2.4. Жұмыспен қамту және бала еңбегі
Бүгінгі күні Қазақстанда елдегі бала еңбегінің нашар түрлерін жою және кәмелетке толмаған жұмыскерлердің құқықтарын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында ауқымды құқықтық база құрылған. Бала еңбегімен күрес жөніндегі құқықтық базаның негізінде: «БҰҰ-ның бала құқықтары туралы конвенциясы», «Халықаралық еңбек ұйымының Еңбек саласындағы негіз қалаушы қағидаттар мен құқықтар туралы декларациясы», Халықаралық еңбек ұйымының жұмысқа қабылдау үшін ең төменгі жас туралы және бала еңбегінің ең нашар нысандарына тыйым салу және тез арада жою бойынша шаралар туралы ратификацияланған конвенциялар. Баланы денсаулығына, дене, ой, рухани, моральдік және әлеуметтік дамуға зиян келтіретін кез келген жұмысты істеу үшін баланы қабылдауға немесе тартуға Заңмен тыйым салынады.
Бала еңбегін пайдалану. Қазақстанда соңғы бес жылда бала еңбегінің нашар түрлерін жою бойынша елеулі нәтижелерге қол жеткізілді. 2016 жылы Білім және ғылым министрлігінің деректері бойынша бала еңбегін пайдалануға 126 бала тартылған (2010 жылдағы14 көрсеткіштен 4,3 есе төмен және 2015 жылдағы көрсеткіштен 25%-ға аз). Көбінесе еңбекке
12-ден 18 жасқа дейінгі балалар жазғы уақытта сауда орындарында тартылады (балмұздақ, сусын, ойыншықтар сату, автомобиль жууларда, жіктерді тасымалдауда). Жұмыс берушілердің балалармен еңбек шарттарын жасаспау бұзушылық болып табылады. Бұзушылықтардың мониторингі көрсеткендей, «заңсыз бала еңбегінің барлық жағдайларында жасөспірімдердің ақша табу ниеті себеп болып табылады». Балалар киім сатып алу үшін, қажеттілігіне жарататын ақша табу, жақсы тамақтану, туыстарына көмек көрсету үшін балалар жұмыс істеуге мәжбүр болған.
ҚР БҒМ балалар еңбегін пайдалануды болдырмау мақсатында ҚР ДСӘДМ, «Интеллектуалды еңбек әйелдер одағы» ҚБ және ХЕҰ бірлесе отырып, 2016 жылғы 1 маусымнан 12 маусымға дейінгі аралықта «Қазақстан балалары – Нұрлы болашақ» республикалық акциясының аясында «Бала еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн күрес» 11-ші Ұлттық ақпараттық науқан өткізілді. Акция аясында республикада 18854 ақпараттық-түсіндірме
іс-шаралары өткізілді. 5800 рейдтер ұйымдастырылды, оның барысында
10620 объект (базарлар, автокөліктерге жанармай құю станциялары, құрылым алаңдары) тексерілді, оның аясында 31 кәмелетке толмағандар айқындалды. Барлық іс-шараларға 1,2 млн. кәмелетке толмағандар мен 200 мыңнан аса ересектер қамтылды.
ҚР БҒМ деректері бойынша 2016 жылы 960 774 бала жұмыспен қамтылған, бұл үшін 21 279 іс-шара ұйымдастырылған. Бұл 2015 жылға қарағанда 5% көп (19 234 іс-шара - 810 551 бала). Дегенмен, жасөспірімдерді жұмысқа орналастыру мәселелері әлі де өзекті болып қалуда.
Балалар еңбегі арзан, балалар едәуір атқарушы, тыңдаушы. Кәсіпкерлер кәмелетке толмаған балаларды заңды түрде жұмысқа алуға дайын емес және көбінесе балалар еңбегі заңсыз пайдаланылады. Негізгі себеп жұмыс берушілердің еңбек заңнамасының нормаларын білмеуінде. Тағы бірі – еңбек шартын жасасу және еңбекақы мөлшерінен барлық салықтық және салықтық емес төлемдерді төлеу жұмыс беруші үшін еңбекақы төлеу сомасынан
(салық салу салығын төлеу, зейнетақылық және әлеуметтік төлемдерді төлеу) 31% мөлшерінде қосымша жүктемені тудырады. Осылайша, жұмыс беруші жарты жұмыс күні ғана жұмыс істейтін жасөспірімді жұмысқа жалдауға мүдделі емес, бұл ретте барлық салықтар мен салықтық емес төлемдер төлеу қажет.
ҚР Еңбек кодексінің 30-басына сәйкес Он алты жасқа толған азаматтармен еңбек шартын жасасуға жол беріледі. Бұл ретте еңбек шартына кәмелетке толмаған адаммен қатар оның ата-анасының біреуі, қорғаншысы, қамқоршысы немесе асырап алушысы қол қоюға тиіс.
ҚР Салық кодексінің талаптарына сәйкес, еңбек шартының аясында жеке тұлға тапқан барлық табысқа жеке табыс және әлеуметтік салықтары салынады. Жаңа кодекс салық төлеуден боасыталытан жеке категорияға балаларды бөліп қарастырмайды.
ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 25 бабына сәйкес, зейнетақы жарналары ай сайынғы табыс сомасынан төленеді. Балалар зейнетақы жарналарын төлеуден босатылатын категорияға кірмейді. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ деректеріне сәйкес, 14 жастан бастап ата-анасының, қорғаншылардың және т.б. рұқсатымен бала міндетті зейнетақы төлемдерін аудару үшін келісім жасасуға құқығы бар.
|
Жүргізілген зерттеудің нәтижелері көрсеткендей, 74,6% бала шаруашылыққа көмектеседі, бұл оқуға мүлде кедергі келтірмейді.
Тек 2,0% балалар үйінде көмектесуі оқуға әсер ететінін білдірді. «Кейде қосымша ақша табады» деп 3,3% белгіледі, ал 1,0% тұрақты табыс табуда.
10-диаграмма. Жұмыс істейтін балалардың үлесі, %
Елді мекен түрлерінің бөлінісінде шалғайда тұратын ауылдардың
9,1% бала шаруашылыққа көмектеседі және оқуға уақыт мүлде жетпейді. Кәдімгі ауылдардағы балалар үйде көмектеседі, алайда бұл тек 1,2% жауап берген респонденттерге кедергі келтіреді. Кейде қосымша қаражат табатын аудан орталықтарындағы балалар – 4,8%, облыс орталықтарында – 3,8%. Шағын және орта қалаларда олардың саны – 0,3%.
4-кесте.Елді-мекен түрі бойынша жұмыс істейтін балалардың үлесі, %
|
Облыс орталығы
|
Шағын қала
|
Аудан орталығы
|
Ауыл
|
Шалғай ауыл
|
Мен үнемі қаражат табамын
|
1,2
|
0,3
|
0,9
|
1,2
|
1,5
|
Кейде қосымша ақша табамын
|
3,8
|
2,4
|
4,8
|
0,0
|
0,0
|
Балалардың жұмыс істегісі келетінін және балалардың мүдделері мен құқықтарын қорғау қажеттілігін ескере отырып, салық кодексіне өзгерістер енгізу және кәмелетке толмаған жұмыскер мен оның жұмыс берушісін табыс салығын төлеуден, әлеуметтік және зейнетақылық аударымдардан босату қажет. Осыған байланысты, бұзушылықтардың себебі көбінесе заңнаманы және балаларды жұмысқа жалдау саласындағы шектеулерді білмеу болып табылады, жұмыс берушілермен түсіндірме жұмыстарын жүргізу және бірнеше рет бұзушылықтар үшін айыппұлдар енгізу мүмкін. Балалар айтарлықтай ауыр жұмыстарға (мақта жинау, табак жинау, көкөністер жинау жөнінде алаңдағы жұмыстар және т.б.) тартылуы мүмкін өңірлерде бала еңбегінің нашар формалары туралы, не үшін олар зиянды, балалар заңнаманы бұзбай, қайда және қалай жұмыс істеуі мүмкіндігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізген жөн.
ЖОО, колледждердің түліктерін жұмысқа орналасуға көмектесуге бағытталған «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы өзін жақсы көрсетті.
14-16 жастағы балаларды қамтамасыз ету мақсатында бұл бағдарламаны кеңейту мүмкіндігін қарастырған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |