Қазақстан Республикасындағы тарихи сананың қалыптасу тұжырымдамасы



бет47/66
Дата23.02.2023
өлшемі0,54 Mb.
#169890
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   66
Байланысты:
Қуатов Дархан ИСТ-11
9 сынып БЖБ ІІ нұсқа
52. Қоғамдық-саяси өмірді демократияландыру. Қазақстан Республикасының Заңы Саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар, кәсіподақтар және азаматтық қоғам институттары туралы.
Қазақстан Республикасындағы қоғамдық-саяси өмірді демократияландыру және жаңарту
ХХ ғасырдың межесінде әлемді дүр сілкіндірген қайта қайталанбайтын және ауқымды саяси оқиғалар болып өтті. Бір кездері алпауыт мемлекет болған КСРОның, кеңестік тоталитарлық жүйенің толығымен күйреуі, әлемдегі жаңа саяси картаның пайда болуы батыстық елдердің саясаткерлерін бей-жай қалдырмады. Тарихтың өзі көрсеткендей, көптеген империялар ерте ме, кеш пе құлдырайды, әрбір жағдайда бөлшектенудің себебі де өзіне ғана тән ерекшеліктерге ие. Экономикалық, әлеуметтік саладағы дағдарыс, КСРО-ның кейбір республикаларындағы оқшаулануға ұмтылушылар бағытындағылар ұйымдастырған жағдай, ескі жүйе бойынша әрі қарай өмір сүру мүмкін болмайтындығын көрсетті. Сонымен қатар, КСРО-ның бірінші және соңғы президенті М.С. Горбачевтің басшылығымен бұрынғы мемлекеттік механизмдер мен Коммунистік партияның басшылық рөлін сақтай отырып тоқырау жүйесін «жаңарту» деген мақсатпен жүргізілген саяси реформалар Кеңестік Одақтың толығымен күйреуіне алып келді. КСРО құрамындағы он бес республиканың әрқайсысының Кеңестік билікті күштеп немесе өз еркімен қабылдау тарихы бар. 1990-шы жылдары парадоксалды жағдай орын алды, КСРО құрамында болған республикалар бірінен соң бірі өз егемендіктерін жариялады. Бұл кезеңде жас республикалар нарықтық экономикаға бағытталған және әлемге ашық саяси жүйедегі тәуелсіз демократиялық мемлекет құруға талпынды. Еркіндікті сүйетін, Еуропа мен Азия арасында ұлан-ғайыр даланың иесі болған халық талай қиындықтарды басынан өткізді, Ресей империясы кезеңіндегі езгіге, ұлттық тәуелсіздік жолындағы күрестегі қанды соғыстарға, 1930-жылдардағы аштық пен қазақтың көрнекті тұлғаларының саяси жазалануына, ІІ дүниежүзілік соғыстағы шығынға, КСРО кезеңіндегі саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдениет саласындағы жөнсіз реформаларға, 1986 ж. Желтоқсан оқиғасы мен «ұлтшылдық» таңбасына да төтеп беріп, нәтижесінде ата-бабаларымыз аңсаған өзін өзі басқаруға қол жеткіздік. 1997 ж. қазанда жарияланған «Қазақстан – 2030. Барлық
Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» елдің даму стратегиялық жобасында Президентіміз Н.Ә.Назарбаев былай деп атап өтті: «Қазақстан жаңа мемлекет ретінде көптеген империялардың: Оттоман, АвстроВенгрия, ал мүлде таяуда - Кеңес Одағының жан тәсілім еткенін көрген дәуірде дүниеге келді.Біз жаңа мемлекетті, жаңа нарықтық экономика мен жаңа демократияны көптеген өзге де жас тәуелсіз мемлекеттер осы тәрізді жолды басынан кешіп те үлгерген уақытта құру үстіндеміз.Біз қуатты сыртқы күштер келешегімізді айқындауда сөзсіз елеулі рөл атқаратын күннен-күнге өсе түскен ауқымдану мен ұлғайып келе жатқан өзара тәуелділік дәуірінде өмір сүріп отырмыз...» .
Қазақстан Республикасының азаматтық қоғамының бір ерекшелігі оның полиэтникалық құрамы. Қазақстан Республикасының экономикасында аграрлық сектор маңызды орын алады. Саяси салада, мемлекеттік басқаруда кейбір батыстық үлгіні қабылдауда, халықтың менталитетіне тән, ұлттық дәстүріміздегі ерекшеліктерді міндетті түрде ескеру қажет. Сыртқы саясаттың басты көпвекторлы бағытын ұстана отырып, Қазақстанның географиялық орналасуы, Ресей мен Қытай сияқты державалардың ортасында «Еуразияның жүрегінде» орналасқандығын ұмытпауымыз керек.
Азаматтардың барлық құқықтары мен міндеттері заңды түрде бекітілуі тиісті және қоғам демократиялық құндылықтарды меңгеруі қажет екені белгілі.
Демократиялық қоғамда саяси, экономикалық, әлеуметтік және діни еркіндік заң жүзінде ғана тіркеліп қоймайды, олардың жүзеге асырылуы азаматтар тарапынан бақылауда болады. Дамыған демократиялық қоғамда билік қатаң түрде бөлінеді, тәуелсіз сот және атқарушы билік тармақтарының рөлі ерекше. Мемлекеттегі көптеген реформалардың табысты болуы осы билік тармақтарының кәсібилігі мен тиімділігіне байналысты. Сондай-ақ, демократиялық мемлекеттің көрсеткіші болатын маңызды жағдайлардың бірі халықтың өз пікірін ашық білдіруде пайдаланатын тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарының болуы жатады. Конфессионалды, этникалық топтардың заң шығарушы билікте өз өкілдері бар, азаматтар мүдделеріне сай ассоциациялар мен партиялар құруға құқықтары да бар . Бүгінгі таңда Қазақстанда көппартиялы жүйе орын алған, заң шығарушы органдарда өз өкілдері болғандығын қалайтын партиялардың саяси белсенділігі жылдан-жылға артуда. «Электронды үкімет» жүйесінің құрылуы ҚР азаматтарының мемлекеттік қызметтерді қол жетімді және жеңіл түрде алуына жағдай жасады. Адам құқықтары бойынша уәкіл етілген институт жұмыс істейді, Қазақстан халықаралық адам құқықтары туралы конвенцияға қол қойды. Қазақстан сияқты полиэтникалық мемлекетте этникалық топтардың мүдделерін Президенттің жеке бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы қорғайды. Азаматтық қоғам институты дамып, 5000 астам үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық ұйымдардың рөлі жоғарылады. Үкіметтік емес ұйымдардың жұмысы азаматтардың белсенділігін көтеру үшін қажет. Осылайша қоғам мемлекеттік ұйымдардың жұмыстарына ықпал ете алады. Қазақстан ашық мемлекет, сондықтан ҚР соңғы оқиғалар туралы тәуелсіз БАҚ арқылы әлемдік қауымдастық ақпараттандырылады.
Қазақстанның әлеуметтік саласында да егемендігімізді жариялағаннан кейін жағымды оң өзгерістер орын алуда. Президент Н.Ә. Назарбаевтың жылдағы Қазақстан халқына жолдауында денсаулық сақтау, білім мен әлеуметтік қорғауды дамытуға үлкен көңіл бөлінеді: зейнетақыны төлеуде қайта есептеу, халықтың кірісі үнемі өсіп отырады. Туындаған мәселелерге қарамастан, Үкіметтің бақылауындағы тұрғын үй бағдарламасы да орындалуда.
Қазақстанның мемлекеттік саясаты да өзіндік ерекшеліктерге ие, онда қоғамды әрі қарай демократияландыруға талпынысы көрініс табады. Ел басының тікелей басшылығымен демократиялық реформалардың бағдарламаларын жасайтын Мемлекеттік комиссиясы құрылған. Оның жұмыстарына саяси партияларда қатысты. Мемлекеттік комиссияның мәртебесі де айтарлықтай өсті және бұл дегеніміз, Қазақстанда демократияландыру үдерісі жаңа сапалы деңгейге көтерілгендігінің айғағы болып табылады.
2006 жылы Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына кіру туралы Стратегиясы қабылданды, онда қазақстандық қоғамды әрі қарай демократияландыру мәселелері қарастырылды. Саясат саласында реформаларды тереңдетудің барлық шаралары, заң жобалары Конституцияның ережелеріне негізделген. Бірте-бірте мемлекет пен қоғам арасында келісім нығая түсуде. Әртүрлі елдерде демократияны жетілдірудің өзіндік тәжірибесі бар және Қазақстан тек дамыған мемлекеттердің үлгісін қабылдап қана қоймай, тарихи дерек көздеріне сүйене отырып, өзіміздің ұлттық мәдени дәстүрімізді сақтап қалуымыз қажет. Тарихи дерек көздері халықтың тарихында орын алған демократиялық үдерістер туралы ақпараттарды өз бойында сақтайды (құрылтай, билер соты және т.б.). Қоғамдағы мемлекеттік басқарудың демократиялық принциптерін күшейту де, «билік - халық» қарым-қатынасы үлгісін елдің өзіндік ерекшелігін ескермей енгізу мүмкін емес.
Сарапшылардың пікірінше саяси үдерістердің мазмұнына келесі факторлар әсер етеді: биліктің бөліну дәрежесі (заң шығарушы, атқарушы, сот), биліктің орталықтандырылу немесе орталықсыздандыру деңгейі: мемлекеттік және партиялық құрылымдардың әрекеттестігі: саяси шешімдерді қабылдау мен жүзеге асыру әдістері; орталық және жергілікті билік органдарының құқықтары мен міндеттерінің арақатынасы; билеуші топтың ішкі өзара байланысы.
Тәуелсіздігімізді жариялағаннан кейінгі кезеңде қазақстандық қоғамда келесі құндылықтар нығая түсті: демократиялық еркіндік, экономиканың нарықтық үлгісі, адамзат дамуының дербес тұжырымдамасы. 2012 ж. 1 ақпанында Астанада өткен екіжақты келіссөздің барысында АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Х.Клинтон мен ҚР Сыртқы істер министрі Е.Казыханов Қазақстандағы демократиялық даму үдерістері туралы пікір алмасты. 15 қаңтар 2012 ж. кездесуде атап өтілгендей, Мәжіліске парламент сайлауының нәтижесінде көппартиялы Парламент құрылды, бұл елдің алға қарай саяси дамуында маңызды қадамдардың бірі болды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев елдің 2050 ж. дейінгі даму стратегиясын жариялауда қазақстандық демократияның дамуы мен мемлекеттіліктің нығаюына үлкен көңіл бөлді. Бұл құжаттағы маңызды бағыттар төмендегідей: мемлекеттік жоспарлау мен болжау жүйесін одан әрі жетілдіру - жаңа типтегі мемлекеттік басқаруды құру, басқаруды орталықсыздандыру, мемлекеттік аппараттың бизнес-қауымдастықпен өзара әрекеттестігінің жаңа жүйесі, ұлттық заң жүйесін модернизациялаудың кезекті кезеңі, жемқорлықпен күрес, қазақстандық патриотизм, барлық этностардың азаматтық құқықтарының теңдігі.
Кемелдендірілген Конституция құқұқтық мемлекетті құрудың кепілі. Қазақстан Республикасы үшін демократизациялау бағыты қашанда мемлекеттік тәуелсіздігіміздің қалыптасуы мен күшею үдерісі барысында өзгеріссіз болды. Ол мемлекеттік егемендік туралы Декларацияда (1990 ж.), Қазақстан
Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңда (1991ж.), 1993 ж. және 1995 ж. Конституцияда жарияланды.1990 жылдан 1993 жылдарға дейінгі кезеңде республика мемлекеттілікті кеңестік заңдар мен ескі
Конституцияның базасында құруды бастады, олар бұрынғы жүйенің принциптерін бойына сақтап, жаңа өмірдің талаптарына толығымен сай келмеді және мемлекеттік құрылысқа заңдық негіз бола алмады. 2001 жылдан бастап билікті орталықсыздандыру үдерісі басталды. 2002 жылы Президенттің бастамасымен Қазақстан Республикасының Үкіметімен азаматтық қоғамды дамыту мен әрі қарай демократияландыру туралы ұсыныстарды ендіру жөнінде әр кез әрекет ететін кеңес ашылды. Сонымен қатар ҚР Президенті Елбасы жанында азаматтық қоғам мен демократия мәселелері бойынша Ұлттық комиссия құрылды. 2006 ж. көктемі мен 2007 ж. ақпаны аралығында Қазақстандағы демократиялық реформалардың бағдарламаларын жасау мен нақтылау жөніндегі Мемлекеттік комиссия әрекет етті.
1993 ж. Конституция кемелдіктен тым алыс еді, сонда да өз уақытының өзекті мәселелерін шеше алды. Бұл мәселелер ең алдымен атқарушы биліктің күшеюіне байналысты еді. 1993 ж. Конституция құрылымдық саяси реформалардың бастамасы және ұлттық-мемлекеттік тәуелсіздікті құрудың негізін қалады. Елдің Негізгі заңындағы бөлек ережелер жаңа саяси партиялар мен бірлестіктердің қалыптасуына ықпал етті. Бұл кезеңде түрлі партиялар белгілі бола бастайды. 1995 ж. жаңа Конституцияның қабылдануы жобаны халықтық талқыға салу рәсімімен өтті. 30 маусымнан 30 шілдеге дейін Қазақстан халқынан отыз мыңға жуық ескертулер мен ұсыныстар келіп түсті, оның негізінде жаңа Конституцияның 55 бабына 1100 толықтырулар мен түзетулер енгізілді. Жаңа Конституцияны нағыз халықтың құжаты деп атауға болады .
1995 ж. 30 тамызында республикалық жалпыхалықтық референдумда Қазақстан халқы өзінің тарихи таңдауын жасады. Осылайша, Қазақстан қабылданған демократиялық және экономикалық өзгерістерге, азаматтық қоғамды қалыптастыру және жетілдіруге талпыну мен біздің мемлекетіміздің дамуының құқықтық негіздерінің қалыптасуына жағдай жасауға бейімділігін растады.
Жоғарғы орган Парламент болып табылады, оның саяси қызметі түрлі топтар мен халықтың мүдделерін қорғауынан тұрады. Барлығына белгілі болғандай, Мәжіліс – партиялық, ал Сенат партиялық емес. Қазақстандық үлгінің маңызды және ерекше белгілерінің бірі жаңа институт - Қазақстан халқы Ассамблеясы болып табылады. Ұлттық-мәдени және басқа да маңызды мәселелер мен мүдделерді шешу үшін Сенаттағы президенттік квота артып, Мәжілісте Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері болатынын атап өту қажет. Депутаттық корпус санының өсуі Парламенттің рөлін күшейтуге бағытталған. Парламенттің қызметі – заң шығару. Сайлау жүйесі – сайлау туралы конституциялық заң. Мандаттың негізі мен депутаттың мәртебесі туралы басқа да мәселелер - Парламент пен оның депутаттарының мәртебесі туралы канституциялық заң. Үкіметке, Конституциялық Кеңеске сай өзінің заңдары бар .
Сондай-ақ, бақылау қызметінің маңызы зор, ол партия факторының арқасында күшейе түсуде, Мәжілістің Үкіметті құруға қатысуы, Парламент Палаталарындағы Үкімет мүшелерінің есеп беруі мен Мәжілістің Үкіметке саяси баға беру тәртібінің жеңілдетілуі.
1995 жылғы Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар үш рет жасалынды: 1998, 2007, 2011 жылдары. 1998 ж. 19 бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Мемлекеттік қызметкерлер үшін жоғары жас шегі алып тасталынып, өзгертулер тек Президенттің, Сенат пен Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзіміне қатысты баптарға енгізілді. 1998 ж. түзетулерде Мәжілістегі өкілдіктің пропорционалды болу жүйесіне сай он депутатты партиялық тізім негізінде сайлауды көздеді.
Келесі өзгертулер 2007 ж. енгізілді, олар анағұрлым маңызды еді: пропорционалды сайлау жүйесіне көшу; премьер-министрді парламенттегі көпшіліктің бекітуі туралы нормалар мен үкімет басшысын тағайындауда Президенттің партия фракцияларымен кеңесу рәсімі арқылы Парламент мәртебесін нығайту; Қазақстан халқы Ассамблеясына конституциялық мәртебе беріліп және бекітілген квотаға сай ол өзінің өкілдерін Парламенттің Мәжіліс пен Сенатқа жіберу құқығына ие болды. 2011 ж. ақпанда Негізгі заңға президенттік елде тағайындау мен кезектен тыс сайлауды өткізудің конституциялық негізін белгілеуге бағытталған өзгертулер енгізілді .



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет