Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын iске асыру және көлеңкелi экономикаға қарсы iс-қимыл жөнiндегi Маңғыстау облысы бойынша 2015 – 2017 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарының орындалысы жөніндегі



бет3/4
Дата01.05.2018
өлшемі0,79 Mb.
#40367
1   2   3   4

23 сәуір күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті және Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» атты еркін-пікір алаңын ұйымдастырылған.

Шараның мақсаты – ағымдағы жылдың 9 ақпан күні қабылданған ҚР Мемлекеттік жастар саясаты туралы Заңының 4 бабының 6 тармағында көрсетілгендей жастарды «Құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікке тәрбиелеу» болып табылатынын тармағын кеңінен насихаттау. Сондай-ақ, алдағы уақытта ұйымдастырылатын шараларды жастармен бөлісу, олардың ұсыныстарын тыңдау. Шараға өңіріміздің белсенді жастары, жастар ұйымдары және БАҚ өкілдері қатыстырылған.



13-25 мамыр күндері аралығында Бейнеу аудандық жастар ісін үйлестіру орталығының ұйымдастыруымен жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында «STOP қылмыс» жобасы аясында «Жастар тәртібі» акциясы өткізілді. Акция барысында білім беру мекемелерінің жоғарғы сынып оқушыларына арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетіліп, аудан бойынша мәдени және спорттық үйірмелер туралы ақпараттық парақшалар таратылған. 

11 маусым күні Маңғыстау гуманитарлық колледжінің ғимаратында «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» деген тақырыпта студенттермен кездесу өткізілген. Кездесуге Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығы директорының міндетін атқарушы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің өкілі, Маңғыстау гуманитарлық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және МО жастар ресурстық орталығының қызметкері қатысқан. Кездесуге қатысушылардың өзекті мәселелері бойынша сұрақтарына қанағаттандырарлық жауаптары берілген. Шара барысында арнайы жасақталған сауалнамалар таратылып, бейнероликтер көрсетілген.

12 маусым күні Каспий өңірі «Болашақ» колледжінің ғимаратында «Жемқорлықсыз сессия» атты тақырыбында студенттермен кездесу өткізілді. Кездесуге Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығы директорының міндетін атқарушы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің өкілі, Каспий өңірі «Болашақ» колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қатыстырылған.

Кездесу барысында жастарға құқықтық мәдениет бойынша ақпарат берілген.

16 қазан күні «Менің құқығым, менің болашағым» атты акциясы ұйымдастырылған.

Акцияға мемлекеттік мекеме, қаржы полициясы, медицина саласы, құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысып, тұрғындардың қойылған сұрақтарына жауап берілген.

30 қазан күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті, облыстық жастар ресурстық орталығымен бірлесе жас мамандарға арналған бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылған.

Жәрмеңке барысында жастар кеңес алуымен қатар жұмысқа орналасуға мүмкіндік алынған.

«Нұр Отан» партиясының Маңғыстау облыстық филиалымен 2016 жылдың қыркүйек айында «Еркін пікір» атты сұхбат алаңында «Этика» тақырыбында о-пікір алмасулар өткізілді. Аталған шара «Арман жастар ресурстық орталығында» өткізілді. 100 адам қатысты. 2016 жылдың тамыз айында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында ҮЕҰ өкілдері мен студенттердің кездесуі өткізілген.


16.

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ескерту профилактикасы» тақырыбында тренингтік оқытудың жаңа әдістері мен формаларын қолдана отырып, семинарлар мен брифингтер,дөңгелек үстелдер, конференциялар өткізу

Маңғыстау облысы әкімі аппаратына ақпарат

Маңғыстау облысы бойынша ҚР МҚІ ж СЖҚА МОД (келісім бойынша жинақтау), қала және аудан әкімдіктер

барлық мемлекеттік органдар



тұрақты

Облыс аумағында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы стратегиясын түсіндіру бойынша әртүрлі іс-шаралар, атап айтқанда, семинарлар мен дөңгелек үстелдер, форумдар, брифингтер, тәкелей эфирлер, мәдени және спорттық іс-шаралар, флешмобтар және т.б. шаралар ұйымдастырылды. Яғни, 2016 жылдың қорытындысы бойынша:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында,  жалпы саны – 571 іс-шара, оның ішінде: 405 семинарлар және лекциялар, 69 дөңгелек үстелдер,  17 форум және конференциялар, 11 интеллектуалдық конкурстар, 19 флешмобтар,  32  спорттық іс-шаралар, 18 бұқаралық акциялар ұйымдастырылды.



ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған, оның ішінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ескерту тақырыбында бірнеше іс-шаралар өткізілген:

2016 жылдың басынан бастап, Қазақстан Республикасының 2015-2025ж.ж. арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының, ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарының талаптарын, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатындағы Ашық келісім талаптарын түсіндіру мақсатында, мемлекеттік органдармен, жастар ұйымдарымен, үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп іс-шаралар жүйелі түрде ұйымдастырылуда. Яғни, лекциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, қоғамдық-мәдени және спорттық іс-шаралар, теледидардағы ток-шоулар, форумдар және конференциялар, т.б.

2016 жылдың 2-жартыжылдығында Маңғыстау облысы әкімдігі жанындағы Қоғамдық кеңестің отырысы өткізіліп, күн тәртібіне сәйкес, ҚР 2015-2025ж.ж. арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының Маңғыстау облысындағы орындалысы бойынша мәселелер қаралды.

Аумақтық департамент тарапынан 2016 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік деңгейін айқындау бойынша 782 респондентке әлеуметтік сауалнама жүргізіліп, нәтижесі ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясына жолданды.

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізуге арналған «Азаматтық бақылау» жобасына әлеуметтік тапсырыс конкурс арқылы жарияланып, аталған жоба «Маңғыстау облысының Азаматтық альянсы» ЗТБ тарапынан 2016 жылдың аяғына дейін жүргізілді. Шілде айынан бастап «Өңірлік жоба» бойынша бағалық ұсынымдар әдісі арқылы әлеуметтік тапсырысы жарияланып, «Қолдау-Қазақстан» жеке-меншік мекемесі тарапынан 2016 жылдың аяғына дейін жүргізілген.

Аталған іс-шараның мақсаты тыңдаушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың заманауи әдіс-тәсілдерімен, халықаралық және отандық сарапшылардың пікірлерімен таныстырылған.

22 маусымда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мектебі» тыңдаушыларының алдында аумақтық департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы мен(баяндама тақырыбы «Талдау және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау механизмдері туралы»), сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы (баяндама тақырыбы «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы Ашық келісімнің талаптары»), Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Маңғыстау облысы бойынша департаментінің қызметкерлері (баяндама тақырыбы «Департамент қызметінің басым бағыттары», «Заманауи сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат») баяндамаларын жасап, қатысушыларды толғандырған сұрақтарына жауап берілген.

Өткізілген тренингтің жүру барысы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарда және «Қазақстан-Ақтау» телеарнасында кеңінен жарияланған.

Аумақтық департамент облыстық ішкі саясат басқармасы және «Қазақстан-Ақтау» телеарнасымен бірлесіп, 23 маусым Мемлекеттік қызметшілер күніне орай, тұрғындар арасында мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында 1 бейнеролик дайындалып, жұртшылықтың назарына ұсынылды. Бұдан басқа, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбында облыс тұрғындары арасында үздік бейнеролик бойынша конкурс жарияланып, нәтижесінде 5 бейнеролик дайындалған.

Маңғыстау облыстық кәсіпкерлер палатасымен «Нұр Отан» партиясының Маңғыстау облыстық филиалы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті, Қазақстан Азаматтық Альянсы ЗТБ-мен бірігіп ҚР-ның 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясының 4 бөлігінің 5 тармағын орындау мақсатында, 2016 жылдың қыркүек айында сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша кәсіпкерлер форумы өткізілген.

Сонымен қатар 2016 жылдың қыркүйек айында «Мемлекеттік қызметінің Қазақстандық моделі және қызметтік әдеп ережелері» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілген.

Жаңаөзен қаласы бойынша №3 орта мектебінде мектеп және балабақша директорлары мен мұғалім, тәрбиешілері арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша кездесу өткен.

Жаңаөзен қаласы Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерімен, ішкі істер басқармасы қызметкерлерімен арнаулы оқу орны директорлары және педагогтарымен, мемлекеттік қызметкерлер және денсаулық сақтау саласы мамандарымен дөңгелек үстел өткен.

Жастар ресурстық орталығының конференц залында «Жемқорлықпен күресудің жолы қандай?» атты жастар арасында пікір-сайыс алаңы өткен.

Қарақия ауданы бойынша: аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі аудандық жастар ресурстық орталығымен бірлесіп жастар мен студенттер арасында «Көлеңкелі экономикада сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында семинар, 29.09.2016жылы аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық қылықтары мен зардаптары» тақырыбында кездесулер өткізілген.

Маңғыстау ауданы бойынша: 2016 жылы ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңдарын, Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын түсіндіру бойынша мемлекеттік қызметшілермен, білім беру ұйымдарының басшыларының қатысуымен 2 кездесу өткізілген.

Студент жастар арасында «Сен сыбайлас жемқорлыққа қарсысың ба?» тақырыбындағы әлеуметтік сауалнама жүргізілген.



Маңғыстау техникалық колледжі студенттері арасында өткен жылдың қаңтар, мамыр айларында «Таза сессия» акциясы өткізілген.
Мұнайлы ауданы бойынша: 2016 жыл 24 сәуірде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық – қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенімге негізделген, аса маңызды кәсіби стандарт» атты тақырыпта Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министірлігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті қызметкерлері, аудандық діни және этномәдени ұйымдар өкілдерінің қатысуымен сұхбат алаңы өткізілген.

Түпқараған ауданы бойынша: «Мемлекеттік органдар сыбайлас жемқорлықпен күресу шаралары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру шараларының жай-күйі» тақырыбында түсіндіру жұмыстары, семинар өткізілді. Бюджеттік қаражат шығынының және мемлекеттік сатып алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнама талаптарының сақталуы тақырыбында мемлекеттік мекеме басшыларымен және қызметкерлерімен дөңгелек үстел өткізілді. «Жемқорлықпен күрес – әрбір азаматтың міндеті» тақырыбында лекция, «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – баршаның міндеті» тақырыбында семинар, Мемлкеттік сатып алу порталында кезекті қаржылық жылға жасалатын мемлекеттік сатып алу жоспарын орналастыру, мемлекеттік сатып алу бойынша өткізілетін немесе өткізілген мемлекеттік сатып алулар негізінде жасалған шарттар туралы дөңгелек үстел өткізілген.

Маңғыстау облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен 2016 жылдың қазан айының 18 күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша басқарма қызметкерлері арасында кеңес өткізілген (18.10.2016 ж. №56 хаттама). Аталған кеңестің мақсаты сыбайлас жемқорлықты болдырмау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің көрсетілу сапасын арттыру, 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі бағыттары, мемлекеттік қызмет саласындағы өзгерістер мен лауазымды тұлғалардың жемқорлыққа қарсы заңнамаларды ұстану бойынша жауапкершілікті арттыру бағытындағы мәселелерді талқылау. Сондай-ақ, бөлім басшыларының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша есептері тыңдалды. Нәтижесі бойынша бөлім басшыларына тиісті тапрсырмалар берілген.

«Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы» ММ 2016 жылдың 15 шілдесінде басқарма басшысының төрағалығымен және бөлім басшылары мен мамандардың қатынасуымен «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауда Заң нормаларын қатаң сақтау туралы» және «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңының талаптарын кеңінен түсіндіру туралы кеңейтілген мәжіліс өткізілді. Мәжіліс қорытындысында басқарманың бөлім басшыларына басқармаға келіп түсетін жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін өз мерзімінде, сапалы және өтініш жасалған тілде жауап берілу қажеттігін, «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңының талаптарына сәйкес басқарманың болашақта жоспарланған веб – портал ресми сайтына азаматтардың қол жетімді ақпаратты иеленуіне жағдай жасауды қамтамасыз етуді үнемі бақылауда ұстауды тапсырды. Сондай – ақ 2016 жылдың 7 – қарашасында басқарма қызметкерлері мен Ақтау қалалық ветеринария және ауыл шаруашылығы бөлімінің өкілдерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары талқылау туралы» тақырыбында жиналыс өткізілді. Сондай- 2016 жылдың 25 қарашасында  Маңғыстау облысының ветеринария басқармасында «Cыбайлас жемқорлықпен күрес – баршаның міндеті» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.  Аталған іс-шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінен, Маңғыстау облысы әкімі аппаратының құқық қорғау органдармен жұмыс, жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімінен мамандар  қатыстырылған.

Басқа да облысқа қарасты мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресуртарында атқарылып жатырған іс-шаралар және олардың бейне фотолары, анықтамалары жариялану жұмыстары қолға алынуда.



17.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың өкілдерінің қатысуымен ғаламтор-конференцияларын, «тікелей желілер» өткізуді ұйымдастыру

ҚР МҚІ ж СЖҚА МОД-не ақпарат

Маңғыстау облысы бойынша ҚР МҚІ ж СЖҚА МОД (келісім бойынша жинақтау), қала және аудан әкімдіктер,

барлық мемлекеттік органдар



жыл сайын

Қазақстан Республикасының 2015-2025ж.ж. арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017ж.ж. арналған іс-шаралар жоспарының» 17-тармағын орындау мақсатында, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментіне ағымдағы жылдың 31 мамырында облыс әкімдігінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша мемлекеттік органдар өкілдерімен бірге ғаламтор-конференциясын» өткізу жөніндегі №4-10-701 хаты жолданды. Жоспардың осы тармағының орындалысы облыс әкімінің ресми интернет ресурсында жүзеге асырылды. Ғаламтор конференцияның тақырыбы «Сыбайлас жемқорлық профилактикасы», баяндамаға және қойылатын сұрақтарға жауапты тұлға - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Байгебаев Қайрат Оразбекұлы және өткізілу мерзімі аумақтық департаменттің өзімен белгіленді.

18.

Электронды БАҚ-да дыбыс- бейнероликтерді трансляциялауды ұйымдастыру және БАҚ басылымдарында айдарлар ашу


БАҚ-на кеңінен жариялау

ІСБ, «Қазақстан-Ақтау» телеарнасы (келісім бойынша), «Маңғыстау Медиа» ЖШС

жыл сайын

2015 жыл бойынша - Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасымен іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында, өңірлік баспа басылымдарында «Адам.Қоғам.Заң» ( «Маңғыстау» газеті), «Закон и право» («Огни Мангистау» газеті), «Сыбайластыққа жол жоқ» («Ақкетік арайы» газеті), «Жемқорлық-дерт, оны жою міндет» («Қарақия» газеті), «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» («Рауан» газеті), «Ресми бөлім» («Мұнайлы» газеті), «Жемқорлыққа жол жоқ» («Жаңа өмір» газеті), «Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу» («Жаңаөзен» газеті) арнайы айдарлары ашылды. Нәтижесінде, баспа басылымдарында 110 астам мақала, электронды БАҚ-да 130 астам сюжет, интернет сайттарда 120 астам материал жарияланды; облыстық телеарна эфирінде «Коррупция», «Адалдық пен сатылмаушылық әрбір азаматтың мінез-құлық нормасына айналуы керек» атты бейнероликтердің көрсетілімі ұйымдастырылды.

2016 жылдың қорытынды кезеңі бойынша Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасымен: Облыстық «Маңғыстау» және «Огни Мангистау» газеттерінде «Сыбайлас жемқорлыққа – жол жоқ!», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес», «Коррупции - Заслон», «Адам. Қоғам. Заң», «Құқық қорғау», «Әдеп», «Мемлекеттік қызмет», «Қоғам», «Құқық» арнайы айдарлары ашылды. Жыл басынан бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған өңірлік баспа басылымдарда («Маңғыстау», «Огни Мангистау» облыстық газеттері, «Қарақия», «Рауан», «Жаңа өмір», «Мұнайлы», «Ақкетік арайы» аудандық газеттері, «Тумба», «Лада ТВ Плюс», «Жаңаөзен» қалалық газеттері) 71 материал, электронды БАҚ-та 60-тан астам сюжет («Қазақстан-Ақтау» телеарнасы, «Хабар» агенттігі), интернет сайттарда 50-ге жуық материал жарияланды.

Жалпы облыс бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланымдардың жалпы саны –658.Олардың ішінде республикалық  БАҚ - 10 (теледидарда –7, баспабасылымдарында - 3), аумақтық БАҚ-ғы жарияланымдар – 648(теледидар –281, радио -22, газеттер -345).

Интернет-ресурстардағы жарияланымдардың саны -190.



2017 жылда облыстық «Маңғыстау» және «Огни Мангистау» газеттерінде «Сыбайлас жемқорлыққа – жол жоқ!», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес», «Коррупции - Заслон», «Адам. Қоғам. Заң», «Құқық қорғау», «Әдеп», «Мемлекеттік қызмет», «Қоғам», «Құқық» арнайы айдарлары ашылды. Жыл басынан бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған өңірлік баспа басылымдарда («Маңғыстау», «Огни Мангистау» облыстық газеттері, «Қарақия», «Рауан», «Жаңа өмір», «Мұнайлы», «Ақкетік арайы» аудандық газеттері, «Тумба», «Лада ТВ Плюс», «Жаңаөзен» қалалық газеттері) 11 материал, электронды БАҚ-та 7 сюжет («Қазақстан-Ақтау» телеарнасы, «Хабар» агенттігі), интернет сайттарда 13 материал жарияланды.

Облыстық телеарна эфирінде мемлекеттік және орыс тіліндегі «Жемқорлық», мемлекеттік тілдегі «Жемқорлыққа жол жоқ» бейнероликтерінің шығарылымы ұйымдастыруда.




19.

Мерзімдік негізде тұрғындардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін көтеру мақсатында міндетті түрде қоғамдық орындарда орнату, сондай-ақ мақсатты топтар арасында дайындау, тарату (баннерлер, билбордтар, ЛЭД-экрандар)

Имидждік өнімдерді дайындау және орнату, Маңғыстау облысы әкімі аппаратына ақпарат

Қала және аудан әкімдіктері

тұрақты

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тапсырмасына сәйкес, 26 мемлекеттік органның ресми интернет ресурстарында, жергілікті телеарналарда, қоғамдық орындарда орналасқан LED-экрандарда Қазақстан  Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға  арналған іс-шаралар жоспарының (Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2015 жылғы 14 сәуірдегі №234 қаулысымен бекітілген) 50-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілермен сыйлықтарды қабылдау мен тарту етуге байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді түсіндіруге бағытталған орысша және қазақша нұсқадағы «Сенің жоқ дегенің көп нәрсені өзгертеді!» бейнероликтерін орналастыру және трансляциясын тарату жөнінде облыстық қаллар мен аудандарға және мемолекеттік органдарға тапсырмалар берілді. Бұдан басқа,Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментімен және Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасымен мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында жалпы саны  58 билборд әзірленіп, орналастырылған..

Оның ішінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелелеріне қатысты Ақтау қ. –7, Жаңаөзен қ. –4(Сәтпаев көшесі, Ақсау ш/а), Түпқараған, Қарақия(Құрық, Жетібай, Мұнайшы, және құланды аулдарында), Маңғыстау, Мұнайлы, Бейнеу аудандарында –3 билбордтан, ал қалған 40-билборд мемлекеттік қызметке қатысты.




20.

Мерзімдік негізде тұрғындардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін көтеру мақсатында міндетті түрде қоғамдық орындарда орнату, сондай-ақ мақсатты топтар арасында дайындау, тарату (жадынамалар, буклеттер, плакаттар, бейнероликтер)

Имидждік өнімдерді дайындау және орнату, Маңғыстау облысы әкімі аппаратына ақпарат

Маңғыстау облыстық ІСБ

тұрақты

Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасымен 2015 жылы іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу жобасын жүзеге асыру» атты әлеуметтік жоба іске асырылды. Аталған жоба аясында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы стратегиясын түсіндіру бойынша 20 астам дәрістер мен семинарлар өткізілді. 1 бейнеролик, 119 брошюра, 25 плакат, 100 нұсқаулық дайындалып таратылды. Сонымен қатар, тұрғындардың мемлекеттік органдарға деген сенім деңгейін анықтау мақсатында сауалнама жүргізілді; сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында Ақтау қ. – 5, Жаңаөзен қ. – 7, Түпқараған, Қарақия (ауданға қарасты Құрық, Жетібай, Мұнайшы және Құланды ауылдарында бильбордтар орналастырылған), Маңғыстау, Мұнайлы, Бейнеу аудандарында – 3 билбордтан орналастырылды.

2016 жылғы мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс аясында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жобаны іске асыру» арнайы жобасы жүзеге асырылды. Жоба аясында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру жоспарын түсіндіру жұмыстары бойынша шаралар ұйымдастыру қарастырылды, тұрғындар арасында кеңінен насихаттау мақсатында бейнероликтер көрсетілімі ұйымдастырылды.



2016 жылы аталған басқармамен 2016 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың аясында  2 595 000 теңге көлеміндегі сомада «Азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы оң түсінігін қалыптастыру бойынша жобаларды жүзеге асыру»бойынша әлеуметтік жоба көзделген.  Жобаның шеңберінде, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы сстратегиясын түсіндіру бойынша шаралар(кездесулер, дөңгелек үстелдер, семинарлар, конференциялар және т.б.),сонымен қоса тұрғындар арасында бейнероликтер, типографиялық және полиграфиялық баспалар(жадынамалар, буклеттер, плакаттар, баннерлер, билбордтар, т.б.)қарастырылған. «Мен жемқорлыққа қарсымын!» видеоролигі әзірленді.

Мемлекеттік қызмет департаменті өкілдерінің қатысуымен 417 – дей қатысушысы бар ірі 2 шара, 1 дөңгелек үстел өткізілді. 2016 жылдың желтоқсан айында ішкі саясат басқармасының әлеуметтік тапсырысы аясында, Маңғыстау облыстық Азаматтық Альянсы қауымдастығы» ЗТБ-нің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік қызметші болу - мақтанышым» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесуге ардагер мемлекеттік қызметшілер, басқармалардың үлгілі жас мамандары, Департамент өкілдері, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің өкілі, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық Бюросының Маңғыстау облысы бойынша департаментінің маманы, Маңғыстау облысы әкімі аппаратының Құқық қорғау органдарымен жұмыс бөлімінің маманы қатысып, баяндамалар оқылды. Кездесудің соңында қойылған сұрақтарға жауап беріліп, Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында әзірленген «Ең Үздік Эссе», «Ең Үздік бейнеролик» бойынша жеңімпаздары марапатталды. «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу жобасын жүзеге асыру» атты әлеуметтік жоба аясында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы стратегиясын түсіндіру бойынша 100 нұсқаулық дайындалып таратылды.



2017 жылда Ішкі саясат басқармасымен 2017 жылғы мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс аясында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жобаны іске асыру» арнайы жобасы жүзеге асырылды. Жоба аясында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру жоспарын түсіндіру жұмыстары бойынша шаралар ұйымдастыру қарастырылып, тұрғындар арасында кеңінен насихаттау мақсатында бейнероликтер көрсетілімі ұйымдастырылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбы бойынша қала және аудан көлемінде билбордтар орналастырылады.




21.

«Қазақстан-Ақтау» телеарнасында тұрғындардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін көтеру мақсатында арнайы телебағдарламалдардың мерзімді көрсетілімін қамтамасыз ету

Жергілікті атқарушы және аумақтық мемлекеттік органдар басшыларының телебағдарламада мерзімді қатысуы және сөз сөйлеуі

Маңғыстау облыстық ІСБ

тұрақты


2015 жылғы кезең бойынша Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының эфирінде құқық қорғау органдарымен бірігіп стратегиялық іс-шаралар жоспарын орындау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Ел ертеңі», «Резонанс», «Ашығын айтайық» «Көзбе-көз», «Қоғам және әйел» бағдарламаларының жемқорлыққа қарсы әрекет тақырыбында арнайы шығарылымдары ұйымдастырылды.

«Қазақстан-Ақтау» телеарнасының эфирінде аптасына бір рет «Нұр Отан» партиясымен бірлескен «Ел ертеңі», сондай-ақ, «Дабыл, Дабыл», «Прокурор уақыты», «Менің құқығым» бағдарламалары көрсетілді. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшылығымен және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік органдардың қатысуымен облыстық«Қазақстан - Ақтау» телеарнасы мен «Жолбаян»радиосында 12 тікелей эфир,«Корупция», «Адалдық пен сатылмаушылық әрбір азаматтың мінез-құлық нормасына айналуы тиіс»атты бейнероликтердің көрсетілімі ұйымдастырылды.



2016 жылда облыстық телеарна эфирінде тұрғындардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға бағытталған «Ел ертеңі», «Резонанс», «Ашық әңгіме», «Ашығын айтайық», «Көзбе көз» телебағдарламаларының арнайы шығарылымдары ұйымдастырылды.

2017 жылда облыстық телеарна эфирінде тұрғындардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға бағытталған телебағдарламаларының арнайы шығарылымдары ұйымдастырылады.


22.

Браконьерлік қылмысты анықтау бойынша «БАҚ өкілдерімен, «Нұр Отан» партиясының филиалымен бірігіп рейдтік іс-шаралар өткізуді жандандыру

ҚР МҚІ ж СЖҚА МОД-не, Маңғыстау облысы әкіміне ақпарат

Табиғатты қорғау прокуратурасы (жинақтау), құқық қорғау органдары, «Батыс» АБ (келісім бойынша)

тұрақты


Браконьерлік қылмысты анықтау бойынша төмендегідей басқармалармен «БАҚ өкілдерімен, «Нұр Отан» партиясының филиалымен бірігіп рейдтік іс-шаралар өткізуді жандандыру бойынша шаралар қабылдануда.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Жағалау күзеті өңірлік басқармасының негізгі тапсырмаларының бірі Қазақстан Республикасының шекара маңындағы тұрғындардың және де көршілес мемлекеттердің азаматтарының браконьерлік іс-әрекеттерінің алдын-алу болып саналады.

Осыған байланысты Жағалау күзеті өңірлік басқармасының жоспарына және Шекара қызметі Директорының нұсқаулығына сәйкес, құрамалар мен әскери бөлімдерге сеніп тапсырылған аумақтарда, Каспий теңізінің айлағында браконьерлік іс-әрекеттердің алдын алуға бағытталған рейдттік іс-шаралар өткізіледі.

Браконьерлік іс-әрекеттерінің алдын-алу мақсатында, қызметтік –жауынгерлік іс-әрекеттің, сонымен қатар рейдттік іс-шаралар қорытындылары үнемі республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады (теледидар және газет арқылы).


23.

Магистральды мұнай құбырлары мен кен орындарында орналасқан уақытша қоймалардан мұнай өнімдерін ұрлау үшін мұнай құбырларын тесуге ұйымдасқан қылмыстық топтардың қатысуын шұғыл тексеру және мониторингілеу бойынша шаралар қабылдау


ҚР МҚІ ж СЖҚА МОД-не, Маңғыстау облысы әкімінің аппаратына ақпарат

Маңғыстау МКД (келісім бойынша, жинақтау), ІІД (келісім бойынша)

тұрақты

«ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті» ММ заңсыз мұнай және мұнай өнімдерін ұрлау бойынша шұғыл тексеру мақсатында, ҰҚК ШҚ-не тиісті ұсыныстар жолданады. Қазіргі таңда облыс бойынша ІІД – мен біріккен іс-шаралар жоспары жасақталды, шекаралық аймақтарда ҰҚК ШҚ-мен жоспарлар әзірленді. ҚР ИДМ автомобиль жолдары комитетімен қажеттілігіне қарай отандық өнімдер битумының ішкі нарығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша мәліметтер ұсынылыады. ҚР Энергетика министрлігінен талдау және аумақтық органдарға жолдау үшін өндірістік құжаттары бар мұнайды қайта өндіру зауыттарымен компаниялардың тізімдері сұратылып алынды. Геология және кен орындарын пайдалану комитетіне консервациялаудағы олардың орналасқан орындары, аттары, консервациялау күні, мұнайдың қалған көлемдерін көрсете отырып мұнай кен орындары бойынша сұраныс хат жолданды. Заңсыз мұнай өндіру және мұнай өнімдерін ұрлау саласында криминогендік карталар әзірленді. Заңсыз мұнай өндіру және мұнай өнімдерін ұрлау бойынша 2016 жылдың қорытынды кезеңінде өндірісте 8 қылмыстық іс анықталды, оның 4-еуі тіркелді, басқа органдардан - 2-уі, ал органның өзінен – 2 факт келіп түсті. Өндіріспен 8 қылмыстық іс қаралып, ағымдағы жылы 4-еуі сотқа жолданды, 1-уі тоқтатылды(ҚР ҚІК 12т. 1б. 35 бабы.).

«Маңғыстау облысының ішкі істер департаменті» ММ-мен 2015-2017 жылдар ҚР ҚК 197 бабына сәйкес 17 қылмыс (мұнай және мұнай өнімдерін сақтау, пайдалану, тасымалдау, сатып алу, сонымен қатар олардың өндірілу заңдылығын растайтын құжатсыз өндіру) тіркелді. Олардың ішінде 1 мұнайды заңсыз өндіру боынша шағын-зауыты, (8 қылмыстық іс сотқа жолданды). 84,5 тонна ЖЖМ және 17 тонна шикі мұнай заңсыз өндіріліп алынған.



ҚР ІІМ тиісті жарлықтарын орындау мақсатында, «KGM-Security» ЖШС жергілікті филиалының өкілдерімен, сондай-ақ Маңғыстау облысының мүдделі мемлекеттік органдарымен өзара мұнай өнімдерін ұрлаудың алдын алу, магистральді мұнай құбырларын кесу фактілерін анықтау, сонымен қатар магистральді мұнай құбырларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Мұнай» шұғыл-алдын алу және рейдтік іс-шаралары жүргізіледі. Маңғыстау облысының МКД органымен «Кедергі» біріккен жоспары әзірленіп, оның аясында тұрақты түрде көлеңкелі экономика саласындағы қылмыстарды анықтау және жолын кесу бойынша шұғыл рейдтік іс-шаралар атқарылуда.


24.

Жалған кәсіпкерлікке қарсы тұру мәселесі бойынша жұмысты күшейту, өткізілген іс-шараларға талдау жүргізу

Маңғыстау облысы бойынша МКД-не, ҚР МҚІ ж СЖҚА МОД-не, Маңғыстау облысы әкімінің аппаратына ақпарат

МО МКД (жинақтау), ҚР МҚІ ж СЖҚА МОД ОП (келісім бойынша), Маңғыстау облысы бойынша ҰҚКД (келісім бойынша)

тұрақты

«ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті» ММ-мен ұсынылған мәліметке сәйкес 2016 жылы өндірісте48 іс қаралған, оның 33 – қылмыстық іс ретінде тіркелген. 19 іс аяқталған. Оның 8 сотқа жолданған. 22 іс тоқтатылған. Оңтайландыруға жатпайтын негізде – 20 іс тоқтатылған. Келтірілген залалды өтеу сомасы 110 700 000тг астам соманы құрады.

25.

Заңсыз ойын мекемелерін анықтау бойынша жұмысты күшейту

Маңғыстау облысы бойынша МКД-не, ҚР МҚІ ж СЖҚА МОД-не, Маңғыстау облысы әкімінің аппаратына ақпарат

(жинақтау), ҚР МҚІ ж СЖҚА МОД ОП (келісім бойынша), Маңғыстау облысы бойынша ҰҚКД (келісім бойынша)6 МО ІІД

тұрақты

«ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті» ММ ӘЖҚ тұрақты түрде қызметтің бекітілген бағыттары жөніндегі шұғыл-қызметтік жұмыстарын ұйымдастыру бойын жұмыстар жүргізіледі. Соның бір бағыты – заңсыз ойын бизнестерімен айналысуға қарсы күрес саласы болып табылады. 2016 жылы ҚР ҚМ МО МКД өндірісінд 307 бабына сәйкес 99 қылмыстық іс қаралды. Өндіріспен 50 қылмыстық іс аяқталды, сотқа 1-уі жолданды. 49 қылмыстық іс бойынша тергеу жұмыстары мерзімі тоқтатылды. 2016 жылдың қорытындысы бойынша 1 казиноның қызметі істен шығарылды, 310-нан астам лотереялық терминалдар анықталып, жұмыстарын іске асырылуына тосқауыл қойылды. Осыған сәйкес ойын мекемелерін анықтау мақсатында жұмыстар жандандырылуда және жалғасын табатын болады.

«Маңғыстау облысының ішкі істер департаменті» ММ-мен 2015-2017 жылдар аралығында ҚР ҚК 307 бабына (заңсыз ойын бизнестерін ұйымдастыру) сәйкес, барлығы 12 қылмыс тіркелді. Маңғыстау облысының мүдделі

мемлекеттік органдарымен, атап айтқанда прокуратура органдарымен бірігіп – 7 факт, Маңғыстау облысының МКД – мен 3 факт анықталды. МО ІІД ҰҚҚБ қызметкерлерімен ҚР ҚК 223 бабымен (коммерциялық және банктік құпияларды құрайтын мәліметтерді заңсыз тарату және алу), ҚР ҚК 232 бабымен (жалған төлем карталары мен басқа да төлем құжаттарын дайындау) фактілер анықталды.



26.

Облыс тұрғындарына ҚР қолданыстағы заңнамаларының нормаларын түсіндіру үшін тәжірибелі заңгерлердің қатарынан ақпараттық-насихаттау тобын құру

Маңғыстау облысы бойынша ҚР МҚІ ж СЖҚА МОД-не, Маңғыстау облысы әкімінің аппаратына ақпарат

Маңғыстау облысы бойынша ӘД (келісім бойынша), «Нұр Отан» партиясының Маңғыстау облысы бойынша филиалы (келісім бойынша)

тұрақты

Маңғыстау облысының әділет департаментімен құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік көмек көрсету мақсатында төмендегідей жұмыстар атқарылған:

Есептік кезеңде, әділет департаментімен және қалалық, аудандық әділет басқармалары және филиалдарымен (жоспарларға сәйкес): 108 - дөңгелек үстел, жергілікті БАҚ-да 104-мақала, радио-15, ТВ-30, брифинг-3, әділет департаментінің веб-сайтында -169 ақпарат орналастырылды, 171 -дәріс, семинарлар өткізілді, кездесу, ақпараттық насихат тобының шығуы -52, ашық есік күндері-42, Терминологиялық секцияның отырысы-4, Заң қызметтерінің үйлестіру кеңесі -6, Қайырымдылық, спорттық, 16-мерекелік іс-шаралар өткізілген.

Облыс тұрғындары үшін ҚР қолданыстағы заңнамасының нормаларын түсіндіру үшін тәжірибелі заңгерлер қатарынан ақпараттық-насихаттау топтары құрылып, осы бағытта атқарылып жатырған іс-шаралар мекеменің depjust-mangistau.gov.kz ресми- интернет ресурсында орналастырылуда.

«Нұр Отан» партиясының Маңғыстау облыстық, Ақтау, Жаңаөзен қалалары, Қарақия, Маңғыстау, Мұнайлы, Түпқараған аудандық филиалдарының жанынан құрылған комиссияларымен тұрақты түрде тұрғындар арасында сыбайлас жемқорлық мәселелерін түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізіледі. Алғашқы партиялық ұйымдардың мүшелерімен 2016 жылдың 10 ай қорытындысы бойынша 2000 қатысушысы бар 61-ден астам жиналыс өткізілді:


  • 2012-2015 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелрі бойынша «Нұр Отан» партиясының бағдарламасы;

  • Партия мүшелерінің этикасын сақтауы;

  • Жер заңнамалары;

  • «100 нақты қадам институционалдық реформалары» түсіндіріліді, насихатталды.




27.

«Өзіңнен баста» акциясын өткізу

Маңғыстау облысы бойынша ҚР МҚІ ж СЖҚА МОД-не, Маңғыстау облысы әкімінің аппаратына ақпарат

«Нұр Отан» партиясының Маңғыстау облысы бойынша филиалы (келісім бойынша жинақтау), облыс әкімінің аппараты, мемлекеттік органдар, қала және аудан әкімдіктері

жыл сайын

«Нұр Отан» партиясының Маңғыстау облысы бойынша филиалымен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің Маңғыстау облысы бойынша департаментімен бірлесіп жыл сайын мемлекеттік органдардың қатысуымен, «Өзіңнен баста» акциясы өткізілуде. Өткізілген шаралардың нақты саны мен маңыздылығы және өткізілу мерзімі бойынша ақпараттар nurotan_mof@mail.ru сайтында жариялануда.

Аталған акция «Нұр Отан» партиясының Ақтау, Жаңаөзен қалалық, Қарақия, Маңғыстау, Мұнайлы және Түпқараған аудандық филиалдарымен және облыстық мемлекеттік органдармен өткізілді. Олардың барлығы осы шараның талаптарын орындау мақсатында өздерінің кірістері бойынша есептерін жергілікті БАҚ-да және «Facebook» желілерінде жариялады (Растаушы құжаттар ретінде бірқатарының көшірмелері қосымша жалғанатын болады).

Сондай-ақ, 2016 жылдың алғашқы жартыжылдығында бұқаралық ақпарат құралдары және интернет-ресурстарда жергілікті атқарушы және аумақтық мемлекеттік органдары қызметкерлерінің кірістері туралы ақпаратын жариялау бойынша «Өзіңнен баста!» акциясы өткізілді. Акцияға жалпы саны 70-тен астам мемлекеттік қызметші қатысты.


28.

Мемлекеттік органдардың қызметі туралы интернет ресурстарда ақпаратты орналастыру бойынша жұмыстар жүргізу

ҚР МҚІ ж СЖҚА МОД-не, Маңғыстау облысы әкімінің аппаратына ақпарат

Маңғыстау облысы әкімінің аппараты (жинақтау), облыстық басқармалар

тұрақты

Облыс бойынша жергілікті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қызметі туралы арнайы тараулар жұмыс істеуде және тиісті ақпараттарды өзектілігіне қарай жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Алайда, кейбір құзырлы органдармен өзіне тисті тармақтарды сапалы деңгейде орындалуы жүзеге асырылмаған. Осы орайда, облыс әкімі аппаратымен орындалмаған жағдайда алдағы кезеңде тәртіптік жаза қолданылатындығы жөнінде қызметтік жазбалар арқылы ескертулер беріліп, толық деңгейдегі орындалысы міндеттелінді. Қазіргі таңда орындалысы бір жүйеге келіп, интернет-ресурстарына орналастыру жұмыстары жүзеге асырыла бастауда.

29.

Теледидарда білім беру саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізілген жұмыстар туралы айлық циклдағы көрсетілімдерді ұйымдастыру (бала бақшаларда орындар бөлу, және т.б.)

ҚР МҚІ ж СЖҚА МОД-не, Маңғыстау облысы әкімінің аппаратына ақпарат

ББ (жинақтау), Маңғыстау облысы бойынша ҚІММ (келісім бойынша)

тұрақты


Маңғыстау облыстық Білім басқармасымен ұсынылған мәліметке сәйкес, «Қазақстан Ақтау» телеарнасынан 2016 жылдың 4 ақпанында «Білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары» тақырыбында дөңгелек үстел өтіп, тікелей эфирде білім саласындағы мәселелері талқыланды.

Маңғыстау  облысының  білім  басқармасының ұйымдастыруымен және ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің қызметкері қатысуымен Ақтау қаласындағы № 6 мектебінде педагогикалық ұжымның қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбында дәріс өткізілді.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптық семинарлар жүйелі түрде өткізілуде. Ағымдағы жылдың сәуір-маусым айларында мектептерде «Пара алу құрдымға бастар жол», ал колледждерде «Таза сессия!» акциясы өткізілді. Акция аясында оқушылар мен ата-аналар арасында ақша жинауға қатысты сауалнамалар жүргізілді, сынып сағаттары өткізілді, қабырға газеттері шығарылды. Құқық қорғау қызметкерлерімен кездесу өткізді. БАҚ өкілдері қатысып, облыстық «Қазақстан - Ақтау» телеарнасында жарияланды.

Ағымдағы жылдың наурыз айына техникалық және кәсіптік білім ұйымдарының арасында «Өзіңнен баста» акциясы өтті. Шараның мақсаты- студенттер сессия барысында адал жолмен тиісті бағасын алу болып табылады.

Аталған акция аясында басқарма басшысының және орынбасарының 2015 жылғы жеке табысы мен мүлкі туралы ақпарат «Маңғыстау» газетіне (25.06.2016ж №111-112/9077/25) жарияланды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің Маңғыстау облысы бойынша департаментімен бірлесіп «Қазақстан-Ақтау» теолеарнасында «Қоғам және әйел» ток-шоуы ұйымдастырылып, аталған бағдарламаға департаменттің, Қазақстанның іскер әйелдер ассоциацысының, облыстық білім басқармасының, облыс әкімдігінің, Қазақстанның мұсылмандар діни басқармасы облыстық филиалының, «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері қатысты. Бағдарлама тақырыбы «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру». Бағдарлама барысында білім саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері көтеріліп, талқыланды.

Мектепке дейінгі ұйымдар жұмысының айқындылығын бақылау, басқару мақсатында 2016 жылы «Smart-Ex» ЖШС-нің жасақтауымен «Электронды мектепке дейінгі білім беру ұйымдары» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі Ақтау қалалық білім бөліміне қарасты 69 мемлекеттік балабақшаға енгізілді.

- мектепке дейнгі ұйымдардағы бос орындарға бақылауды автоматтандырады;

- балабақшаға келген,кеткен басқа балабақшаға ауысқан балалардың электрондық тізбесін жүргізеді;

- баланы балабашаға қабылдау және оған жолдама беру процесін ретке келтіреді;

- баланы басқа мектепке дейінгі ұйымға ауыстыру мәселелерін жүйелендіреді;

- балабақшадағы құжат айналымды ретке келтіреді;

- құзырлы органдарға есеп беру формасын жүйелендіреді.

Сондай-ақ, «Е-акимат» пен «Е-ДДО» жүйелерін кіріктіру (интеграция) жұмысының жедел түрде аяқталуын қамтамасыз ету мақсатында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-на хат жолданды.

Аталған жүйені енгізуді халық арасында түсіндіру мақсатында 06.02.2017 жылы Қазақстан-Ақтау облыстық телеарнасыың «Айна -Ақпарат» бағдарламасына мәлімет екі тілде берілді және әлеуметтік желілерде жарияланған.


30.

Мемлекеттік қызметтерді электронды нұсқаға ауыстыру бойынша жұмыстарды күшейту

ҰЭМ-не ұсыныс

Маңғыстау облысы әкімінің аппараты (жинақтау), облыстық басқармалар

тұрақты

Мемлекетік қызметтерді электронды форматтарға ауыстыру бойынша жұмыстар атқарылуда. Мемлекеттік тапсырыс бойынша шаралар электронды түрде жүргізіледі. ҰЭМ-не мемлекеттік органдардың қызметтері туралы интернет ресурстарында ақпарат орналастыру бойынша алдағы кезеңде де ұсыныстар енгізілетін болады.

31.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша шараларға қатысушы облыстың белсенді азаматтарын, журналистерді көтермелеу жұмыстарын ұйымдастыру

Облыс басшылығының Алғыс хатын табыстау

ІСБ, облыс әкімінің аппараты

жыл қорытындысы бойынша жыл сайын 25 желтоқсаннан кешіктермей


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет