Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы баяндама


Білім саласындағы мемлекеттік саясат



бет10/86
Дата07.05.2017
өлшемі14,66 Mb.
#15910
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   86

3.1. Білім саласындағы мемлекеттік саясат


Білім беру саласындағы мемлекеттік әлеуметтік саясаттың маңызды принципі сапалы білім алу құқығына теңдік болып табылады. БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясында 28 және 29 баптарында баланың білім алуға құқықтары және қатысушы-мемлекеттердің бұл құқықтарды іске асыру жөніндегі міндеттері белгіленген.ҚР Конституциясының 30-бабы елдің азаматтарына мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға кепілдік береді, орта білім міндетті болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі (ҚР «Білім туралы» Заңының 12-бабы) жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламаларының үздіксіздігі және сабақтастығы принципі негізінде мынадай білім беру деңгейлерін:

1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды (балабақшалар, мини-орталықтар, санаториялық балабақшалар, арнайы балабақшалар);

2) бастауыш білім беруді (мектептер, лицейлер, гимназиялар, интернаттар);

3) негізгі орта білім беруді (мектептер, лицейлер, гимназиялар, интернаттар);

4) орта білім беруді (жалпы орта білім беруді, техникалық және кәсіптік білім беруді) қамтиды.

Елімізде Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы

1 наурыздағы № 205 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жұмыс істейді.


5-кесте. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Қазақстандағы білім берудің стратегиялық жоспарлары

Деңгей

Нысаналы индикатор

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту

  • Жаңартылған мазмұн бойынша мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған 3-6 жастағы балалардың үлесі, 2017 жылы – 87,5%, 2019 жылы – 100%.

Бастауыш және орта білім беру

  • Үлгерімі "жақсы" және "үздік" (оқытудың сапасы) оқушылардың үлесі, 2017 жылы - 62%, 2019 жылы – 70%.

Кәсіптік-техникалық білім беру


  • Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыған, оқуды бітіргеннен кейінгі бірінші жылы жұмысқа орналасқан және еңбекпен қамтылған ТжКБ оқу орындары түлектерінің үлесі, 2017 жылы – 85%, 2019 жылы – 90%.


3.2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға құқығын қамтамасыз ету

3.2.1. Жалпы жағдай


Мектепке дейінгі білім сапалы білім алу үрдісіндегі маңызды тізбек болып табылады, сол себепті оған елімізде ерекше мән беріледі. 2010 жылдан 2016 жыл ішінде Қазақстандағы мектепке дейінгі мекемелердің саны 1,9 есе артты және 2016 жылы 9 407 бірлікті құрады, бұл ретте осы мекемелердегі балалардың саны – 2,1 есе өсті (2016 жылы 808.9 мың адам). Мектепке дейінгі білімді қолдаудың іске асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар мектепке дейінгі мекемелер санының тұрақты өсуін қамтамасыз ете алды (5% көп), алайды соңғы жылда өсуі қарқыны байқарлықтай төмендеді.

2016 жылы 1 қазандағы жағдай бойынша республикада 9407 мектепке дейінгі мекемелер жұмыс істейді, бұл өткен жылға қарағанда 6,5%-ға көп, оларға 808,9 (2015 ж. - 758,7) мың бала барған (6,6% өсу). Мектепке дейінгі мекемелердің желісі балабақшалардан - 4910 (2015 ж.- 4241) және мини-орталықтардан - 4497 (2015 ж. - 4 593) тұрады. 2016 жылы мектепке дейінгі ұйымдар желісінен 25,7% жеке секторда. Мини-орталықтардың 47,6% толық емес күн режимінде жұмыс істеген.

2016 жылы 76,98 мың орынға арналған 825 мектепке дейінгі ұйымдар ашылған.

Мектепке дейінгі мекемелердегі топтасу бойынша жалпы жағдай едәуір жақсарды. Егер 2010 жылы бұл көрсеткіш 100 орынға шаққанда 104,9 баланы құраса (яғни мектепке дейінгі мекемелер толып кеткен), 2015 жылы бұл көрсеткіш 100 орынға шаққанда 97 баланы құраған. Мұндай жағымды динамика мектепке дейінгі мекемелерді салу аясындағы мемлекеттік жекешелік әріптестіктің табысты дамуы және «Балапан» бағдарламасын іске асырудың арқасында байқалады.


3.2.2. Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және білім берумен қамту


Алты жасқа дейінгі жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және біліммен жалпы қамтылуының коэффициенті 2016 ж. 56,4% құрады
(2015 ж. - 53,8%).

Қазақстанда 2016 жылы бұл жас тобындағы 1 435 342 бала мектепке дейінгі біліммен қамтылған.

Үш жастан алты жасқа дейінгі балалармен мектепке дейінгі ұйымдармен қамту 2016 жылы 85,8 % құрады (2015 ж. – 81,6%). Бір жастан үш жасқа дейінгі балалардың қамтылуы 2016 жылы төмен деңгейде қалды (17,2%).
6-кесте. Елдегі балалардың жалпы жағдайын тиімді бағалау үшін мектепке дейінгі білім берудің көрсеткіштері, 2016 год15

Көрсеткіш

Дейін баратын балалардың саны, 2016 ж.

2016 жыл, %

Ескерту

1 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз етілуі

Барлығы
808,9 мың бала

56,4%

2013 – 48,8%
2014 – 52,3%

2015 – 53,8%



3 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз етілуі

85,8%

2013 – 73,4%

2014 – 78,6%

2015 – 81,6%


5 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен (мектепалды, міндетті даярлық) қамтамасыз етілуі

99,7%


2013 – 97,4%

2014 – 99,6%



2015 – 99,7%

Үш жастан алты жасқа дейінгі балалардың мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз етілуінің ең жоғары көрсеткіштері – Павлодар (100%), Қызылорда (100%), Батыс Қазақстан (99,7%), Қостанай (99,6%), Шығыс Қазақстан (98,4%) облыстарында.
11-диаграмма. 2016 жылдағы 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың мектепке дейінгі оқытумен қамтамасыз етілуі, өңірлік бөліністе16

Кезектілік. Балалардың мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз етілуі мәселелеріндегі оң динамикаға қарамастан, мектепке дейінгі мекемелер желісін кеңейтуге деген қажеттілік әлі де зор. Мәселен, 2016 жылы балабақшаларға кезекке тіркелген балалардың саны келесіні құрады: 1 жастан 6 жасқа дейін 548,2 мың бала, 3 жастан 6 жасқа дейін – 167,4 мың бала17. Олардың ішінде 455 050 (83%) бала қалалық жерден және 93 165 (17%) – ауылдық жерлерден. Кезектілік көрсеткішіне мемлекеттік тапсырыс бойынша жекеменшік балалар ұйымдарына баратын балалар да енгізілгенін айта кету қажет.18

Кезектіліктің ең жоғары деңгейі Астана қаласында (78, 6 мың) және ОҚО (66,1 мың) тіркелген. Балабақшаларға кезекке тұру мәселесіндегі ашықтық тетігін құру мақсатында 14 облыста және Алматы қаласында ЭҮӨШ АЖ АЖО (Е-Әкімдік) жүйесі әзірленген, мұнда қызмет алушының жеке кабинеті арқылы мектепке дейінгі ұйымдарға бағдарлар беруді іске асырады. Бұл сервис кез келген Электрондық үкімет порталының кез келген пайдаланушысына мектепке дейінгі мекемеге кезегінің нөмірін көруге мүмкіндік береді.19



Мектепке дейінгі ұйымдардағы топтардың толуы. Елімізде сәби және мектепке дейінгі жастағы топтардың толтырылуы жөнінде нормативтер әзірленген (25 адам), ЭЫДҰ елдеріндегі мектепке дейінгі топтардың толтырылуынан 2 есеге дерлік асатын өте жоғары көрсеткіш болып табылады. Бұл ретте қалалық жерлерде топтың орташа толтырылуы көбінесе
30-35 баланы құрайды.


Мектепке дейінгі білім. Финляндия тәжірибесі

Ясли және балабақшалар Финляндияның білім беру жүйесінде маңызды рөл атқарады. Ата-аналар жергілікті, отбасылық немесе жекеменшік балабақшаларды таңдай алады. Ясли мен балабақшалардың құны айына 23 евродан 254 дейін тербеледі.

Балабақшадағы тәрбиешілер балаларға белсенді қарайды, мектепке дейінгі негізгі пәндерге үйретеді, бір-бірімен әрекеттесуге және құрдастарының ұжымында болуға үйретеді. Яслиге 9 айдан бастап қабылданады.

Балабақшалардағы топтар кішкентай, себебі Финляндияның заңнамасына сәйкес бір тәрбиеші көп дегенде төрт баланы қадағалай алады. Егер мемлекет балабақшада балаға орын тауып беруді қамтамасыз ете алмаса, ана-аналардың біреуі .йде баламен отыру үшін ақшалай сома өтейді.


Білім беру қажеттілігі ерекше балалардың мектепке дейінгі білімге қолжетімділік. Туылғанынан дамыған білім беру қажеттілігі ерекше балалардың мектепке дейінгі білімге қолжетімділігін қамтамасыз ету мемлекет үшін аса маңызды міндет болып табылады. 2016 жылы ресми деректерге сәйкес Қазақстанда сегіз коррекциялық бағыттар бойынша мұндай балаларға қызметтер ұсынатын 41 білім беру мекемесі (5 464 адам) жұмыс істеді: сөйлеуі бұзылған; интеллектуалдық дамуы бұзылған; естуі бұзылған, нашар еститін; нашар көретін балалар үшін; дамуында ақаулары бар немесе басқа да бұзылулары бар балалар үшін. 6 жасқа дейінгі қажеттілігі ерекше балалардың жалпы саны 2015 жылы 35,1 мың адамды құрады, соның ішінде 5 213 адам коррекциялық-білім беру процесіне қатысты, 5461 бала 347 арнайы топтар жұмыс істейтін жалпы типтегі 159 мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі білім алған. Осылайша, туылғанынан 6 жасқа дейінгі ерекше мұқтаж ұйымдастырылған балалардың үлесі 30% құрады.

Мектепке дейінгі ұйымдарға бармаудың себептері (ата-аналардың пікірі). Жүргізілген зерттеудің барысында мектепке дейінгі жастағы балалары бар ата-аналар сұралды20. Сұралған ата-аналардың 51%-ы 3 жастан асқан мектепке дейінгі жастағы балаларының барлығы балабақшаға (немесе басқа балалар мекемелеріне) баратынын білдірді, 18,0% барлығы бармайтынын, ал 31,0% - мүлде бармайтынын белгіледі.

Мектепке дейінгі ұйымдарға балалардың бармауларының себептері ретінде мыналар аталды: мектепке дейінгі мекемелерге төлейтін ақшаның жоқтығы (14,7%), кезектерін күтуде (11,3%), балабақшаларда орын жоқ (7,3%). Балалары мектепке дейінгі ұйымдарға балаларды бармайтын ата-аналардың 26,9%-ы балабақшаға барудың қажеті жоқ деп есептейді (балаға туысқандары немесе бала күтушісі қарайды), 1,1% - ерекше мұқтаж бала үшін арнайы жағдайлар болмағандықтан бара алмайды, 2,3% ата-ана балалар мекемелеріне сенбейтінін және ұсынылатын қызметтердің сапасын нашар деп санайды.


7-кесте. Балалардың мектепке дейінгі мекемелерге бармауларының себептері, ата-аналардың жауаптары21, %

Балалар мекемелеріне сенбеймін, қызметтердің сапасының нашарлығы (N=802)

2,3

Мемлекеттік балабақшаға кезек келген жоқ (N=1496)

11,3

Қажеттілік жоқ, балаға туысқандар қарайды (N=823)

11,8

Қажет деп есептемеймін, үйде бала күтуші жалдаған жақсы (N=802)

5,1

Ерекше мұқтаж балам үшін арнайы жағдайлар жоқ (N=800)

1,1

Балабақшаға төлейтін ақшаның жоқтығы (N=822)

14,7

Балалар мекемесінде орын жоқ (N=812)

7,3

Тұрғылықты жерде мұндай мекемелер жоқ (N=830)

11,2

2020 жылға қарай 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 100% қамту мақсаты үшін балабақшалардың қолжетімділігі (мемлекеттік және жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар желісін кеңейту арқылы), көпбалалы отбасылар үшін балабақшаға барғанда кететін шығындарды төмендету, сондай-ақ ата-аналар арасында балалар үшін мектепке дейінгі білім алудың маңыздылығын түсіндіру жөнінде (мәселен, сауатты әлеуметтік жарнама өткізу арқылы) іс-шаралар өткізу мәселелерін шешу қажет.

Тағы бір күрделі мәселелердің бірі мектепке дейінгі білімнің сапасы болып табылады. 2016 жылғы жағдай бойынша оны бағалауға мүмкіндік беретін индикаторлар қолданылмайды. 2,2% ата-ана балалардың балабақшаға бармауының себебінің бірі ретінде «қызметтер сапасының нашарлығын» көрсетті. Осыған байланысты мектепке дейінгі білім беру сапасын бағалаудың құралдарын енгізу қажет, мәселен, 2017 жылы мектепке дейінгі ұйымдарда енгізілетін балалардың қабілеттері мен дағдыларын дамытудың әзірленген индикаторлар жүйесі.

Қазіргі кезеңде 1 жастан 6 (7) жасқа дейінгі балаларға арналған бірыңғай Үлгілік оқу бағдарламасы мен Үлгілік оқу жоспарын қамтитын Мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың стандарты әзірленіп, енгізілуде, бұл да мектепке дейінгі білім берудің сапасын арттыруға оң әсер береді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет