Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы баяндама


Әлеуметтік қорғау жүйесі және оның балалар мен балалы отбасылардың жағдайын жақсартуға әсері



бет7/86
Дата07.05.2017
өлшемі14,66 Mb.
#15910
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   86

2.3. Әлеуметтік қорғау жүйесі және оның балалар мен балалы отбасылардың жағдайын жақсартуға әсері


Балалы отбасы – бұл ерекше назарды талап ететін халықтың санаты.
Ой және дене дамуының жастық ерекшеліктеріне қарай балалар өздеріне қарауға, өздерін тамақтандыруға шамалары жоқ, баланың туылуы отбасын табыстарға қатысты әлжуаз жағдайға итермелейді. Сол себепті балалары бар отбасыларын әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесі арқылы қолдау – мемлекеттің маңызды міндеті.

Әлеуметтік қамсыздандыруға және көмекке кететін шығындар номиналды сипатта жыл сайын артуда: ҚР ҰЭМ СК мәліметтеріне сәйкес, 2011-жылдан 2015 жылға дейінгі кезеңде өсім 51,2%12 құрады. Осыған қоса, әлеуметтік қамсыздандыру және көмекке кететін шығындардың ЖІӨ-дегі


%-дық үлесі 4,0-ден 4,2% дейін артты.
8-диаграмма. Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмекке кететін мемлекеттік шығындардың ЖІӨ-дегі үлесі, %



Қазақстан Республикасының «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңына сәйкес, туылған, асырап алынған, туған, асырап алған, сондай-ақ қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алған балалары бар отбасылар келесілерге құқылы:

бала тууына байланысты тағайындалатын және төленетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы (жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін әйелдер үшін) – бірінші, екінші және үшінші балаға - 30 АЕК (2016 жылы 63 630 тг.), төртінші және одан кейінгі балаларға - 50 АЕК (2016 жылы 106 050 тг.).

баланы бір жасқа толғанға дейін бағу-күту бойынша оларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (жұмыс істемейтін әйелдер үшін). Бала туғанға дейін жұмыс істеген әйел үшін мұндай жәрдемақы оның орташа айлық еңбекақы мөлшерінің 40% құрайды. Егер әйел жұмыс істемеген болса, жәрдемақы отбасы табысына тәуелсіз, мемлекеттік бюджеттен төленетін болады. Мұндай жағдайда бірінші баланың күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақы мөлшері 5,5 АЕК (2016 жылы 11 666 тг.), екінші балаға - 6,5 АЕК (2016 жылы 13 787 тг.), үшінші балаға - 7,5 АЕК
(2016 жылы 15 908 тг.), төртінші және одан кейінгі балаларға - 8,5 АЕК
(2016 жылы 18 029 тг.).

он сегіз жасқа дейінгі балаларға тағайындалатын және берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы. Оның мөлшері әр балаға ай сайын 1 АЕК (2016 жылы 2 121 тг.) құрайды және аз қамтылған отбасыларға төленеді.

мүгедек баланы (балаларды) тәрбиелеуші анаға немесе әкеге, асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы - 1 ең төменгі еңбекақы (22 859 тг).
Көпбалалы отбасыларға әлеуметтік көмек

Көпбалалы отбасылар осал топ санатындағылар болып саналады. Көпбалалы отбасыларға әлеуметтік жәрдемақылар берудің мәні мен мақсаттары жәрдемақылардың осы отбасылардың табыстар құрылымында маңызды үлес құру керектігін көздейді. Алайда бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларға арнайы мемлекеттік жәрдемақы 4,16 айлық есептік көрсеткішті құрайды (отбасыда тәрбиеленіп жатқан балалардың нақты санына тәуелсіз), ақшалай көріністе 2015 жылы - 8245 теңге, 2016 жылы – 8823 теңге. «Алтын алқа» (жеті және одан көп балалар) және «Күміс алқа» (алты және одан ккөп балалар) алқаларымен наградталған көп балалы аналарға ай сайынғы жәрдемақы


13 575 теңгені (6,4 АЕК) құрайды. Көпбалалы отбасы, егер меншігіндегі тұрғын үй ауықымы адам басына 15 м.кв. аспайтын болған жағдайда ғана, тегін тұрғын үй алуға құқылы.


Балалы отбасыларға әлеуметтік қолдаудың халықаралық тәжірибесі

Әлемде әлеуметтік қамсыздандыру режимінің үш түрі кездеседі. Әлеуметтік қамсыздандырудың скандинавиялық режимді елдердегі балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау.

Әлеуметтік қамсыздандырудың скандинавиялық режимі (Дания, Швеция, Норвегия, Финляндия) мемлекетке басты рөлді береді. Бұл елдер үшін жұмыс істейтін ата-аналар үшін 3 жасқа дейінгі балаға күтім бойынша ұзақ мерзімді демалыстар тән. Швецияда
16 жасқа дейінгі бір балаға жәрдемақы ай сайын 165-тен 330 еуроны құрауы мүмкін, ал 16 жастан 25 жасқа дейінгі балаға жәрдемақы – 210-нан 440 еуроға дейін. Балаларға арналған жәрдемақылардан өзге, балалы отбасылар тұрғын үйге жәрдемақылар және көпбалалыққа (егер отбасыда бір баладан көп болса) төлемдер алуы мүмкін. Сонымен қатар, балалы отбасылар үшін ата-аналарға балаларын тәрбиелеуге көмектесетін тегін қызметтердің кең спектрі қолжетімді.

Әлеуметтік қамсыздандырудың либералды режимді елдердегі балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау. Әлеуметтік қамсыздандырудың либералды режимі (Ұлыбритания, Ирландия, Швейцария, АҚШ, Жаңа Зеландия). Мемлекет аса мұқтаж отбасыларға көмек көрсету бойынша қосалқы рөл ойнайды. Ұлыбританияда балаға жәрдемақы 10 жасқа дейін төленеді және бірінші балаға 105 еуроны, екінші және одан кейінгі балаларға 70 еуроны құрайды. АҚШ-та әйелдерге ақы төленбейтін декреттік демалыс бар-жоғы 12 аптаға беріледі, балаларға жәрдемақы берілмейді. Балалы отбасыларға арналған салықтық жеңілдіктер бар. Мемлекет тек аса қиын жағдайға ұшыраған отбасыларға көмек көрсетеді, әдетте, бұл көмек азық-түлік және тегін медицинадан тұрады.

Әлеуметтік қамсыздандырудың консервативті мемлекеттік режимді елдердегі (Германия, Австрия, Франция, Бельгия) балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау. Бұл елдерге баланы күту бойынша институттық сектор, баланы күту бойынша ұзақ мерзімді ақылы демалыстар, балаларға айтарлықтай ақшалай жәрдемақылар сәтті үйлеседі. Аталғандардың барлығы әйелдердің айтарлықтай жоғары жұмысбастылығын, балалар арасындағы кедейліктің төмен деңгейін қамтамасыз етеді. Германияда баланы күту бойынша демалыс 3 жылды құрайды. Бір балаға ай сайынғы жәрдемақы айына 184-тен 214 еуроға дейін жетеді. Табысы төмен отбасылар ай сайын 140 еуро көлемінде қосымша жәрдемақы ала алады. Сонымен қатар, әр бала тегін бала-бақшаға құқылы. Аз қамтылған отбасылардың балаларына ең қажетті оқу құралдарын сатып алуға, бір күндік экскурсияларға қатысуға болатын 100 еуро көлемінде жәрдемақы беріледі. Сонымен қатар, Германияда бала бар отбасыларға арналған салық салу бойынша жеңілдіктер бар.

Ресейде бір уақыттық төлемдер, ай сайынғы төлемдер, және аналық капитал бар. Бір уақыттық жәрдемақы әйелдерге әр туылған бала үшін, еңбек мәртебесі мен табыс деңгейіне тәуелсіз, тең мөлшерде төленеді (2016 жылдың басында 14 497 рубльді құрады). Ай сайынғы төлем бала 1,5 жасқа толғаннан соң орташа жалақының
40% көлемінде 2 жылға төленеді және төлемдер1,5 жасқа толғанға дейін баланы күту бойынша – уақытша сипатқа ие. Міндетті әлеуметтік сақтандыруға жатпайтын адамдар тобы үшін ай сайынғы жәрдемақының ең төменгі мөлшері бекітілген.

Екі және одан көп балалары бар ана жылына бір рет тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, баланың (балалардың) білім алуына, аналар үшін еңбек зейнетақысының жинақтау жағын қалыптастыруға, балаға бала-бақшаны (соның ішінде жеке) немесе мектепті төлеуге жарамды сертификаттан (2016 жылдың басында 453 026 рубль) тұратын аналық капитал алуға құқылы.

Көпбалалы отбасыларға жәрдемақы түрінде де, әр түрлі әлеуметтік жеңілдіктер нысанында да үлкен қолдау көрсетіледі.

Анықтама үшін: 2016 жылғы орташа еңбек ақы құрады: Швеция – 3064 еуро,
Ұлыбритания -2466 еуро, Германия – 3695 еуро (http://www.tradingeconomics.com/sweden/wages)




Балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету. Халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын бағалауда жеке тұрғын үйдің болуы және оны көркейту маңызды мәселе болып табылады. Сұралған ата-аналардың пікірінше, жеке пәтерде немесе үйде олардың 81,2% тұрады, 13,7% тұрғын үйді жалдайды, жатақханада – 2,7%.
3-кесте. Респонденттердің тұрғылықты орны, %




ата-аналар

балалар

Жеке пәтер/үй

81,2

88,6

Жалдамалы тұрғын үй

13,7

9,0

Жатақхана

2,7

0,8

Достардың/туыстардың үйі

1,2

0,4

Саяжай

0,9

0,3

Басқа

0,5

0,9

Тұрғын үй жалдайтын отбасылардың ең көп үлесі Астана қ. тұрады – (ата-аналар арасында 35,4% және балалар арасында 30,1%), ал жатақханада ең көп тұрушылар Маңғыстау облысында– 9,1%.

Материалды және тұрмыстық қиындықтарға тап болған балалардың үлесі көп емес екендігін атап өту керек: балалардың 3,9% отбасыдағы ақша тапшылығын, 1,8% нашар тамақтануды белгіледі, 0,9% мезгілдік киім және аяқ киімі жоқ, балалардың 0,9% жұмыс істеуге мәжбүр, балалардың
1,4% отбасының жеке тұрғын үйінің жоқтығымен алаңдаулы13.

Баланың әлеуметтік көмек алуға құқығы Қазақстанда заңмен бекітілген. Сұрау барысында осы құқықтарды сақтау бағалары алынды. Зерттеу нәтижелері келесіні көрсетеді: сұралған білім беру ұйымдарының басшылары мен мамандары 68,6% балалардың әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік қорғау құқығы олардың қаласы немесе ауылында толық сақталатынына сенімді, 25,9% бұл құқық ішінара сақталады деп санайды. Және тек 1,5% ғана балалардың бұл құқығы мүлдем сақталмайтынына сенімді.

Сұралған білім беру мекемелерінің әкімшілік өкілдерінің 70,9% және мамандардың 71,7% пікірінше, дене, ақыл, рухани, адамгершілік және әлеуметтік даму үшін қажетті баланың өмір сүру деңгейі құқықтары олардың аймағында толық сақталып келеді.

Сұралған басшылардың 71,0% және мамандардың 67,2% материалдық жағдайы ауыр отбасылардан шыққан балалардың барлық құқықтары толық көлемде сақталуда деп санайды.

Сұрау барысында әлеуметтік қорғау қызметтерінің қолжетімділігі бойынша ата-аналардың пікірін алу маңызды болды. Талдау нәтижелері бойынша, балалы отбасылардың 75% үшін әлеуметтік қорғау, әлеуметтік қызметкерлер қызметтері қол жетімді. Жағымды жауаптардың ең көбі Маңғыстау – 94,6% және Алматы облыстарында – 91,2% орын алды. СҚО респонденттерінің жартысына жуығы бұл тұжырыммен келіспеді – 51,9%.


9-диаграмма. Балалары барлық қажетті әлеуметтік қорғау қызметтерін және т.б. алып жатыр деп санайтын ата-аналардың үлесі, %

Осылай, Қазақстанда жалпы, респонденттердің пікірінше, балалардың әлеуметтік қорғауға құқықтары сақталып келеді.



Қазақстанда балалардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын бағалаудың проблемалары. ҚР ҰЭМ СК біріктірілген есептерінде отбасыны қолдауға жәрдемақылар жеке категорияға ерекшеленбейді, нәтижесінде жәрдемақылардың бұл түрлерінің үй шаруашылығы табыстары деңгейіне әсер ету дәрежесін анықтау іс жүзінде мүмкін емес. Осыған байланысты, табыстар құрылымында отбасыны қолдауға арналған жәрдемақыларды ерекшелеу керек, сндай-ақ «Кедей балалар үлесі» көрсеткішін халықтың өмір сүру деңгейі көрсеткіштерінің жүйесіне қосу қажет.

Балалардың жәрдемақыларының әсер ету дәрежесін бағалау үшін балалы отбасыларға арналған номиналды ақшалай табыстар құрылымын есептеу маңызды, бұл жәрдемақының осы түрінің әсер ету дәрежесін бағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жәрдемақылар алған және алмаған жағдайдағы (яғни, егер балалар жәрдемақыларын табыстар есебіне қоспағанда) кедей отбасылардың үлесін есептеу керек. Бұл осы категория халқы арасында жәрдемақылардың кедейлікке әсерін бағалауға мүмкіндік береді.



Салық шегерімдері жүйесі арқылы отбасыларды қолдау. Әлемде балалы отбасыларды мемлекеттік қолдау нысандарының бірі салықтық шегерімдер болып табылады. Қазақстанда орта білім және медициналық қызмет көрсету барлық балалар үшін тегін саналады. Дегенмен, ата-аналар балаларды оқыту және медициналық қызмет көрсету барысында белгілі бір қаржылық ауыртпалықтарға ие. Сұрау нәтижелері бойынша, сұралған ата-аналардың 60,5% білім берумен байланысты шығындар күш жетерлік, үлкен шығындарды қажет етпейді, 34,1% үшін бұл отбасы бюджеті шығындарының негізгі бабы болып табылады, және 5,3% «күш жетпейді, осы себепті балаға толыққанды білім бере алмаймыз» деп санайды (қала мен ауылдар арасында жауаптардың айырмашылығы байқалмайды). Осыған орай, ата-аналардың балаларға білім беру мен медициналық қызмет көрсетуге шығындарын салық салынатын жиынтық табыстан шығаруды енгізу туралы мәселені қарастыру ұсынылады.

Ресми статистикалық деректер мен жүргізілген әлеуметтанулық зерттеу нәтижелерін талдау келесіні балалы отбасылар мемлекеттік қолдауды қажет етуші халық категориясы болып табылатынын көрсетті. Әлемде балалы отбасыларға көмектің ең танымал түрі әр түрлі жеңілдіктер мен салық салудағы жеңілдіктер саналады. Германия, АҚШ және басқа елдердің тәжірибесіне сүйене, осы құралдар арқылы қолдаудың тиімді жүйесін оқыту және әзірлеу керек. Жұмыс істейтін ата-ананың бірінің салық салынатын жиынтық табысынан әр бала үшін бір ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасында шегерім жасау ұсынылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет