Қазақстан Республикасындағы тарихи сананың қалыптасу тұжырымдамасы


Н.Ә. Назарбаевтың «Тарих толқынында» жұмысындағы ұлттық тарихтың стратегиялық көрінісі. Президенттік «Халық тарих толқынында» тарих зерттеулер бағдарламасы



бет53/66
Дата23.02.2023
өлшемі0,54 Mb.
#169890
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   66
Байланысты:
Қуатов Дархан ИСТ-11

59. Н.Ә. Назарбаевтың «Тарих толқынында» жұмысындағы ұлттық тарихтың стратегиялық көрінісі. Президенттік «Халық тарих толқынында» тарих зерттеулер бағдарламасы.
1999 жылы Н.Ә.Назарбаевтың Тарих толқынында еңбегі жарыққа шықты, Маңызы - Тарих қойнауын зерделей отырып, ұлттық қасиетті сақтауға тәрбиелеу қажеттігі айтылады.Қазақ болмысының ерекшелігі тарихқа арналған. Қазақ даласы, мәдениет келешегі, ұлттық бірегейлік, тоталитарлық тәртіп пен ұлттық ұғымдар, тарихтың терең шеңберлері бұл кітапта кеңінен суреттеліп, жазылған кітап. Тарих біріңғай ақ немесе қара деп бөлікке салатын бұлаңдықты көтермейді. Тарихтың толқынында қазақтың сана сезімі өткендегі, қазіргі және болашақтағы ұлттық қасиетін түсінуге мүмкіндік беретін шығарма.
«Ұлттық тарихты ұғыну бойынша стратегиялық мақсаттарды Мемлекет басшысы өзінің «Тарих толқынында» кітабында 1999 жылы қамтыған. 2003 жылы Президент Қазақстан халқына Жолдауында «Мәдени мұра» атты теңдессіз бағдарламаға бастамашы болды. Бағдарламаны іске асыру кезінде елімізде тарих саласында көптеген жұмыстар атқарылды. Тарихи естеліктер мен әділдікті қалпына келтіруге бағытталған ғылыми зерттеулер жүргізіліп, мақалалар мен монографиялар және кітаптар дайындалды. Ұлттық тарихты зерттеу мен оның мәнін ұғыну идеясын Президент «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты тарихи Жолдауында тарқата түсті. Елбасы біздің ортақ сәйкестігіміз халықтың тарихи сана-сезімінің арқауы болуы тиіс екендігін айта келе, «Халық тарих толқынында» атауымен тарихи зерттеулердің арнайы бағдарламасын әзірлеу мақсат-міндетін жүктеді. Оның басты мақсаты - ұлттың жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастыру. Тарихи өткенге сүйенбей - болашақ мүмкін емес. Қазіргі кезде әлемде мән-мағына мен құндылықтардың күресі жүріп жатыр. Көптеген түрлі түсініктер біздің ұлттық тарихымызда да кездесіп жатады. Бағдарламаның мақсаттарына байланысты ұлттық тарихтың жаңа кезеңінде Тұңғыш Президенттің рөлін зерттеу айрықша ғылыми және тарихи мағынаға ие. Бұл тұрғыда оның еңбек және саяси мансабы жолында болашақ саясаткер мен әлемдік деңгейдегі мемлекет қайраткерінің қалыптасуы тарихын зерттеу ерекше қадамды қажеттілік етеді. Ғылыми іздестіру жұмыстары мен Н.Ә. Назарбаевтың қызметтестерінен жиналған деректердің негізінде Тарихи-мәдени орталықта болашақ Президенттің Орталық Қазақстанды дамыту бойынша қызметінің бағытында фото, дыбыс және бейне материалдарынан құралған көп құжат жинақталды. ХХ ғасырдың 60-80-ші жылдарында Теміртау қаласы мен Қарағанды облысында болған экономикалық және әлеуметтік үдерістерді жан-жақты әрі шынайы баяндау, сондай-ақ осы жетістіктерде жас Нұрсұлтан Назарбаевтың салмақты үлесін мойындау «Халық тарих толқынында» бағдарламасын қалыптастыруда негізгі бағыттардың бірі болуы тиіс»,-деп атап өтілген мақалада. Тұңғыш Президент тарихи-мәдени орталығы ұлттық тарихтың жаңа кезеңінде Мемлекет басшысының қызметін баяндау бойынша кешенді шараларды әзірленуде. «Тұңғыш Президент тарихи-мәдени орталығы» және «Қарағанды облысында Н.Ә. Назарбаевтың еңбек жолы туралы материалдар» атты екі кітап басылымға дайындалды, деп жазады Ж. Көлбаева. Бұл кітаптар Орталық Қазақстанның әлеуметтік-саяси, мәдени-экономикалық бейнесінің қайта құрылуы мен халықтың өмір сүру жағдайының жақсаруы бойынша Н. Назарбаевтың қызметімен байланысты оқиғаларды жария етуге негізделген. Сол жылдардағы құжаттар қарапайым еңбек адамының игілігі үшін бар күш-жігерін салған болашақ Ұлт көшбасшысының жеке үлесін айқындайтын көптеген фактілерді дәлелдейді. «Тарих ғалымдарының, саясаттанушылардың алдында Қазақстан тарихын шынайы баяндауды қалыптастыру бойынша күрделі мақсат-міндеттер тұр. Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин Қазақстан Республикасының ұлттық тарихын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысында жасаған баяндамасында: «Біз өзіміздің қазіргі тарихымыздың басты мән-мағынасын жүйелі, ғылыми негізде түсініп алуға тиіспіз. Тәуелсіз егемен мемлекеттің өмірінде үшінші онжылдық басталды. Осы жылдар ішінде расында да ғасырларға тең жолдан өттік. Ойымызды жинақтайтын кез жетті. Қазақстанның өтпелі кезеңінің ерекшелігі неде еді, қалыптасқан мемлекет дегеніміз не, нақты тәуелсіздіктің негізгі белестері қандай, қандай қауіп-қатерлерден өттік, қоғамның экономикалық, саяси және мәдени жүйесі қалай құрылды? Осы сұрақтардың бәріне дәйекті әрі анық жауап беру - тарихшылардың кәсіби қоғамдастығының міндеті», - деп атап өткен еді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет