Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын iске асыру және көлеңкелi экономикаға қарсы iс-қимыл жөнiндегi Маңғыстау облысы бойынша 2015 – 2017 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарының орындалысы жөніндегі



бет4/4
Дата01.05.2018
өлшемі0,79 Mb.
#40367
1   2   3   4

2015 жыл бойынша Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасымен іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында, 2015 жылдың 18 желтоқсан күні «Алтын қалам»байқауының аясында сыбайлас жемқорлықпен күреске үлес қосқан БАҚ өкілдерін марапаттау ұйымдастырылды. Облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды.

2016 жылдың 5 желтоқсан күні «Алтын қалам» байқауы аясында сыбайлас жемқорлықпен күресуге белсенді атсалысқан БАҚ өкілдерін марапаттау ұйымдастырылды. Облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды (Алғыс хат алған адамдардың тізімдері қосымша жалғанады.


32.

Шекаралық бекеттердегі тауарлар мен қызметтерді заңсыз әкету және әкелу саласындағы құқық бұзушылыққа жол бермау мақсатында, облыстағы жұмыстарды күшейту

Маңғыстау облысы әкімінің аппараты

ҰҚКД ШҚ (келісім бойынша жинақтау), «Батыс» АБ, «Жағалау күзеті» АБ (келісім бойынша)

жыл сайын

ҚР ҰҚК ШҚ «2015 Әскери бөлімімен»

2015 жыл – 3 дерек анықталды.

«Бейнеу» (теміржолдық) өткізу пункітінде – 2

1) «анаша» есіртілік заты, жалпы салмағы 498 грамм 11 миллиграмм;

2) «насыбай» темекі өнімі, жалпы салмағы 360 кг.

«Тәжен» (автокөліктік) өткізу пункті – 1

1) 12 калибрлі аңшы патроны, 1 дана.



2016 жыл – 6 дерек.

«Бейнеу» (теміржолдық) өткізу пункітінде – 4

1) «насыбай» темекі өнімі, жалпы салмағы 375 кг.

2) құм араласқан сүліктер, жалпы салмағы 33 кг.

«Тәжен» (автокөліктік) өткізу пункті – 1

1) «марихуана» есірткілік заты, жалпы салмағы 0,58 грамм;

2) «насыбай» темекі өнімі, жалпы салмағы 15 кг.

2017 жыл – 2 дерек.

«Бейнеу» (теміржолдық) өткізу пункітінде - 2

1) «өңделмеген апиын» есірткілік заты, жалпы салмағы -1 кг 418 гр 33 млг;

2) «насыбай» темекі өнімі, жалпы салмағы 284 кг.

«Тәжен» (автокөліктік) өткізу пункті –- жоқ

БАРЛЫҒЫ: 11 дерек. (есірткілік – 3 дерек, басқалары – 8 фактов)

«анаша» - 498 гр 11 млг;

«өңделмеген апиын» - 1 кг 418 гр 33 млг;

«марихуана» - 0,58 гр;

«насыбай» - 1034 кг;

12 мм аңшы патроны – 1 шт;

Құмдағы сүліктер – 33 кг.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Жағалау күзеті өңірлік басқармасының шекара бақылау бөлімшелері қызметті Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 16 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» №70-V Заңының 14-24 баптарына сәйкес атқарады.

Жоғарыда аталған Заңның 19 бабының 8 тармағына сәйкес Мемлекеттік шекарадан Қазақстан Республикасына кіргізуге немесе Қазақстан Республикасынан шығаруға рұқсат етілген транспортық құралдар, жүктер және тауарлар, кеден қызметкерлерінің және басқада бақылау органдарының рұқсат етілген белгілерінің қойылуымен өткізіледі.

Тауарларды және басқа да қызмет түрлерін заңсыз атқарудың алдын-алу мақсатында шекара постарындағы қызметке, Шекара қызметінің неғұрлым дайындалған және жауапты әскери қызметшілері тағайындалады.

Қазіргі таңда, бекеттердегі тауарлар мен қызметтерді заңсыз әкету және әкелу саласындағы құқық бұзушылыққа жол бермау мақсатында, облыстағы жұмыстарды күшейту бойынша шаралар қабылдануда.



33.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызметкерлерге арналған «Тілдерді оқыту, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің базасында арнайы курстар ұйымдастыру

Курстар

Облыс әкімінің аппараты (жинақтау),

қала және аудан әкімдіктері облыстық басқармалар,



жыл сайын

МО бойынша «Тілдерді оқыту, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығы» ЖШС-де мемлекеттік қызметшілерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру арнайы оқыту курстары ұйымдастырылған.

Оқытудың мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелері бойынша, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Жалпыұлттық жоспарының бағыттарын түсіндіру, оны анықтаудың заманауи формаларының ерекшеліктері бойынша кәсіптік біліктілігін арттыру болып табылады.

Жыл сайын мемлекеттік қызметкерлер оқу – курстарына жолдануда

2015-2016 және 2017 жылдың 7 ақпанындағы мәлімет бойынша «Тілдерді оқыту, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығы» ЖШС-де «ҚР-ның 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясы», «ҚР-дағы мемлекеттік қызмет және оны кәсібилендіру. Мемлекеттік қызметшінің қызмет сапасын бағалау», «Мемлекеттік қызметтер сапасын басқару-мемлекеттік басқару тиімділігінің көрсеткіші ретінде», «Мемлекеттік қызметшінің сыбацлас жемқорлыққа қарсы психологиясы», «Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік Әдеп қағидалары», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама және іс-қимыл шаралары», «Мемлекеттік қызмет саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ұйымдастырушылық-құқықтық моделі» тақырыптарында тұрақты түрде дәрістер оқытылуда. Дәріскерлер – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшылық құрамындағы қызметшілер.

Бұл дәрістермен барлығы облыстың барлық жергілікті атқарушы органдарынан 477 мемлекеттік қызметші (2015 ж – 220; 2016ж. – 248; 2017ж.-9) қамтылды. Тыңдаушылар ұсынылған тақырыптар бойынша курстық жұмыстарын орындап, қорғайды.


34.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша өңірлік комиссия отырыстарында облыс бойынша криминогендік ахуал мәселесін қарастыру

Отырыстар

Облыс әкімінің аппараты (жинақтау), аудан және қала әкімдіктері, облыстық басқармалар

жыл сайын

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері туралы» заңының талаптарын орындау мақсатында, Маңғыстау облысы әкімінің аппаратымен, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен, квазимемлекеттік субъектілермен, үкіметтік емес ұйымдармен, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментімен, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оның қызметтерінде, сондай-ақ, қоғамда орын алуына жол бермеу бағытында жыл сайын комиссия отырыстары өткізіледі.

Комиссияның кезекті отырыстарында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының талаптарын тұрғындар арасында кеңінен насихаттап, түсіндіру, мемлекетік қызметшілердің қызметінде сыбайлас жемқорлық бойынша қылмыстар мен құқық бұзушылықтармен айналысуының себептерін мен салдарын анықтау, және олардың алдын алу, қоғамда орын алуына жол бермеу мақсатында мәселелер қарастырылып тиісті органдарға тапсырмалар беріледі.

Облыс әкімі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі Өңірлік комиссияларының отырыстары жыл сайын облыс әкімі орынбасарының төрағалығымен комиссия мүшелерінің, облыс әкімі орынбасарларының, құқық қорғау органдары басшыларының, қала мен аудан әкімдерінің, облыстық департамент және басқармалар басшыларының қатысуымен өткізіледі.

Күн тәртібінде қарастырылатын мәселелер қоғамның белгілі бір саласында анықталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған жұмыстар мен ұйымдасмтырылған шаралар туралы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық және олардың жолын кесу, болдырмау, алдын алу, құқық бұзушылыққа жол берген құзіретті органдардың қызметкері мен басшыларына тиісті тәртіптік жазалар қолдану, қалпына келтіру мәселелері талқыланады. Отырыс нәтижесіңнде хаттамалар әзірленіп, жауапты органдарға ұсыныстар мен тапсырмалар беріледі(аталған облыстық өңірлік комиссия отырысының комиссия құрамы мен жоспарларының көшірмесі қосымша жалғанады және облыстық ресми интернет – ресурсында (mangistau.gov.kz) орналастырылды).



Ақтау қаласы әкімдігінде сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша 2016 жылы іс-шаралар жоспары бекітілген болатын. Ақтау қаласы әкімдігінің Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы жұмыс жасауда. Қала бойынша жалпы қылмыстың алдын алу және криминогендік жағдайды тұрақтандыру мақсатында Бекітілген жоспарға сәйкес жұмыстар атқарылуда. Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша мәселелер әр апараттық жиында қаралады және қала әкімінің бақылауында, сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі арнайы комиссия жоспарының орындалуы қадағаланады. 2016 жылы 3 комиссия отырысы өткізіліп 6 мәселе қаралды.

Жаңаөзен қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша аудан әкімдігі жанынан құрылған комиссия отырысында аудан бойынша криминоггендік ахуал мәселесін 2016 жылдық жоспарымен тыңдалынған және 2017 жылдың жылдық жоспары бекітілген.

Бейнеу ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша аудан әкімдігі жанынан құрылған комиссия отырысында аудан бойынша криминоггендік ахуал мәселесін 2016 жыл қорытындысымен 2017 жылдың 1 тоқсанында қарау жоспарланған.

Қарақия ауданы бойынша Ауданның қылмыстық ахуалы эөніндегі мәселелері, сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері аудан әкімдігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі арнайы комиссиясының 2017 жылға арналған жоспары бекітіліп, кезекті отырысы ақпан айында өткізілетін болады.

Маңғыстау ауданы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия отырыстарында аудандық бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдардың және орталық атқарушы органдардың аудандық бөлімшелері басшыларының мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатырған жұмыстар туралы ақпараттары тыңдалып, аудандағы сыбайлас жемқорлық ахуалы қаралды.

Мұнайлы ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша өңірлік комиссия отырыстары бекітіліп, облыс бойынша криминогендік ахуал мәселелері қарастырылды. Және 2017 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.

Түпақараған ауданы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы аудан әкімі жанындағы өңірлік комиссиясының құрамы құрылып, жоспарлары бекітіліп, жұмыстар атқарылған және 2017 жылдың жылдық жоспары әзірленуде(Аталған қалалар мен аудандардың өңірлік комиссияларының жылдық жоспарлары мен бекітілген комиссия құрамы бойынша құжаттардың көшірмелері қосымшаға сәйкес жалғанады және «mangystau.gov.kz» ресми интернет-ресурсында орналастырылды).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет