Қазақстан Республикасында педиатриялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»


-параграф. Стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда педиатриялық көмек көрсету тәртібі



бет5/8
Дата20.12.2023
өлшемі76,99 Kb.
#197979
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
1027 12.01.2022 07

2-параграф. Стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда педиатриялық көмек көрсету тәртібі

47. Көрсетілімге байланысты нәрестелерге медициналық көмек көрсету «Қазақстан Республикасында акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 26 тамыздағы № ҚР ДСМ-92 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24131 болып тіркелген) сәйкес перинаталдық көмекті өңірлендіру деңгейі бойынша жүзеге асырылады.


48. Бірінші деңгейдегі медициналық ұйымдар жүктілік барысы асқынбаған анадан жедел физиологиялық босанудан туған дені сау нәрестелерге медициналық көмек көрсетуге және нәрестелерге шұғыл жағдайлар кезінде жедел көмек көрсетуге арналған.
49. Бірінші деңгейдегі МҰ-да жаңа туған балаларға медициналық көмекті № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрыққа сәйкес «Неонатология» мамандығы бойынша дәрігер (бұдан әрі – неонатолог) немесе педиатр, сондай-ақ мейіргер ісінің мамандарымен жүзеге асырылады.
50. Перинаталдық көмекті өңірлендірудің бірінші деңгейіндегі стационарлар ұйымдарының құрылымына: жеке босандыру палаталары, ана мен баланың бірге болуына арналған бөлімше, егу кабинеті, жаңа туған нәрестелерге арналған қарқынды терапия палаталары кіреді. Мейіргер ісі мамандарының тәулік бойы бақылауы қамтамасыз етіледі.
51. Бірінші деңгейдегі медициналық ұйымдарда сырқат нәрестеге мынадай іс-шаралар өткізіледі:
1) алғашқы реанимациялық көмек;
2) қарқынды және сүйемелдеуші терапия;
3) оксигенотерапия;
4) инвазивті немесе инвазивті емес респираторлық терапия;
5) фототерапия;
6) емдік гипотермия;
7) инфузиялық терапия және/немесе парентералдық тамақтану;
8) диагностикалау мен емдеудің бекітілген клиникалық хаттамаларына сәйкес емдеу.
52. Екінші деңгейдегі МҰ-да жаңа туған балаларға медициналық көмекті № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрыққа сәйкес педиатрлар немесе неонатологтар, және мейіргер ісінің мамандарымен жүзеге асырылады.
53. Екінші деңгейдегі медициналық ұйымдарда реанимацияға арналған толық жиынтықтары, желдетудің түрлі режімдері бар өкпені жасанды желдету аппараттары (тыныс алу жолдарында тұрақты дұрыс қысым), кувездері, клиникалық-диагностикалық зертханасы бар, нәрестелердің реанимациясы және қарқынды емдеу палаталары ұйымдастырылады. Педиатр немесе неонатолог дәрігер мейіргер ісі маманымен бірлесіп тәулік бойы бақылауды қамтамасыз етеді.
54. Екінші деңгейдегі медициналық ұйымдарда нәрестелерге медициналық көмек көрсету:
1) жаңа туған нәрестеге алғашқы реанимациялық көмек көрсету және жағдайын тұрақтандыру, гестация мерзімі 34 аптадан артық шала туған балаларды күту;
2) орталық көктамырлар мен шеткергі тамырларды катетерлеу;
3) неонаталдық кезеңдегі патологиялық жағдайларды (туа біткен ақауларды, жатырішілік дамудың кідірісін, нәрестелер гипогликемиясын, гипербилирубинемияны, неонаталдық сепсисті, орталық жүйке жүйесінің зақымдануын, респираторлық дистресс-синдромдын, пневмотораксті, некроздық энтероколитті) анықтау және емдеу;
4) өмірлік маңызы бар функцияларды (тыныс алу, жүрек-қан тамырлары, метаболизмдік бұзылыстарды) түзетуді қамтитын қарқынды ем жүргізуді, инвазивті немесе инвазивті емес респираторлық терапияны, инфузиялық терапия және парентеральдық қоректендіруді;
5) жоғары технологиялық медициналық көмек (бұдан әрі – ЖТМК) көрсету қажет болған кезде анасымен бірге ЖТМК ұсынатын ұйымға тасымалдауға дайындық дәрежесі айқындалады.
55. Перинаталдық көмекті өңірлендірудің үшінші деңгейдегі медициналық ұйымдарына клиникалық, биохимиялық және бактериологиялық зертханасы, әйелдер мен нәрестелердің жан сақтау және қарқынды емдеу бөлімшесі бар, сондай-ақ нәрестелер патологиясы мен шала туған нәрестелерді анасымен бірге жатқызып күту бөлімі, жаңа туған нәрестелердің хирургиясы бар босандыру ұйымдары жатады.
56. Үшінші деңгейдегі МҰ-да жаңа туған балаларға медициналық көмек № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығына сәйкес неонатологтар, мейіргер ісінің мамандарымен жүзеге асырылады.
57. Үшінші деңгейдегі медициналық ұйымдардың құрылымында заманауи емдік-диагностикалық жабдықтармен, дәрілік препараттармен жарақталған, тәуліктік посты (дәрігер мен мейіргер), экспресс-зертханасы бар нәрестелерді қарқынды емдеу бөлімшесі, нәрестелер патологиясы және шала туған нәрестелерді күту бөлімшесі ұйымдастырылады.
Неонатолог мейірбике ісі маманымен бірлесіп, тәулік бойы бақылауды қамтамасыз етеді.
58. Үшінші деңгейдегі медициналық ұйымдарда нәрестелерге медициналық көмек көрсету:
1) нәрестелердің алғашқы реанимациясын және нәрестелер күтімін;
2) қарқынды және демеуші терапия жүргізуді: респираторлық терапия, орталық тамырлар мен шеткергі тамырларды катетерлеуді, терапиялық гипотермияны, парентеральді тамақтануды, шала туған балаларды күтуді;
3) туа біткен ақауды диагностикалау және емдеуді, жатырішілік ұрық дамуының кідірісін (гестация мерзіміндегі салмақтың аздығы), нәрестелар гипогликемиясын, неонаталдық сепсисті, респираторлық дистресс-синдромды, гипербилирубинемияны, некроздық энтероколитті, пневмотораксті, бронхөкпе дисплазиясын, нәрестелердің ұзақ сақталушы өкпе гипертензиясын, орталық жүйке жүйесінің перинаталдық зақымдануын және басқа неонаталдық кезеңдегі патологиялық жағдайларды;
4) қарқынды және сүйемелдеуші терапияны, терапиялық гипотермия жүргізуді, парентеральдық қоректендіруді;
5) инвазивті немесе инвазивті емес респираторлық терапия жүргізуді;
6) шала туған балаларды күтуді;
7) нәрестелердегі патологияларды диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістерін меңгеруді және клиникалық тәжірибеге енгізуді, дәлелді медицина қағидаттарының негізінде асқынулардың профилактикасын;
8) бөлімшелерде емдік-диагностикалық жұмыстың сапасын көтеруге бағытталған іс-шараларды әзірлеп, енгізуді, ауруханалық өлімді азайтуды;
9) өңірлендірудің бірінші және екінші деңгейіндегі мамандарға тәуліктік консультациялық және емдік-диагностикалық көмек көрсетуді, медициналық ұйымдарға барып шұғыл түрде және жедел медициналық көмек көрсетуді қамтиды.
59. Жаңа туған нәрестелерді олардың жай-күйіне және медициналық көмек деңгейіне қарай бөлімшелерге емдеуге жатқызу осы Стандартқа 6-қосымшаға сәйкес перинаталдық көмекті өңірлендіру деңгейлері бойынша жаңа туған нәрестелерді емдеуге жатқызуға арналған көрсеткіштер тізбесіне сәйкес жүргізіледі.
60. Жаңа туған нәрестелерді диагностикалық тексеру осы Стандартқа 7-қосымшаға сәйкес перинаталдық көмекті өңірлендіру деңгейіне байланысты жаңа туған нәрестелерді диагностикалық зерттеулердің ең аз көлеміне сәйкес жүзеге асырылады
61. Босандыру ұйымдары көрсетілетін медициналық көмектің деңгейіне байланысты босандыру ұйымдарына арналған медициналық жабдықтар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесі бойынша перинаталдық көмекті өңірлендіру деңгейіне байланысты осы Стандартқа 8-қосымшаға сәйкес жабдықталады.
62. Туғаннан кейін бірден диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес нәрестенің жай-күйін бағалау жүргізіледі.
63. Дені сау нәрестеге «жылылық тізбесін» сақтай отырып гипотермияның алдын алуды, анасына денесімен жанасу немесе «денені денеге» жанастыруды, туылғаннан кейін бір сағаттың ішінде емізуді ерте бастауды (нәресте емуге дайын болған жағдайда), ауруханаішілік инфекцияның алдын алуды қамтитын негізгі күтім жасалады.
64. Дені сау нәрестенің антропометриясы, оны толық тексеру және басқа іс-шаралар туғаннан бастап 2 сағат өткеннен кейін жүзеге асырылады, себебі осы аралықта бала анасының кеудесінде жатады және емшекпен қоректендіріледі.
65. Неонатолог нәрестеден бұзылыстарды анықтаған жағдайда шұғыл медициналық көмек көрсетіледі, көрсетілімдері бойынша қарқынды емдеу немесе нәрестелерді реанимация бөлімшесіне ауыстырады.
66. Жедел босандырудан (кесарь тілігі) кейін медицина қызметкері баланы алғаш кеудесіне қойғанда анасы жауап қата бастаған сәттен бастап, анасының немесе баланың жағдайы ауыр болған кездерден басқа жағдайларда, кемінде 30 минут баланы анасының денесіне жанастыру арқылы анаға практикалық көмек көрсетеді. Анасының жағдайына байланысты баланы анасының кеудесіне алғаш қою мүмкін болмаған жағдайда нәрестені босану кезіндегі серіктесінің кеудесіне жатқызады.
67. Қарқынды емдеу бөлімшесінде жатқан нәрестенің заңды өкіліне және отбасы мүшелеріне «денені денеге» байланысына және күтім жасауға қатысуына мүмкіндік беріледі.
68. Босану палатасында ана мен дені сау нәрестені туғаннан кейін екі сағат бойы бақылауды акушер атқарады:
1) туғаннан бастап 15 минут өткенде нәрестенің дене температурасын өлшейді, ал содан кейін әрбір 30 минут сайын өлшейді;
2) жүрек соғысы мен тыныс алу жиілігін, дем алысының сипатын (экспираторлық ыңырсуын, көкірек қуысының төменгі бөлігінің тартылыс деңгейін бағалау), тері жамылғысының түсін, сору рефлексінің белсенділігін бақылайды, қажет болған жағдайда пульсоксиметрмен сатурациясын анықтайды.
69. Динамикалық бақылау кезінде нәресте жағдайының бұзылуын анықтау, қажетті тексерістер, бөлім меңгерушісінің қарап-тексеруі кезінде жүргізіледі, емдеу тәсілін нақтылау үшін консилиум ұйымдастырылады. Көрсетілімдер бойынша шұғыл медициналық көмек көрсетіледі, қарқынды емдеу палатасына немесе нәрестелердің жан сақтау бөлімшесіне ауыстырылады.
70. Туғаннан кейін 2 сағат өткенде дені сау нәресте анасымен бірге ана мен баланың бірге жататын бөлімшесіне ауыстырылады.
71. Босанғаннан кейінгі ана мен бала бірге жататын палатада медицина қызметкері тәулік бойы бақылауды қамтамасыз етеді және анасының бала күтіміне, нәресте анасының халі орташа ауыр және өте ауыр жағдайды қоспағанда үнемі қатысуы іске асырылады.
72. Ана мен баланың бірге болу бөлімшесінде № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрыққа сәйкес мамандықтар мен мамандандырулар бойынша дәрігерлер, акушерлер және мейіргер ісінің мамандары:
1) баланың бірінші талап етуі бойынша уақыт аралықтарын белгілеместен емшекпен қоректендіру тәжірибесі қолдауды іске асырады.
2) емізудің артықшылықтары, емшек сүтін қолмен сүзу техникасы және еселілігі туралы консультация береді, емшектің сызаты немесе лактастаз тәрізді жағдайларды болдырмау үшін баланы кеудеге қою және дұрыс орналастыруда практикалық көмек көрсету үшін баланы емізу кезінде көзбен шолу жасайды;
3) емізуге қарсы көрсетілімдер болған жағдайда нәрестенің анасын (ата-анасын немесе заңды өкілін) баланы тамақтандырудың баламалы әдістеріне үйретеді; жаңа босанған әйелге нәрестесі бөлек жатқан жағдайларда лактацияны қалай сақтау туралы консультация береді.
73. Галактоземия, фенилкетонурия, «үйеңкі шәрбаты» ауруы тәрізді туа біткен алмасуларының (энзимопатия) болуы, сондай-ақ егер аналар туберкулезбен ауырған, АИТВ жұқтырған, цитостатиктерді, радиоактивті препараттарды қабылдап жүрген болса бұл емшек сүтімен баланы қоректендіруге абсолюттік қарсы көрсетілімдер болып табылады.
74. Аналардың босанғаннан кейін эклампсия, психоз, В және С гепатитінің белсенді түрі сияқты аурулары болса, сондай-ақ емізуге қарсы көрсетілімдер болғанда препаратарды қабылдауы емізуге біршама қарсы көрсетілімдер болып табылады.
75. Неонатолог күн сайын нәрестелерді қарап-тексереді, аналарға гипотермияның профилактикасы, вакцинация мен күтім жасау мәселелері бойынша консультация береді.
76. Нәрестеде шұғыл жағдай туындаған кезде (асфиксия, респираторлық дистресс-синдром және басқа) оның халін тұрақтандырып және екінші немесе үшінші деңгейдегі босандыру ұйымдарына анасымен бірге тасымалдауға дайындығының деңгейі анықталады.
77. Жаңа туған нәрестеде жіті хирургиялық патология күдікті және (немесе) анықталған кезде шұғыл түрде «Балалар хирургиясы» мамандығы бойынша дәрігердің консультациясы жүргізіледі.
Тіршілік функциялардың көрсеткіштері тұрақтанғаннан кейін нәрестеге тиісті мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін бейінді стационардың балалар хирургиялық бөлімшесіне немесе босандыру МҰ-ның хирургиялық бөлімшесіне (болған жағдайда) ауыстырылады.
78. Жаңа туған нәрестелерді вакцинациялау № ҚР ДСМ175/2020 бұйрықпен бекітілген стационарларда қолданылатын медициналық есептік құжаттамасына сәйкес нысан бойынша профилактикалық егулер жүргізуге заңды өкілдерінің хабардар етілген келісімі негізінде, «Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық егулер жүргізілетін аурулардың тізбесін, оларды жүргізу қағидаларын, мерзімдерін және халықтың профилактикалық егілуге жататын топтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында профилактикалық егулер жүргізу мерзімдеріне сәйкес жүзеге асырылады. Жүргізілген вакцинациялау туралы деректер № ҚР ДСМ175/2020 бұйрықпен бекітілген «Стационарлық пациенттің медициналық картасы» № 001/е нысанына 11-қосымша параққа сәйкес нысан бойынша жаңа туған нәрестенің даму сырқатнамасына енгізіледі.
79. Барлық жаңа туған нәрестелерге МҰ-дан шығарар алдында № 704 бұйрыққа сәйкес скрининг жүргізіледі.
80. Жаңа туған нәрестені босандыру жәрдемінен шығару оның қанағаттанарлық жай-күйі және стационарлық жағдайларда тәулік бойы медициналық бақылау үшін медициналық көрсетілімдер болмаған кезде, ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген стационарларда пайдаланылатын медициналық есепке алу құжаттамасының нысанының стационарлық пациенттің медициналық картасына 11-қосымша парағына сәйкес нысан бойынша бала туралы ақпаратты МСАК МҰға нақты тұратын және одан әрі тіркелген жері бойынша бере отырып жүзеге асырылады.
81. Әрі қарай тәуліктік медициналық бақылауды қажет ететін мерзімде туған нәрестелер 28 тәуліктік жасқа жеткеннен кейін немесе шала туылған нәрестелер 42 жастан жеткеннен кейін постконцептуалдық педиатриялық бейіндегі стационарға ауыстырылады.
82. Нәресте үйде ауырып қалған жағдайда балалар ауруханасының нәрестелер патологиясы бөлімшесіне немесе реанимация және қарқынды емдеу бөлімшесіне жатқызылады.
83. Он сегіз жасқа толмаған балаларды балалар ауруханасына немесе бөлімшесіне емдеуге жатқызу көрсетілімдері бойынша жүзеге асырылады.
84. Балаларға стационарлық жағдайда медициналық көмек, Кодекстің 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес бекітілген, стационарлық жағдайда медициналық көмек көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
85. Диагнозды анықтауда немесе емдеу әдісін белгілеуде қиындықтар болған кезде телемедицина және бейінді республикалық ұйымдармен басқа байланыс құралдары арқылы консультация беру мүмкіндігі пайдаланылады. Қажет болған жағдайда баланы бейінді республикалық ұйымдарға ауыстыру жүзеге асырылады.
86. Балаларға стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек, Кодекстің 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес бекітілетін стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
87. Балаларға стационарлық және стационарды алмастыратын деңгейлердегі педиатриялық көмек:
1) мамандандырылған медициналық көмек және жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсетуді;
2) стационарға жүгінген барлық балаларды шұғыл белгілері бойынша және жағдайының ауырлығына байланысты іріктеуді;
3) балаларға шұғыл және жоспарлы медициналық көмек көрсетуді;
4) зертханалық және аспаптық зерттеу жүргізуді;
5) анықталған нозологияға және диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес балалардың патологиялық жағдайы мен ауруларын диагностикалаудың және емдеудің заманауи әдістерін қолдануды;
6) күн сайын дәрігердің қарап-тексеруін, меңгерушінің қарап-тексеруін (келіп түскен кезде бірінші тәулікте, қайтадан қарап-тексеру аптасына 1 реттен кем емес және қажеттілікке қарай);
7) бейінді мамандардың консультацияларын (көрсетілімдер бар болса) және консилиумдарын (науқас жағдайының ауырлық дәрежесіне байланысты) ұйымдастыруды;
8) медициналық құжаттарды дайындап, жүргізуді, МАЖ-ға енгізуді;
9) қолдаушы күтіммен қамтамасыз етуді (сәйкес тамақтандыру, су теңгерімін қолдау, ауырсынуды бақылау, қызудың көтерілуін қарау, оттегі терапиясы, ойыншықтарға қолжетімділік және ойнауға мүмкіндік беру арқылы баланы эмоциялық қолдау);
10) бар болған жағдайда негізсіз ауырсындыру ем-шараларынан аулақ болу үшін тиімділігі бойынша кем түспейтін, мүмкіндігінше аз ауырсындыратын емдеудің баламалы әдісін қолдануды;
11) дұрыс тамақтану, баланы эмоциялық қолдау мәселелері бойынша, баланың жағдайын мониторингтеу мен емдеудегі оның рөлі туралы, аурудың ықтимал себептерін, жүргізілген ем мен емдеуден күтілетін нәтиже туралы ата-аналарға (заңды өкіліне немесе стационарда балаға күтім жасайтын басқа адамға) түсінікті түрде консультация беруді және үйретуді;
12) балалар мен және ата-аналармен (заңды өкілдерімен) бала ауруларының профилактикасы және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері бойынша ақпараттық жұмыстар жүргізуді көздейді.
88. Балаларға медициналық оңалту «Медициналық оңалту көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 7 қазандағы № ҚР ДСМ-116/2020 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21381 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет