Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы баяндама



бет22/86
Дата07.05.2017
өлшемі14,66 Mb.
#15910
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   86

7.1. Зайырлылық


«Зайырлылық - Қазақстан қоғамының тұрақтылығының негізі» атты
VI Қазақстанның дінтанушыларының форумы барысында еліміздің алдында мемлекеттің зайырлылық тірегін сақтау жөнінде міндеттер тұрғаны айтылды. Дін саласындағы ахуал саяси және қоғамдық қауіпсіздік үшін мәнге ие. Бұл бағыттағы жұмысты реттеу мақсатында ҚР ДІАҚМ алдағы бірнеше жылға арналған дін саласындағы арнайы тұжырымдаманы әзірлеуде.


Өз кезегінде, ҚР БҒМ 2016-2017 оқу жылдарында жалпы білім беретін мектептерде «Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативті курсын оқу процесіне енгізуде.37 Курстың міндетіне оқушыларға дін және қоғамдағы оның рөлі туралы білім беру, зайырлылық туралы түсінік қалыпастыру, зайырлылық тұрғысынан діни таным дағдыларын қалыптастыру, діни радикализм мен экстремизм идеологияларының қауіптілігін түсіндіру, діни материалды сыни талдау мәдениетін қалыптастыру, зайырлылық пен құқықтық сауаттылықтың маңыздылығын түсіндіру кіреді.

Бұдан бөлек, «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» ҚР БҒМ-нің 2016 жылғы
14 қаңтардағы №26 бұйрығымен мектеп формасына қойылатын талаптар енгізілді, түрлі конфессияларға жататын діни киім элементтерін қосуға жол берілмейтіні жазылған.


ҚР БҒМ және өзге де мемлекеттік органдар қабылдаған бұл шаралар бала құқықтарына еш қайшы келмейді. «ҚР-дағы бала құқықтары туралы»
ҚР Заңының 7-тарауының 35-бабында былай жазылған: Мемлекет баланың ата-анасының немесе олардың орнындағы адамдардың дiни дүниетанымына негiзделген тәрбиеге араласпауға, бiлiм беру, тәрбиелеу, емдеу ұйымдарының және өзге де сол сияқты мекемелердiң шегiнен тыс жерлерде баланың қатысуымен дiни жоралардың жасалуына, аталған әрекеттер баланың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн, оның құқығын бұзатын және жауапкершiлiгiн шектейтiн жағдайларды қоспағанда, кепiлдiк бередi. Кәмелеттiк жасқа толмаған балаларға қатысты дiни жоралар ата-анасының немесе олардың орнындағы адамдардың келiсiмiмен жасалады. Балаларды дiнге тарту жөнiндегi мәжбүрлеу шараларына жол берiлмейдi.


Қабылданып жатқан мемлекеттік шараларға қарамастан, елдегі дәстүрлі емес діни ағымдардың көбеюіне ерекше көңіл бөлу керек. Өкінішке орай, бұл проблема бойынша ресми статистиканы ұсынудың мүмкіндіктері жоқ. Алайда шынайы деректердің (ҚР БП деректері, халықпен сұхбаттасу) фактілері проблеманың бар екенін және оның артуын білдіреді. Мысалы, Атырау мен Маңғыстау облыстарындағы ауылдардың тұрғындарымен фокус-топтың талқылаулар өткізу барысында қатысушылар брнеше рет халық арасында, әсіресе жастар арасында исламдық радикалды ағымдардың көбеюі туралы мәселені көтерді. Олардың пікірінше бұл мәселе шамамен 2011 жылдан бастап өзекті әрі күннен күнге артып келеді.

Елдің батыс өңірлеріндегі (Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе) ауыл мектептерінің мұғалімдері діни киім киетін балалардың саны артып жатқанын атап өтті. ҚР БП деректеріне сәйкес, 2016 жылы Ақтөбе облысында өткізілген «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» арнайы жобасының барысында ауыл мектептерінде діни киімдерді кию фактілері айқындалған.

Балалар діни киімде жүреді, мәдени-бұқаралық іс-шараларға және өзге де шығармашылық сабақтарға бармайды, өздерінің қатарластарымен аз сөйлеседі, тұйықталып кетеді, өздері тығыз байланыста болатын топтар құрады. Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдері басқа дінді қабылдаған балалар мен олардың ата-аналарымен де бірнеше рет әңгіме-дүкен құрды, өкінішке орай мұндай сұхбаттасулар еш нәтиже бермеді, керісінше жасырын агрессияны тудырды. «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР Заңының «білім беру жүйесі діннен және діни бірлестіктерден алшақ және зайырлылық сипатқа ие» қағидаларына қарамастан, балалардың діни киімдерді шешуіне мектептің әзірге қауқары жетпейді, мұғалімдердің жалғыз сұхбат жүргізу әрекеттері еш нәтиже бермейді.

Бұл проблема елдің тек батыс өңірлеріндегі мектептерінде ғана кездеспейтінін әділдік үшін атап өткен жөн.

Тіпті сарапшылар арасында да білім беру ұйымдарында діни киімдерді киюге қатысты әлі күнге дейін біржақты пікірдің болмауына байланысты мәселе туындап отыр. Дін мен құқық мәселелерінің кейбір сарапшыларының пікірінше, егер ешқандай құқыққа қайшы әрекет істемесе, қыздардың мұндай киім кигенінде зиян ештеңе жоқ. Тиісінше, зайырлылық нормалары бойынша шешім қабылдауға жауапты ересектердің арасында қарама-қайшылықтар бар кезде, барлық заңнамалық аспектілерге қарамастан, білім беру жүйесі, нақтырақ айтқанда оқу орындары мұндай жағдаймен үнемі соқтығысып отырады.

7.2. Сауалнама нәтижелері бойынша балалар үшін діннің мәні


Қазіргі заманда радикалды идеологияның таралуы өскелең ұрпаққа зиян тудыруы жағдайында діннің балалар өмірінде қандай мәнге ие екеніне назар аудару маңызды.

Жоғары құндылықтары адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары (ҚР Конституциясының 1-бабы), табиғи-ғылыми бағыттылығы мен білім беру стандарттарындағы (Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары 38), сыни ойлауды дамыту болып табылатын Қазақстан қоғамы демократиялық және зайырлы мемлекет ретінде өзін бекіткенімен, әлеуметтанулық сұрау нәтижелері зайырлы мемлекет қағидаларына сәйкес келмейтін діндарлықтың қауіпті өсімін көрсетеді.

Жас ұрпақ, ата-аналарынан гөрі, дінге үлкен мән береді: 12 жастағы және одан асқан балаларды ата-аналарымен салыстырғанда балалар үшін құндылық ретінде дін аса маңызды (сәйкесінше 8% және 5%). Балалардың басым бөлігі үшін дін күнәларды тазарту тәсілі (14%), жоғары күштерден қорғау (14%), әділдік пен теңдікке қол жеткізу мүмкіндігі (10%), қорқыныш пен жалғыздықты жеңу құралы (8%), ағарту (5%), әлемді түсіндіру (2%) ретінде көрінеді, бұл ойлау еркіндігінің дамуы, демократиялық құндылықтарды, дербестік пен шығармашылықты қабылдау, әлемді ғылыми тану үшін ұнамсыз саналатын кінә тұжырымдамасын қабылдауды, ойлау дербессіздігін, жоғары күштерге сену, өз әрекеттері үшін жауапкершілікті құдайға ауыстыруды, ойлаудың сыншыл болмауын, патернализмді, ғылымды діни постулаттармен ауыстыруды білдіреді.

Алайда, балалардың көпшілігі үшін (51%), дін – олар ұстанатын мәдениеттің бөлігі; бұл аз дәрежеде маңызды оқиғалар кезіндегі әдет-ғұрыптар мен салттар (11%), этикалық және моральдік құндылықтар (8%), өмір сүру салты мен философиясы (5%), сауықтыру (3%). Дін отбасыдан келмейді деп тұжырымдауға болады (тек 2% отбасы талабын белгілейді), бұл діни дәстүршілдіктің әсер ету жолдарын анықтау қажеттігін білдіреді. Балалардың тек 8% ғана олар үшін діннің ешқандай маңызы жоқ деп белгіледі.


29-кесте. 12 жастағы және одан асқан балалар үшін діннің маңызы, %

Мен ұстанатын мәдениет, ұлттық дәстүрлердің бөлігі

51

Рухани қолдау, жоғары күштерден қорғау

14

Күнәларды тазарту

14

Маңызды оқиғалар кезінде жалпы қабылданған әдет-ғұрыптарды ұстану (үйлену, жерлеу, бала туу және т.б.)

11

Әділдік, теңдік

10

Этикалық және моральді құндылықтар

8

Қауіп, қорқыныш, жалғыздықты жеңу тәсілі

6

Рухы жақын адамдармен қатынасу мүмкіндігі

5

Өмір сүру салты, мәні, философия

5

Өзін-өзі тану, ағарту мүмкіндігі

5

Сауықтыру

3

Күнделікті өмірдің міндетті бөлігі

2

Әлемді түсіндіру, есептеу нүктесі

2

Қоғамды өзгерту мүмкіндігі

2

Отбасы мүшелерінің талабы

2

Салттар

1

Әдет

2

Жақын адамдарға әсер ету мүмкіндігі

1

Ешқандай

8



7.3. Ұсынымдар


  1. Зайырлы гуманизм қағидаларын белсенді насихаттау және заңды ұстану қажет: құқықтар мен бостандықтарды, соның ішінде балалар арасында ұстану, сыншыл ойлауды қалыптастыру, балаларды зайырлы тәрбиелеу және білім беру, балаларға дінді күштеуге жол бермеу, ғылыми және техникалық дағдыларды дамыту, себебі дәл осылар ой-өрісті кеңейтетін, дербестік пен ойлау тәуелсіздігін, өз ойын білдіру мен шығармашылыққа, белсенді азаматтық ұстанымға, әлеуметтенуге, демократиялық басқаруға қабілеттілікті тәрбиелейтін әлемді түсіну және танудың, ғылыми және инновациялық ойлауды қалыптастырудың аса айқын тәсілдеріне мүмкіндік береді.

  2. Халық арасында дін саласы мәселелері бойынша сауаттылықты арттыру бойынша жұмысты жалғастыру, халықтың діни фанатизмнің бүлдіргіш идеологиясын жалпы қабылдамауын қалыптастыру керек.

  3. Балалардың ата-аналарына балалардың немен айналысып жатқанына қызығушылық танытқызу бойынша жүгіну.

  4. БАҚ, интернетте ақпараттық және түсіндіру науқандарын белсенді жүргізу. Діни экстремизмді алдын-алу және қарсы әрекетке арналған әлеуметтік бейнероликтер шығару.

  5. Халық арасында алдын алу жұмысына азаматтық қоғам әлеуетін қосу, бұл үшін қолдағы барлық ақпараттық және ұйымдастыру ресурстарды іске қосу.


8-тарау. Әлеуметтік инклюзия.









Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет