Қазақстан республикасының ауылшаруашылық министрлігі


Сойысқа арналған ауыл шаруашылық құстары /ГОСТ 18292/



бет23/178
Дата24.11.2023
өлшемі3,89 Mb.
#193215
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   178
Байланысты:
аза стан республикасыны ауылшаруашылы министрлігі

Сойысқа арналған ауыл шаруашылық құстары /ГОСТ 18292/
Мынадай жалпы салмақ тартатын құстарды союға қабылданды: балапандар кемінде - 600г, балапан бройлерлер - 800г, күркетауық балапандары - 2800г, үйрек балапандары - 1300г, қаз балапандары – 2000г, сарала қаз балапандары - 600г.

Құстарды балапандарға жəне ересектерге бөледі. Ересек құстың жемсау кеудесінің сүйектері қатқан, қатты, аяқ буындары икемді, өкшесі



47


дамымаған, қолмен ұстағанда жұмсақ жəне қозғалмалы, тұмсығы қатаймаған.

Қоңдылығы жөнінен , құстар мынадай талаптарға сай келуге тиіс (төменгі шегі). Тауықтар, балапандар, балапан бройлерлер, күркетауықтар, мысыртауығы.


Кеудесі - бұлшық еттері қанағаттанарлықтай дамыған, кеуде сүйектері жемсауымен қоса дөңгеленген, төмен түспеген. Бройлердің кеуде сүйектері бөлшектеніп тұруы мүмкін. Қолтық сүйектерінің ұшы қолға білінбейді. Тері астының майлары болуы ықтимал.

Қарны - ересек құстың төменгі бөлігінде аздап жиналған май байқалады. Жас құстарда жиналған май болмайды.


Белі - бұлшық еттері қанағаттанарлықтай дамыған, ересек құстардың тері асты майларының жолдары əрең байқалады, ал жас құстарда ол мүлде болмауы мүмкін.
Терісі - түсі, ақшыл-қызғылт: күрке тауықта, оның балапандарында, сарғыш қаз бен балапандарында ақшылдай қарақошқылға дейінгі түстер болуы мүмкін.
Үйректер, оның балапандары, қаздар, оның балапандары
Кеудесі – бұлшық еттері қанағаттанарлықтай дамыған кеуде сүйектерінің тұмсығы бөлектеніп тұруы мүмкін.
Қанаттарының астында - қаздарда аздаған тері асты майы болуы, үйректерде, оның балапандарында жəне қаз балапандарында жиналған май қолға білінбеуі мүмкін.
Терісі - ашық қызғылттан ашық қызылға дейін болады. Жас үйректер 63 күнге келгенге дейін қабылдануға тиіс.

Құсты союдың технологиялық операциялары мен орындалуы. Ірі қара малдар сияқты, құс комбинатына союға əкелінген құстарды да дем алдыруға қояды. Құрғақта өсетін құстар үшін ол 10-12 сағат, суда жүзгіш құстарға –18 сағат. Бұл уақыт арасында оларды азықтандырмайды, бірақта су береді, өйткені ағзада қалған азықтың қорытылуы төмендейді де, асқазаны жақын арада тазармай жəне құстың салмағы төмендейді.
Құс комбинатында электрлі есеңгірету пайдаланылады, тоқтың күші 25 МА, есеңгірету 10-15 секунд шамасында іштей қансыратуды қан тамырларын пышақпен немесе қайшымен аузы арқылы кесіп жүргізеді. Сырттай қансырату үшін, пышақпен бір уақытта оң жəне сол ұйқы жəне көк тамырын кеседі. Соңғы кезде өндіріске құсты механикалық тəсілімен сою кіргізілді. Ол үшін құстың тұмсығын негізгі тамырларымен кесіп түсіреді. Тауықтарды қансырату үдерісі 2 минут, басқа құстарда – 3 мин, құстың тірі салмағынан 4-4,5 % қан шығады.

Құсты сою технологиялық үдерістері мынадай жүйеде жүргізіледі:




  • құсты соятын жерге əкелу;

  • жансыздандыру;

48


  • сою,қансыздандыру;

    • қауырсыздандыру;

    • ішек-қарын ақтару немесе жартылай ішек-қарнын ақтару;

    • салқындату;

    • сұрыптау;

    • таңба салу жəне буып-түю.

Құсты өңдеуге кəсіпорындарына контейнерлі автокөліктермен əкелінеді, құсты сою операциясын жеңілдету, еттің санитариялы-гигиеналық күйін жақсарту жəне толық қансыздандыру үшін құсты жансыздаңдыру операциясы жүргізіледі (14-сурет).


14– сурет. Айнымалы өнерк əсіптік тоқты қолданғанда тоқ жиілігі 50 Гц, кернеуі -550/950 В; ток күші 25 мА.

Жоғарғы жиілікті тоқты қолданғанда (3000 Гц) кернеуі - 260/300 В. Жансыздандыру уақыты: тауық пен тауық балапаны үшін 15-20 секунд;
қаз, үйрек, күркетауық - 30 секунд.
Жоғары жиілікті тоқ өнеркəсіптік тоққа қарағанда жүрек жұмысының бұзылуын азайтады. Кейінгі кезде кұстарды жансыздан дыру үшін түссіз су ортасы ретінде су немесе əлсіз тұз ерітіндісі қолданылады.
Бұл орайда айнымалы тоқтың кернеуі- тауық пен тауық балапандары үшін 90/110 В; үйрек пен қаз, күркетауық үшін 120/135 В, тоқтың жиілігі -


  1. Гц. Жансыздандыру уақыты 3-6 секундке дейін азаяды.

Құсты электртоғымен екі сатылы жансыздандыру үшін шет елдерде (АҚШ) автоматтар қолданады. АҚШ-та, Англияда құсты жансыздандыру СО2; газы атмосферасында да жүргізіледі. СО2 концентрациясы: тауық пен тауық балапандары үшін 30-40 %; үйрек - 50-60 %; қаз, күркетауық - 70-75


  • Есінен тандыру уақыты 2-3 минут.

Құсты есінен таңдыруда газды қолдану құсты өңдеу уақытын азайтады. Құсты сою жансыздандырғаннан кейін 30 секунд аралығында жүргізілуі қажет. Құсты сою сыртқы жəне ішкі тəсілдерімен жүргізіледі. Сыртқы тəсіл



49

автоматтандырылған желілерде жүргізіледі. Бұл тəсілде союүдерістерін механикаландыруға, автоматтандыруға болады.

Кейбір өндіріс орындарында екі түрлі сыртқы тəсіл қолданылады: бір жақты , екі жақты тəсілдер. Бір жақты тəсілде құсты құлағынан 15 -20 мм төмен жерден пышақпен ұйқы күре тамырларын кеседі, басы толық кесіліп қалмас үшін тауық пен тауық балапандарының бастарын 10-15 мм дейін, ал қаз, үйрек, күркетауықты 20-25 мм артық кесуге болмайды. Екі жақты тəсілде мойын құлашынан 10 мм төмен кесуге болады. Бұл жеңіл тə сіл жəне көп жұмысты қажет етпейді. Құстың басын кесетін қондырғы 15- суретте көрсетілген.



Құсты жансыздандыру қондырғысы

15– сурет. Құстың басын кесетін қондырғы. 1-кұс ұшасы; 2- жылжытқыш шнек;

3- бағыттағыш.

Ішкі тəсіл кұстарды ішек-қарнын жартылай ақтарып өңдеген кезде қолданылады. Бұл ұшін өткір қайралған қайшының ұштарымен құстың таңдайындағы күре тамырларды кеседі. Қансыздандыру уақыты: тауық пен тауық балапаны - 90-120 секунд; қаз, үйрек жəне күркетауық - 150-180 секундка дейін барады. Қанның шығымы-тауық, балапандары үшін- 4-5 %, үйрек, қаздар үшін - 5-6 %.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   178




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет