Қазақстан республикасының ауылшаруашылық министрлігі


Қоян терісін алғаш өңдеу жəне консервілеу



бет22/178
Дата24.11.2023
өлшемі3,89 Mb.
#193215
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   178
Байланысты:
аза стан республикасыны ауылшаруашылы министрлігі

Қоян терісін алғаш өңдеу жəне консервілеу.Түсірілген теріні жоралауға (обрядка) кіріседі, бұлшық ет кесімдерін, сүт бездер қалдықтарын, сырт жыныс мүшелерін кесіп алып тастайды да, көз тесіктерінен ұшаны суыту үшін 1 сағатқа ілгішке іледі. Терілерді қатар-қатарлап үйіп салуға болмайды. Теріні механикалық əдіспен майдан айырады , яғни сына түстес түзеткіш қалыпқа жайғастырып пышақпен қырады. Теріні кептіргенде, ылғал ұшуына кедергі жасайтын шоғырланған майды алады, олай істелінбесе терінің шелі (мездра) көгеріп шіриді, оның төзімділік қасиеті нашарлайды. Май қалдықтарын толық кептіру мақсатпен, теріні аздап бензин жəне ылғалдандырылған ағаш үгінімен сүртеді. Теріні тұщы-құрғақ əдіспен консервілейді, температурасы 350С-дан жоғары емес жəне ылғалдығы 30-50% жақсы желдеткішпен жабдықталған үйде кептіреді. Теріні пештің, оттың жəне күннің көзінде кептіруге, қабырғаға жантайта сүйеуге, түзетуімен тақтайға қоюға болмайды.

Тездетіп жəне біркелкі кептіру үшін, терілерді қашықтығы 10 сантиметрден, тақтайдан биіктігі 1,5 метрдей етіп ілгекке іледі. Осылайша кептірілген терілер созылғыш, икемді жəне оңай майысатын, бірақ сынбайтын, құрамында 14-16% ылғал болуы қажет.



Құсты сою жəне алғаш өңдеу. Құс өсіретін жəне құстарды қайта өңдейтін өндірістер халықты бағалы еттер жəне жұмыртқалармен қамтамасыз ететін халық шаруашылығының ең тиімді саласы болып есептелінеді.

Құстардан 4-6 айлық жаста өнім алуға болады, ал бройлер 70 күннің ішінде 1,5 кг салмаққа дейін өседі.

Сойылып ішек қарыннан тазаланған тауық, қаз, үйрек жəне түйе тауық ұшаларынан таза еттің салмақ шығымы 57-60%, ал жартылай тазаланған мөлшері 77-80%.
Химиялық құрамына байланысты сойылған малдардың етіне қарағанда құс еттерінің құрамында бағалы биологиялық ақуыздар мен еритін майлардың болуымен ерекшеленеді. Құс еттерінің құрамында:


  1. Су – 50-75%

  2. Ақуыз – 16-22%

  3. Май, минералды заттар -16-45%

  4. Дəрумендер 1% болады.

Құстың еті мен майы адам ағзасында жақсы қорытылады. Құстардың ұшасын түріне, жасына, термикалық жағдайына, өңдеу тəсіліне жəне семіздігіне қарай жіктейді.
Түріне жəне жасына қарай құстарды шөже жəне тауық, түйе тауық шөжесі жəне түйе тауық, үйректер жəне үйрек балапаны, қаз жəне қаз

46


балапаны деп бөледі. Тауық, түйе тауық, үйрек жəне қаздар жынысына қарай топқа бөлінбейді.

Термикалық жағдайларына қарай ұшаларды 25оС дейін суытылған, 4 оС дейін салқындатылған жəне 6оС температураға дейін тоңазытылған деп бөледі.

Өңдеу тəсіліне қарай ұшаларды толық тазаланған (қарналған) жəне жартылай тазаланған (жартылай қарналған) деп екіге бөліп қарастырады. Толық тазаланған ұшаларға – басы, қанаты, сирағы жəне ішкі мүшелері алынып тасталған құс ұшалары жатса, жартылай тазаланған ұшаларға – мамығынан тазартылған жəне ішектері алынып тасталған ұшалар жатқызылады. Тазаланған ұшаларды кейбір ішкі заттарынсыз шығаруға рұқсат береді.

Жартылай тазаланған жас құстардың ұшалары суытылғаннан кейін, олардың салмағы (граммен есептегенде аз болмау керек) балапандар – 480г, бройлерлерд – 640г, үйрек балапандары – 1030г, қаз балапандары – 1580г, күрке тауық балапандары – 1620г болуы керек. Барлық партияның ішінде 15% дейін жартылай тазаланған түрде салмағы 400 ден 480 г дейін балапандар ұшасы болуы мүмкін.


Семіздігіне жəне ұшаларды өңдеу сапасына байланысты құстардың барлық түрлері І-ші жəне ІІ-ші категориялы деп бөлінеді. І категориялы тауықтар мен күрке тауықтарда бұлшық еттері жақсы жетілген, сүйек ұлпалары білінбейді, қарны мен төсінің астында май жақсы жиналған, тері астындағы май сирағында, санында жəне қанаттарында болмауы мүмкін. Сондай-ақ ұшада екіден көп емес жыртық жерінің болуы, ептеп ұрылған жəне эпидермис терілерінің көтеріңкі жерлері бар ұшалар кездеседі.


  • категорияға бұлшық еттері қанағаттанарлық жетілген, сүйек ұлпалары білінген, бірнеше жерінен терісі жыртылған ұшалар жатады. Бұл қоңдылық белгісі құс ұшасының арқасына І категорияға қызыл түспен, ІІ категория көк түспен таңбаланады.

Пакеттерге оралған құс ұшаларының пакет сыртындағы таңбаларында құс еті туралы мəліметтер толық беріледі.Құс еттері салынған жəшіктерде шартты белгілермен құстардың түріне қарай қызыл бояумен таңбалайды: шөжелерге – Ш, бройлер шөжелеріне БШ, тауықтарда – Т (К), үйрек балапан етіне ҮБ т.б.Өлшеніп қорапталған барлық құс еттері семіздік дəрежелері белгілері мен салқындатылып немесе тоңазытылып мөлдір полимер пленкаларына оралып, сауда орындарына шығарылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   178




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет