден хал-жайы туралы сұрайды (шағымы, сүт безінің жағдайы, физикалық белсенділігі, тамақтануы, ұйқысы, контрацепция);
4) баланың анасын (заңды өкілін) жаңа туған нәрестеге негізгі күтім жасау туралы хабардар етеді, кеңес береді және үйретеді: емізу, температуралық режим, баланы дамыту мақсатында күтім жасау және оған деген көңіл-күй, ата-анасының екеуінің де (заңды өкілдерінің) қатысуы (бар болған жағдайда) қатысуы, гигиенасы және қол жуу мәселесі, шомылдыру кезіндегі қауіпсіздік, ұйқыда жатқан кездегі қауіпсіздік, кенеттен шетінеу синдромының алдын алу, кіндігі мен терісінің гигиеналық күтімі;
5) отбасын медициналық мекемеге шұғыл жүгінуі қажет аурудың қауіпті белгілерін білуге үйретеді: қоректендіру кезіндегі проблемалар, нәрестенің белсенділігінің төмендеуі, минутына 60-тан астам жиіліктегі дем алу, дем алудың қиындауы, дене қызуының көтерілуі немесе төмендеуі, құрысу, қалтырау және басқалар;
6) уақтылы вакцинациялау жүргізуге жәрдемдеседі;
7) баланың өміріне, денсаулығына, қауіпсіздігі мен дамуына қауіп төнгенде әлеуметтік тәуекелдерге бастапқы баға береді және тәуекелдер анықталған жағдайда ол туралы амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымның әлеуметтік қызметкерін хабардар етеді;
8) қосымша көмекті қажет ететін нәрестелерді анықтайды және олар үшін жеке баруларды жоспарлайды (туған кездегі дене салмағы төмен балалар, АИТВ-мен ауырған немесе жұқтырған аналардан туған балалар).
45. Ерте шақтағы балаларға патронаждық бару кезінде мейіргер ісінің маманы:
1) қауіптіліктің жалпы белгілерін, аурудың негізгі симптомдарын бағалайды (жөтел, диарея, қызу көтерілу және басқалар), анемияның бар болуын немесе салмақтың төмендігін тексереді; депрессияны анықтау мақсатында ананың (ата-анасы немесе заңды өкілінің) көңіл күйіне, жасына байланысты баланың қажеттіліктеріне баға береді; жарақаттану мен жазатайым оқиғалар тұрғысында үй жағдайының қауіпсіздігіне баға береді, баланы жақтырмаушылық белгілері мен оған қатал қарау, зорлық-зомбылық көрсетуге қатысты белгілерге баға береді;
2) табиғи, моторлық, психоәлеуметтік дамуына мониторинг жүргізеді;
3) жаңа босанған әйелден хал-жайы туралы сұрайды (шағымы, сүт безінің жағдайы, физикалық белсенділігі, тамақтануы, ұйқысы, контрацепция), одан 6 айға дейін тек қана емшекпен қоректендіру, қосымша тамақ беруді 6 айында енгізу мәселесі бойынша сұрайды;
4) ата-ананы немесе заңды өкілін баланы ойын, сөйлесу, оқу арқылы дамуына көмектесуге үйретеді; гигиена мәселесі, бала тәрбиесіне ата-анасының екеуінің (бар болған жағдайда) де бірлесе қатысуына, медициналық көмекке шұғыл жүгінуі қажет аурудың қауіпті белгілерін білуге үйретеді;
5) балалар жасындағы аурудың белгілері туралы (жөтел, диарея, температура және басқа) ата-ананы немесе заңды өкілін хабардар етеді және олар туындаған жағдайда консультация береді;
6) вакцинациялау жүргізуге жәрдемдеседі;
7) баланың өміріне, денсаулығына, қауіпсіздігі мен дамуына қауіп төндіретін әлеуметтік қауіптерге баға береді және қауіптер анықталған жағдайда ол туралы емхананың әлеуметтік қызметкерін хабардар етеді.
46. Бірқалыпты қауіп анықталғанда мейіргер ісінің маманы әлеуметтік қызметкермен, психологпен бірлесіп және жүкті әйелдің немесе баланың заңды өкілінің қатысуымен осы Стандартқа 5-қосымшаға сәйкес прогрессивті тәсілдеме шеңберінде патронаждық бақылау шарасының жеке жоспарын жасайды. Шараның жеке жоспары баланың өміріне, денсаулығына, дамуына және қауіпсіздігіне қауіптерді азайту немесе жою мақсатында баланың қажеттіліктерін бағалауды, баланың отбасындағы беделін талдауды, аға мейіргерді, учаскелік дәрігерді, бөлімше меңгерушісін және әлеуметтік қызметкерді хабардар етуді қамтиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет