Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы баяндама


Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнамалық саясат



бет4/86
Дата07.05.2017
өлшемі14,66 Mb.
#15910
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86

Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнамалық саясат





      1. 2016 жылғы балалардың құқықтарын қорғау саласындағы заң шығарушылық


  1. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың

құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2016 жылғы 9 сәуірдегі № 501-V ҚРЗ ҚР Заңы. Осы Заңның аясында заңнамалық актілерге келесі өзгерістер енгізілді:

  • ҚР-ның «Неке(ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексі;

  • Жетім-балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасыларына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкі туралы тарау, онда деректерді қалыптастыруға және пайдалануға қойылатын талаптар, ақпаратқа қол жеткізу, бұзушылыққа жауапкершілік баяндалған.

  • Қабылдайтын отбасы туралы тарау: қабылдайтын отбасы, қабылдайтын ата-аналар ұғымы, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды қабылдайтын отбасыға беру туралы келісім-шарт, қабылдайтын отбасын қаржыландыру, балаларды қабылдайтын отбасыға беру шарттары.

  • Бала қонақтайтын отбасы туралы тарау: түсінігі, бала қонақтайтын отбасына баланы беру туралы шарт, баланы қабылдаған адамды және қонақтайтын отбасыға берілетін баланы анықтау, балаларды қонақтайтын отбасыға ресімдеу шарттары.

  • Отандық және халықаралық бала асырап алу мәселелері бойынша толықтырулар ен өзгерістер енгізілді, бала асырап жөніндегі аккредиттелген агенттіктерге талаптар өзгертілді.

  • «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексі – химиялық кастрация туралы бап.

  • ҚР Қылмстық Кодексіне (ҚК), ҚР Қылмыстық іс жүргізу Кодексіне (ҚІК), ҚР Қылмыстық-атқару Кодексіне (ҚАК) кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстарға қатысты бірқатар тармақтар енгізілді.

  • ҚК-к: «кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстар» ұғымы енгізілді және осындай қылмыстар бойынша шартты-мерзімінен бұрын босатуды, амнистияны, шартты босатуды, жазалауды неғұрлым жеңіл түрімен алмастыруды, шын өкінуіне және татуласуға байланысты жауаптылықтан босатуды қолдануға салынатын тыйымдар белгіленді;

- шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жерге шығарып жiберу жазалаудың қосымша түрі ретінде тағайындалуы мүмкін екендігі және жазалаудың негізгі түрі өтелгеннен кейін орындалатыны белгіленді;

- қазаға ұшыратумен немесе адамның денсаулығына ауыр зиян келтірумен байланысты емес ауыр қылмысты жасаған кәмелетке толмағандарды жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату мүмкіндігі орнатылған;

- кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыс жасаған адамдарға химиялық кастрациялау түріндегі мәжбүрлі емдеуді белгілеу, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан кейін көрсетілген шараларды белгілеу, ұзарту, өзгерті немесе жою енгізілді.

  • ҚІК-ге кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыс жасағаны үшін жазасын өтеп жатқан адамдарға әкімшілік қадағалау орнататын түзету енгізілді.

  • ҚІК-не қайталап қауіпті қылмыстар жасағаны үшін, сол сияқты террористік немесе экстремистік қылмыстар және кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстар үшiн жазасын өтеген және Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын адамдарға әкімшілік қадағалау белгіленетіндігі туралы толықтыру енгізілді.

  • ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексі – Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкіне ақпарат ұсыну тәртібі мен мерзімдерін бұзғаны үшін жауапкершілік жазылған.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау кезінде сот осы Кодекстің 73, 127, 128, 131, 434, 435, 436, 440 (төртінші және бесінші бөліктерінде), 442 (үшінші бөлігінде), 448, 461, 482, 485 (екінші бөлігінде) баптарында көзделген құқық бұзушылықтарды жасаған адамның мінез-құлқына үш айдан бір жылға дейінгі мерзімде кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның рұқсатынсыз кәмелетке толмағандарға белгілі бір жерлерге баруына, басқа да жерлерге шығуына тыйым салуды көздейтiн ерекше талаптар белгiлеуi мүмкіндігіне орай түзетулер енгізілді.

  • «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл институты туралы, қабылдау және бала қонақтайтын отбасы туралы баптармен толықтырылды.

  • ҚР «Білім туралы» Заңына білім туралы заңнамаға енгізілген барлық жаңалықтарға қатысты өзгерістер енгізілді: ҰБТ, тамақтану, гранттар, мектепке баланы қабылдау, сондай-ақ білім беру мекемелерінде де, сыртта да қылмыстық құқық бұзушылықтар фактісін айқындау және алдын алу, қиын өмірлік жағдайдағы балаларды есепке алу.

  • «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңға шетелдіктер асырап алған баланың ҚР азаматтығын сақтауына қатысты түзетулер енгізілді. Сондай ҚР СІМ ҚР шетелдік мекемелерінің елден тыс жердегі ҚР азаматтарын тіркеу және есепке алу мәселелері жөніндегі жауапкершілігі қосымша жазылған.

  • ҚР «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкiмшiлiк қадағалау туралы» Заңына кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы жауапкершілік нормалары енгізілген.

  • ҚР «Байланыс туралы» Заңында байланыс құралдарын қылмыстық мақсаттарда пайдаланғаны үшін жауапкершілік жазылған..

  • ҚР «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» Заңы: баланы қабылдайтын ата-аналарға берілген жетім баланы немесе ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған баланы күтіп-бағуға арналған төлем нормативі (мөлшері) туралы толықтырулар енгізілген

  1. «Қазақстан Республикасында Бала құқықтары жөніндегі уәкіл

институтын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің
2016 жылғы 10 ақпандағы № 192 Жарлығымен Бала құқықтары жөніндегі уәкіл институты құрылды.

  1. «Соттардың бала асырап алу жөніндегі заңнаманы қолдану

практикасы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2016 жылғы
31 наурыздағы № 2 Нормативтік қаулысы қабылданды.

Балалардың құқықтарын қорғау мақсатында ағымдағы жылы кейбір заңнамалық құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде жұмыс жүргізілуде:



ҚР Білім және ғылым министрлігі

«Мемлекеттік қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 382 қаулысына.

«Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 380 қаулысына.

«Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы №77 қаулысына.



ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы. Құжат 4 Кодексті және 12 Заңды қозғайды. Атап айтқанда, 1999 жылғы 23 маусымдағы «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 25-баптың 2.2-тармағына өзгеріс енгізілді, бүгінгі күнгі өзекті бөлігі - кәмелетке толмаған балалардың мәселесі бойынша.



Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы бұйрықтар әзірленіп бекітілген.

  1. «Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды

ұйымдастыру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а.
2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 717 бұйрығы.


  1. «Бала құқықтарын қорғау саласы бойынша тәуекел дәрежесін бағалау

өлшемшарттары мен тексеру парақтарының формаларын бекіту туралы»
ҚР БҒМ 2015 жылғы 28 желтоқсандағы және ҚР ҰЭМ 2015 жылғы
30 желтоқсандағы бірлескен бұйрығы.


  1. «Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер

стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 53 бұйрығы.

  1. «Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер

стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 24 наурыздағы № 210 бұйрығы.

  1. «Бала қонақтайтын отбасы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан

Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы
28 маусымдағы № 402 бұйрығы. Ереже «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексіне сәйкес әзірленді.

  1. «Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын,

Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы
№ 407 бұйрығы.

  1. «Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын

балаларды асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды беретін комиссияның қызметі мен құрамын айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 13 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы қаңтардағы № 415 бұйрығы.

  1. «Бала асырап алу жөніндегі агенттіктерді аккредиттеу қағидаларын

бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 513 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы қаңтардағы
№ 411 бұйрығы.

  1. «Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын

балаларды асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды беретін комиссияның қызметі мен құрамын айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 13 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы
№ 415 бұйрығы.

  1. «Баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге

асыратын ұйымдардың тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 412 бұйрығы.



  1. «Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен

ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында оқитын және тәрбиеленетін балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, тауарларды жосықсыз берушілердің тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 30 маусымдағы
№ 414 бұйрығы.

  1. «Асырап алынған баланың өмір сүру, оқу, тәрбие жағдайлары туралы

және денсаулық жағдайы туралы есепті ұсыну қағидалары мен мерзімдерін және оның нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 551 бұйрығы.

  1. «Баланы қабылдайтын отбасылар туралы ережені бекіту» Қазақстан

Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы
7 қазандағы № 597 бұйрығы.

  1. «Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасына

тәрбиелеуге (асырап алуға, қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа) берілген балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету» ең төмен әлеуметтік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 10 қыркүйектегі
№ 557 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 16 қарашадағы № 662 бұйрығы.

  1. «Жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және

асырап алуға жататын балаларды есепке алуды ұйымдастыру және олар туралы ақпаратқа қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы
№ 16 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 17 қарашадағы
№ 663 бұйрығы.

  1. «Баланы қабылдайтын ата-аналарға берiлген жетім балаларды, ата-

анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды күтіп-бағуды қаржыландыру қағидаларын және оның мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қарашадағы
№ 657 бұйрығы.
ҚР Сыртқы істер министрлігі

  1. «Шетелдіктер асырап алған Қазақстан Республикасының азаматтары

болып табылатын балаларды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде есепке қою және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2015 жылғы
3 сәуірдегі № 11-1-2/130 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2016 жылғы 9 маусымдағы
№ 11-1-2/243 бұйрығы.



  1. «Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған

балаларды асырап алуға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарды, шетелдiктердi есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2016 жылғы
14 маусымдағы № 11-1-2/262 бұйрығы.
      1. 2016 жылғы білім саласы бойынша норма шығарушылық


  1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы
    № 205 Жарлығымен Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілді.

  2. "Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 қаулысы бекітілді.

  3. «Мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балалар орта білім алғанға дейін оларды есепке алуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 33 бұйрығы.

  4. «Қала сыртындағы лагерьлерде тәлімгерлерді жұмысқа дайындау жөніндегі бірыңғай талаптары» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 16 наурыздағы № 200 бұйрығы.
      1. 2016 жылғы денсаулық сақтау және әлеуметтік қолдау саласы бойынша норма шығарушылық


  1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 176 Жарлығымен Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы бекітілді.

  2. «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығы.

  3. «Ақылы негізде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2016 жылғы 25 ақпандағы № 146 бұйрығы.

  4. «Адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2016 жылғы 24 ақпандағы
    № 138 бұйрығы.


    1. Ведомствоаралық ынтымақтастық

      • 2007 жылдан бастап Кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөнінде ведомствоаралық комиссия жұмыс істейді.

      • 2008 жылдан бастап Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар басшыларының Республикалық кеңес қызмет етеді.

      • 2011 жылдан бастап ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті жанындағы Үкіметтік емес ұйымдардың консультативтік-кеңестік кеңес жұмыс істейді.

      • Мүдделі мемлекеттік органдар, ҮЕҰ және ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті арасындағы жүйелі ақпараттық алмасу жолға қойылған.


Тиісті министрліктер мен басқару органдарының барлық деңгейлерінде тиісті басқарудың принциптерін жақтау – өзгерістер үшін өмірлік маңызды және қажетті жағдай.

Балаларды қолдаудың стратегиялық жоспарларын әзірлеу үшін түрлі деңгейлердегі мемлекеттік құрылымның барлық органдары мен балаларға қызмет көрсететін үкіметтік емес сектор органдарының нақты өзара
іс-қимылы қажет.

2015 жылдан бастап ҚР БҒМ, ҚР ДСӘДМ, ҚР ІІМ 2015-2016 жылдарға арналған білім ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде бірлескен әрекеттер туралы ведомствоаралық жоспардың, сондай-ақ ҚР БҒМ,
ҚР ДСӘДМ, ҚР ИДМ, ҚР МСМ, ҚР ІІМ Кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі 2015 - 2017 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарының аясында іс-шаралар іске асырылуда.


2016 жылы 2016-2017 жылдарға «2015 жылдағы Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы» баяндамада берілген қорытындылар мен ұсынымдарды іске асыру жөніндегі ведомствоаралық әрекеттер жоспары бекітілді.1

Аталған жоспардың аясында заңнаманы, ведомствоаралық үйлестіруді жетілдіру жөнінде шаралар әзірленді; әлеуметтік жетімдіктің алдын алу және қолайсыз отбасылармен жұмыс, интернаттан кейінгі бейімделу және балалар үйлерінің түлектерінің әлеуметтенуі жөнінде шаралар әзірленді; әлеуметтік жетімдікті, балаларға қатысты қатыгездікпен қарау, суицидтік әрекет жөнінде, сондай-ақ салауатты өмір салтын қалыптастыру жөнінде іс-шаралар бекітілді.


    1. Балалардың құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі ҚР заңнамасын іске асыруды бағалау


Кез келген өңірдегі жағдайлардың шынайы критерийі бұл өңірде балаларға қаншалықты жақсы қарайтыны болып табылады – олардың денсаулық жағдайы мен қорғалуы, материалдық ауқаттылығы, білім мен әлеуметтенуі, сондай-ақ олар туған отбасында және қоғамда олардың қаншалықты жақсы көріп, бағалайтынында.

Өңірлік деңгейдегі барлық заңнамалық құжаттарды іске асыруды жергілікті атқарушы органдар іске асырады, тиісінше балалардың өмір сүру сапасы бұл органдардың қаржыландыру мөлшеріне, сауаттылығына, жеделдігіне, тиімділігіне байланысты болады.

Жүргізілген әлеуметтанулық сұрау балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі заңнаманың тиімділігін, халықаралық стандарттар мен конвенцияларға сәйкестілігін, мүдделі тараптардың ведомствоаралық өзара іс-қимылының сапасын бағалауға мүмкіндік берді. Бағалауға оқу орындарының жетекшілері мен қызметкерлері, балалардың ата-аналары қатысты.

Заңнаманың тиімділігі 10 баллдық шкала бойынша бағаланды. Сұрау нәтижелері бойынша тиімділіктің орта бағасы – 9 балл, бұл шындық пен оң нәтижелерді білдіреді.



Орташа есеппен 63,3% сұралған оқу орындарының қызметкерлері ұлттық заңнама балалардың құқықтары жөніндегі халықаралық стандарттар мен конвенцияларға сәйкес келеді деп есептейді, бұл бағада жетекшілердің пікірі мамандармен (60,1%) салыстырғанда біршама жоғары (66,4%). Сұралғандардың шамамен үштен бірі (27,7%) заңнама қағидалардың көпшілігіне сәйкес келеді деп есептейді.




1-диаграмма. ҚР заңнамасының Бала құқықтары туралы конвенцияның және басқа да халықаралық құжаттардың қағидаларына сәйкес келуі, %


Ведомствоаралық өзара іс-қимылдың бағасы

Балалардың құқықтарын сақтау жөніндегі әртүрлі тараптарды қолдау мен олардың өзара іс-қимылы шараларын 5-баллдық шкала бойынша ұсынылды. Ведомствоаралық өзара іс-қимылдың орташа баллы 4 баллды құрайды.

Оқу орындарының жетекшілері мектептердің күштерін 4,8 баллға жоғары бағалады, мұндай пікірді мамандар да ұстанады - 4,7 балл, олардың пікірінше, дәл мектеп балалардың құқықтарын іске асыру мен қорғауда көп күш жұмсайды.

Өзге ведомстволардың бағасында пікірлердің әртүрлілігі байқалады. Әкімдік пен білім басқармаларының (бөлімдердің) күш жұмсауын жетекшілер орташа бағамен 4.6 балл деңгейінде бағалады, әлеуметтік қорғау (4,5), КТІБ инспекторлары (4,4), денсаулық сақтау және ата-аналар (4,3), мәслихат 4,2. Қалған учаскілердің күштері 4 баллдан төмен бағаланды (бизнес, ата-аналар, ҮЕҰ).

Мекемелер мамандарының пікірі бойынша білім беру мен әлеуметтік қорғау органдарының үлесі 4,4 баллды иеленеді. Әкімдіктің, КТІБ инспекторларының, ата-аналардың жұмысы 4,3 баллға, денсаулық сақтау
4,2 баллға бағаланды. Қанағаттанарлық бағаны халық (3,8), ҮЕҰ (3,7), бизнес (3,4) иеленді.

2-диаграмма. Балалардың құқықтарын іске асыру және қорғаудағы түрлі тараптардың үлесін бағалау, (5 баллдық шкала бойынша орташа балл)



Ведомствоаралық өзара әрекеттестіктің айтарлықтай жақсы бағасына қарамастан (4 балл) балалардың құқықтарын қорғау процесіне қатысушылардың барлық күштері мектеп қызметкерлерінің пікірінше нысаналы бенефициарларға жете бермейді. Жергілікті деңгейде балалардың құқықтарын қорғау процесіне жергілікті халық, қоғамдық және бизнес-құрылымдар әлсіз енгізілген.

Түрлі тараптардың қызметін бағалауда балалардың ата-аналарының пікірін білу өте маңызды. Ата-аналар түрлі ведомстволар тарапынан балалардың құқықтарын қорғауды бағалау мүмкіндігіне ие болды. Сұрау нәтижелері бойынша 45,1% ата-ана білім беру органдары қолдаудың жоғары деңгейін көрсетеді, сұралғандардың 28,6% пікірінше денсаулық сақтау органдары тарапынан осындай жоғары деңгей байқалады, респонденттердің төрттен бірі әлеуметтік қорғаудың талпыныстарын жоғары бағалады. Бизнес пен ҮЕҰ төменгі бағалар, сәйкесінше 15,9% және 12,7%.

Каталог: uploads -> docfiles
docfiles -> Жалпы білім беретін ұйымдар оқушылары арасында аймақтық Әбіш оқуларының байқауын дайындау және өткізу ережесі
docfiles -> Байпақов Шаймұрза Жаңайұлы
docfiles -> Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы
docfiles -> Маңғыстау облысының білім басқармасының 26. 12. 2015ж. №4 алқа шешімімен бекітілді
docfiles -> Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың сайлауалды Бес институционалдық реформасы «100 нақты қадам»
docfiles -> Білім беру ұйымдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар туралы ақпарат Маңғыстау облысының білім басқармасы Маңғыстау облысының «Маңғыстау облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
docfiles -> Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың сайлауалды Бес институционалдық реформасы «100 нақты қадам»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет