Қазақстан Республикасындағы тарихи сананың қалыптасу тұжырымдамасы


жылғы 12 желтоқсандағы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының мақсаты мен міндеттері



бет55/66
Дата23.02.2023
өлшемі0,54 Mb.
#169890
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   66
Байланысты:
Қуатов Дархан ИСТ-11

61. 2017 жылғы 12 желтоқсандағы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының мақсаты мен міндеттері.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы – бұл цифрлық технологияларды қолдану есебінен елдің әрбір азаматының тұрмыс деңгейін арттыруды көздейтін маңызды кешенді бағдарлама.Бағдарламаның негізгі мақсаттары Қазақстан Республикасының экономиксының/дамытудың қарқынын арттыру және халықтың өмір сапасын жақсарту, сондай-ақ экономиканың негізінен жаңа траекториясы – болашақтың цифрлық экономикасына өту болып табылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылдың 12 желтоқсанындағы № 827 қаулысымен «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Бұл туралы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды. Бағдарламаның басты мақсаты - цифрлық технологияларды пайдалану мен дамыту арқылы мемлекет экономикасының бәсекелестігін және халық өмірінің сапасын арттыру. Жобаны жүзеге асыру екі жолмен жасалады деп жоспарлануда. Олар: орташа мерзімді келешекте «Қазіргі экономиканы цифрландыру» және ұзақ мерзімді келешекте «Болашақтың цифрлық индустриясын құру». Бағдарлама аясында жоспарланған 120 іс-шара цифрлік саланың экономиканың жаңа саласы ретінде іргетасын қалап, басты бес бағыт бойынша жүзеге асырылатын болады. Олар: «Экономика салаларын цифрландыру», «Цифрлық мемлекетке көшу», «Цифрлық жібек жолын іске асыру», «Адами капиталды дамыту», «Инновациялық экожүйені құру». Бағдарлама аясындағы іс-шаралар нәтижесінде экономика салаларындағы еңбек көрсеткіштерінің өсімінен бөлек, 2022 жылға дейін электрондық сауда-саттықты жалпы сауда-саттық көлемінің 2,6% дейін өсіру, цифрландыру арқасында 300 000 жаңа жұмыс орындарын ашу, интернет желісін пайдаланушылар үлесін 82% дейін, ал халықтың цифрлық білімділігін 83% арттыру жоспарлануда. «Цифрлық Қазақстан» адам өмірінің барлық салаларын қамти отырып, мемлекетіміздің әрбір тұрғынының өмір деңгейін жоғарылатуды көздегендіктен бағдарлама пайдасын халық, кәсіпкерлік субьектілері және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары көреді. Алдын-ала белгілі болған есептеу бойынша 2025 жылға қарай экономиканы цифрландырудан болатын тікелей әсер 1,7 - 2,2 трлн теңге көлемінде қосымша баға жасауға мүмкіндік береді. Бағдарламаны жүзеге асыру мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» стратегиясында алға қойған бәсекелестігі жоғары 30 мемлекет қатарына 2050 жылға қарай енуіне жол ашатын басты фактор болуы мүмкін.
2017 жылдың 12 желтоқсанында «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы іске қосылған болатын. Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің жыл сайынғы Қазақстан халқына арналған Жолдауында «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында айрықша атап өткен болатын.
Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Цифрлы Қазақстанды» ерекше атап өтуінің өз жөні бар. Себебі қазіргі таңда IT саласы дүниежүзі бойынша айрықша сұранысқа ие. Оның ішінде ақпараттық технологиялардың қарышты қадаммен жетіліп, күн санап дамып жатқан қазіргі заманда оны қолға алмасақ, дамытпасақ, дамыған, өркениетті отыз елдің қатарына ену Қазақстан үшін орындалмас жай арман болып қалары белгілі. Себебі, экономикасы, әлеуеті дамыған өркениетті, дамыған елдердің барлығы дерлік сандық жүйеге ойысып, өнеркәсібінің дамуына және халқының әл-ауқатын жылдан-жылға жақсартып келеді.
Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арналған Жолдауында Қазақстанда үшінші жаңғырудың бастау алатыны ресми түрде жарияланды. Бұл дегеніміз Қазақстанда үлкен экономикалық және технологиялық дүмпу болуы қажет. Бұл ретте IT саласына ерекше басымдық беріледі.
«...Біз цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет.
Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты.
Осыған орай, Үкіметке «Цифрлық Қазақстан» жеке бағдарламасын әзірлеуді және қабылдауды тапсырамын...»,-делінген Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауында.
Осылайша, маусымда Қазақстан Республикасы ақпарат және байланыс министрлігі «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын Үкіметке енгізеді. Бұл туралы аталған ведомство басшысы Дәурен Абаев кеше Мәжіліс депутаттарының алдында баяндаған болатын.
Жалпы алып қарасақ, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының еңнегізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы тұрғындарының өмір сапасын жақсарту, сонымен қатар ұлттық экономиканы цифрландыру. Құжатты жүзеге асыру аясында 2020 жылға дейін интернет қолданушылардың санын сексен процентке дейін артып отыр және Қазақстан Республикасы тұрғындарынң тоқсан бес пайызын цифрлық xабар таратумен қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы азаматтардың цифрлық сауаттылығын сексен пайызға дейін арттыру жоспарда бар.
Сонымен бірге, тек 2017 жылдың өзінде “Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасында 244 радио және телевизиялық станция салынатын болды. Жүзеге асқан жобалардың көптеген бөлігі мемлекеттік және жекменшік серіктестігі аясында іске асты.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының негізі 2016 жылы «Зерде» ұлттық холдингінің базасында дайындалғанын еске саламыз. «Зерде» Холдингінің төрайымы Әсел Жиенбаеваның мәліметіне сәйкес, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы IT саласын ғана емес, Қазақстан қоғамындағы көптеген басқа салаларды өркендетуге арналған.
«Біз Жалпы ішкі өнімдегі IT-секторының үлесін екі жыл ішінде, яғни 2020 жылға дейін бес пайызға жеткізуді мақсат тұтқан еді. Сонымен бірге, IT саласында жүз елу мың бос жұмыс орнын ұсынды. Аталған саладағы еңбек өнімділігі отыз жеті пайызды болды. Қазақстан Республикасы халқының цифрлық сауаттылығын сексен пайызға дейін жеткізу жоспарда бар», - дейді «Зерде» Холдингінің төрайымы Әсел Жиенбаева.
«Зерде» Холдингінің төрайымы Әсел Жиенбаева айтқан мәліметке сәйкес, жобаның басты мақсаты – Қазақстан Республикасының экономикасын бәсекеге қабілеттілігін арттырып, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту.
Жоба басты төрт бағыт аясында іске асатын болатын. Оның әрқайсысына тоқталып, талдап көрелік.
Бірінші бағыт – ауылды аймақтарды интернетпен қамтамасыз ету жоспары тұр, Қазақстан Республикасының транзиттік жағдайын арттыру.
Екінші бағыт – Қазақстан Республикасы экономикасының түрлі саласына цифрлық технологияны ендіру. Оның әрқайсысына жеке-жеке тоқтап өтелік. Олар - көлік және логистика саласы, денсаулық сақтау саласы, білім беру саласы, ауыл шаруашылығы мен электронды сауда саласын дамыту.
Үшінші бағыт – Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жұмысының сапасын жақсарту және Қазақстан Республикасы азаматтарына ыңғайлы ету.
Төртінші бағыт – IT-секторындағы білікті мамандарды дайындау.
«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «2050 Стратегиясы», «100 нақты қадам» Ұлт жоспары мен «Нұрлы жол» сияқты маңызы зор құжаттарда тасқа жазған таңбадай көрсетілген мақсат-міндеттерді іске асыруға басымдық беретін қосымша күш болады», - дейді «Зерде» ұлттық холдингінің басқарма төрайымы Әсел Жиенбаева.
Жалпы алғанда, Қазақстан Республикасының ақпараттық технологияларды мемлекеттік жүйеге ендіру, сәйкестендіру жұмыстары осыдан он жыл бұрын-ақ нәтижелі бастау алғанын айтып өткен жөн. Осы он жылдың ішінде Қазақстандағы цифрландыру жүйесі едәуір өскенін байқауға болады. Мәселен, қазіргі таңда eGov системасы электронды жүйеге ауысты. Қазақстанда онлайн сауда нарығы дамып келеді. Қазақстан халқының басым бөлігі цифрлы сауатты. Үйден немесе кеңседен шықпай-ақ түрлі операцияларды жасай алады. Бұрындары кезекте тұрып, уақытта сарп етіп, арнайы мекемеге бару керек болса, қазір Қазақстан халқы төлемді де, оның ішінде салық, айыппұл төлеу, коммуналды қызметтерді жасау секілді тағы да басқа түлі операцияны орындай алады.
Кең байтақ Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі, тіпті шалғай ауыл-аймақтарда интернетке қолжетімділігін арттыру. Қазақстан Республикасы бойынша орта білім беру мекемелерінде интерактивті тақта орнату, компьютермен жабдықтау қолға алынды.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында аталған жүйенің жұмысы одан әркез жетілдіріліп отырады.
«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жасау барысында көптеген өркениетті, дамыған елдердің тәжірибесі қолданылды. Олар - цифрлық технологияны іске асыру жолында толағай жетістіктерге қолжеткен Австрия, Дания, Аустралия, Канада мен Сингапур секілді елдерді мысалға келтіруге болады. Мысал, Австрия астанасы Вена қаласында қалалық қаржылық бюджетті дайындауда жоспарлаудың «цифрлық» принципі пайдаланылады. Соның нәтижесінде, Австрия астанасы Вена қаласының бюджетіндегі қаржының жыл сайын екі миллион еуросын үнемдеуге көмектеседі екен. Ал, Америка Құрама Штаттарындағы Бостонда коммуналды қызмет түрлерін бақылауға арнайы мобильді қосымша бар. Ол қолданысқа енгізілгелі бері Қазақстан Республикасы тұрғындарының шағымы алпыс алты пайызға бірден қысқарған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет