Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы баяндама


Бастауыш және орта білім алу құқығын қамтамасыз ету



бет11/86
Дата07.05.2017
өлшемі14,66 Mb.
#15910
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   86

3.3. Бастауыш және орта білім алу құқығын қамтамасыз ету

3.3.1 Жалпы жағдай


Қазақстанда орта білім ҚР Конституциясына сәйкес барлық азаматтарға тегін және міндетті болып табылады. Бұл құқықты елімізде 2016 жылы
7449 күндізгі мемлекеттік жалпыға міндетті мектептер (44,1% шағын жинақталған), 20 - Назарбаев Интеллектуалдық мектептер, 11 – халықаралық, 100 – мүмкіндігі шектеулі оқушыларға арналған арнайы мектептер,
111 – жекеменшік мектеп қамтамасыз етуде. Бұл мектептерде барлығы 2 899 924 бала оқиды. Мектептердің жалпы санының ішінде 76,7% күндізгі мемлекеттік мектептер ауылдық болып табылады, онда 48% оқушылар бар.
8-кесте. Бастауыш және орта білім көрсеткіштері




2013

2014

2015

2016

Мектептердің саны

7649

7567

7511

7449

Мектеп ұйымдарындағы балалардың саны, мың адам

2 576,4

2 685,1

2 799,6

2899,9

Соңғы бес жыл ішінде мектептердің саны 185 бірлікке қысқарды (негізінен шағын жинақталған мектептер арқылы), бұл ретте оқушылардың саны жыл сайын артуда. Барлық жалпыға білім беретін мектептердің жартысынан сәл аз шағын жинақталған мектептерде оқушылардың тек


8% білім алады, бұл ретте бұл мектептердегі білім сапасы жалпы елге қарағанда төмен (PISA деректері бойынша - 2012, ҰБТ және ОҚСБ).

2011 жылдан 2016 жылға дейін апатты мектептердің саны 3,1 есе қысқартылды (194-тен 63-ке дейін). Орта білім беру жүйесіндегі проблемалардың бірі үш ауысымдық мектептер болып қала беруде.


2016 жылы 121 мектеп үш ауысымда жұмыс істеді. Бұл 2015 жылға қарағанда 31,0%-ға көп және 2011 жылдағы көрсеткішке қарағанда 72,9% көп
(70 мектеп). Үш ауысымды мектептердің мұндай өсуі 2011 жылдан
2016 жылға дейінгі аралықта мектепке келген бірінші сынып оқушылары санының 27,1%-ға артуымен байланысты. Мемлекеттің алдында үш ауысымды мектептерді екі ауысымды мектептерге қысқарту міндеті тұр.

Сапалы білімді қалыптастырудағы маңызды жағдайы материалдық-техникалық база болып табылады. Өкінішке орай, барлық мектептердің орталық сумен жабдықталмаған, канализация мен жылу барлығында жоқ. ҚР БҒМ деректері бойынша 2015 жылы мектептердің 41% ауладағы әжетханалары бар, 28% шеттен әкелінген суды пайдаланған, 5 мыңнан аса мектептер өздігінен жылытқан (50% берік жанармайға пештік жылытуды пайдаланған). Балаларды сұраудың нәтижелеріне сәйкес22 38,7% сұралған оқушылар мектепте жақсы тұрмыстық жағдайлар (жарық, жылу, әжетханалар) жоқ екенін көрсетті.



Орта және бастауыш біліммен қамтамасыз етілу. ҚР БҒМ деректеріне сәйкес орта біліммен қамтамасыз етілу 2016 жылы 99,8% құрады. Бұл үшін «Жалпы оқыту» бағдарламасының аясында ауқымды жұмыс жүргізілуде, оның барысында мектепке бармайтын балалар айқындалып, оларды мектепке қайтару жөнінде шаралар қабылдайды. 2016 жылы оқу жылының басынан бастап мектеп жасындағы 274 бала анықталды (2015 жылы - 258), соның ішінде 83 мектепті 10 күннен көп себепсіз қалдырғандар. Сабаққа бармаған балалардың басым көпшілігі ОҚО, Қарағанды, БҚО, Атырау облыстарында және Алматы қ. кездеседі.

Балалардың сабаққа бармауының негізгі себептері мыналар болып табылады: іздеу үстінде болуы (41), көші-қон (71), сондай-ақ оқығысы келмеуі (56). Бұл деректерді жүргізілген зерттеудің нәтижелері де растап отыр, оның барысында мектеп жасындағы балалары бар ата-аналар cұралды (N=1639). 92% мектеп жасындағы балаларының барлығы мектепке баратынын белгіледі. 7% барлығы емес деп көрсетті, ал 1% - мектеп жасындағы балаларының ешқайсысы мектепке бармайтынын білдірді. Мектепке бармайдың себептері ретінде көрсетілгендер: баланың денсаулық жағдайы – 48,9%, «оқу қиын немесе қызық емес» - 13,6%, үш ата-ана балаға құжаттардың жоқ екенін көрсетті (екеуі Ақтөбе облысында, біреуі – Алматы қ.)


9-кесте. Балалардың орта мектептерге бармауларының себептері

(ата-аналардың пікірі), %

Денсаулық жағдайына байланысты

48,9

Мектептің жылы шырайлық факторлары




Балаға оқу қиын, ештеңе түсінбейді

5,3

Балаға сабақта қызық емес болды

8,3

Мектептке /колледжде нашар оқығаны үшін үнемі ұрысатын

3,0

Үй жұмысын дайындамаған, бақылау жұмыстарына дайын болмады

10,5

Үнемі кешігетін

3,8

Мұғалімдермен жанжалдың себебінен

3,0

Оқытушылардың әділетсіз қатынасы

2,3

Сыныптастарымен немесе басқа оқушылармен жанжалдардың себебінен

3,0

Мектепке/колледжге барудан қорқатын

1,5

Мектептен/колледжден қуып шықты; мектепке/колледжге қабылдамайды (себебін көрсету)

1

Мектептегі/колледждегі жоғары жүктеменің себебінен

1,5

Құрдастарының бопсалауы, мектептің/колледжің басқа балаларынан тарапынан мазақтар

0,8

Отбасылық проблемалардың немесе қатынастардың факторлары




Жай оқығысы келмеді

7,5

Үйде, бақшада немесе қосалқы шаруашылықта жұмыс істеуі керек болды

4,5

Ата-анасына, бауырларына немесе отбасының өзге мүшелеріне қарау керек болды

5,3

Оған оқу керек емес деп шештік

0,8

Оның сабаққа киіп барары жоқ

4,5

Ақша табу керек болды

3,0

Отбасы басқа дерге кқшіп кетті

3,8

Отбасындағы жанжалдарға байланысты

2,3

Мектепке/колледжге барудан гөрі оның басқа қызық істері болды

1,5

Спортпен, музыкамен айналысуына байланысты

3,8

Діни себептерге байланысты

0,8

Оның достары мектепті/колледжді тастауға көндірді

3,0

Бірдей қолжетімділік проблемалары




Құжаттар жоқ

3,8

Жақын жерде мектеп/колледж жоқ, жақынына бару қиын

3,0

Мектепте ерекше мұқтаж балаларды оқыту үшін жағдайлар жоқ

1,5


Үш тілді білім. Қазақстандықтардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында елде үш тілде оқытуды кезеңмен енгізу жөнінде жұмыс басталды Пәндерді үш тілде оқытуды жоғары сыныптарға (10-11 сыныптар) енгізуді 2019 жылдан бастау жоспарланып отыр. 2016 жылдан бастап 2019 жылға дейінгі аралықта үш тілде оқытатын педагогикалық кадрларды даярлау іске асырылатын болады.

Үштілді білім беруді енгізуге қатысты халықтың пікірі біржақты емес. Жүргізілген сұраудың нәтижелері бойынша 54,8% ата-ана үш тілді білім беру қажет, себебі бұл заман талаптарына сай келеді деп есептейді, 23,0% бұл жаңалық балаларға оқу жүктемесін арттырады деп есептесе, 12,7% бұл реформа жалпы білімнің сапасын төмендетуге алып келеді деп белгіледі, тағы 8,1% мұғалімдер үшін қосымша жүк болатынын айтты. Көптеген ата-аналар үштілді білім беру қажет, алайда бүгінгі күні бұл жобаны іске асыру үшін білікті мамандардың жоқ екенін белгіледі.


12-диаграмма. Ата-аналардың үштілді білім беруді енгізуге қатынасы, N=2148, %

Үштілді білім беруді қамтамасыз етудегі негізгі жағдай ағылшын тілін жоғары деңгейде меңгерген оқытушылардың жеткілікті саны маңызды болады. Сонымен қатар, бесінші сынып оқушысына ағылшын тілін пәнді сол тілде тыңдай алатындай жақсы меңгеруге мүмкіндік беретін шетелдік тәжірибеге негізделген жақсы әдістемесі бар сапалы оқулықтар. Өкінішке орай, бүгінгі күні ағылшын тіліндегі қазақстандық оқулықтардың сапасы үштілді білім беру талаптарына сай келмейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет