Қазақстан республикасының ауылшаруашылық министрлігі


Эталон бойынша сүттің тазалығы



бет107/178
Дата24.11.2023
өлшемі3,89 Mb.
#193215
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   178
Байланысты:
аза стан республикасыны ауылшаруашылы министрлігі

Эталон бойынша сүттің тазалығы
Сүттiң тазалығының үш тобы бар:
1-шi топ сүзгiште лас түйiршiктердiң болмауы.
2-шi топ сүзгiште лас түйiршiктердiң аз ғана iздерi болады.
3-шi топ сүзгiште сарғыш түстi нүктелер сияқты лас түйiршiктер кездеседi.
Егер өлшейтiн болсақ, 1 литр сүтте, 1-шi топта 3мг, ал 2-ші топта 4-6 мг, 3-шi топта 7-10 мг лас түйiршiктер кездеседi.

Анықтау тəсiлi. Сүттің тазалығын түбі жоқ «Рекорд» пробиркасымен анықтайды. Ең алдымен аспапты столдың шетіне бекітеді, сонан соң түбінде торы бар арнайы тетікті төмен қарай басып, дөңгелек пішінді мақта сүзгіні салады да, қақпағын жабады. Сүзгі арқылы жақсы араластырылған 35-40 градус жылылықтағы сүтті өткізеді. Сүзіп болғаннан кейін сүзгіні алып, елегiн iң үстiне дəкеден немесе фанель, лавсан матасынан дөнгелек сүзгiш жасап саламыз. Сауған сүттi жақсылап араластырып (шелекте, сауу аппаратында, цистернада) ыдыс түбiне жақындата 250мл сүт аламыз. Сүттi прибор аркылы өткiзiп, сүзгiштегi механикалық ластарды эталонмен салыстырамыз.



Сүт сапасын балдық жүйеменбағалау

Сүттің сапасын бағалау органолептикалық жəне физика - химиялық əдіспен жүргізіледі. Тағамдық мақсатқа қабылданатын сүттің органолептикалық көрсеткіштері 5 баллдық жүйемен бағаланады (кесте - 23). Кесте бойынша 5 жəне 4 баллмен бағаланған сүтті МЕМСТ 13264 - 88 мен бекітілген стандарт жəне басқа көрсеткіштері бойынша жоғары, бірінші немесе екінші сортқа жатқызады. 3 баллмен бағаланған сүтті қысқы - көктем мезгілінде екінші сортқа жатқызады, жылдың қалған мезгілінде - сортталмаған болады.

Сыртқы түрі, дəмі, иісі , температурасы, тығыздығы, қышқылдығы, массалық бөлігі, жылумен өңдеу əсерлігі сүттің əр партиясынан анықталады. Белоктың массалық бөлігін, соматикалық клеткалардың мөлшерін , бактериалдық тұқымдануын, ингибиторлық заттардың болуын он күнде бір рет анықтайды. Стерилденген жəне балалар сүт өнімдерін шығаратын өндіріске белгіленген сүттің əр партиясының термотұрақтылығы жəне нейтралданған заттардың бар екендігіне күмəн туса, ол анықталады. Сүттің сыртқы түрін анықтағанда консистенциясының


188


біртектігіне жəне тұнба болуына көңіл бөледі. Консистенцияның біртектілігін араластыру арқылы, ал тұнба болуын ыдыстың түбін қарап анықтайды. Түсін, дəмін ж əне иісін сүтті стаканға құйып күн жарығымен, қарайды. Егер сүтте бөтен түс болмаса дəмін ішіп қарайды. Ауру малдың сүтінің дəмін байқамайды.


23 – кесте. Өнімнің органолептикалық көрсеткіші













Иісі мен дəмі

Сүтті бағалау

Балл

Таза, жағымды, сəл тəттірек

өте жақсы

5

Жеткіліксіз көрсетілген, бос

жақсы

4

Əлсіз, азықтық, əлсіз қышқылды, сəл нан

қанағаттанарлық

3

дəмді, əлсіз липолизді , аздап таза емес







Азықтық көрсетілімі, сүтке ащы нан дəмі,

нашар

2

тұзды, қышқыл, липолизді, борсыған дəм







беретін, соның ішінде пияз, сарымсақ,







жусан т.б шөптер







Ащы, ашыған, өңезденген, шіріген: мұнай

нашар

1

өнімдерінің, дəрі, жуушы заттар мен







дезинфикциялық заттар жəне басқа да







химикаттардың исі мен дəмі










Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   178




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет