Шошқаның ұшасын терісімен өңдеу. Шошқаның ұшасын терісін түсірмей жəне терісін түсіріп өңдейді. Бірінші тəсіл бойынша қансыра-тудан соң, шошқаның ұшасын конвейерден ыстық су (62 -65 °С) чанына түсіреді де, онда 3- 5 минут ұстайды. Мұндағы мақсат теріден доңыз қылшықты (щетина) жəне терінің сыртқы қабығын (эпидермис) бөліп түсіру.
Бұдан кейін, доңыз қылшықтан түгелдей тазалау үшін тарақша машинкадан өткізеді, қалған доңыз қылшықты қолмен тазалайды. Ə рі қарай ұша күйдіретін пешке түседі, онда 100 °С ыстықта 15-20 минуттай үйітеді. Үйітіліп болған ұшаны тазалайды жəне оңдап жуады, ішіндегі мүшелерді
алып, етінен трихинеллезға зерттеу үшін сынама алады. Терісімен алынған ұша бекон етін дайындауға, немесе жалпы ет дайындауға пайдаланылады.
Шошқаның ішкі мүшелерін өңдейтін конвейер үстелі жалпақ табақ тəріздес болып келеді.
Алынған ішкі құрылыс органдарын ұшаға қарама-қарсы табақшаға қояды . Ұсақ ет комбинаттарында ішкі мүшелерді стационарлық үстелде алып, өңдейді.
Ұшаны жартылап бөлу.
Ішкі мүшелерді алғаннан кейін ірі қара мал мен шошқаның ұшасы тек екі жартыға бөлінеді. Екіге бөлу арамен омыртқа желісінің бойымен жоғарғы қылқанды өсімшелерден сəл ауытқып, жұлынды бұзбай орындалуы қажет. Бұл үшін механикалық ара қолданылады. Шошқаның ұшасын екіге бөле келіп, мойынның қасына келгенде тұтастай қалдырады. Жылқының жəне басқа ірі малдардың ұшасын екіге жəне төртке бөледі. Ұсақ қара малдың, бұзаудың, торайдың жəне құлынның ұшасын жартыламайды.
Ұшаларды бөлу тасымалдауды, штабелде жинауды жеңілдету жəне суықпен өңдегендегі ауданды үнемдеу үшін жүргізіледі.
Шошқаның ұшасын екіге бөлгеннен кейін диафрагманың тұсынан массасы 80 грамдай ет өлшеп кесіліп алынып трихинеллоскопияға тексеріледі. Трихинеллоскопияға тексеру ұзақтығы 10-15 минут.
Арамен ұшаны екіге кескеннен кейін оны құрғақ жəне ылғалды тазалау жүргізіледі. Құрғақ тазалау кезінде жұлынды, бүйрек, құйрық, диафрагманың қалдығы, ішкі май, ластанған жерлер алынады, қойда бүйрек пен бүйректің маңындағы май ұшада қалады, алынбайды. Құрғақ жəне ылғалды тазалаудан кейін етке таңба басылып, тоңазытқышқа жіберіледі.
Ұшаны тазалау. Бұл жұмыспен малды сойып өңдеу технологиясы аяқталады. Ұшаны тазалағанда , оның тауарлық түрі жарасады, малдəрігерлік тазалығы жоғарлап, ет жақсы сақталатын болады. Ірі қара малдың ұшасын тазалау екі түрлі болады: құрғақ жəне ылғалды. Көп жағдайда құрғақ тазалаумен ғана тоқтайды. Ұшаның кір болған, қан ұялаған, ұрғаннан жара қалған, бауыздаған жерлерін, көк жəне бұлшық еттің, майдың қалған қалдықтарын алып тастайды. Бүйрек жəне бүйрек майын алып, жұлынын суырып алады жəне құйрығын кеседі. Егерде ұша кір болса, жылы сумен (30- 40 °С) жуады. Ұшаны тазалап болғаннан соң, тауарлық бағалаудан жəне малдəрігерлік-тазалық сараптамадан өткізіп, оны таңбалайды.
Достарыңызбен бөлісу: |