2-тарау. Педиатриялық көмек көрсететін ұйымдардың құрылымы
10. Амбулаториялық жағдайда педиатриялық көмек «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 24 тамыздағы № ҚР ДСМ-90 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24094 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес МСАК ұйымдарымен жүзеге асырылады және баланы дамыту кабинеттерінде, жалпы білім беретін мектептердің медициналық пункттерінде қызметтер көрсетуді қамтиды.
11. Стационарлық деңгейде балаларға педиатриялық көмекті босандыру ұйымдарында, көп бейінді және мамандандырылған балалар стационарларында (шұғыл және жоспарлы) жүзеге асырылады.
12. Балаларға стационарды алмастыратын жағдайларда педиатриялық көмек МСАК ұйымдарымен, көп бейінді және мамандандырылған балалар стационарларымен жүзеге асырылады.
3-тарау. Педиатриялық көмек көрсететін ұйымдар қызметінің негізгі міндеттері мен бағыттары
13. Педиатриялық көмек көрсететін МҰ қызметінің негізгі міндеттері мен бағыттары мыналар:
1) балаларға, оның ішінде нәрестелерге дәрігерге дейінгі, білікті, мамандандырылған медициналық көмек және жоғары технологиялық, медициналық қызмет көрсету;
2) медициналық көмекке қолжетімділікті және медициналық қызметтің сапасын қамтамасыз ететін іс-шараларды өткізу;
3) БЖАЫҚ принциптерін сақтау;
4) балаларды медициналық оңалту өткізу;
5) профилактикалық көмек көрсету:
жүкті әйелдер патронажы;
салауатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттау, тиімді және дұрыс тамақтануға ұсыным;
күтім, аурудың қауіпті белгілері және қауіп төндеретін жағдайлар бойынша баланың заңды өкілдерімен ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу;
емшек сүтімен қоректендіруді қолдау және лактация мәселесі бойынша, алты айға дейінгі балаларды тек емшек сүтімен ғана қоректендіру практикасы және екі жасқа дейін емізуді жалғастыру бойынша консультация беру;
«Скринингті ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 9 қыркүйектегі № 704 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6490 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 704 бұйрық) бұйрығына сәйкес балалардың туа біткен патологиясын және психофизикалық дамуының, көру және есту функцияларының бұзылуын анықтау үшін;
баланың ерте дамуы мәселелері бойынша консультация беру;
медициналық профилактикалық қарап-тексерулер;
вакциналау жүргізу;
динамикалық байқау;
балаларды, оның ішінде жаңа туған нәрестелерді үйдегі патронаж;
әлеуметтік-психологиялық консультация беру;
6) сырқаттанушылықтың алдын алу және төмендету, әлеуметтік мәні бар, оның ішінде онкологиялық немесе гематологиялық аурулардың ерте нысандарын, В және С гепатиттерін, АИТВ инфекциясы мен туберкулездің бастапқы түрін анықтау бойынша, сондай-ақ аурулардың қауіп факторларын, балалар мүгедектігін, өлімін анықтау бойынша іс-шаралар өткізу.
Достарыңызбен бөлісу: |