5.2. Отбасы мен балалық шақты қолдау
Азаматтардың ҚР Конституциясында бекітілген отбасыларды, ана мен баланы мемлекеттік қолдау құқығын жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік органдар аналық, әкелік және балалықтың қоғамдық маңыздылығы мен мәртебесін көтеру, отбасылық құндылық пен дәстүрді насихаттау, отбасының беделін көтеру бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.
Қазақстанда экономикалық дағдарыс қаупіне қарамастан балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау әлеуметтік саясаттың басым бағыты болып табылады.
Балалы отбасыларды экономикалық қолдау «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» ҚР Заңына, «ҚР арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» ҚР Заңына, «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» ҚР Заңына сәйкес іске асырылады.
ҚР ДСӘДМ мемлекеттік әлеуметтік көмек туралы деректері бойынша 2016 жылғы 1 қыркүйекте кедейлiктiң шегінен де төмен тұратын 25,7 мың азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындалды.
АӘК тағайындалғандар санының ішінде балалардың құрайтын мөлшері
67,3 %-дан жоғары, балаларды бағып күтумен айналысатын тұлғалардың үлесі 12,5%. Республика бойынша тұтас алғанда АӘК орташа айлық мөлшері бір алушыға 2670,5 теңге құрайды.
18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы
(1.09.2016 ж.) 537,4 мың балаға тағайындалды, оның ішінде ауылдық жерде тұратын балалардың үлесі 69,5 %-ды құрайды. Республика бойынша тұтас алғанда МБЖ орташа айлық мөлшері бір алушыға 2670,5 теңге құрайды.
74,1 мың отбасыға баспаналық көмек тағайындалды. Аталған жәрдемақының орташа айлық мөлшері есеппен 2263,7 теңгені құрайды.
Отбасы мен балаларды Әлеуметтік қорғау жолы бойынша қорғаудан басқа «Қамқорлық», «Мектепке жол» акциялар іс-шаралары шеңберінде де көп көңіл бөлінеді. 2016 жылы «Қамқорлық» акциясы шеңберінде жағдайы төмен отбасылардан шықққан 160 000-ға жуық балаға 700 млн. теңгеден аса сомаға көмек көрсетілді, соның ішінде 90 мың бала 300 млн. теңгеден аса сомаға демеушілік көмекпен қамтылды.
2016 жылғы 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» республикалық акиясы өткізілді. Ағымдағы жылы бұл ҚР БҒМ әлеуметтік бағытталған бастама Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған және «Бақытты балалық шақ мекені» ұранымен өткізілген. Акцияны бизнес-компаниялар мен қоғамдық ұйымдар, мемлекеттік мекемелер, банктар, кәсіпкерлер, ұялы операторлар және қарапайым қазақстандықтар. Айрықша белсенді қатысушылардың есебінде: «Нұр Отан» партиясы, орталық мемлекеттік органдар — БҒМ, ІІМ, ДСӘДМ, ИДМ, СІМ, ӘМ, МСМ, ҰЭМ, АШМ, сондай-ақ «Билайн» компаниясы, «Астан Экспо» АҚ, «Сбербанк» АҚ, ҚФ «KZ», ҚФ «ДАР» АО «Халық банк» және басқалар.
Акцияның нәтижесі бойынша жағдайы төмен отбасылардан, көп балалы отбасылардан шыққан 321 424 бала жалпы сомасы 2 млрд. 468 млн. 785 мың 267 теңгеге (2015 ж. – 318 026 бала 2,2 млрд. теңге сомасына) материалдық және қаржылай көмек алды, сондай-ақ 223 948-ден көп балаға демеушілер мен меценаттар 1 млрд. 801 млн. 95 мың теңгеге (2015 ж. – 200 000 бала 1,5 млрд. теңге сомасына) көмек көрсетті.
Өткен жылғы «Мектепке жол» акциясының нәтижесімен салыстырғанда балаларды қамтыған жәрдемақы 3 398 адамға артқаны байқалады, көрсетілген жәрдемақы 268 млн. 785 мың теңгеден аса сомаға өсті, демеушілер бөлген қаржы 300 млн. теңгеден аса сомаға өсті.
«Мектепке жол» акциясы жүргізілген тоғыз жыл ішінде 2 млн. 345 мың 812 бала жалпы сомасы 15 млрд. 79 млн. 842мың теңгеге материалдық көмек алды
Мектепте оқу мезгіліндегі әлеуметтік тұрғыдан осал отбасылардан шыққан балаларды қорғаудың бір түрі ыстық тамақпен қамту болып табылады. Бұл санаттағы балалар үшін мектепте бір мезгіл тамақпен қамту бірыңғай ережелері бекітілген (2012 жылғы
12 наурыздағы № 320 ҚР ҮҚ-на қосымшалар енгізілген). 2016 жылдың
9 айында 6 082 мектепте (86,3%) ыстық тамақ беру ұйымдастырылды,
2014 ж. — 6 043 мектепте (84,9%). Қамту 2 527 848 баланы (93,8%) құрады, 2014 ж. 2 225 688 (86,1%). 2015 ж. қорытындысы бойынша жағдайы төмен отбасылардан шыққан 247 925 (100%) оқушы тегін тамақпен қамтамасыз етілген (100% жоспармен).
Отбасыны қолдау тек әлеуметтік-экономикалық жағынан ғана шектеліп қоймайды. Елде әртүрлі адамгершілік-рухани бағыттағы мәдени-демалыс
іс-шаралар өткізіледі.
Жыл сайын Қазақстанда (қыркүйек) екінші жексенбі күні Отбасы күні өткізіледі. 2016 жылы Отбасы күні аясында бірнеше іс-шаралар өтті: «Отбасы - тәрбие бастауы» тақырыбындағы сынып сағаттары, сурет салу конкурстары, интеллектуалды викториналар, отбасылық спорттық эстафеталар, отбасылық шығармашылық фестивальдар жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған үкіметтік емес ұйымдар, қайырымдылық қорлар тартылған акциялар.
5.3. Отбасылық құндылықтар, дәстүрлер, тәрбие
Баланың аман-сауалығы белгілерінің бірі баланың отбасында өзін бақытты сезінуі болып табылады. Сауалнама көрсеткендей, отбасында тәрбиеленген балалар өз бақыттарын орташа есеппен 9 балға (мүмкін болатын 10 балдың ішінен) бағалаған. Ал отбасынан жырақтағы және түрлі себептермен білім беру мекемелерінде жүрген балалар өздерінің бақытты сезінулерін 8,5 баллға бағалаған және КТБО-дағы балаларда неғұрлым аз баға – 7 балл.
Өңірлік бөліністе орташа баға 8,5-9,3 диапазоны аралығында. Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында барынша аз баға берілген (тиісінше 8,5 және 8,7).
25-диаграмма. Балалардың өз бақыттарын бағалауы (5 балдық бағалау шкаласы)
Балалар ең басты құндылықты отбасы мен ата-аналар деп санайды – 72%, екінші орында – денсаулық (56,6%), үшінші орында – махаббат пен достық (42,6%). Балалар үшін анықтауыш құндылықтар сондай-ақ қауіпсіздік, қорғандылық, еңбек және жұмыс (32%), тәртіп (28%), қызықты өмір (20%).
Ата-аналардың ойлары бойынша, бірінші орында баланың денсаулығы – 91%, бала үшін отбасындағы берекенің маңыздылығын ата-аналардың 59%, баланың қорғандылығы мен оның қауіпсіздігін 42,6%, материалдық молшылықты (30%) белгілеген.
Адамгершілік, әділдік, мейірімділік, толеранттылық, жауапкершілік, қадір-қасиет пен құрмет, білім, адам құқықтары, тәуелсіздік, экологияны сақтау, руханият және т.б. сияқты құндылықтардың маңыздылығын балалар да, ата-аналар да салыстырмалы түрде төмен бағалаған.
Осылайша, балалар мен ата-аналар үшін өз күнін көру құндылықтарының өзін-өзі таныту құндылықтарынан жоғары.
28-кесте. Бала үшін өмірдегі құндылықтар, балалар мен ата-аналардың пікірі, %
|
Балалар
|
Ата-аналар
|
отбасы, ата-аналар, туыстар
|
72
|
59
|
денсаулық
|
56
|
90
|
махаббат, достық, ортақтық
|
43
|
20
|
қауіпсіздік, қорғандылық, тұрақтылық
|
32
|
43
|
еңбек, жұмыс
|
32
|
19
|
тазалық, тәртіп
|
28
|
30
|
ана тілі, салт-дәстүрлер мен мәдениет
|
21
|
24
|
қызықты өмір және сүйсіну
|
20
|
10
|
мейірімділік, адамгершілік, айналасындағыларға қамқорлық таныту
|
19
|
20
|
әдептілік, адалдық, әділдік
|
17
|
23
|
қадыр-қасиет, өзін және өзгені құрметтеу
|
15
|
19
|
адам құқықтары, бостандық және теңдік
|
12
|
14
|
білім, интеллектуалдық даму
|
12
|
22
|
тәуелсіздік
|
11
|
7
|
материалдық игілік
|
10
|
30
|
әуестену, хобби
|
10
|
4
|
табиғатпен қарым-қатынас, экологияның сақтау
|
9
|
9
|
жауапкершілік
|
9
|
15
|
сенім, дін
|
7
|
5
|
төзімділік, толеранттылық
|
6
|
8
|
қазақ мәдениетіне, тіліне қосылу
|
6
|
9
|
қатарластарының көзқарасы, беделі
|
4
|
5
|
руханият, ішкі гармония
|
4
|
5
|
қоғамдық танылу
|
1
|
2
|
Әрбір отбасында балалар мақтан тұтатын өз дәстүрлері бар және кейіннен олар оны өздерінің жеке дербес өмірлеріне көшіреді. Барынша көп тараған дәстүрлер отбасылық мерекелер, туған күндер - 63%, үй жағдайында отбасымен бірге түскі астар (кешкі астар) - 62% болып табылады. Бос уақыттың қалған түрлері айтарлықтай артта қалады, отбасылық уақыт өткізудің ұжымдық-шығармашылық, спорттық, мәдени түрлері көп тарамаған.
26-диаграмма. Отбасылық дәстүрлер, сұралған ата-аналар үлесі
Балалардың эмоционалдық амандығы ата-аналарымен сапалы өзара қарым-қатынасымен, ата-аналардың баланың қажеттілігіне, уақытты қалай өткізуіне, әлеуметтік байланыстарына және т.б. мұқият қарауымен қамтамасыз етіледі.
Зерттеулер нәтижелері аталған мәселелерге қатысты ахуал айтарлықтай сәтті екенін көрсетеді: ата-аналардың 95% өз балаларының достарының аттарын біледі, 94% баланың күні қалай өткенін және баланың күні-бойы не жегенін айтып бере алады.
Ата-аналардың 92,7% баламен оны қызықтыратын тақырыпта сөйлеседі, бірақ бұл әңгімелерге бөлетін уақыт саны әртүрлі. Ішінара алғанда, ата-аналардың 29,3% баламен әңгімелесуге күніне 30 минутқа дейін уақыт бөледі, ата-аналардың 29,6% баламен бір сағаттай әңгімелеседі, қалғандары баламен әңгімелесуге 2 сағаттан артық уақыт бөледі.
Балалардың жауаптарын талдау ата-аналарымен сенімге негізделген қарым-қатынас балалардың барлығында бірдей құрыла қоймаған, тек балалардың 69% анасымен, әкесімен ішіндегі сырын бөлісе алады,
41% сырларын достарына ашады, 26% туған бауырларына, апа-сіңлі, қарындастарына айтады.
Балалар ата-аналарын негізінен мектеп істері (83%), өзін-өзі сезінуі (76%), тамақтануы (73%) қызықтыратынын айтады. Әрі қарай басымдылығы бойынша балалардың бос уақыты, достарымен араласуы мәселелері айтылады. Ата-аналарды қызықтыратын мәселелер тобын баланың теледидар бойынша не көретіні, қандай музыка тыңдайтыны, қандай компьютерлік ойындарды ойнайтыны, әлеуметтік желілерде кіммен қарым-қатынас жасайтыны туралы мәселелер тұйықтайды. Осылайша, баланың виртуалды қарым-қатынасы мәселесі көптеген ата-аналарды қызықтыратын мәселелердің басымдылығына кірмейді.
27-диаграмма. Менің ата-анамды қызықтыратыны, балалар жауаптарының %
Сауалнаманың нәтижелерін түйіндей отырып отбасындағы негізгі құндылықтар өзінің күн көру құндылықтары (денсаулық, махаббат, қаупсіздік, жұмысы болуы, тәртіп), өзін-өзі таныту құндылықтары болып табылады, адамгершілік-рухани жақтары, азаматтылық азырақ басымдылыққа ие.
Отбасын біріктіретін, ұжымдық рухты, жауапкершілікті, ынтымақтастықты, салауатты өмір салтын қалыптастыратын отбасылық ойындар, бірлескен мәдени, спорттық-сауықтыру іс-шаралары сияқты отбасылық құндылықтар кең таралмаған.
Сұрақ берілген ата-аналардың үштен бір бөлігі баламен қарым-қатынасқа күніне 30 минуттан аз уақыт бөледі, балардың бәрі бірдей ата-аналарымен сенімге құрылған қарым-қатынаспен мақтана алмайды. Ата-аналардағы балаға қатысты барынша басымдылық қызығушылықтар аясы айтарлықтай әралуан емес, негізінен базалық қажеттіліктерді (тамақтану, денсаулық, оқу) қанағаттандыру деңгейінде.
5.4. Ұсынымдар
Балаларды қолдау орталықтарын заңнамалық тұрғыдан бекіту. Балалар үйлерін трансформациялау арқылы Отбасылар мен балаларды қолдау орталықтарын құру практикасын жалғастыру.
Қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларды шартталған қолдау бағдарламасын әзірлеу. Бағдарламаға қолдаудың мына бағыттарын қосу қажет: психологиялық-педагогикалық, материалдық, тұрғын үй-тұрмыстық, еңбекке орналастыру. Әр түрінің қажеттілігі отбасының сұранысына орай анықталады.
Отбасын сақтау және ажырасулар санын азайту мақсатында елімізде ерлі-зайыптыларды некені бұзғанға дейін татуластыру үшін міндетті медиация процедурасын заңнамалық тұрғыдан бекіту.
Отбасылық өмірге дайындау мектебі жобасын әзірлеу. Жастарды отбасылық өмір мәселелерінде ағарту, ерлі-зайыптылардың жанжалдарын ерте кезеңінде айқындау және шешу, жастарды құндылықтық-адамгершілік тәрбиелеу мақсатында.
Сауалнама мәліметтерінің негізінде рухини-адамгершілік аспектілерді дамытуға одан да көп назар аудару, ата-аналарды баламен қарым-қатынас мәселесінде ағарту, ата-аналардың назарын баланың немен айналысатынына аудару.
Достарыңызбен бөлісу: |