Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы баяндама


Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру



бет14/86
Дата07.05.2017
өлшемі14,66 Mb.
#15910
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   86

4.1. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру


Бала құқықтары туралы конвенцияда, ҚР Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» ҚР Заңында баланың денсаулығын сақтау құқығы туралы айтылады. Ауру және әлсіз балалардың туылуы олардың өмірінің алдағы жылдардағы денсаулығын айқындайды. Бұл жағдайда айтарлықтай маңызды және күрделі міндеттердің бірі мектепке дейінгі балалар мен мектеп жасындағылардың денсаулығын сақтау болып табылады, бүгінгі күні мұны медициналық және әлеуметтік тұрғыдан ғана емес, елдің даму стратегиясының позициясы жағынан да қарастыру қажет.

Халықтың денсаулығын бұдан әрі нығайту үшін ҚР Президентінің


2016 жылғы 15 қаңтардағы № 176 Жарлығымен Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы бекітілді.

Республикада балалардың ауру-сырқауын азайту үшін бірқатар іс-шаралар орындалуда:

Жол картасы – 2015-2017 жылдарға арналған балалар травматизмінен, жазатайым оқиғадан өлім-жітімді төмендету және балалар травматизмінің алдын алу жөніндегі ведомствоаралық кешенді жоспар іске асырылуда;

қауіпсіз әрекет ету және салауатты өмір салтын ұстану жөнінде қоғамдық пікір қалыптастырылуда;

тыныс алу органдары ауруларынан балалардың ауру-сырқаттануын және өлім-жітімін төмендету жөнінде шаралар жүргізілуде;

балалардан бастапқы кезеңдерінде айқындау мақсатында қатерлі ісік ауруын айқындау мақсатында балаларға медициналық көмек көрсетуді және халықаралық деңгейге жақындаған онкологиялық аурулардан айығу нәтижелерін арттыру жетілдірілуде;

ҚР әйелді босандыру және балалық шақ қызметі жұмысының тиімділігін арттыру және кіріктірілген үлгісін енгізу бойынша 2016-2019 жылдарға арналған жол картасы іске асырылуда.

4.2. Денсаулықтың негізгі көрсеткіштері

4.2.1. Нәресте өлімі


Нәресте өлімінің коэффициенті – бір жасқа дейінгі жастағы балалар өлімінің деңгейін айқындайтын көрсеткіш. 1 жасқа дейінгі жаста шетінегендер саны мен тірі туылғандар санына қатынасымен есептелінеді27. 2008 жылы Қазақстан ДДҰ стандарттары бойынша тірі туылу критерийлеріне көшті, бұл ҚР осы көрсеткіш бойынша өзге елдермен салыстыруға мүмкіндік береді.

ҚР ҰЭМ СК-нің ақпаратына сәйкес 2016 жылдың 9 айы ішінде нәрестелер өлімі 1000 туылғанға шаққанда 8,8 жағдайды құрады, бұл


2015 жылдың (9,5) осындай кезеңімен салыстырғанда 7,4% аз.

Жалпы республика бойынша соңғы 5 жылда (2011 жылдан 2015 жылға дейін) нәрестелер өлімінің деңгейі 1,6 есе төмендеген: 1000 туылғандарға шаққанда 14,8 жағдайдан 9,4 жағдайға дейін.


14-диаграмма. 2011 жылдан 2015 жылға дейінгі аралықтағы балалар өлімі көрсеткішінің динамикасы



Дереккөз: «2015 жылдағы Қазақстан Республикасы халқының денсаулығы және денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі», ҚР ДСӘДМ, Астана 2016, «2013 жылдағы Қазақстан Республикасы халқының денсаулығы және денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі», «2011 жылдағы Қазақстан Республикасы халқының денсаулығы және денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі»
Нәрестелер өлімінің жастық құрылымында бұрынғыдай неонатальді кезеңдегі балалардың өлімі жоғары екені байқалады. 2016 жылдың 9 айы ішінде бұл көрсеткіш 2,8%-ға артып, 63,8% құрады (2015 ж. 61,0%). Постнеонатальді кезеңде өлім көрсеткішінің 36,2%-ға дейін (2015 ж. 39,0%) төмендеу үрдісі байқалады.

Нәрестелер өлімінің деңгейі бойынша ең қолайсыз жағдай Қызылорда облысында байқалады: мұнда 2016 жылдағы ең жоғары көрсеткіштер байқалады, сондай-ақ бұл 2015 жылмен салыстырғанда көрсеткіштің ұлғаюы байқалған бірден-бір облыс (2016 жылдың 9 айы ішінде 1000 тірі туылғандарға шаққанда 10,8 өлім-жітім, 2015 жылы – 10,5 жағдай). Бұл көрсеткіш бойынша ең қолайлы жағдай Алматы және Астана қалаларында байқалады, 2016 жылы ең төмен көрсеткіштер.



15-диаграмма. Өңірлер бөлінісінде 2015 және 2016 жылдың 9 айы ішіндегі 1000 туылғандарға шаққанда нәрестелер өлімі, (ҚР ҰЭМ СК-нің жедел деректері бойынша).

Бұл көрсеткіш бойынша елдегі ахуал жыл сайын жақсарып келе жатқанымен, алайда дамыған елдердің деңгейіне әлі жете қойған жоқ. Мәселен, 2015 жылы Қазақстандағы нәрестелер өлімінің көрсеткіші Еуропа елдеріндегі бұл көрсеткіштен 2-3 есе артық (Ұлыбританияда – 2013 жылы 3,94, Германияда – 2013 жылы 3,3, Данияда – 2012 жылы 3.49), Ресейге, Украинаға, Беларуське қарағанда жоғары болды, Қырғызстанға, Тәжікстанға, Өзбекстанға қарағанда төмен.



13-кесте. Нәрестелер өлімі, 1000 туылғандарға шаққанда 28





Жылдар

Нәрестелер өлімі

Қазақстан

2015

9,37

Ресей

2011

7.33

Әзірбайжан

2007

9.82

Кырғызстан

2013

19.88

Тәжікстан

2005

11.78

Өзбекстан

2005

14.96

Украина

2012

8.39

Беларусь

2011

3.85

Болгария

2012

7.75

Венгрия

2013

5.12

Ұлыбритания

2013

3.94

Германия

2013

3.30

Түркия

2013

10.08

Дания

2012

3.49

Латвия

2012

6.28

Эстония

2011

2.38

ТМД

2011

11.08

4.2.2. Балалар өлімі

Балалар өлімі – бұл 5 жасқа дейінгі жастағы балалардың өлімі. ДСҰ деректері бойынша «бір жастан бес жасқа дейінгі жастағы балалар өлімі жағдайларының көбі алдын алуға болатын, сондай-ақ үйде немесе медициналық мекемелерде оңай емдеуге болатын аурулардың нәтижесінде болуда».

ҚР ДСӘДМ жедел деректері бойынша 2016 жылдың 9 айы ішінде балалар өлімінің көрсеткіші 1000 туылғандарға шаққанда 10,5 жағдайды құрады, бұл 2015 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 12,4%-ға аз (2015 жылдың 9 айы ішінде 1000 туылғандарға шаққанда 11,8).

Ресми деректер бойынша соңғы бес жылдың ішінде Қазақстанда балалар өлімі көрсеткіші 2015 жылы 2011 жылдағы 1000 туылғандарға шаққанда 17,9 жағдайдан 12,2 жағдайға дейін төмендеді.



16-диаграмма. ҚР-дағы 2011 жылдан 2015 жылға дейінгі аралықтағы балалар өлімі көрсеткішінің динамикасы



Дереккөз: «2015 жылдағы Қазақстан Республикасы халқының денсаулығы және денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі», ҚР ДСӘДМ, Астана 2016
ҚР ДСӘДМ жедел деректері бойынша бұл көрсеткіш бойынша ең қолайсыз ахуал Қызылорда облысында байқалады. Орташадан жоғары көрсеткіштер, сонымен қоса Алматы облысында, ШҚО, ОҚО байқалады, алайда, өткен жылмен салыстырғанда оның төмендегенін айта кеткен жөн (төменде берілген кестені қараңыз). Өткен жылдың осындай кезеңінен жоғары 2016 жылғы 9 ай ішінде балалар өлімінің көрсеткіші бір ғана облыста – Атырау (7,6%-ға артқан) облысында байқалады.

2016 жылдың 9 айы ішінде бұл көрсеткіш бойынша айтарлықтай қолайлы жағдай Алматы қ. (1000 туылғандарға шаққанда 6,8 жағдай), Астана қ. (7,6), СҚО (9,3) және Павлодар облысында (1000 туылғандарға 8,4 жағдай) кездеседі. Бұл көрсеткіш бойынша ахуалдың едәуір жақсаруы (көрсеткіштің 30%-дан көп төмендеуі) өткен жылдың осындай уақытымен салыстырғанда Астана қ. және Ақтөбе облыстарында байқалады.



14-кесте. 2015-2016 жылдардың 9 айы ішіндегі балалар өлімі көрсеткіші, облыстар бойынша бөліністе, 1000 туылғандарға шаққанда (ҚР ДСӘДМ-нің жедел деректері бойынша)




Көрсеткіш

Өсудің/ төмендеудің динамикасы

2015

2016

%

Ақмола

11,5

10,8

-6,5

Ақтөбе

12,8

9,4

-36,2

Алматы облысы

13,2

12,3

-7,3

Атырау

9,7

10,5

7,6

Батыс Қазақстан

11,5

9,7

-18,6

Жамбыл

12,7

11,4

-11,4

Қарағанды

11,8

10,6

-11,3

Қостанай

12,7

10,7

-18,7

Қызылорда

15,6

15,5

-0,6

Маңғыстау

11,6

11,2

-3,6

Оңтүстік Қазақстан

14,1

12,0

-17,5

Павлодар

9,6

8,4

-14,3

Солтүстік Қазақстан

10,1

9,3

-8,6

Шығыс Қазақстан

12,1

12,0

-0,8

Астана қ.

10,2

7,6

-34,2

Алматы қ.

7,7

6,8

-13,2

Қазақстан

11,8

10,5

-12,4

Балалар өлімінің жастық құрылымында нәрестелер өлімі 82,5% құрайды.


4.2.3. Аналар өлімі

Аналар өлімі жүктілікпен (оның ұзақтығы мен мекеніне байланысты емес) уағдаланған жүктілік кезінде немесе одан кейін белгілі бір себептермен 42 сағат арасында оны қиындатқан жағдаймен, бірақ жазатайым жағдаймен немесе кездейсоқ болған себеппен байланысты болмаған әйелдердің өлімі.



ҚР ДСМӘД жедел мәліметтері бойынша, 2016 жылдың 9 айында ҚР аналар өлімінің көрсеткіші 100 мың туылғандарға шаққанда
12,1 құрады, бұл 2015 жылдың осындай кезеңінен 7%-ға жоғары (11,3). Аналар өлімінің жоғарғы көрсеткіші Павлодар (21,3), БҚО (20,1) және Ақтөбе (19,9) облыстарында байқалады. Аналар өлімі көрсеткішінің өсуі диагноз верификациясындағы ауыр жағдайлармен байланысты.

15-кесте. 2015-2016 жылдың 9 айында Қазақстандағы аналар өлімі,
100 мың туылғандарға шаққанда (ҚР ДСМӘД жедел мәліметтері бойынша)





Аналар өлімінің көрсеткіші

2015

2016

Ақмола

22,5

11,6

Ақтөбе

6,7

19,9

Алматы

6,5

6,3

Атырау

33

8

БҚО

10,4

20,1

Жамбыл

5

15,2

Қарағанды

21,6

16,5

Қостанай

0

10,6

Қызылорда

34,5

7,1

Маңғыстау

7

6,7

ОҚО

11,7

18,3

Павлодар

20,8

21,3

СҚО

0

0

ШҚО

17,5

11,6

Астана қ.

5,1

4,8

Алматы қ.

0

9

Қазақстан

11,3

12,1



Дереккөз: ҚР ҰЭМ СК, ҚР ДСМӘД жедел мәліметтері бойынша

4.2.4. Балалардың ауру-сырқаттануы

10 жыл ішінде елімізде балалар ауру-сырқаты көрсеткішінің жыл сайынғы төмендеуі байқалады (2006 жылғы 100 балаға шаққанда
98,2 жағдайдан 2015 жылғы 87,2 жағдайға дейін).

ҚР ДСӘДМ деректері бойынша 2015 жылы балалардың (0-14 жас) және жасөспірімдердің (15-17 жас) ең жоғары ауру-сырқаты Павлодар облысында Алматы қ. және ШҚО байқалды. Ең төмен көрсеткіштер – Атырау облысында.



16-кесте. Балалардың ауру-сырқаттары, өмірінде бірінші рет тіркелген ауру-сырқаттардың саны, сәйкесінше халықтың 100 000 адамға шаққанда

 

15-17

0-14

2014

2015

2014

2015

Ақмола

76116

78046,4

89929,8

83094,1

Ақтөбе

77512,4

78572,8

68623,9

69032,6

Алматы

105801,1

109568,3

84772,4

85126,7

Атырау

36124,5

39510,3

40059,6

39516

БҚО

48881,9

60703,5

79877,4

79929,7

Жамбыл

76800

76865,3

84453

90268,9

Қарағанды

82302,4

77511,2

98905,3

91528

Қостанай

91052,5

93000

101225,9

100822,9

Қызылорда

73676,6

70514

78681

79550,3

Маңғыстау

57239,5

56911,2

62265,5

57692,8

ОҚО

56035,8

52610,3

55026,2

66606,3

Павлодар

160577,1

149942,6

177105,6

160669,9

СҚО

76970,9

78929,6

112375,4

112016,3

ШҚО

133684,2

138882,1

106073,4

107473,1

Астана қ.

107211

99462,2

92859,1

89258

Алматы қ.

159885,8

149177,6

145614,8

137401,1

Қазақстан

87177,4

86212,4

86463,1

87168,7

Дереккөз: «2015 жылдағы Қазақстан Республикасы халқының денсаулығы және денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі», ҚР ДСӘДМ-нің статистикалық жинағы, Астана, 2016

0-14 жастағы балалардың ауру-сырқаттарын аурулар топтары бойынша қарайтын болсақ, онда тыныс алу органдары аурулары бойынша айтарлықтай жоғары көрсеткіштерді белгілеуге болады (2015 жылы – 100 мың балаға шаққанда 62951,1 ауру-сырқаттар), яғни 2015 жылы республикадағы балалардың жартысынан көбі дәрігерге осы себеппен қаралған.



Ауру-сырқаттардың соңғы 4 жылдағы динамикасын қарастыратын болсақ, аурулардың барлық түрлері бойынша балалар ауруларының төмендеуін айтуға болады, тек туыла біткен аномалиялар (даму ақаулары), деформациялар және хромосомалық бұзушылықтар мен ісіктерден басқа, бұлар бойынша аурулар жыл сайын арта түсуде. Мәселен, балаларда ісіктің кездесуі 2012 жылдан 23%-ға артты (2012 жылғы 100 мың балаға шаққандағы 208 жағдайдан 2015 жылдағы 256 дейін), туыла біткен аномалиялар (даму ақаулары), деформациялар және хромосомалық бұзушылықтар 6%-ға ұлғайды (100 мың балаға шаққанда 2012 жылы – 1965,5, 2015 жылы – 2083 аурулар). Бұл қоршаған ортаның қолайсыз әсер етуімен, тұқым қуалайтын патологиялармен, дәрі-дәрмектерді байқалусыз қабылдаумен, ананың зиянды әдеттерімен, жүктілік кезіндегі ананың инфекциялық ауруларымен және т.б. байланысты болуы мүмкін. Сонымен қатар, тыныс алу органдары аурулары бойынша көрсеткіш 2014 жылдан 2015 жылға дейінгі бір жылдың ішінде артқанын айта кеткен жөн (100 мың балаларға шаққандағы аурулардың
1985 жағдайға ұлғаюы – 3,2%-ға).

17-кесте. Емдеу - алдын-алу ұйымдарында тіркелген ауру түрлері бойынша 0-14 жастағы балалардың жалпы ауру-сырқаттылығы, барлық ведомстволар, тиісті 100 000 адамға шаққанда

 

2012

2013

2014

2015

Айырмашылық 2015 және 2014 жылдары

Айырмашылық 2015 және 2012 жылдары

Барлығы, соның ішінде:

128093,7

124623,6

118481,9

115800,8

-2681,1

-12292,9

Жұқпалы және паразитарлық аурулар

3467

3350,7

3244,8

2782,9

-461,9

-684,1

Ісіктер

208,3

225,8

239,2

255,9

16,7

47,6

Қан, қан жасаушы органдар аурулары және иммундық тетікке әсер ететін жекелеген бұзылулар

9882,2

9204,3

8756,8

7994,6

-762,2

-1887,6

Эндокриндік аурулар, тамақтанудың бұзылуы және зат алмасудың бұзылуы

2584,2

2425,3

2359,1

1839,3

-519,8

-744,9

Психикалық бұзылулар және мінез-құлықтың бұзылуы

1025,4

773,4

626,8

592,8

-34

-432,6

Психикалық бұзылулар және психоактивті заттардың пайдаланумен байланысты мінез-құлықтың бұзылуы

30,2

17,3

10,1

4,9

-5,2

-25,3

Жүйке жүйесінің аурулары

6110,4

6016,7

5969,1

5959,3

-9,8

-151,1

Көз және оның қосымшаларының аурулары

5273,2

5180,2

4895,1

4748,3

-146,8

-524,9

Құлақ және емізік тәрізді өсіндінің аурулары

3335

3234,7

3071,3

3050,4

-20,9

-284,6

Қан айналым жүйесінің ауру

740,9

677,2

688,8

611,5

-77,3

-129,4

Тыныс алу органдарының аурулары

65460,2

64576,5

60966,3

62951,1

1984,8

-2509,1

Ас қорыту органдарының аурулары

11934,3

11424,1

10955,1

9083,3

-1871,8

-2851

Тері және тері асты аурулары

4981,5

4892,9

4797,5

4753,8

-43,7

-227,7

 

2012

2013

2014

2015

Айырмашылық 2015 және 2014 жылдары

Айырмашылық 2015 және 2012 жылдары

Сүйек-бұлшық ет жүйесінің және бітіктіруші тіндердің ауруы

1709,7

1692,6

1616,4

1402,1

-214,3

-307,6

Зәр шығару жүйесінің аурулары

2942,3

2762,6

2659,2

2313,4

-345,8

-628,9

Перинатальді кезеңде туындайтын жеке жағдай

2401

2303,9

1990,3

1890,1

-100,2

-510,9

Туа біткен аномалиялар (даму ақаулары), деформациялар, хромосомалық бұзылулар

1965,5

1890

1839,3

2082,2

242,9

116,7

Өзге рубрикаларда тіркелмеген клиникалық және лабораториялық зерттеулерде айқындалған нормадан ауытқулар, симптомдар, белгілер

762,6

747,8

730,5

691,5

-39

-71,1

Жарақаттар, уланулар және сыртқы себептердің әсерлерінің кейбір басқа салдарлары

3279

3226,9

3065,8

2793,2

-272,6

-485,8

Дереккөз: «2015 жылдағы Қазақстан Республикасы халқының денсаулығы және денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі», «2013 жылдағы Қазақстан Республикасы халқының денсаулығы және денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі», ҚР ДСӘДМ-нің статистикалық жинағы

Мектеп оқушыларының арасындағы жүргізілген профилактикалық байқаулардың нәтижелері бойынша мектеп оқушылары денсаулығының маңызды проблемасы ретінде көрумен байланысты проблеманы айтуға болады. Көру нашарлығы бойынша аурулардың жоғары көрсеткіштері Қарағанды (1 000 қаралған балаларға шаққанда 36,7 жағдай айқындалды), Павлодар облыстарында (26,4), БҚО (25 жағдай) байқалды.



Қарағанды, Павлодар облыстарына және БҚО ерекше назар аудару қажет, бұлар бойынша бірнеше индикаторлар бойынша ең жоғары көрсеткіштер байқалады.

18-кесте. Мектеп оқушыларының профилактикалық байқауларының нәтижелері

 

Естудің төмендеуі

Көрудің төмендеуі

Сколиоз

Мүсіннің бұзылуы

Ақмола

1

6,8

0,9

2,0

Ақтөбе

1,7

13,1

1,0

4,2

Алматы

1

8,3

1,1

2,4

Атырау

2,1

9,6

0,5

0,6

Батыс Қазақстан

2,3

25,1

2,9

2,5

Жамбыл

1,1

5,3

0,7

0,9

Қарағанды

3,6

36,7

2,8

4,1

Қостанай

0,9

17,3

2,3

2,8

Қызылорда

2,6

16,4

0,3

0,6

Маңғыстау

1,6

10,4

2,4

2,1

Оңтүстік Қазақстан

1,4

7,1

1,2

1,4

Павлодар

0,8

26,4

10,7

14,8

Солтүстік Қазақстан

1

16,1

3,2

3,9

Шығыс Қазақстан

0,9

16,3

4,1

2,5

Астана қ.

0,7

23

1,0

4,8

Алматы қ.

1,1

14,4

2,0

3,1

Қазақстан

1,5

13,9

2,0

2,8

4.2.5 Зерттеу нәтижелері бойынша баланың денсаулық жағдайы

Аталған зерттеу аясында сұралған ата-аналардың көпшілігі (79%) балаларының денсаулығымен байланысты проблемалар жоқ екенін белгіледі. Алайда өңірлік бөліністе жағдай өзгеше.



Балалар денсаулығы бойынша азырақ қолайлы жағдай Шығыс Қазақстан облысында – 53,3% ата-ана балаларының денсаулығында проблемалардың бар екенін белгіледі, бұл Қазақстан бойынша орташа көрсеткіштен екі есе көп. Бұл өңір экологиялық ахуал бойынша проблемалық болып табылады, ол
ата-аналардың балаларының денсаулық жағдайына алаңдаушылығын көрсетуі мүмкін. Ата-аналар балаларының денсаулығында проблемалардың бар екенін көрсететін тағы бір өңір – Ақмола облысы (44,7%).
17-диаграмма. Өңірлік бөліністе ата-аналарының бағалаулары бойынша балаларының денсаулығында проблемалардың болуы. N=1582, % жауап

Басқаларына қарағанда отбасында екі баласы бар ата-аналар балаларының денсаулығына алаңдаушылық білдіреді (23,2%). Отбасында балалар қаншалықты көп болса, соншалықты ата-аналар балаларының денсаулықтарындағы проблемаларға азырақ алаңдайды. Бұл үрдіс шамасы көпбалалы отбасыларында балалар аз ауыратындығымен емес, ата-ананың әрбір балаға, оның проблемаларына қарау, назар аудару мүмкіндігінің аздығымен, сондай-ақ ата-аналардың балаларының ауруларына едәуір байыппен қарауымен байланыстырылады.


18-диаграмма. Балалар саны әртүрлі отбасыларында ата-аналардың бағалары бойынша баланың денсаулығында проблемалардың болуы, N=1582, %, ата-аналардың «Иә» деп жауап берулері

Осы зерттеудің аясында балалар өздерінің денсаулық жағдайларын өздері бағалады: өздерінің денсаулығын өте жақсы деп бағалаған оқушылар - 53,4%, 4 баллға бағалағандар - 34,8%. Өздерінің денсаулықтарына


9,5% оқушы 3 балл қойды, мұнда көбінесе 15-18 жастағы балалар. Өздерінің денсаулықтарын нашар деп бағалағандар сұралғандардың 2% (2 балл). Оқушылардың 0,3% «денсаулығы өте нашар» деп бағалады (1 балл) –
15-17 жастағы балалар.

Ер балалар қыздарға қарағанда өз денсаулық жағдайын айтарлықтай жоғары бағалады: өте жақсы бағаны («5») ер балалардың 62% қойды, ал қыздар арасында бұл жағдайды беске бағалағандар 48%.


19-диаграмма. 5-баллдық шкала бойынша балалардың денсаулық жағдайын бағалау, %

Сұрау нәтижелері бойынша сұралған балалардың 17,9% жиі ауырады, соның ішінде 59,4% қыздар және 40,6% ер балалар.

Балаларды сұрау нәтижелері бойынша 1% қажетті дәрілері жоқ, дәрігерге көріне алмайды және қажетті емді ала алмайды – тиісінше 1,8% және 0,9% балалар. Сұралған балалардың 4,1% тамақтанудың нашар екенін атап өтті.

Зерттеу деректері бойынша балалар көбінесе ауылдық аудан орталықтарында көбірек ауыратыны – 26,4% және шалғайдағы ауылдарда азырақ ауыратыны – 7,4% байқалды. Қажетті дәрілердің, құрал-жабдықтардың жоқтығына шалғайдағы ауылдардағы балалар наразылық білдірді (3,7%). Ауылдық аудандық орталықта 3,5% сұралған бала дәрігердің қабылдауына кіре алмайды және 3% қажетті емді ала алмайды. Облыс орталығындағы балалар шалғайдағы ауылдарға қарағанда (3,7%) тамақтанудың нашарлығына наразы, ал ауылдық балалар мұндай проблеманы тіпті белгілеген де жоқ.



4.3. Денсаулық сақтау қызметтері және салауатты өмір салты

4.3.1. Денсаулық сақтау қызметтерінің қолжетімділігі


ҚР ДСӘДМ деректері бойынша 2015 жылы балалар емханалық бөлімдері мен кабинеттері бар 1202 ұйым қызмет етті, педиатр дәрігерлерімен, соның ішінде неонатологтармен қамтылу 0-14 жастағы 1 мың балаға шаққанда 1,1 құрады, барлық бейіндегі балалар койкаларымен қамтылу – 0-14 жастағы
1 мың балаларға шаққанда 3,9 койка.

Соңғы төрт жылда Қазақстанда балалардың денсаулығын сақтау деңгейін арттыруда елелулі нәтижелерге қол жеткізілді: диагностика мен емдеудің жоғары технологиялық қазіргі заманғы әдістері енгізілді, педиатрлық бейіндегі медициналық кадрларды даярлау процесі жетілдірілді және басқалар, алайда ресми статистикалық деректер бойынша балалар емханалық бөлімдері мен кабинеттері бар ұйымдардың саны азайғаны байқалады


(2012 жылдағы 1345 ұйымнан 2015 жылғы 1202 ұйымға дейін), сондай-ақ балалар дәрігері педиатрлар мен барлық бейіндегі балалар койкаларының қамтылуы (төменде берілген кестені қараңыз).

Туудың жоғары деңгейі байқалатын облыстарда (ОҚО, Алматы облысы, Астана қ.) ұйымдар санының көбейгені, ал басқаларында азайғаны байқалады. Астана мен Алматы қалаларының балалары медициналық көмекпен жақсырақ қамтылған, мұнда педиатрлар мен балалар койкаларымен қамтылудың ең жоғары көрсеткіштері байқалады, ал Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Жамбыл облыстары және ОҚО ең нашар қамтамасыз етілген. Павлодар, Ақмола облыстарында және СҚО балалар койкаларымен қамтылу айтарлықтай жақсы деңгейде, ал балалар дәрігерлерімен қамтылу – орташа деңгейде.


19-кесте. ҚР-дағы педиатрлық жұмыс

 

Балалар емханалық бөлімдер мен кабинеттер бар ұйымдардың саны

(0-14 жастағы) 1000 балаға шаққандағы қамтамасыз етілу

Педиатр дәрігерлер (неонатологтарды қосқанда)

Барлық бейіндегі балалар койкалары

2012

2013

2014

2015

2012

2013

2014

2015

2012

2013

2014

2015

Қазақстан

1345,0

1337,0

1229,0

1202,0

1,4

1,3

1,2

1,1

4,5

4,3

4,0

3,9

Ақмола

102,0

102,0

100,0

100,0

1,2

1,3

1,2

1,1

6,1

5,8

5,4

5,1

Ақтөбе

70,0

65,0

56,0

48,0

1,9

1,7

1,4

1,2

3,5

3,3

2,9

3,0

Алматы

185,0

185,0

187,0

187,0

1,1

1,1

1,1

1,0

3,5

3,5

2,8

2,7

Атырау

25,0

24,0

17,0

21,0

0,8

0,7

0,5

0,5

3,8

3,5

3,3

3,1

БҚО

90,0

90,0

28,0

32,0

1,4

1,1

0,9

0,7

5,0

4,8

4,4

4,3

Жамбыл

117,0

119,0

92,0

91,0

1,2

1,1

1,0

0,8

4,3

3,9

3,7

3,5

Қарағанды

57,0

55,0

51,0

42,0

1,7

1,7

1,5

1,3

5,6

4,9

4,6

4,4

Қостанай

78,0

74,0

67,0

66,0

1,3

1,2

1,2

1,0

6,0

5,4

4,9

4,9

Қызылорда

54,0

54,0

54,0

20,0

1,1

1,2

1,2

0,9

3,7

3,8

3,5

3,4

Маңғыстау

59,0

69,0

79,0

54,0

1,1

1,0

1,1

0,9

3,2

3,0

2,7

2,6

ОҚО

230,0

230,0

230,0

294,0

1,2

1,0

0,9

0,8

3,2

3,1

2,9

2,9

Павлодар

32,0

30,0

25,0

23,0

1,6

1,3

1,2

1,0

6,3

5,7

5,3

5,2

СҚО

28,0

32,0

25,0

24,0

1,2

1,3

1,1

1,0

6,6

6,5

5,9

5,7

ШҚО

140,0

127,0

116,0

111,0

1,5

1,3

1,3

1,1

5,2

4,7

4,5

4,1

Астана қ.

22,0

24,0

39,0

54,0

2,7

2,7

2,5

2,1

8,4

8,0

8,0

7,8

Алматы қ.

56,0

57,0

63,0

35,0

2,9

2,7

2,1

1,7

6,1

5,4

5,6

5,3

Дереккөз: «2015 жылдағы Қазақстан Республикасы халқының денсаулығы және денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі», «2013 жылдағы Қазақстан Республикасы халқының денсаулығы және денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі».

Жүргізілген әлеуметтанулық зерттеудің нәтижелері бойынша сұралған мамандардың 62% өздерінің өңірлеріндегі балалардың денсаулық сақтаудың сапалы қызметтерін алуға құқығы толықтай сақталған, 32% - біршамасы ғана, 3,4% - сақталмайды.



Сұралғандардың жартысынан көбі балалардың құқығын сақтауға бағытталған денсаулық сақтау органдарының әрекеттерін өте жақсы деп бағалағандар – 52% және жақсы деп бағалағандар – 22%. Респонденттердің қалған 25% төмен бағалар қойды, бұл дегеніміз денсаулық сақтау органдарының бұл бағыттағы күштерінің жеткіліксіз екенін білдіреді.
20-диаграмма. Денсаулық сақтау органдарының күштерін бесбаллдық шкала бойынша бағалау, %


4.3.2. Зерттеу нәтижелері бойынша кәсіптік медициналық көмек алу үшін жүгінуі

Баланың ауырған жағдайында кәсіптік медициналық көмек алу үшін респонденттердің көпшілігі жүгінеді (76,6%, N=1794), алайда емдеуді өз беттерімен жасайтындардың үлесі жетерлік - 19,6%. Кейбір жағдайларда бала ата-аналарының араласуынсыз өз денсаулығына өзі қарайды (2%). Кейбір
ата-аналар ешкім емделу әрекетін жасамайтынын, ауру өзімен-өзі кетіп қалатынын көрсетті (0,2%).

5 баладан көп балалы отбасыларда ата-аналары салыстырмалы түрде дәрігерге сирек қаралатынын (70,7%), ал балалар өздері емделетіні (11,3%) назар аударарлық жағдай.



Ата-аналар неліктен кәсіптік медициналық көмек алуға жүгінбей, проблеманы өз беттерінше шешуді қалайтындарының себептерін қарайтын болсақ, бұл жағдайда айтарлықтай жиі тараған себептердің бірі медицинаға сенбеушілік, өз беттерінше емделу болып табылады (16%). Басқа таралған себеп тұрғылықты жерде медициналық мекеменің (12%) немесе қажетті дәрігердің (14,3%) жоқтығымен байланысты. Дәрігерге немесе дәрі-дәрмекке ақшаның жоқтығы да себеп бола алады, алайда аз мөлшерде (9,7% және 9%).

21-диаграмма. Ата-аналардың кәсіптік медициналық көмектен бас тартуларының себептері, %

Алайда отбасындағы балалардың санына қарай бөліністе қарастыратын болсақ, көпбалалы отбасыларда кәсіптік медициналық көмек алуға бармаудың таралған себебі дәрігерге баруға (32%) және дәрілер алуға (20%) ақшаның жоқтығы болып табылады. Ал бір және екі балалы отбасыларда – медицинаға сенбеу, өз беттерінше емделуді қалау (тиісінше 20,8 және 20,2). Осылайша, тегін медициналық қызметтердің көлемі көп балалы отбасыларынан шыққан балаларға жеткілікті медициналық күтімді қамтамасыз етпейді және кәсіптік көмек ата-аналарының қаржылық мүмкіндіктерінің шектеулігіне орай қолжетімсіз болып қалуда.

4.3.3. Иммунизация мәселелері

2015 жылы ҚР ҰЭМ СК «ҚР ҰЭМ Ақпараттық-есептеу орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен (БҰҰ Балалар қоры – ЮНИСЕФ техникалық және әдіснамалық қолдауы) ынтымақтаса отырып, Қазақстандағы көптеген көрсеткіштер бойынша кластерлік тексерістің (MICS) нәтижелері бойынша балалардың екпемен толық қамтылуы29 84,1% құрайды.



Бұл зерттеудің аясында мектеп жасындағы бір баласы болса ата-аналар сұралды. Бұл ата-аналардың 82% барлық ұсынылған екпелерді салдыратынын белгіледі, ал 15,8% - солардың ішінде кейбіреулерін ғана салдыратынын айтты. Бұл мәселеде балалардың санымен байланысты қандай да бір заңдылықтар айқындалған жоқ. Өңірлік бөліністе басқа өңірлерге қарағанда вакцинациядан жиі бас тартатын 3 өңірді белгілеуге болады – олар БҚО (5,8%), Астана (4%) және Маңғыстау облысы (4%). Бұл мәселеде көп тәртіпті келетіндер ШҚО ата-аналары (100%).

20-кесте. Өңірлер бөлінісінде балалардың вакцинациясы, N=1731. Медициналық қызметкер ұсынған жағдайда Сіз балаларыңызға екпе жасатасыз ба? Ата-аналардың жауаптары, %

 

Иә, әрқашан және барлық ұсынылғандарды

Кейбіреулерін ғана

Жоқ, жасатпаймын

Барлығы

Астана

70,6

25,4

4,0

100

Алматы

79,0

19,3

1,7

100

Ақмола

77,8

22,2

0,0

100

Ақтөбе

91,8

6,6

1,6

100

Алматы

84,6

14,2

1,2

100

Атырау

80,0

17,1

2,9

100

ШҚО

100,0




0,0

100

Жамбыл

90,6

7,3

2,1

100

БҚО

83,2

11,0

5,8

100

Қарағанды

82,6

17,4

0,0

100

Қостанай

84,1

14,5

1,4

100

Қызылорда

95,5

4,5

0,0

100

Маңғыстау

60,6

35,4

4,0

100

Павлодар

83,6

16,4

0,0

100

СҚО

80,2

16,8

3,0

100

ОҚО

84,1

13,6

2,3

100

Қазақстан

82,0

15,8

2,3

100

Ата-аналардың вакцинацияға деген қатынасы көп жағдайда позитивті сипатқа ие – 80% профилактикалық екпелер қажет екенін айтады.


Ата-аналардың үрейленулерімен байланысты себептердің арасында жиі кездесетіні – баланың вакцинацияға әсер етуіне қорқуы (10,6%), вакциналарға сенбеу (5,7%).

Вакцинацияның баланың денсаулығына маңызды екенін белгілеген ата-аналардың үлесі балалар саны әртүрлі отбасыларының арасында шамамен бірдей. Отбасында балалардың саны қаншалықты көп болса, ата-аналары балаларының вакцинаға әсер беруінен азырақ қорқады, алайда вакциналар мен медициналық қызметкерлердің сапасына көбірек сенбейді.


21-кесте. Балалар саны әртүрлі отбасыларында ата-аналардың вакцинацияға қатынасы, N=1688




Профилактикалық екпелер маңызды

Мен вакциналарға сенбеймін

Мен медициналық қызметкерлерге сенбеймін

Баланың вакцинаға әсер беруінен қорқамын

Менің түсінігімше, вакцинация біз үшін құптарлық емес

1 бала

80,4

5,0

1,1

14,9

0,0

2 бала

82,2

5,7

1,9

10,8

0,5

3 бала

81,9

5,2

1,9

10,6

0,7

4 бала

82,3

6,2

1,8

8,0

3,1

5 және одан көп

77,9

8,8

4,4

8,1

0,7

Өңірлер бөлінісінде вакциналарға жиі сенбейтіндер екі өңірде – Маңғыстау (19,4%) және Ақмола облыстарында (11%). Медициналық қызметкерлердің кәсібилігіне сенбеушілік басқа өңірлерге қарағанда
СҚО (4,4%) және Астана қ. (4,1%) жиі кездеседі. Вакцинаға баланың әсер беруіне қорқу Астана қ. көбірек білінді (21,3%).
22-кесте. Балалар саны әртүрлі отбасыларында ата-аналардың вакцинацияға қатынасы, %, N=1688

 

Профилактикалық екпелер маңызды

Мен вакциналарға сенбеймін

Мен медициналық қызметкерлерге сенбеймін

Баланың вакцинаға әсер беруінен қорқамын

Менің түсінігімше, вакцинация біз үшін құптарлық емес

Астана

72,1

5,7

4,1

21,3

0,8

Алматы

80,4

5,4

0,9

12,5

0

Ақмола

73,3

11,1

0

13,3

0

Ақтөбе

88,5

3,3

1,6

4,9

0

Алматы

84,5

3,1

1,9

13

0

Атырау

84,1

8,7

0

5,8

4,3

ШҚО

93,8

0

0

6,2

0

Жамбыл

83,3

3,6

0,5

13

0

БҚО

80,4

5,2

0,7

13,1

0,7

Қарағанды

83,7

3

1,5

12,6

0,7

Қостанай

80,6

9,4

0,7

8,6

1,4

Қызылорда

87

0

0

8,7

0

Маңғыстау

77,4

19,4

2,2

0

1,1

Павлодар

85,7

5,7

0

8,6

0

СҚО

78

5,5

4,4

13,2

1,1

ОҚО

83,3

3,7

5,6

6,5

1,9


4.3.4. Салауатты өмір салтын насихаттау

«2015 жылғы Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы» баяндаманың негізіндегі қорытындылар мен ұсынымдарды іске асыру жөніндегі 2016-2017 жылдарға арналған ведомствоаралық әрекеттер жоспарын орындау аясында ҚР ДСӘДМ оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың алдын алу жөнінде ақпараттық-түсіндірме жұмысын жүргізеді: елде ДДҰ-ның «Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер» жобасын белсене іске асыратын


762 мектеп жұмыс істейді; ағымдағы жылдың 9 айы ішінде жалпы республика бойынша 28 571 іс-шара өткізілді, соның ішінде: акциялар – 654, конференциялар – 79, дөңгелек-үстелдер – 944, семинар-тренингтер – 3 667, ашық есік күндері – 131, конкурстар мен спорттық іс-шаралар – 4 945 және өзге іс-шаралар – 15 508, бұл іс-шараларға барлығы 1 318 678 адам қатысқан. Өңірлік деңгейдегі БАҚ-та теле-радиобағдарламалар (211 бағдарлама) ұйымдастырылған, баспа басылымдарда жарияланымдар шыққан
(377 жарияланымдар).

Жасөспірімдерге сексуалдық және репродуктивті денсаулығын қорғау, қауіпті түсік тастаулардың алдын алу жөнінде консультациялық қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі жастар орталықтарының жұмысы ұйымдастырылған.

Есірткіге тәуелділік мәселелері бойынша ҚР ДСӘДМ ҮЕҰ бірлесе білім беру объектілерінде және ЖОО-ларда 1 235 іс-шара өткізді, олардың барысында оқу орындарында наркоманияның бастапқы профилактикасын, есірткіге тәуелді адамдардың профилактикасы, оларды емдеу және реабилитациясы, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимылы, есірткі бизнесімен күрестің тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды.

4.3.5. Балалардың тамақтануы

Денсаулық, балалардың дұрыс тамақтануы олардың толыққанды өмірінің іргетасын қалыптастырады, оардың өсуін, дене және ой тұрғысынан дамуын қамтамасыз етеді.

Қазақстанда мектептерде тамақтану тегін және ата-аналардың төлеуі есебінен ұйымдастырылған. Жергілікті бюджеттен тегін тамақтану құқығына 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 ҚР Үкіметінің қаулысымен белгіленген оқушылардың жекелеген санаттары ие, соның ішінде – жетімдер,


ата-анасының қарауынсыз қалған балалар, аз қамтылған отбасыларының балалар, қиын өмірлік жағдайдағы балалар және т.б. Аз қамтылған отбасыларының оқушыларын тегін витаминді ыстық тамақпен қамтамасыз ету 5.2 бөлімде көрсетілген.

2015 жылы ҚР БҒМ Қазақ тамақтану академиясымен бірлесе бір реттік мектептегі тамақтанудың бірыңғай нормаларын (2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 ҚР ҮҚ-на толықтырулар енгізілді) әзірледі, соған сәйкес білім беру органдары келешектегі мәзірді әзірлейді (2015 жылғы 31 желтоқсандағы


№717 ҚР Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының бұйрығы).

2015-2016 оқу жылында 6082 мектеп тамақтануды қамтамасыз еткен (мектептердің 86,3 % оқушылардың жалпы санына шаққанда 2 527 848


(93,8 %) балалар үшін).

Мектептерде, мектепке дейінгі және интернаттық мекемелерде тамақтануды ұйымдастыру және тауарлар сатып алу мемлекеттік сатып алулар жүйесінен бөлінген. Өнім берушіні іріктеудің негізгі критерийі тамақтанудың сапасына кепілдік және қызметтер мен тауарлардың отандық өндірушілерін тарту болып табылады.



Баланың денелік амандығы туралы оның тамақтану режимі анық ақпарат береді. Әлеуметтанулық зерттеудің нәтижелері бойынша балалардың көпшілігінде тамақтану реттелген және балалардың 79,2% күніне кем дегенде үш рет тамақтанады. Жағдайды толығымен позитивті деп айтуға болмайды, себебі күніне үш реттен аз емес ешқашан немесе әрқашан емес деп белгілеген балалар болды (тиісінше 2,3%, 17,8%). Егер ата-аналар балалардың базалық қажеттіліктерін қамтамасыз ететін жағдайда болмаса, бұл балалардың жағдайына алаңдаушылық тудырады.

22-диаграмма. «Күніне үш және одан жиі тамақтанасың ба?» деген сұраққа балалардың берген жауаптары, N=3243, % жауаптар

Балалардың тамақтануы көбірек мән берулері қажет бірнеше өңірлерді атауға болады. Бұл күніне үш рет ешқашан тамақ жемейтінін айтқан балалардың үлесі жоғары өңірлер – Астана (5,6%), ШҚО (6,1%), Маңғыстау облысы (3,8%). Ақмола (25,7%), Атырау (21,2%), Қарағанды (22,7%) облыстарында, ОҚО (20,9%) жалпы орташа есеппен алған да ел бойынша балалар әрқашан үш мезгіл тамақ жей бермейтінін жиірек айтқан.

Ақмола, Оңтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарында ата-аналар басқа өңірлерге қарағанда отбасыларында қаржылық қиындықтар бар екенін білдірген, бұл жағдай заңдылық болып көрінеді.

Онымен қоса, Жамбыл облысында ата-аналардың үштен бір бөлігі ақша тамақтануға әрең жететінін белгілеген, 95,6% бала күн сайын үш мезгіл тамақтанады. Үнемі тамақтанудың жоқтығы себептері балалардың ата-аналарында қаражаттың жеткіліксіз болуына алып келмеуі ықтимал.


23-кесте. «Күніне үш және одан жиі тамақтанасың ба?» деген сұраққа балалардың берген жауаптары, N=3243, % жауаптар




Ешқашан

Әрқашан емес

Әрқашан

Жауап беруге қиналамын

Астана

5,6

18,3

75,6

0,5

Алматы

2

17,6

79,9

0,5

Ақмола

1,6

25,7

72,1

0,5

Ақтөбе

1,4

8,5

89,6

0,5

Алматы

2,1

14

83,9

0,0

Атырау

1,8

21,2

77

0,0

ШҚО

6,1

20,4

71,8

1,7

Жамбыл

2,2

2,2

95,6

0,0

БҚО

1,3

15,4

83,3

0,0

Қарағанды

1,2

22,7

75,2

0,8

Қостанай

1,7

18,1

79,7

0,6

Қызылора

0,8

7

89,8

2,3

Маңғыстау

3,8

25,2

69,7

1,3

Павлодар

1,2

18

79,6

1,2

СҚО

1,8

16

80,4

1,8

ОҚО

2,2

20,9

76,4

0,4

Қазақстан

2,3

17,8

79,2

0,7

Бір аптаның ішінде пайдаланатын азық-түліктердің жиыны балалардың тамақтану сапасын бағалауға мүмкіндік береді. Балалардың жауаптары ата-аналары көп жағдайда баланың рационы теңгерімді болғанына, ет өнімдерін, көкөністерді, жеміс-жидектерді және т.б. қамтығанын қадағалап отыратынын білдіреді. Бала күнде жейтін азық-түліктердің ішінде дәстүрлі түрде бірінші орынды нан алады (77,8%).

Отбасындағы балалардың саны тамақтанудың тазалығына, оның құрамына еш әсер етпейді. Көп балалы отбасыларда іріктеме бойынша орташаға қарағанда ет (65%), сыр/ірімшік (25,9%) көкөністер (54%), шырындар (34,8%) және кәмпиттер (31%) үстелде сирек болады. Сары майда мұндай отбасыларда көбірек жейді (49,6%).



Сұралған балалардың бесінші бөлігі үнемі организмге, әсіресе балалар организміне зиянды өнімдерді пайдаланатынына назар аудару қажет (тәтті газдалған сусындар - 21%, чипсы - 14%), бұларды пайдалану диабет, остеопороз, онкологиялық аурулар, семіздік сияқты аурулардың дамуына түрткі болуы мүмкін. Яғни, денсаулыққа зиянды бұл өнімдерді тұтынуға рұқсат бере отырып, ересектер амалсыздан балаларында ауыр аурулардың дамуына ықпал етеді.
24-кесте. «Төменде берілгендерің ішінде қайсысын сен аптасына үш реттен көп жейсің/ішесің?» деген сұраққа берілген жауаптар, N=2298, %




Ет

Ботқалар

Сорпалар

Сүт

Сыр/ірімшік

Сары май

Жемістер

Көкөністер

Шырындар

Макарондар

Нан

Кәмпиттер

Шұжық

Чипсы

Газдалған сусындар

Астана

71

36

44

53

33

35

73

55

46

46

70

38

42

16

26

Алматы

64

45

55

60

45

36

82

67

44

39

71

32

29

5

13

Ақмола

73

42

66

47

41

38

69

58

48

48

78

58

51

18

20

Ақтөбе

75

45

52

59

33

46

79

62

55

57

84

55

40

16

20

Алматы

83

42

61

70

33

42

41

51

33

50

91

38

32

9

16

Атырау

71

35

40

48

31

30

71

60

48

51

78

37

29

18

25

ШҚО

80

51

61

64

47

42

69

59

45

51

74

47

40

15

25

Жамбыл

71

35

76

56

20

44

76

73

26

71

95

28

22

17

24

БҚО

73

36

31

62

32

38

81

66

52

51

78

45

36

15

19

Қарағанды

68

40

71

48

38

43

78

57

40

38

72

38

35

9

17

Қостанай

66

44

67

57

35

31

65

61

38

49

85

44

40

14

16

Қызылора

72

27

53

60

20

38

66

50

27

38

80

32

30

9

19

Маңғыстау

63

21

37

43

14

22

67

44

35

30

62

23

21

17

25

Павлодар

76

40

43

56

40

41

71

67

54

49

85

53

37

14

21

СҚО

65

44

65

55

33

37

77

66

53

52

81

53

50

17

28

ОҚО

56

24

47

43

25

43

70

45

36

31

72

36

28

14

21

Қазақстан

70

38

53

55

33

38

71

58

43

46

78

42

35

14

21

Деректерді өңірлер бөілінсінде талдау көрсеткендей, етті Алматы облысында (83%) және ШҚО (80%), жемістерді Алматы (82%) және


БҚО (81%) жиі пайдаланды. Көкіністер - Жамбылс (76%), Павлодар (67%), СҚО (66%) және Алматыда (67%). Астанада (16% және 26%), ШҚО (15% және 25%), Қызылорда (9% және 19%) және СҚО (17% және 28%) чипсы мен газдалған сусындарды пайдалануға жиі рұқсат береді.

Мұндай тіпті үстіртін шолу көрсетіп отырғандай, әрбір өңір балаларға қолжетімді азық-түліктер өзіндік жинағына және тамақтану ерекшелігіне ие, бұл дұрыс тамақтанудың бағдарламасын жасағанда ескеру маңызды болуы мүмкін.



    1. Ұсынымдар

Қазақстанның сәби және бала өлімі орташа деңгейден жоғары облыстарында білікті мамандармен қамсыздандыруды жақсарту, медициналық мекемелерді материалдық-техникалық жабдықтармен қамту, балалардың ерте жастан сырқатын анықтайтын құралдармен қамту бағдарламаларын енгізу керек.

Туа біткен ауытқулары бар балалардың санын азайту үшін республикамыздың, оның ішінде ауылдық жерлердегі барлық әйелдерге медициналық-генетикалық кеңес беру және ауруды алдын-ала анықтау үшін перинаталдық диагностиканы қолжетімді қылу керек.

Тыныс алу жолдарымен ауыратындардың санын азайту мақсатында балаға жеке күтім керек, ол кешендік профилактикалық, емдеу және сауықтыру бағдарламасынан тұрады. Жоғары тыныс алу жолдары ауырған балаларды сауықтыру бағдарламасы баланың барлық звеносына (отбасы, мектеп жасына дейінгі мекеме, мектеп, емхана, шипажай) біріктірілуі тиіс.

Балалардың көз көруін сақтап қалу үшін дәрігер-офтальмологтарды, педиаторларды, ата-аналарды, тәрбиешілер мен мұғалімдерді жұмылдыру арқылы алдын алу шараларын әзірлеу керек. Сабақтарда оқушының әрекеті дер кезінде өзгеріп тұруы тиіс, 2-3 минуттық үзіліс енгізілу керек. Ата-аналар мен балаларға үй жағдайында сабақ оқуды дұрыс ұйымдастыра білуді түсіндіру керек.

Баланың денсаулығын ескере отырып, дене шынықтыру сабақтарында балаларды медициналық топтарға бөлу керек: негізгі, дайындық және арнайы. Дене шынықтыру сабағын балалардың денсаулық ерекшеліктерін ескере отырып, жүргізген абзал.

Омыртқасы ауыратын балаларды алдын ала емдеу үшін сколиоз немесе жалпақ табандылыққа әкелетін, баланың омыртқасына түсетін салмақ мәселесін шешу керек: 1) оқулықтардың екінші жинағын алуға рұқсат беру, мектеп жинағын мектепте қалдыру (көптеген шетелдерде осылай жасалады), 2) электронды оқулықтар жасап, енгізу керек, бір электрондық оқулықта барлық оқулықтар болады, бұл мектеп сөмкесінің салмағын бірден шешетін мүмкіндік.




Каталог: uploads -> docfiles
docfiles -> Жалпы білім беретін ұйымдар оқушылары арасында аймақтық Әбіш оқуларының байқауын дайындау және өткізу ережесі
docfiles -> Байпақов Шаймұрза Жаңайұлы
docfiles -> Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы
docfiles -> Маңғыстау облысының білім басқармасының 26. 12. 2015ж. №4 алқа шешімімен бекітілді
docfiles -> Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың сайлауалды Бес институционалдық реформасы «100 нақты қадам»
docfiles -> Білім беру ұйымдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар туралы ақпарат Маңғыстау облысының білім басқармасы Маңғыстау облысының «Маңғыстау облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
docfiles -> Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың сайлауалды Бес институционалдық реформасы «100 нақты қадам»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет