Шошқаны сою технологиясы
Шошқаны алғаш өңдеуді сою-бөлу цехында өткізеді. Алғаш өңдеу түсінігіне мынадай операциялар кіреді: есеңгірету, қансырату, терісін түсіру жəне күйдіру (қылшығын) ішкі мүшелерін шығару, ұшаны екі бөліп кесу, еттің сапасын бағалау жəне ұшаны өлшеу (сурет 12).
Шошқаны қансыздандыру мойын мен кеуде бөлігінің қосылған жеріне істік пышақты тығу арқылы жүргізіледі. Бұл жерде пышақтың ұшын жоғары қарай бағыттау керек, пышақты жүрекке тигізбей көк тамыр мен күре тамырдың қосылған жерінен кеседі. Жақсы қансыздандыру үшін тілген жерін пышақты бас жаққа бағыттап 10-15 см-ге дейін кеңейтіп үлкейтеді, қансыздану 6-8 минутқа созылады. Содан кейін ұшаны қаннан жəне ластан тазарту үшін оны 25- 30°С-тағы жылы сумен жуады. Шошқаны қансыздандыру кезінде пышақты жаурын астына жəне жүрекке бағыттап сұғуға болмайды, өйткені бұл жағдайда кеуде бөлігі қанға толып, сол жақ алдыңғы сан еттерінің тіндеріне сіңіп, оның сапасы төмендейді. Сонымен қатар етті ет өнімдерін өңдеуге жарамсыз етеді, ұша толық қансызданбайды, жанама өнімдерінің сапасы нашарлайды.
Шошқа ұшасынан терісін сыпыру. Шошқа ұшасын тігінен іліп тері сыпыру үшін , алдымен бас терісін, екі құлақ арасын тіліп (қарақұс бойымен), əрі қарай көзден 2-3 см төмен тіле отырып, төменгі жақтардың түбіне дейін кесіп шығады. Теріні бос тұрған артқы аяғынан бастап сыпырады. Осы мақсатта тірсек буынының терісін айналдырып, шеңбер етіп тіліп шығады. Содан кейін ішкі жағының терісін шапқа дейін тіледі. Дəл осылай етіп екінші аяғын да тіледі.
39
Келесі операция – тік ішекті кесу, айналдыра тіліп артқы тесіктің бұлшық етін бөліп алып тастайды. Содан кейін шап терісін тіледі жəне ішінің ақ сызығымен немесе желіннің сызықтары арқылы төс бөлігіне дейін тіледі.
Теріні қолдан сыпыруды – кеудеден, алдыңғы саннан, алдыңғы аяқтарының ішкі бөліктерінен, мойын, жаурын, арқаларынан бастап келіп, бүкіл ұшаның жоғарғы жағын алып түйеді.
Шошқаны көлденеңнен қойып теріні сыпыру үшін ұшаны арқасымен үстел үстіне жатқызады. Теріні тілу мен түйуді, сол ұшаны тігінен қойып жүргізеді, яғни бірдей. Ұшаны тілу сызықтарымен тіліп болған соң, оны іліп, əрі қарай теріні сыпырады немесе механизм көмегімен сыпырады.
Шошқаның терісі басқа малдың терісіне қарағанда жүндес болмайды, оның үстінгі эпидермисі калың болады. Малдың терісі түріне байланысты ірі, ұсақ жəне шошқа тері шикізаты деп бөлінеді. Шошқа тері шикізатына шошқа терісі жатады.
12– сурет. Шошқаны союға арналған конвейерлі желі
I- зона - шошқаны жуу;
II- зона - электр тоғымен жансыздандыру;
- зона - қансыздандыру жолына көтеру;
- зона - шошқа ұшасын жуу, қылын жұлу;
VI- зона - қансыздандыру жолынан терісін сыпыру жолына қайта ілу;
40
VII- зона - ұшаның бөліктерінен терісін қолмен сыпыру;
VIII- зона - теріні сыпыру.
IX- зона - теріні шелдеу;
–зона-ұшаның ішкі құрылысын алу жəне тексеру; XI- зона - трихинелесскопия жəне ұшаларды тексеру; ХII -зона - ұшаны құрғақ тазалау;
ХШ - зона - ұшаны жуу жəне таңба салу.
Достарыңызбен бөлісу: |