Қазақстан республикасының ауылшаруашылық министрлігі


Ұшаның жартылай ішін жару (полупотрошение)



бет24/178
Дата24.11.2023
өлшемі3,89 Mb.
#193215
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   178
Байланысты:
аза стан республикасыны ауылшаруашылы министрлігі

Ұшаның жартылай ішін жару (полупотрошение). Ең бірінші құстың артынан дөңгелек тесік кеседі, кейін бұл тесіктен бастап құрсақ қуысын (брюшная полость) бойлай отырып кеуденің басына дейін кеседі. Тауықтың ұшасын кесу ұзындығы 3-4 см болса, үйрек жəне қаздікі 6-7 сантиметрдей. Содан кейін ұшаны бір қолмен ұстай отырып, екіншісімен ішегін шығарады да, байқап қана оны асқазаннан бөледі. Құсты ішті əдіспен сойғанда ауыз қуысына қағаз тығынын тығады, ал сыртқы əдіспен сойғанда басын жəне мойнын екінші мойын омыртқасына дейін сумен жуғаннан соң, қағазбен орайды.

50


Ұшаны жартылай өңдеу санитарлық көрсеткіш жағынан төмен, өңдеу үшін көп уақыт кетеді жəне басы, аяғы, ішкі мүшелері ештеңеге қолданылмайды.
Ұшаның ішін жару (потрошение).Қазіргі кезеңдеұшаның ішін жару барлық өндірісте тə жірибеге енгізіліп, ұшаның жартылай ішін жару əдісін ығыстырып келеді. Ұшаның ішін жару əрбір ұшаны жəне оның ішкі мүшелерін мұқият ветеринарлық-санитарлық сараптамадан өткізуді қамтамасыз етеді.

Ұшаның ішін жарғанда аяқтарын алып тастайды, тікішегінің кеңіген бөлігін (клоака) айналдыра дөңгелектеп кеседі, құрсақ қуысының қабырғасын төс сүйегінің түйініне (кил) дейін кесіп, ішектерін жəне ішкі мүшелерін алып, малдəрігерлік қарауға ұшаның сол жағына ілулі қалдырады. Малдəрігерлік-санитарлық қараудан өткізілгеннен соң, əрі қарай өңдеу жалғасады. Жүрегін алып, өт қабын абайлап көк бауырдан бөледі. Бұлшық етті асқазанын бойлай кесіп, ішіндегі құрамын алып тастап, сумен бірнеше қатар жуады. Құрғақта өмір сүретін құстар асқазанының сырт қабатын (кутикула) сыпырып тастап, одан кейін кезектеп басын екінші мойын омыртқа қасынан, кеңірдекті жəне өңешті бөтекесімен, өкпе жəне бүйректері, ең соңында мойнын негізіне дейін кесіп алынады. Ұшаның ішін жартылай жарғанда, немесе түгелдей жарғаннан соң, ұшаны сумен жуады. Техникалық қалдықтарды (бас, ішек, кеңірдек, өңеш , өкпе, бүйректер, аналық жыныс безі жəне т.б.) малға ақуызды азықтар дайындауда, шикі заттар ретінде пайдаланылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   178




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет