3.3.2. Бірдей білім беру мүмкіндіктерін қамтамасыз ету
Шалғайдағы ауылдардың, жетуге жолы қиын елді мекендердегі балаларға білім алуға қолжетімділік. Білім беру ұйымдары жоқ ауылдық елді мекендердің саны әлі де көп: 2016-2017 оқу жылында олардың саны
1 539 құрады. Мұндай елді мекендерде тұратын балалар 84,1%
(2016 жылы 22 788 адам) мектеп автобустарының күн сайынғы қызметтерін пайдаланған, 13,6% интернаттарда тұрған 2,2% туысқандарында тұрған. Балаларды мектепке апаруды ұйымдастыру үшін 768 автобус пайдаланылады.
Ерекше мұқтаж балалар үшін бастауыш және орта білімге қолжетімділік. Қазақстанда инклюзивті білім беру айтылған, бұл дегеніміз білімге деген ерекше қажеттіліктері мен дербес мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық оқушыларға білім алуға бірдей қолжетімділікті білдіреді. 2015 жылы денсаулық жағдайына байланысты қажеттіліктері ерекше балаларды білім беру процесіне қосу үшін жағдайлар жасаған мектептің саны 1,5 есе ұлғайды (2014 ж. 2 200-ден 2015 ж. 3 210 дейін).
2015 жылғы жағдай бойынша мектептердің 44,8% (3 210) көтергіш құрылғылармен, пандустармен, санитарлық бөлмелерде арнайы құрылғылармен, арнайы парталармен және т.б. мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу процесіне енгізуге қажеттілер қамтамасыз етілген.
2015 жылы елде 100 арнайы мектеп жұмыс істеді, онда денсаулығында түрлі бұзылулар бар 14 337 бала оқыды. Соңғы 5 жылда мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуға жағдайлар жасаған мектептердің үлесінің өсуінде тұрақты үрдіс байқалады (2011 жылдан 2015 жылға дейінгі өсу 25,7% құрады).
Орта білім алуда қиындық көріп жүрген балаларға білім алудың қолжетімділігі. Орта білім алу процесінде тұрақты немесе уақытша қиындықтар (денсаулық жағдайымен немесе әлеуметтік-экономикалық факторлармен байланысты) көріп жүрген оқушылар үшін республикада кешкі мектептер жұмыс істейді, 2015 жылы олар 79 (14,3 мың оқушылар) құрады. Олардың ішінде 32 түзеу мекемелерінде, 7 мектеп девиантты мінез-құлықты балалар үшін.
Оралман-балалар және көшіп-қонушы балалар үшін бастауыш және орта білімнің қолжетімділігі. Мемлекет оралман оқушыларды мектептегі білім берумен барынша қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдап жатыр. 2016 жылы елде 23 345 оқушы оралман есептелінген. Басым көпшілігі
(6 862 оқушы немесе 29,4%) ОҚО-да, 14,8% Алматы, 13,8% Маңғыстау және 10,2% Шығыс Қазақстан облыстарында.
Бүгінгі күні ҚР-да тұрақты тұрып жатқан шетелдіктердің және азаматтығы жоқ азаматтардың, сондай-ақ ҚР-да уақытша тұрып жатқан азаматтардың (босқындар, баспана іздеп жүрген адамдар, консулдық лауазымдық тұлғалар, дипломатиялық мекемелердің қызметкерлері, еңбек мигранттары, көші-қондық заңнамаға сәйкес елде жұмыс істеп жатқандар) балаларына ҚР азаматтары сияқты білім алуға құқықтары мен қолжетімдіктер берілген. 2015-2016 оқу жылында республиканың жалпы білім беретін мектептерде өзге елдерден келген 3 402 бала көшіп-қонушы оқыды. Олардың көпшілігі Алматы (1 423), Астана (351) қалаларында, ОҚО (418), БҚО (331), Қарағанды (235) және Жамбыл (111) облыстарында тұрады.
Ана тілінде оқуға құқығын қамтамасыз ету. Елімізде ана тілінде оқу мүмкіндіктерін ұсыну бойынша барлық жағдайлар жасалынған. Мәселелен, 2015 жылы қазақ (3 777 мектеп), орыс (1 262), қазақ және орыс (2 088 мектеп) тілдеріндегі мектептерден бөлек 33 мектеп өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытылды.
3.3.3 Бастауыш және орта білім сапасы.
Республикадағы бастауыш және орта білім беру жүйесін дамытудың негізгі мәселелерінің бірі бүгінгі күні оның сапасын қамтамасыз ету болып табылады. Жүргізілген сұраудың нәтижелері бойынша орта білім алып жатқан балалардың ата-аналарының 83,2%-ы «нашар» деп бағалады, 15,7% «орташа» және тек 1,2% «жақсы» деп бағалады.
13-диаграмма. Орта білім сапасын ата-аналардың бағалауы, N=2148
Бұл ретте 73,3% ата-ана оқу бағдарламасы барлық талаптарға сай келеді деп есептейді, 93,1% ата-ана балаларының барлық қажетті оқулықтар мен әдістемелерге ие екенін білдірді.
Білім беру сапасын қамтамасыз етуге бір жақты процесс арқылы ғана қолжеткізу мүмкін емес. Ата-аналардың өз балаларына сапалы білім беру ұмтылулары, отбасында баланы тәрбиелеу барысында білім мен интеллектуалды дамуды негізгі құндылықтардың бірі ретінде ілгерілету сапаны қамтамасыз етудің маңызды шарты болып табылады. Өкінішке орай, сұралған ата-аналардың тек 22,9% білімді баланың құндылығы ретінде санайды. Бұл ретте қалада мұндай ата-аналардың үлесі 26,2% құрады, ал шалғайдағы ауылдарда 10,1%. Балалардың біліммен қамтамасыз етілуі үшін елдің интеллектуалды әлеует дамыту және жоғары білікті кадрларды құру мақсатында ата-аналар арасында білім құндылығын нығайту жөнінде іс-шаралар өткізу қажет.
Қазіргі кезеңде мектептегі оқытудың жоғары сапасын қамтамасыз ету мақсатында оқу-әдістемелік ресурстардың сапасын жақсарту жөнінде күндері жұмысты қажет етеді. 2015 жылы «Оқулық» РМКК сараптамасының нәтижелері бойынша оқу процесінде пайдалану үшін тек 50% оқулық және ОӘК ұсынылған.
Жүргізілген сұрау барысында ата-аналар көтерген өткір мәселелердің бірі балалардың мектепке өз иығында арқалап апаратын оқулықтар мен дәптерлердің саны мен салмағы болды. Бұл мәселені бастауыш мектеп үшін біршама шешуге тырысты: математика және әдебиет оқулықтарын екі бөлікке бөлді және жұмсақ мұқабада шығарды, 3 және 4 сынып үшін математика, орыс тілі, әдебиет оқулықтары да екі бөлікке бөлінді. Алайда бастауыш мектепте көптеген оқулықтар үлкен, А4 форматында, яғни оқулықтың салмағы бұрынғыдай үлкен болып қалуда. Сколиоз және плоскостопияға алып келуі ықтимал баланың омыртқасына түсетін салмақты азайту мәселесі қазіргі кезеңде екі амалмен шешуге болады: 1) оқулықтардың екінші жинағын шығаруға рұқсат беру және мектеп жинағын мектепте сақтау (шетелдік елдердің көбісінде осылай жасалынады), 2) мектеп арқа қоржынының салмағы мәселесін бірден шешетін барлық оқулықтар құрамында болатын бір электрондық кітап болатын электрондық оқулықтарды әзірлеу және енгізу.
Оқу жетістіктерін сыртқы бағалау. Қазақстандағы мектептік білім сапасын бағалау үшін 2012 жылы Оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ОЖСБ) жүйесі енгізілген болатын, ол төртінші және тоғызыншы сынып оқушыларын тестілеуді көздейді. «ҰТО» РМКК деректері бойынша ҚР бойынша ОЖСБ-2016 орташа балы төмендеу үрдісін көрсетуде. Мәселен, 2012 жылы орташа балл 51,6 құрады, ал 2016 жылы 33,3. Тестілеу негізінде білімдерді бағалау көптеген шетелдік елдерде қарапайым тәжірибе болып табылады.
Қазақстанда ОЖСБ нәтижелері қала мен ауыл мектептері арасындағы (соңғыларында орташа балл төмен),дарынды балаларға арналған арнайы мектептер (2016 жылы 46,0 б.) және кәдімгі жалпы білім беретін мектептер арасындағы айырмашылықты көрсетеді (32,2 б.). Яғни белгілі бір дәрежеде олар білім сапасын қандай да бір жалпы бағалау жүргізеді. Алайда бұл балалар мен мұғалімдер үшін стресстік жүктеме екенін айта кеткен жөн. Мұғалімдердің сөзіне қарағанда балалар әлі мектеп бағдарламасы аясында әлі өтпеген сұрақтар тестілеуде жиі кездеседі. Одан бөлек, төмен нәтиже көрсеткен әлсіз мектептермен жұмыс істеудің нақты тетігі әзірленбеген. Жалпы ОЖСБ мектептердің жұмысының сапасын бағалаудың жақсы құралы бола алады, алайда бұл үшін оның құралдарын жеңіл, түсінікті ете отырып, тұрғылықты жеріне, оқу тіліне, дене мүмкіндіктері мен өзге де факторларға қарамастан барлық балалар үшін бірдей білім алу мүмкіндіктерін құру қажет.
Ұлттық бірыңғай тестілеу. Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасымен 2004 жылы енгізілген ҰБТ орта білім сапасын бағалаудың тағы бір критерийі болып табылады. Оны өткізудің барлық кезеңінде оған 1 587 мың мектеп түлектері қатысты, бұл мектеп түлектерінің жалпы санының 77% құрады. ҚР БҒМ деректері бойынша23 2016 жылы
121 092 бітірушілердің ішінен (83 330 қазақ тілінде, 37 762 – орыс тілінде оқитындар) 84 079 бітірушілер қатысты (69,4%). Соңғы бес жылда ҰБТ-ға қатысатын түлектердің үлесінің төмендеу үрдісі байқалады, бұл бітірушілердің шетелдік ЖОО таңдауымен байланысты (ол жаққа ҰБТ тапсыру қажеттігі жоқ себебінен). ҰБТ орташа баллы 2016 жылы 81,2 баллды құрады, бұл 2015 жылғы деңгейден жоғары (79,4). Бұл мектептердің білім беру қызметінің сапасын арттыруды, республиканың ЖОО оқуға түсуге бітірушілерді жоғары ынталандыруды білдіреді, одан бөлек, тест тапсыру тетігі жылдан жылға пысықталып, тестілердің сапасы артып келеді, бұл тест тапсырудың деңгейінің өсуінің маңызды факторы болып табылады.
ҰБТ-ға деген қатынас біржақты емес болып қала беруде. Сұрау нәтижелері бойынша 58,4% ата-ана (2 110 ішінде) ҰБТ оқушылардың білімін бағалаудың объективті тетігі болып табылмайды. Көбінесе ұлттық тестілеуді өткізудің өз тетігі, оны өткізумен байланысты шиеленістің жоғары деңгейі жиі сынға ұшырайды.
ҚР БҒМ деректері бойынша 2017 жылдан бастап ҰБТ түлектердің білім сапасын бағалаудың формасы болмайды және ЖОО-ға түсу үшін емтихан функциялары мен мемлекеттік гранттардың талаптары орындайтын болады. Мектеп оқушылары орта білім туралы аттестат және «Алтын белгі» белгісін алу үшін мектептерде жазбаша және ауызша емтихандар тапсырады.
Мектептердің аттестациясы. ҚР БҒМ деректері бойынша қазақстандық мектептердің жартысы жыл сайын мемлекеттік аттестация барысында жағымсыз баға алады (2015ж. - 50,6%, 2014ж. - 51,3%). Жағымсыз шешім шығарылғаннан кейін мектептерді пост-аттестациялық қолдаудың тетігін әзірлеу аса маңызды. Білім басқармасы тарапынан мектеперді әдістемелік және консультациялық сүйемелдеу қажет.
Мектептерді ресурстік қолдау. Білім сапасын қамтамасыз ететін маңызды фактор қажетті ресурстардың болуы болып табылады. Сұрау барысында ата-аналардың 89,3% және мамандардың 86% өздерінің ұйымдарында балалардың сапалы білім/тәрбие/даму алуға құқығын сақтау үшін барлық қажетті адами, материалдық, техникалық және басқа да ресурстар бар екенін белгіледі, 7,8% басшылар мен 4,6% мамандар керісінше ешқандай жағдайлар жоқ деп есептейді, ал 2,9% - жағдайлар бар, бірақ олар қолданылмайды деп жауап берді. Мамандар бұл мәселеде аса сыни пікірде, олардың ішінде 86% барлық жағдайлар бар деп санайды, 9,5% барлық жағдайлар бар деп ойлайды, алайда олар пайдаланылмайды,
ал 4,6% жағдайлар жоқ деп есептейді.
10-кесте. Ата-аналар мен мамандардың өздерінің ұйымдарында барлық адами, материалдық, техникалық және өзге де ресурстарының болуын бағалауы, %
|
Жетекші
|
Маман
|
Барлық жағдайлар бар
|
Жағдайлар бар, бірақ олар пайдаланылмайды
|
Жағдайлар жоқ
|
Барлық жағдайлар бар
|
Жағдайлар бар, бірақ олар пайдаланылмайды
|
Жағдайлар жоқ
|
Облыс орталығы
|
95,5
|
1,5
|
3,0
|
87,9
|
7,2
|
4,9
|
Шағын қала
|
84,2
|
10,5
|
5,3
|
87,9
|
7,2
|
4,9
|
Ауылдық аудан орталығы
|
85,0
|
0,0
|
15,0
|
80,7
|
15,8
|
3,5
|
Ауыл
|
73,3
|
6,7
|
20,0
|
86,5
|
10,1
|
3,4
|
Ата-аналар мектептің/колледждің қажетті жабдықтармен, оқу және әдістемелік материалмен қамтылуын айтарлықтай сыни бағалады –
72,1% «нашар» және «өте нашар» баға берді, тек 3,6% «жақсы» және
«өте жақсы» деп бағалады.
52% жетекшілер мен 61% мамандар жабдықтардың, соның ішінде лабораториялық жабдықтардың жоқтығын белгіледі. 53% жетекші және
59% маман орындардың жоқтығы туралы айтады. Жетекшілерге (33%) қарағанда мұғалімдер мен басқа да мамандар оқу-әдістемелік материалды көбірек қажет етеді (50%), оқыту, сауықтыруға тәрбиелеу бағдарламалары бойынша кемшіліктерді қабылдауда да осындай үлкен алшақтық бар (тиісінше 42% - 29%).
11-кесте. Ұйым басшылары мен мамандардың пікірі бойынша сапалы білім/тәрбие/даму үшін ресурстардың жеткіліксіздігі, %
Мектепте жетіспейтін ресурстар
|
Жетекшілердің үлесі, % , N=60
|
Жетекшілердің үлесі, %, N=472
|
Білікті мамандар
|
50,0
|
43,0
|
Оқу-әдістемелік материал
|
33,4
|
50,4
|
Оқытатын, сауықтыратын, тәрбиелік бағдарламалар
|
28,3
|
41,9
|
Орындар
|
51,7
|
61,4
|
Оқулықтар, оқытатын материал
|
20,0
|
48,5
|
Мектеп директорлары мен мамандары оқулықтардың, әдістемелік материалдың сапасына, кәсіби кадрлардың жетіспеушілігіне алаңдайды. Мектеп директорлары мен мамандар келесі проблемалар қатарын атады: мектептердің толып кетуі, білікті кадрлардың жетіспеушілігі, әсіресе физика, химия пәндері бойынша; ата-аналардың қызығушылығының төмендігі.
Білікті кадрлар – білімнің жоғары деңгейінің кепілі. Сұралған ата-аналардың көпшілігінің бағалары бойынша мектепте көптеген мұғалімдер жоғары біліктілікке ие, балаларға мейірбан, білімнің қызықты әдістемелерін қолданады, баланың жетістігіне қызығушылығын білдіреді.
12-кесте. Ата-аналардың мұғалімдердің жұмысын бағалауы, жағымды жауаптар берген ата-аналардың үлесі, %
Мұғалімдердің көпшілігі жақсы біліктілікке ие, N=1812
|
94,3
|
Мұғалімдердің көпшілігі балаларға мейірбан, N=1824
|
93,2
|
Мұғалімдердің көпшілігі оқытудың қызықты әдістемелерін пайдаланады, N=1621
|
89,1
|
Мұғалімдердің көпшілігібаланың оқудағы жетістіктеріне мүдделі, N=1522
|
90,6
|
Осылайша, қазіргі кезеңде орта білім беру жүйесінде мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсарту, мұғалімдердің біліктілігін арттыру, мұғалімнің мәртебесін көтеру (жас мамандарды тарту мақсатында), оқулықтар мен оқу-әдістемелік әзірлемелерді жақсарту жөнінде жұмыс жүргізуді талап етеді.
Ақпараттық қоғамға көшумен байланысты қазіргі заманғы әлемнің дамуының маңызды үрдісі білім рөлінің едәуір артуы, оны негізгі басымдықтардың бірі ретінде ілгерілету болып табылады. Өкінішке орай, сұрау нәтижелері бойынша бүгінгі күні қазақстандық мектеп оқушыларының көпшілігі үшін білім құндылық болып табылмайды: тек 11,5% ғана балалар білімді өз өмірлеріндегі құндылық ретінде белгіледі. Бұл ретте мұндай балалардың үлесі ер балаларға қарағанда қыздардың арасында 1,3 есеп көп. Білім құндылығын түсіну жас ұлғайған сайын түсінелітіні қызықты: білімді өмірлік құндылық ретінде белгілегендердің үлесі 11 жасқа дейінгі балаларда 7,2% құрады, 12-14 жас арасында 11,9%, ал 15-17 жас арасындағыларда 18,2%. Яғни мектеп бітіргенше оқушылардың 20% өз өмірлеріндегі білімнің рөлін түсінетін болады.
Жалпы, Қазақстандағы орта білім жүйесі дамуда: мектептердің саны өсуде, бастауыш және орта біліммен қамтылу жоғары, жыл сайын апатты мектептер саны азайды, жаңа мектептер пайдалануға берілуде. Елдегі енгізіліп жатқан үштілділік мектеп оқушыларын әлемдік нарық қажеттіліктеріне оларды бағыттай отырып, білім деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Мұнымен қоса, үш ауысымды мектептерді жою, білім сапасын арттыру, мектептердің әлсіз материалдық-техникалық базасы, жоғары білікті кадрлардың жетіспеушілігі, оқулықтардың сапасының төмендігі мәселелері қалуда.
Достарыңызбен бөлісу: |