8.1.2. Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда тәрбиеленушілердің қозғалысы Қайталанған жетімдік
Мемлекеттің институционаландыру деңгейін төмендету бойынша шаралары интернатты мекемелердегі балалар санының азаюы бойынша белгілі бір жетістіктерге әкелгеніне қарамастан, тәрбиеленушілер санының орташа толықтыру жыл сайын шамамен 2000 баланы құрайды. Балаларды институционаландыру санын төмендету, балалардан бас тартудың алғашқы себептері азаймайынша, баяу жүретін болады.
2016 жылдың сегіз айы ішінде жетім балалар мен АҚҚ балаларға арналған мекемелерден 2 284 бала шыққан. Олардың ішінде техникалық және білім беру мекемесі мен ЖОО түскен бала саны – 674, өзінің отбасыларына оралғандар – 609, қамқорлыққа алынғандар – 330, патронатқа – 192, асырап алынғандар – 172, қайтыс болғандар – 26, басқа да негіздермен – 281.
2016 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша интернаттық ұйымдарда 7 231 бала тәрбиеленуде. 8 ай ішінде мекемелерге 1 449 бала түсті, олардың ішінде 1 316 бала (91%) жаңадан табылды, асырап алынған отбасылардан
133 бала (9%) қайтарылды
Қайтарылған балалар контингенті:
5 бала асырап алуды жоюдан кейін
133 бала - «қайталанған жетімдер»
85 бала қорғаншылықты жоюдан кейін
43 бала патронатты жоюдан кейін
Жаңадан табылғандар қатарынан (1316 бала), 1006 бала Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына түсті.
Қайталанған жетімдік себептері: балалар үйі тәрбиеленушілерінің әлеуметтік бейімделмеуі; асырап алушылардың, қорғаншылардың баланы қабылдауға психологиялық дайын еместігі (дайындықтың төмен деңгейі); асырап алушылардың балаларды тәрбиелеу бойынша міндеттерді тиісті орындамау; материалды пайда мақсатында қорғаншылыққа алу фактілері.
Сипатталған себептер құрылымына сәйкес, институционалды мекемелерге балаларды қайтарудың жыл сайынғы саны баланы тәрбиелеуге алғысы келетін азаматтарды дайындау және іріктеу жүйесінің жетілмегендігі туралы, балалар мекемелерінің тәрбиеленушілерін әлеуметтік бейімдеудегі осалдықтар туралы дәлелдейді.
8.1.3. Әлеуметтік жетімдік
Әлеуметтік жетімдік мәселесі әлі де өзекті болып тұр. 2016 жылдың басындағы әлеуметтік жетімдер саны (ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар) 17 997 баланы құрады (ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың жалпы санының 80%). Отбасылық қолайсыздық, әлеуметтік жетімдік пен балалардың қадағалаусыздығын алдын алу жүйесі айтарлықтай тиімсіз әрекетті көрсетеді. Өз кезегінде, әлеуметтік жетімдік балалардың арасында ауру-сырқаудың және өлімнің, оларды әлеуметтік және еңбектік қанаудың, балалар қылмысының артуына әкеледі.
Әлеуметтік жетімдердің негізгі контингенті – бұл ата-анасы ата-аналық құқықта арналған айырылған, қамау орындарында, іздеудегі, ұзақ мерзімді емдеудегі, ата-анасының құқықтары шектелген балалар, бас тартқан және тастанды балалар.
ҚР ІІМ деректері бойынша, 2016 жылдың 9 айы ішінде түзеу жолына түспеген, сондай-ақ өз балаларын қауіпке ұшыратушы 758 ата-аналар ата-аналық құқықтарынан айырылды (2015 жылдың 9 айы ішінде балаларды тәрбиелеу құқығынан айырудың 624 фактісі орын алды). Бұл деректер бойынша осы отбасылардың шамамен 1400 баласы әлеуметтік жетім қалды.
2012-2015 жылдар аралығында ата-аналардың балаларды тәрбиелеуге құқықтарынан айыру туралы қабылданған сот шешімдерінің саны 15,9%-ға азайды.
37-диаграмма. 2012-2015 жылдары және 2015, 2016 жж. 9 айы ішінде ата-аналық құқықтардан айыру туралы қабылданған сот шешімдерінің саны
Дереккөз: ҚР ІІМ
2016 жылдың 9 айының қорытындылары бойынша ішкі істер органдарының есебінде 17 мыңнан астам бала тұрып жатқан шамамен
12 мың қолайсыз отбасы тұр. Аталған отбасылармен балаларды тұрмыстық зорлық-зомбылық пен отбасыдағы қатыгездіктен қорғау және жағдайды сауықтыруға бағытталған алдын алу жұмыстары жүргізіледі. Білім беру ұйымдарының өкілдерімен бірге қолайсыз отбасылардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларына шамамен 11,5 мың тексеру өткізілді. Атқарылған жұмыс нәтижесінде, өзгертулерге байланысты, ішкі істер органдарының есебінен шамамен 15 мың бала тұрып жатқан 7 мыңнан астам қолайсыз отбасы шығарылды.
8.1.4. Формальді емес қорғаншылықтағы балалар
БҰҰ Басқарушы қағидаларына сәйкес, баламалы күту бойынша42 әр елде, Қазақстанға да қатысты, әр түрлі отбасылық-тұрмыстық жағдайлар себебінен отбасылық қоршауда орналасқан, бірақ оларды ата-анасы емес, туыстары, достары немесе басқа тұлғалар күтетін балалардың категориясы бар, сонымен қатар олардың ата-анасы ата-аналық құқықтарынан айырылмаған саналады. Мысалы, ата-анасы балаларды жақын адамдарға қалдырады, ал өздері басқа өңірлерге, елдерге табыс іздеп кетеді. Немесе моно ата-аналық отбасыда әкесі немесе шешесі басқа отбасы құрады, ал алдыңғы некедегі баланы туыстарына, жиі атасына/әжесіне тәрбиеге қалдырады. Халықаралық заңнамада балалардың мұндай категориясы формальді емес қорғаншылықтағы балалар деп аталады.
Қазіргі таңда қорғаншылықтың осындай түрінде тәрбиеленіп жатқан балалар саны туралы ресми деректер жоқ, өкінішке орай, мұндай балалар туралы статистика жүргізілмейді, алайда мұндай балалар кездеседі және осы мәселені ойластыру керек.
Қорғаншылықтың бұл түрі, бір жағынан, бала үшін қолайлы, себебі аса жағымды, бірақ екінші жағынан, формальді емес қорғаншылықтың толық реттелмейтін нысандары бала үшін нашар қарау немесе қанаудың жоғары дәрежесін тудыруы мүмкін.
8.1.5. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтендіру, сондай-ақ олардың мүліктік құқықтарын қорғау саласындағы негізгі проблемалардың бірі тұрғын үймен қамту болып табылады.
2016 жылдың басында тұрғын үйге мұқтаж осы категориядағы балалар саны 25 053 адамды құрады, бұл ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жалпы санының 84,5%. Кезекке 23 878 тұрғызылды. 2016 жылы 1 486 бала (6,2%) тұрғын үймен қамтылды, оның ішінде 620 – балалар үйлерінің тәрбиеленушілері. Көрсеткіш жоғары емес, алайда алдыңғы жылдармен салыстырсақ, жағымды өсім байқалады.
Бұған көбіне ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйді бірінші кезекте алуға құқығы туралы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тұрғынжайлардың жалпы санының кемінде жиырма пайызы бөлінуі туралы жаңа енгізілімдері ықпал етті.43
Өңірлік бөліністе тұрғын үймен ең жоғары қамтамасыз ету Атырау және Маңғыстау облыстарында байқалады (тұрғын үй алған жетімдер үлесі, сәйкесінше, 32,4 және 25,3% құрайды).
8.1.6. Баламалы қорғаншылықтағы балалардың амандығы
Балалар мекемелерінде тәрбиеленушілерге жағымды жағдайлар құру бойынша максималды күш жұмсалады, алайда балалар құқықтарының бұзылуы фактілері кездеседі. Интернаттық мекемелерде балалар құқықтарын бұзу фактілерінің болуын прокурорлық тексерістер анықтайды. Жекелей, Алматы облысында жүргізілген тексерулер барысында балаларға нашар қарау, тамақтану нормаларының бұзылуы, тәрбиеленушілердің тұрғын үйлеріне қатысты заңсыз астыртын әрекеттер анықталды.44
Әлеуметтанушылық зерттеу аясында балалар үйлерінің қолайлығы бағаланды. Сұрау көрсеткендей, балалар мекемелерінің тәрбиеленушілері өзінің бақыт деңгейін 8,9 баллға (ықтимал 10 балдың ішінен) бағалады, бұл айтарлықтай жоғары көрсеткіш. Мысалы, балалардың 15,2% үшін олардың денсаулығы, жиі ауыруы маңызды проблема болып табылады. Балалардың
8% электронды гаджеттердің жоқтығына назар аударады, 10% заманауи, қызықты үйірмелер мен секцияларға қолжетімділіктің жоқтығын айтады,
5% кино, мұражайларға, театрларға бармайды.
Мекемелер тәрбиеленушілерінің бос уақыты негізінен музыка тыңдаумен (47,6%), үй тапсырмаларын орындаумен (45,9%), кітап оқу (42%), теледидар көрумен (40%) өтеді. Сондай-ақ, балалар бос уақытында үйірмелерге, секцияларға барады, көшеде қозғалмалы спорттық ойындар ойнайды, жеке істерімен айналысады. Шамамен 10% әлеуметтік желілерде, интернетте отырады, 7,6% онлайн-ойындар ойнайды.
Жалпы, балалардың бос уақыты ұйымдастырылғанын атап өту керек, алайда балалар сұрай барысында міндетті түрде ерекшелейтін бос уақыттың қызықты, креативті нысандары жетіспейді.
38-диаграмма. Балалар үйлері мен интернаттарда тәрбиеленетін балалардың бос уақыты, %
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін өмірде ең құнды болып денсаулық (62,7%), отбасы (55,7%), махаббат және достық (37,8%), тәртіп (36,2%), еңбек (35,7%), қауіпсіздік, тұрақтылық (32,4%) саналады.
Балалардың белгілі бір бөлігі үшін әдептілік пен адалдық (23,2%), тәуелсіздік (19,5%), мейірімділік, ар-намыс, бостандық, теңдік (18-15% аралығы) рухани құндылықтар маңызды екенін атап өткен жөн.
31-кесте. Өмірдегі құндылықтар, балалар үйі, интернаттар тәрбиеленушілерінің %
Денсаулық
|
62,7
|
Отбасы, ата-ана, туыстармен жақсы қарым-қатынастар
|
55,7
|
Махаббат, достық
|
37,8
|
Тазалық, тәртіп
|
36,2
|
Еңбек
|
35,7
|
Қауіпсіздік, қорғалу, тұрақтылық және тыныштық
|
32,4
|
Әдептілік, адалдық, әділеттілік
|
23,2
|
Тәуелсіздік
|
19,5
|
Қызықты өмір және ләззат
|
18,4
|
Мейірімділік, адамгершілік, айналадағыларға мейірбан қарау
|
17,8
|
Ар-намыс, өзіне және өзгелерге құрмет
|
17,3
|
Туған тіл, дәстүрлер және мәдениет
|
16,2
|
Адам құқықтары, бостандық және теңдік
|
15,1
|
Білім
|
10,3
|
Табиғатпен тілдесу, экологияны сақтау
|
9,7
|
Материальды табыс
|
9,2
|
Жауапкершілік
|
9,2
|
Қызығушылық, хобби
|
8,1
|
Шығармашылық
|
6,5
|
Руханилық, ішкі үйлесімділік
|
5,9
|
Төзімділік, толеранттылық
|
5,4
|
Дін, наным-сенім
|
4,9
|
Қазақ мәдениетіне, тіліне тарту
|
1,6
|
қатарластардың қарым-қатынасы, бедел
|
1,6
|
Қоғамдық борыш
|
0,5
|
Тәрбиеленушілер үшін қатарластарымен, тәрбиешілермен үйлесімді, сенімді қарым-қатынастар маңызды. Алайда балалар мен тәрбиешілер, мұғалімдер арасындағы қарым-қатынастарда бірқатар проблемалар кездеседі, балалардың 7% тәрбиешілер мен мұғалімдер жағынан бейжайлық, әділетсіз қарым-қатынас көрсетілетінін атап өтті.
Сұрау көрсеткендей, балалардың жартысы ғана өз құпиялары, өтініштерін тәрбиешілермен бөліседі, балалардың 39% достарына сенеді, туған бауырларына 32%. Сенім топтарына мектеп психологтары мен әлеуметтік педагогтер кірмейді (сәйкесінше 14% және 8%).
39-диаграмма. Балалар сенетін тұлға, балалар үйі, интернаттар тәрбиеленушілерінің %
Балалар мекемелері баланың негізгі қажеттіліктерін қанағаттандырудан басқа, бала өзін толық қауіпсіз сезінетін орын болуы керек. Сұрау нәтижелері бойынша, балалардың 11% өте жиі өздерін жалғыз сезінеді, 34% бұл сезімге сирек тап болады.
Балалардың 5% пікірінше, балалар үйінде, мектепте 2%, көшеде 14% болу қауіпсіз емес.
Үлкен балалар тарапынан бопсалау жағдайларына сұралған балалардың 3% кезігеді, балалардың 4% қысымды, Интернет арқылы бопсалауды бастан кешірсе, 3% әлеуметтік желілердегі зорлық-зомбылық, суицидті насихаттау фактілерін көрсетті.
Жалпы балалар үйлеріндегі жағдай балалардың бағалары бойынша жағымды. Бос уақытты ұйымдастыруға назар аударған жөн, жаңа, креативті, қызықты нысандарды ендіру, ЖОО, колледждердегі студенттер қатарынан волонтерлерді қосу керек, себебі олар жас, белсенді және балалар үйлеріндегі балалармен сенімді қатынастарды құру олар үшін жеңіл.
Адамгершілік-рухани құндылықтарды қалыптастыру бойынша жұмысты жалғастыру қажет, қазіргі уақытта олардың маңыздылығы аса басым емес.
Балалар мен балаларға жауапты ересектер арасындағы сенім қарым-қатынастарында проблемалар бар, әлеуметтік педагогтар мен психологтарға іс жүзінде сенімнің жоқтығы алаңдатады.
Қауіпсіздік, қолайлылық мәселелері бақылаудан тыс қалмауы тиіс, бопсалау, зорлық-зомбылықты, суицидті насихаттауға тап болған балалардың аз үлесінің өзі қауіп тудырады.
8.1.7. Әлеуметтік жетімдіктің алдын алу бойынша іс-шаралар
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қабылдаған қазақстандық отбасыларды қолдау үшін деинституционалды баламалы қорғаншылықтың барлық түрлері үшін материалды ынталандыру енгізілді.
Балалар үйлерінің тәрбиеленушілерін әлеуметтік бейімдеу мақсатында еліміздің өңірлерінде «2015-2018 жылдарға арналған Жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау жөніндегі кешенді жоспар» аясында іс-шаралар, «Өмірді және мансапты жоспарлау» жобалары, «Мейірім», «Өзіңнен баста» акциялары жүзеге асырылады, бұл іс-шараларда тәрбиеленушілерді кәсіби айқындау, ірі кәсіпорындар, бизнес субъектілер, бюджеттік сала ұйымдары қатарынан шефтік ұйымдарды бекіту бойынша жұмыс жүргізіледі. Түлектермен әлеуметтік әріптестік туралы шарттарға қол қойылады, оларға сәйкес түлектер алдағы жұмысқа орналасуы, тұрғын үймен, әлеуметтік қызметтер пакетімен қамтамасыз ету қарастырылған оқытудан өтеді.
ҚР БҒМ ынтымақтастық туралы меморандумдар аясында «Отбасылық Академия» Отбасыны кешенді қолдау орталығы» ҚҚ бірге Астана, Алматы және Қарағандыда жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды деинституционалдандыру бойынша «Тәлімгерлік» пилоттық жобасы жүзеге асырылуда.
Интернаттық ұйымдар түлектерінің әлеуметтік бейімделуі мен қорғау саласында SOS Балалар ауылдары Бағдарламаларында жетім балалар үшін Жартылай тәуелсіз тұру (ЖТТ) бағдарламасы жүргізіледі. Бұл бағдарлама жастарға өзінің тұлғалық өсімін жалғастыруға және болашақ өмірге берік негіз құруға мүмкіндік береді. ЖТТ Бағдарламасы жасөспірімдерде дербес тұру дағдыларын дамытуға және оларды тәуелсіз болашаққа дайындауға бағытталады.
Балалар ауылы жанында «Менің маңызым бар» Жастардың ресурс орталығы қызмет етеді, оның мақсаты интернаттық мекемелердің түлектеріне және 15-тен 25 жас аралығындағы жасөспірімдерге әлеуметтік, психологиялық және заңдық қолдау көрсету болып табылады.
ҚР «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Заңын жүзеге асыру бойынша балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне депозиттер ашу бойынша жұмыс жалғасып келеді. «Бөбек» жеке қорының қайырымдылық көмегі аясында, «Қазақстан халық банкі» АҚ-да «Бақытты балалық шақ – Счастливое детство» жобасы шеңберінде, отбасыларда тұрып жатқан 13 жетім балаға және балалар үйлерінің 302 тәрбиеленушісіне шоттар ашылды және банк салымына келісім-шарттар жасалынды. Мемлекеттік білім берудің жинақ жүйесі шеңберінде, барлығы 7 779 балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне білім салымдары ашылды.
8.1.8. Ұсынымдар
Қайталанған жетімдіктің өзектілігі жалғасып келеді. Асырап алған ата-аналардың балаларды балалар үйіне қайтаруына жауапершілікті, баланы бағып-күтуге алименттер төлеуге дейін, заңды түрде ойластыру. Орын басатын отбасыларды даярлау мен кәсіби қолдаудың толық жүйесін құру.
Баланы отбасыға қабылдау үшін материалды төлемдерді көбейту мен өмір сүру деңгейінің төмендеуіне байланысты, қорғаншылықты материалды қолдау ретінде алу тәуекелі кездеседі. Осындай жағдайлардың алдын алу керек, бақылау үшін барлық мемлекеттік, қоғамдық ресурстарды тарту қажет.
Халықаралық тәжірибеде қорғаншылықтағы балаларға кеңес беру тәжірибесі кездеседі. Балалардың қатысуы олардың құқықтарын қорғау бойынша іс-әрекеттердің сәттілігін қамтамасыз етудің маңызды, кейде ең маңызды факторы болып табылады45. Сонымен қатар, дәл қорғаншылықтағы балалар осындай балалар үшін сенім тобы болып табылады. Оларда өз тәжірибесімен бөлісу және қорғаншылық жүйесіндегі қиянаттарға қарсы және қоғамда жалпы қиналатын стереотиптерге қарсы шығу ынтасы бар. Осыған байланысты мыналар ұсынылады:
Қазақстандағы қорғаншылықтағы балалар құқықтарына арналған, қатарластар арасындағы жастар іс-шарасын өтізуді қарастыру,
Ел ішінде қорғаншылық мәселелері туралы немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар арасындағы өзара әрекеттестікке бағытталған басқа бастамалар туралы ақпарат бөлісу мен таратудың жастар арнасын (веб-сайт) құру. Қорғаншылықтағы/қорғаншылықта болған жастар операторлар болуы керек.
Формальді емес қорғаншылықтағы балаларға назар аудару, отбасылар мен балаларға кеңес берушілі, психологиялық қолдау көрсету.
Достарыңызбен бөлісу: |