3-міндет. Жаңа индустриялар мен қызмет көрсету саласын дамыту Цифрландыру мен технологиялық революция экономиканың дәстүрлі салаларының негізінде және айналасында жаңа индустриялардың пайда болуына мүмкіндіктер туғызады.
Жоғары өнімді қызмет көрсету экономиканың жаңа «өсу нүктесіне» айналуы тиіс және аэроғарыштық қызметтер, инжиниринг, АКТ, білім беру, медициналық туризм, заң қызметтері сияқты экспортталатын қызметтердің құрылымын әртараптандыру жоспарланып отыр.
Көліктік көрсетілетін қызметтерді дамыту.«Нұрлы жол» бағдарламасында көзделген қазіргі заманғы логистикалық хаб құру «Бір белдеу, бір жол» мемлекетаралық жобасы шеңберінде Қазақстанның транзиттік-көліктік әлеуетін тиімді пайдалануға және транзиттен пайданы ұлғайтуға мүмкіндік береді. Ол үшін отандық көлік-логистикалық инфрақұрылымды жаңғырту, логистикалық орталықтар құру мен сауда-саттық рәсімдерін оңайлату саясаты жалғастырылады.
Азия даму банкінің Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы бағдарламасы шеңберінде көлік-логистикалық бағыттарды дамыту бөлігінде одан әрі шаралар қолға алынатын болады.
Кедендік операцияларды орындау, жүктердің онлайн-режимінде қозғалысын қадағалау, жүк- және жолаушылар тасымалын жоспарлау мен құрудың зияткерлік жүйелер енгізіледі (оның ішінде «ауқымды деректер» қолдана отырып блокчейн технологиясы негізінде), бұл логистиканы Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азиядан Еуропаға дейін тартуға, мультимодальды тасымалдауды жүзеге асыру үшін халықаралық деңгейдегі сервистік инфрақұрылымды және сауда-логистикалық орталықтар желісін қалыптастыруға, инфрақұрылымды әрі қарай дамыту қажеттілігін анықтауға, авиахабтарды дамытуға мүмкіндік береді.
«Ашық аспан» саясаты іске асырылатын болады, бұл авиалогистиканың құнын төмендетуге, туристік және жүк ағындарын арттыруға мүмкіндік береді.
Әлемнің тораптық транзиттік нүктелерінде көлік-логистикалық объектілер құру бойынша шаралар қабылданатын болады. Қазақстан үшін халықаралық теңіз порттарына қолжетімділікті кеңейту мен әртараптандыру маңызды басымдық болып табылады.