Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы баяндама


Техникалық және кәсіптік, жоғары білім алу құқығын қамтамасыз ету



бет13/86
Дата07.05.2017
өлшемі14,66 Mb.
#15910
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   86

3.4. Техникалық және кәсіптік, жоғары білім алу құқығын қамтамасыз ету

3.4.1 Техникалық және кәсіптік білім: жалпы жағдай


Еңбек нарығында ұзақ уақыттан бері білікті жұмыскерлердің сұранысы мен ұсынысының теңгерімсіздігі орын алады. Қарапайым емес экономикалық жағдайға қарамастан, көптеген өнеркәсіптік кәсіпорындар жұмысшылардың компьютеризациясы мен технологиялық процестермен аса байланысты мамандардың тапшылығына тап болуда. Бүгінгі күні жеңіл өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығы, көлік, құрылыс салаларында қажеттіліктер көп.

ТжКБ бітірушілеріне қойылатын талаптар мен еңбек нарығындағы олардың бәсекеге қабілеттілігін арттырумен байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі кәсіптік білімді жаңғырту жөнінде бірқатар шаралар әзірленді. Қазақстанда 2016 жылы 499,0 мың адам оқушысы бар


798 колледждер кәсіптік-техникалық білім алуды қамтамасыз етеді (оның ішінде 17 колледж – республикалық). Жекеменшік колледждердің үлесі
55,9% құрады, қалғандары жергілікті меншікте. 48,6% оқушы мемлекеттік тапсырыс аясында білім алуда (242,4 мың адам). Оқушылардың 52,5% ер балалар құрайды.

ҚР БҒМ деректеріне сәйкес бітірушілердің 20 мыңынан аса жыл сайын кәсіптік біліктіліксіз еңбек нарығына шығарылады. Бұл ретте халықтың экономикалық белсенді құрамында біліксіз жұмысшылардың үлесі 2015 жылы 23,4% құрады, бұл айтарлықтай жоғары көрсеткіш болып табылады және халықаралық сарапшылар бұл үлесті 10% дейін төмендетуді ұсынады. Мұндай төмендеу жастардың кәсіптік-техникалық білім алуға қызығушылығын кеңейту арқылы мүмкін.

Соңғы бес жылда колледждер желісін 11%-ға қысқарту байқалады
(94 оқу орындары жабылды), кәсіптік-техникалық білім жүйесінде оқушылардың контингентін төмендету жағдайында (2011 жылдан 2015 жылға дейінгі аралықта оқушылардың контингенті 17,1% құрады). Жекеменшік (соңғы 5 жылда 9,8%), сондай-ақ мемлекеттік сектордағы (11,0%) колледждердің саны азайды. Бұған бірқатар факторлар ықпал етті: оқу орындарының профильденуі, демографиялық факторлар, сондай-ақ еңбек нарығындағы орта кәсіптік білімнің беделді болмауы. Жыл сайын мектептен кейін жоғары білім жүйесіне өтетін мектеп түлектерінің үлесі артуда және кәсіптік білім алуға баратындардың саны азаюда.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мемлекет пен жалпы білім жүйесінің алдына жастардың кепілді бірінші жұмыс кәсібін алуды қамтамасыз ету міндеті қойылды. Осыған байланысты жыл сайын жұмыс кадрларын даярлауға мемлекеттік тапсырыс ұлғаюда. Мәселен, 2016-2017 оқу жылында ТжКБ республикалық бюджеттен мемлекеттік тапсырыс бойынша 2 726 адам қабылданды, бұл 2015-2016 оқу жылындағы деңгейден 2 есе аз (5 358 адам). Мұндай азаю 2015-2016 жылы «Серпін» жобасымен байланысты болды, жаңа жылда оны ҚР ДСӘДМ-ге берді.

Техникалық және кәсіптік білімнің мәртебесін арттыру мәселесінде маңызды фактор болып бүгінгі күні материалдық-техникалық базаны жаңғыртусыз мүмкін болмайтын оның сапасын арттыру табылады. ҚР ҰЭМ СК деректері бойынша 2015 жылы оқу процесінде 21 803 оқу кабинеті,
2 491 шеберханалар және 247 авто/трактодром іске қосылған. Бұл ретте колледждердің лабораторияларының саны 198 бірлікке артқан.24 Дегенмен де, 46,5% колледж оқушылары жүргізілген сұраудың барысында оқу орындарының жақсы тұрмыстық жағдайлары жоқ екенін атап өтті.

Оқытудың нәтижелегінің маңызды көрсеткіші жұмысқа орналасу болып табылады, дәл осы критерий бойынша түлектер мен олардың білімдері қаншалықты сұранысқа ие екені туралы айтуға болады. ҚР БҒМ деректері бойынша колледждер түлектерінің жұмысқа орналасуы 2015 жылы


68% құрады, бұл ретте 52,1% жұмысқа орналасулар Зейнетақылар төлеу мемлекеттік орталығының деректерімен расталды. «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы өзін жақсы ұсынды, оның нәтижесі бойынша көптеген колледжердің түлектері кәсіптік жұмыстың тәжірибесі мен дағдыларына ие болды, соның салдарынан жұмысқа орналасты.

3.4.2. Жекелеген санаттар үшін техникалық және кәсіптік білім алу құқығымен қамтамасыз ету


Ерекше мұқтаж балалар үшін техникалық және кәсіптік білім алудың қолжетімділігі. Кәсіп иесі болу, әсіресе беделді болса, ол мүмкіндігі шектеулі адамдарға еңбек нарығында бәсекелі күресте жұмысқа орналасуға мүмкіндіктерді арттырады. Өкінішке орай, ерекше мұқтаж балаларды оқыту процесі мектеппен аяқталады. Заң бойынша І және ІІ топтағы мүгедектерге колледждерде тегін оқу қарастырылған. Жеңілдік берілгендердің санатына нашар көретіндер, нашар еститіндер, ой дамуы артта қалған адамдар кірмейді – бұл мүмкіндігі шектеулі адамдардың үлкен бөлігі25. 2016 жылы еліміздің колледждерінде ерекше мұқтаж 3913 бала оқыды (барлық оқушылардың контингетінен 0,8%). Мүмкіндігі шектеулі оқушыларды қабылдайтын колледждердің саны өте аз, оларда кәсіп таңдау шектелген, бағдарламалар мүмкіндігі шектеулі оқушыларға бейімделмеген, кәсіптік колледждердің педагогтары мен шеберлерінде психофизикалық бұзылулары бар жасөспірімдерді оқыту үшін арнайы даярлықтары жоқ. Кәсіптік білім беру жүйесінің қызмет етуінің жаңа жағдайларында оқытуды ұйымдастырудың жаңа формаларын дамыту, оқу тәселдері арқылы кәсіптік реабилитацияны қамтамасыз ететін оқу ұйымдары мен мекемелерінің тұрақты қызмет етуі үшін жағдайлар жасау26 (қашықтық, үйге келіп оқыту, сырттай және т.б.) қажет.

Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін техникалық және кәсіптік білім алудың қолжетімділігі. Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар кәсіп ие болу өмірінің болашақ сапасының кепілдігі болатын әлжуаз санат болып табылады. 2016 жылы Қазақстанның колледждерінде ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған 2 840 бала және 4 795 жетім бала білім алған.

Осылайша, азаматтардың барлығына сапалы техникалық және кәсіптік білім алуға бірдей қолжетімділік жағдайларын құру бүгінгі күні мемлекет алдында тұрған маңызды стратегиялық міндет болып табылады. Бүгінгі күні әлемнің жетекші елдері елдің экономикалық дамуының жолсерігі ретінде ТжКБ жүйесін дамытуға екпін беріліп отыр. Бұның барлығы осы салаға инвестицияларды қажет ететінін білдіреді. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көзделгендей, 2017 жылдан бастап бірінші жұмыс кәсібін ұсыну тегін, бұл елдің адами капиталы мен еңбек ресурстарының сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Одан бөлек, ТжКБ дамыту кадрлық әлеуетті арттыруды, нарықтың жаңа талаптарына сәйкес материалдық-техникалық базаның күшеюін, колледждер студенттерінің тәуелсіз сертификатталуы мәселелерін тездетуді талап етеді.


3.4.3. Жоғары білім: жалпы жағдай


Қазақстанда жоғары білім міндетті болып табылмайды, сонымен қоса, мектеп бітірушілерінің көбісі өз оқуын жалғастыру үшін және кәсіп игеру үшін ЖОО-ға түсуге талпынады. Жоғары білім алуды Қазақстанда 130 жоғары оқу орындары қамтамасыз етеді («Назарбаев Университет» Автономдық білім беру ұйымы - 1, ұлттық –10, мемлекеттік – 33, азаматтық емес – 13, халықаралық – 1, акционерлік – 17, жеке – 55).

2016-2017 оқу жылының басында студенттердің контингенті бакалавриатта 472,5 мың адамды құрады (соның ішінде 28,2% мемлекеттік тапсырыс бойынша) және магистратурада 32 084 адам (50% мемлекеттік тапсырыс бойынша). 2016-2017 оқу жылына арналған мемлекеттік тапсырыстық көлемі 31 702 грантты (бакалавриат) және 7 429 орынды (магистратура) құрайды.

Жастардың білімге қолжетімділігін кеңейту мақсатында биылғы және алдыңғы жылдардағы мектептер мен колледждердің түлектеріне ЖОО-ға шартты түрде қабылдану мүмкіндігі үшін ҰБТ мен кешенді тестілеуді қайта тапсыру мүмкіндігі енгізілді.

Бүгінгі таңда жоғары білім жүйесінің сапасын бағалау ретінде ОЖСБ көрініс табады, ол жоғары оқу орындарында алған білімдерді салыстыруға мүмкіндік беретін жалғыз критерий болып табылады. Бұл құралды жетілдіру бағытында жиі түзу болмайтын сұрақтарды пысықтау, ОЖСБ-дағы студенттердің қатысуын қамтамасыз ету жүйесін қайта қарау (ЖОО-лардан оқытушыларының көзінше олардың болғаны үшін жауапкерлішіктен ала отырып) тапсырылатын пәндердің (көбінесе төртінші курстар 1-2 курстарда өткен пәндері бойынша тест жазады) тізімін қайта қарау, ұмытылып кеткен білімдер.



Жоғары білім ұйымдарына оқуға түсу барысында мемлекеттік тапсырыс аясында мүгедек-балалар, балалық шағынан мүгедек балалар, жетім балалар, ауыл жастары артықшылықтарға ие.

3.5. Ұсынымдар


  1. Балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз етуді ұлғайту мақсатында жеке сектор мен мектепке дейінгі мекемелердің мемлекеттік желісін дамыту қажет.

  2. Көпбалалы және аз қамтылған отбасылардағы балаларға мектепке дейінгі білім алуға қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін азаматтардың осы санаттары үшін балабақшаларға баруға жеңілдіктер туралы мәселені қарастыру.

  3. Болашақ жұмыс берушінің кепілдік хат (колледжді бітіргеннен кейін үш жыл ішінде келісіммен маманды жұмыспен қамтамасыз ету) ұсынуы жағдайында кәсіптік білімге (ТжКБ) мемлекеттік тапсырысты алуды заңнамалық тұрғыда бекіту.

  4. Жұмыс берушілер мен бизнес-қауымдастықтың ТжКБ бітіру туралы дипломды мойындау, оны сәйкес мамандық бойынша жоғары оқу орындарына түсу үшін негіз ретінде қабылдау қажет.



4-тарау. Балалардың денсаулықтарын сақтау








Каталог: uploads -> docfiles
docfiles -> Жалпы білім беретін ұйымдар оқушылары арасында аймақтық Әбіш оқуларының байқауын дайындау және өткізу ережесі
docfiles -> Байпақов Шаймұрза Жаңайұлы
docfiles -> Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы
docfiles -> Маңғыстау облысының білім басқармасының 26. 12. 2015ж. №4 алқа шешімімен бекітілді
docfiles -> Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың сайлауалды Бес институционалдық реформасы «100 нақты қадам»
docfiles -> Білім беру ұйымдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар туралы ақпарат Маңғыстау облысының білім басқармасы Маңғыстау облысының «Маңғыстау облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
docfiles -> Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың сайлауалды Бес институционалдық реформасы «100 нақты қадам»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет