Сиыр етінің жартылай фабрикаттары. Сиыр етінен алынған жартылай фабрикаттар табиғи, ұнға аунатылған жəне турамаланған болады.
Табиғи жəне аунатылған жартылай фабрикаттарды 90° жəне 45° бұрышпен талшықтарын көлдененінен кесіп, жалғаушы ұлпасын жұмсарту жəне қалыңдығы бойынша кесекті тегістеу үшін шапқымен ұрғылайды. Жартылай фабрикат жылулық өңдеу кезінде деформацияланбас үшін, сіңірлерін кесіп тастайды. Кейбір табиғи фабрикаттарды шпиктейді немесе маринадтайды. Шырындылық пен дəм беру үшін тұздалған шошқаны маймен, түбір тамырлармен, сарымсақпен шпиктейді. Жалғаушы ұлпаны жұмсарту жəне аромат пен дəм беру үшін маринадтайды (25 сурет).
Ірі кесекті жартылай фабрикаттардан порциялы (табиғи жəне аунатылған) жəне ұсақ кесекті жартылай фабрикаттар кесіп алады. Табиғи порциялы жартылай фабрикаттарды жалғаушы ұлпа аз ұша бөліктерінен алады жəне порцияға бір-екі кесектермен жіберіледі. Аунатылған порциялы жартылай фабрикаттарда жалғаушы тін кебірек болады, сондықтан кепкен нан ұнтағына аунатар алдында ұрғылайды. Ұнтақ жақсы жабысу үшін жартылай фабрикаттарды льезонга батырып алады.
25 - сурет. Сиыр етінен алынған порциялы жартылай фабрикаттар
(а) кесекті жəне ұсақ кесекті (б)1 - бифштекс; 2 - сүбе; 3 - лангет; 4 - антрекот; 5 - ромштекс; 6 - тұмшаланған сиыр еті; 7 - бефстроганов; 8 - кəуап; 9
қуырма ет; 10 - азу; 11- гуляш.
Достарыңызбен бөлісу: |