Қазақстан Республикасындағы тарихи сананың қалыптасу тұжырымдамасы


Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» жұмысы 2017



бет56/66
Дата23.02.2023
өлшемі0,54 Mb.
#169890
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   66
Байланысты:
Қуатов Дархан ИСТ-11

62. Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» жұмысы 2017
Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» атты еңбегі еліміздің өткен жылдарда бастан кешкен тарихын жүйелі баяндайтын, елде өрістеген аса күрделі процестерді терең талдайтын сонымен қоса алдағы күндерге артылатын міндеттерді саралап ашуымен де құнды еңбек дейміз. Сөз басында Президент: «Бұл кітап менің ұлы қолдаушым, кемел келешегіне өзінің қазақстандық жолымен қарыштаған жасампаз халқыма арналады» деп кітаптың мазмұнын айқындап береді. Кітап еліміздің жаңа тарихын тұтас қамтыған, мазмұны аса бай 4 бөлімнен тұрады. Кітапта әр бөлім өз ішінде бірнеше бөліктерге бөлінген. Олардың атауларына да аса мән беріліп, жаңа тарихымыз бен қазақстандық құндылықтардың дәуірлік оқиғалары нақты әрі айқын көрініс тапқан.
Атап айтқанда, «Тарихи әділеттілік салтанаты», «Тұғыры берік мемлекеттік құрылым», «Басты құндылығымыз бейбітшілікті қастерлей білдік», «Жаңалықтың жылы лебі және қайта түлеген дәстүр», «Сыртқы саясат: тыңға түрен салғандай...», «Қияға көз тіккен Қазақстан барысы», «Баянды болсын Бас қала!», «Саяси тұрақтылықтың жемісі», «Тәуелсіздік рухымызды шыңдады», «Біз әлемдік дағдарыс сынағына төтеп бердік», «Бұрын-соңды болмаған зияткерлік өрлеу» және т.с.с. бөлімдерде өткен өміріміз, өткелдеріміз, жарқын сәттеріміз жан-жақты кең тұрғыда баяндалады.

63. ҚР Тұңғыш Призденті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауы (2017жылғы 31 қаңтар)
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осыдан біраз жыл бұрын бір сөзінде өзгеріс дауылы тұрғанда оған қарсы қорған емес, желкен тұрғызу керек деп әдемі айтып еді. Шындығында, қазіргі әлем үздіксіз өзгерістер үстінде. Ондай өзгерістер дүниеге біртіндеп емес, бірден батпандап еніп жатыр. Соның бір ғана мысалы - ақпарат ғасырындағы жаңалықтың шапшаңдығы.Бүгінгі енгізген технологияңызды дамытып отырмасаңыз, ертең-ақ ескіріп шығуы ықтимал. Екінші жағынан алғанда әлемнің апшысын қуырған өзгеріс - мұнай мәселесі. Бір жағынан алып қарағанда, әлемде қара алтын деп жоғары бағаланатын осы шикізаттың қоры таусылардай азайып барады деген дабыл қағылуда. Алайда, азайған затқа сұраныс та күрт артып, оның құны шарықтауы керек еді. Бұлай болған жоқ. Керісінше, мұнайға бағаның құлдырауы соңғы жылдары біраз мемлекеттің үлкен мәселесіне айналып шыға келді.Міне, осындай жаһандық өзгерістер аясында Қазақстан өз желкенін қалай құлатпау керек? Құлатпау дегенге себеп - дағдарысқа қарсы желкен 2012 жылы тұрғызылған болатын. Ол - Қазақстан-2050 Стратегиясы. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың осы Стратегиясы әлемдік қиындықтарды болжап қана қоймай, ықтимал өзгерістерден де мемлекет үшін мүмкіндіктерді қарастырады. Ал мұндай мүмкіндік Елбасының бүгінгі Жолдауында айтылған Үшінші жаңғырту жөніндегі міндет аясында көрініс тауып отыр.Әлем қарқынды түрде өзгеріп келеді. Бұл - жаңа жаһандық болмыс, оны біз қабылдауға тиіспіз. Әлемде кезекті, Төртінші өнеркәсіптік революция басталды. Экономиканы жаппай цифрландыру тұтас саланың жойылуына және мүлде жаңа саланың пайда болуына алып келеді. Біздің көз алдымызда болып жатқан ұлы өзгерістер - әрі тарихи сын-қатер, әрі Ұлтқа берілген мүмкіндік. Бүгін мен Қазақстанды Үшінші жаңғырту жөнінде міндет қойып отырмын. Елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін құру қажет. Қазіргі кезде көптеген елдер осындай міндетті орындауға ұмтылуда. Өсімнің жаңа моделіне көшу тәсілі әр жерде әр түрлі екеніне сенімдімін, - деп атап өтті Президент.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет