Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы баяндама



бет20/86
Дата07.05.2017
өлшемі14,66 Mb.
#15910
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   86

6.3. Дене тәрбиесі


Қосымша білім берудің жалпы құрылымында дене тәрбиесі білім беру жүйесінде де, мәдениет және спорт жүйесінде де спорт үйірмелері мен секцияларын дамыту арқылы жүзеге асады.

ҚР БҒМ ҚР МСМ-мен бірге балалар мен жастарды спортқа тарту бойынша белгілі жұмыс жүргізеді. Спорт саласындағы мемлекеттік саясаттың басымдығы болып бұқаралы спортты тиісті дамыту үшін жағдайлар - қазақстандықтардың дені сау ұлтын қалыптастыру және дамыту үшін негіз жасау саналады. ҚР МСМ ақпараты бойынша 2015 жылы республика халқының жалпы саны ішінде дене шынықтыру және спортпен айналысушылар санының, алдыңғы жылдармен салыстырғанда, елеулі емес өсу үрдісі байқалды (2012 жылы – 21,6% , 2013 жылы – 23,2%, 2014 жылы – 25,1%, 2015 жылы – 26,3% ). Осыған қоса, ауылды жерлерде қамту екі есеге аз. Салыстыру үшін: әлемдік спорттың көшбасшы-елдерінде қамту орташа есеппен 60% құрайды.




30-диаграмма. Әлемде дене тәрбиесі және спортты дамытудың салыстырмалы көрсеткіштері, ел халқының жалпы санынан қамту үлесі, 2012 ж.



Дереккөз: ҚР Спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі комитеті, «ҚР дене тәрбиесі және спортты дамыту туралы» презентация , 2012 жыл
Балалардың спорт секцияларында қамтылуының елеулі болмаса да, өсуі байқалады. 2015 жылдың нәтижелері бойынша, дене тәрбиесі және спортпен айналысатын балалар мен жасөспірімдердің қамтылуы 2014 жылмен салыстырғанда 1,6% артты, және мектептерде оқитын 2,7 млн. жалпы оқушылардан 415,4 мың оқушыны құрады (2015 ж.қамту үлесі 15,1%, 2014 жылы 13,5% құрады). Дегенмен, отандық көрсеткіштер спорттағы көшбасшы-елдерден айтарлықтай төмен (Жапония – 78% спорт секцияларымен қамтылған, Ұлыбритания – 81,3%, АҚШ – 90%).35

2015 жылы мектеп жасындағы балаларды тұрғылықты орны бойынша дене шынықтыру-сауықтыру жұмысымен қамтамасыз ету мақсатында 111,5 мыңнан астам балалар және жасөспірімдерді қамтитын 575 балалар-жасөспірімдер клубтары, 96 дене даярлығы балалар-жасөспірімдер клубы (ДДБЖК) бар қосымша білім беру мекемелері қызмет етеді. 2014 жылмен салыстырғанда, балалар-жасөспірімдер клубтарының саны 6 бірлікке өсті.

ҚР МСМ ақпараты бойынша, қазіргі уақытқа дейін Қызылорда, Атырау облыстарында және Астана мен Алматы қалаларында бірден-бір дене даярлығы балалар-жасөспірімдер клубы кездеспейді.

Мектептерде спортпен айналысу үшін жағдайлар толық шамада жасалмаған. 2015 жылы спортзалдары бар мектептер үлесі 77,5% (5823 бір.) құрады, осылай, спортзалдың жоқтығынан спортпен айналысу мүмкіндігі жоқ 1688 мектеп (22,5%) бар. Спортзалдары бар мектептердің жалпы санының 11,5% бейімді.36

Кадр әлеуетінің жетіспеушілігі байқалады, елде 1 нұсқаушы-әдіскерге халықтың 30 мыңы келеді, көшбасшы-елдерде бұл үш есеге кем.

Ауылды жерлерде, шағын қалаларда бұқаралық спортты дамытуға назар аударған жөн, себебі шалғайдан шыққан спортшылардың әлемдік спорт жетістіктеріндегі үлесі шүбәсіз. Рио-2016 Олимпиадасында қазақстандық жеңімпаздардың шамамен 40% ауылды жерлер мен шағын қалалардан шыққан (Данияр Елеусінов, Василий Левит, Жазира Жаппарқұл, Александр Зайчиков, Эльмира Сыздықова және басқа көрнекті спортшылар).



6.4. Сұрау нәтижелері бойынша балалардың бос уақыты


Жүргізілген сұрау нәтижелері бойынша, балалардың бос уақыты әр түрлілікпен, белсенділікпен ерекшеленбейді. Сұралған балалардың негізгі үлесі бос уақытында сабақ істейді (44%), және оны бос уақытты өткізу деп айтуға болмайды. Үй шаруашылығы істерімен балалардың 40% айналысады. Балалар көбінесе музыка тыңдайды, кітаптар, журналдар оқиды, достарымен кездеседі, теледидар көреді, әлеуметтік желілерде отырады. Белсенді демалыспен айтарлықтай аз балалар айналысады: табиғатқа шығады, көшеде серуендейді (18%), аулада ойнайды (футбол, волейбол, роликтер және басқа), респонденттердің 21% секцияларға, факультативтерге (22%) қатысады. Балалардың шамамен осындай үлесі уақытын онлайн-ойындарда өткізеді, интернетте фильмдер көреді, WhatsApp, Viber хабарласады. Шығармашылықпен айналысу, мәдени орындарға (музейлер, көрмелер) бару басым емес.

31-диаграмма. Балалардың бос уақытын өткізуі, % сұралған балалар

Зерттеу нәтижелері балаларды қосымша білім берумен жеткіліксіз қамту проблемасын дәлелдейді. Спорт секциялары мен үйірмелерінде сұралған балалардың орташа 23% айналысады. Қосымша білім беру түрлері бөлінісінде балалардың ғылыми үйірмелер мен факультативтермен (физика, математика, әдебиет, тарих) қызығуы басым – 31%, балалардың 25% шығармашылық және бимен, спортпен (30%) айналысады.

Шалғайдағы ауылдардың балаларын қамти отырып, ахуалдың сыни екені байқалады, атап айтқанда салыстырмалы түрде ғана балалардың көп үлесі спорт секцияларына барады (25%), негізінен бұл әуесқой футбол, баскетбол, карате. Білім берудің басқа қосымша түрлері боынша 8-5% диапозонда қамтылған, бұл мектептің басшыларының сөздеріне қарағанда мамандардың (музыка, хореография, басқа да ғылыми-танымдық бағыттардың оқытушыларының) жоқтығымен түсіндіріледі.

Балалардың қосымша білім беру ұйымдарына балалардың бармауының негізгі себептері мыналар: ынтасының – 38%, уақыттың болмауы – 29%, үйден алшақтығы – 17%, төлеуге ақшаның жоқтығы – 9%, тұрғылықты жерде болмауы – 8%.




Каталог: uploads -> docfiles
docfiles -> Жалпы білім беретін ұйымдар оқушылары арасында аймақтық Әбіш оқуларының байқауын дайындау және өткізу ережесі
docfiles -> Байпақов Шаймұрза Жаңайұлы
docfiles -> Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы
docfiles -> Маңғыстау облысының білім басқармасының 26. 12. 2015ж. №4 алқа шешімімен бекітілді
docfiles -> Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың сайлауалды Бес институционалдық реформасы «100 нақты қадам»
docfiles -> Білім беру ұйымдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар туралы ақпарат Маңғыстау облысының білім басқармасы Маңғыстау облысының «Маңғыстау облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
docfiles -> Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың сайлауалды Бес институционалдық реформасы «100 нақты қадам»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет