Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы баяндама


Балаларды институтсыздандыру



бет24/86
Дата07.05.2017
өлшемі14,66 Mb.
#15910
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   86


8.1.1. Балаларды институтсыздандыру


«Бала құқықтары туралы» БҰҰ Конвенциясының басты қағидаларының бірі әр баланың отбасыда өмір сүру және тәрбиелену құқығын жүзеге асыру. Жетім балалардың және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау саласындағы қазақстандық саясаты қазіргі жүйені институтсыздандыруға және балаларды отбасыларға орналастыруға бағытталады.

5 жыл ішінде, 2012 жылдан бастап қазіргі кезге дейін, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар саны 14,7%-ға, 34785-тен 29666 дейін азайды.



Жалпы республика бойынша институционалдандыруға қарсы тренд байқалады, егер 2012 жылы ұйымдарда жетім балалардың жалпы санының 31,3% болса, 2016 жылы 27,2%, 4,1%-ға санның кемуі орын алған. Бұған қорғаншылықтың баламалы нысандарында балаларды орналастыру, интернат типтегі балалар үйін жабу, отбасы типіндегі пішімде мекемелерді қайта ұйымдастыру жағдайларының артуы кейбір дәрежеде ықпал етті.
33-диаграмма. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру, %



Дереккөз: ҚР БҒМ

Ескерту: үлестер республикадағы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жалпы санынан есептелінді
2012-2015 жылдардағы қозғалыстың салыстырмалы динамикасы институционаландырылған балалар санының кемуін көрсетті, және осы азаймалы тренд республиканың барлық өңірлерінде, әсіресе, Ақтөбе, Ақмола, Жамбыл, Атырау облыстарында байқалады. Қорғаншылық бойынша өсім Қызылорда облысында (23,2%), Астана (15,9%), Алматы (5,9%) және аз дәрежеде Алматы облысында (0,6%) байқалады. Патронат бойынша біркелкі үрдіс кездеспейді, Алматы облысы (122,9%), Павлодар (38,6%), Шығыс Қазақстан (22,3%), Жамбыл (17,7%) облыстарында, Астана (10,6%), Атырау (6,7%) облысында екі еседен астам өсім тіркелді, қалған өңірлер патронат санының кемуін көрсетеді.
30-кесте. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру көрсеткіштерінің 2012-2015 жж. кезеңдегі өңірлер бөлінісіндегі өзгерісі

 

 


Қамқорлық, бала

Өзгеріс, %

Патронат, бала

Өзгеріс, %

Ұйымдар, бала

Өзгеріс,%

2012

2015

2012

2015




2012

2015




Ақмола

1665

1560

-6,3

146

139

-4,8

794

456

-42,6

Ақтөбе

1075

884

-17,8

101

75

-25,7

487

234

-52

Алматы

2501

2517

0,6

48

107

122,9

840

614

-26,9

Атырау

570

445

-21,9

15

16

6,7

244

142

-41,8

ШҚО

2325

1880

-19,1

112

137

22,3

1376

1063

-22,7

Жамбыл

1436

1277

-11,1

141

166

17,7

478

252

-47,3

БҚО

892

633

-29

224

160

-28,6

309

205

-33,7

Қарағанды

2602

2345

-9,9

57

36

-36,8

1940

1460

-24,7

 

 


Қамқорлық, бала

Өзгеріс, %

Патронат, бала

Өзгеріс, %

Ұйымдар, бала

Өзгеріс,%

2012

2015

2012

2015




2012

2015




Қостанай

1848

1499

-18,9

162

141

-13

1102

1015

-7,9

Қызылорда

582

717

23,2

249

143

-42,6

172

128

-25,6

Маңғыстау

481

425

-11,6

46

40

-13

208

122

-41,3

Павлодар

1162

1076

-7,4

70

97

38,6

669

564

-15,7

СҚО

971

804

-17,2

189

158

-16,4

702

550

-21,7

ОҚО

2270

2216

-2,4

422

241

-42,9

510

435

-14,7

Алматы қ.

884

936

5,9

114

110

-3,5

575

483

-16

Астана қ.

472

547

15,9

66

73

10,6

481

343

-28,7

Қазақстан

21736

19761

-9,1

2162

1839

-14,9

10887

8066

-25,9

Дереккөз: ҚР БҒМ
2016 жылы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жалпы санының ішінде 21 600 бала баламалы қамқорлықтың әр түрлі нысандарында орналасқан, бұл 72,8% құрайды, қалған 8066 бала (27,2%) бала құқықтарын қорғау бойынша қызметті жүзеге асырушы ұйымдарда тұрады.

Өңірлік бөліністе институционаландырылған тәрбиеленушілердің ең көп үлесі Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында, Алматы, Астана қалаларында кездеседі.



Алматы, ОҚО, Жамбыл, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау, Ақкмола облыстарында қорғаншылық және қамқоршылықтағы балалардың ең жоғары үлесі байқалады (70%-дан астам). БҚО және Қызылорда облыстары патронаттық тәрбиенің салыстырмалы түрде жоғары үлесін көрсетеді.
134-диаграмма. Өңірлер бөлінісінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру, 2016 жылдың басы, үлестер өңірдегі жетім балалар саны бойынша есептелінді, %



Дереккөз: ҚР БҒМ. Өңірдегі жетім балалар саны түсіндірмеде көрсетілген (N)

2016 жылдың тоғыз айы ішінде ата-анасының қаморлығынсыз қалған 1303 бала деинституционаландырылды, бұл тәрбиеленушілердің жалпы санының 16,2% құрайды (2015 жылы – 813 немесе 9,9%), көрсеткіш аз шамада өсті. Олардың ішінде қарғаншылық пен қамқорлыққа – 330 (2015 жылы - 381), патронатқа – 192 бала (2015 жылы - 177) берілді, асырап алынды – 172


(2015 жылы - 255), соның ішінде халықаралық асырап алу жолымен 9 бала
(2015 жылы - 30), қандас отбасыларға 609 бала қайтарылды (2015 ж. – 1010).
35-диаграмма. Балалар үйінен қорғаншылықтың баламалы нысандары бойынша және қандас отбасыларға берілген балалар саны, 2015 жыл және 2016 жылдың 9 айы ішінде

Институтсыздандыру жетім балаларға арналған ұйымдардың қысқаруына әкеледі, білім беру жүйесінде 2016 жылдың 1 қыркүйегінде ұйымдар саны


6 бірлікке кеміді (Ақмола – 1, Шығыс Қазақстан – 4, Қарағанды – 1) және
140 мекемені құрады (2015 жылы мекемелер саны – 146). Балалар үйлерінде
(44-ден 41 дейін, 3 бірлікке қысқарды), жетім балаларға арналған
мектеп-интернаттарда (3-тен 2 дейін, 1 бірлікке қысқарды), пана үйлерінде (11-ден 9 дейін, 2 бірлікке қысқару) сандық өзгерістер орын алды.

1-сурет. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар желісі



Жетім балаларды отбасылық орналастырудың барлық нысандары ішінде асырап алу ең оңтайлысы болып табылады. Ұлттық заңнамада қазақстандық азаматтардың асырап алуға басым құқығы бекітілген, сондай-ақ қазақстандық азматтардың балаларды асырап алу рәсімі жеңілдетілді.

Қазіргі уақытта, шетелдік асырап алу рәсімінің ашықтығы мақсатында, асырап алу жөніндегі шетел агенттіктерін аккредитациялау енгізілді. Шетел азаматтарының қазақстандық балаларды асырап алуы тек аккредитациядан өткен халықаралық агенттіктер арқылы ықтимал, олардың саны республикада 20-дан аспауы қажет. Қазіргі кезде елімізде 18 агенттік қызмет етеді (анықтама үшін: 2012-2013 жж. асырап алу жөнінде 37 агенттік аккредитациядан өтті).



2015 жылы 2539 бала асырап алынды (2014 жылы 2566), олардың ішінде ҚР азаматтары 2500, шетелдік туысқандарды қосқанда, шетел азаматтары 39 бала асырап алды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет