Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы баяндама


Өмір сүру деңгейі, кедейлік



бет6/86
Дата07.05.2017
өлшемі14,66 Mb.
#15910
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86


2.2. Өмір сүру деңгейі, кедейлік


Қазіргі кезеңде Қазақстанда балалары бар отбасылар мемлекеттік қолдауды қажет етеді. ҚР ҰЭМ СК деректеріне сәйкес балалары бар үй шаруашылықтарының үлесі 2015 жылы 49,0% құрады. Өкінішке орай, ресми статистикалық ақпаратта төмен табысқа ие (өмір сүру минимумынан төмен) балалары бар отбасылар туралы деректер жоқ. ҚР ҰЭМ СК ресми деректері негізінде жүргізілген есептер балалары бар отбасылардың 12,3% жан басына шаққанда орташа табысқа ие екенін көрсетті, тұтынуға пайдалану
20000 теңгеден төмен (өмір сүру минимумы 21 364 теңге8). Одан бөлек, бір баласы бар отбасыларының арасында өмір сүру минимумынан төмен табысқа ие 5,7% отбасы болса, 4 және одан көп балалы отбасыларының арасында
41% кедейлікте9. Осылайша, балалары бар отбасылар, әсіресе көпбалалы отбасылар халықтың ең аз қамтылған санатына жатады және мемлекет тарапынан ерекше назар мен қолдауды талап етеді.

6-диаграмма. Орташа есеппен жан басына шаққандағы балалы отбасылардың таралымы, тұтынуға пайдалану, 2015, %10

Бұл есептеулерді ата-аналар мен балаларды сұрау нәтижелері де растайды11, балалы отбасылардың материалдық жағдайының субъективті бағалары алынды. 40,2% ата-аналар және 60,0% балалар жақсы жағдайда өмір сүріп жатқанын және кейде қымбат нәрсе алуға мүмкіндіктері бар екенін белгіледі. 17,3% балалар және 13,4% ата-ана олардың отбасылары ештеңеден мұқтаждық көрмейді деп есептейді. 14,0% ата-ана және 5,7% балалар «көп нәрседен бас тартуға тура келетінін» және «тамаққа әрең жететінін» білдірді.


7-диаграмма. Балалары бар отбасылардың материалдық жағдайының субъективті бағасы (ата-аналар және балалар)


Отбасыларына жүргізілген сұрау нәтижесі шалғайдағы ауылдардағы балалы отбасылар қолдауды қажет ететінін көрсетті: олардың ішінде сұрауға қатысқан 33,7% ата-ана және 60,5% балалар «көп нәрседен бас тартуларына тура келеді» және «тамақтануға қаражат зорға жетеді».



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет