Ескерту: ұсақ малды тасымалдағанда тірілей салмағын жоғалту, ірі қара мал тасымалдағанмен бірдей.
29
Малды жайып айдау
Көбіне ірі қара жəне ұсақ малды жақын араға апарады: жақын ет комбинатына, теміржол стансасына, су пристанына. Айдайтын малды да жоғарыда айтылғандай, жасына жəне қоңына қарай топтайды. Табындық құжат толтырылып, малдəрігерлік куəлік беріледі.
Айдайтын жолды облыстық қызметкерлер анықтайды, мұнда шаруашылықтардың жұқпалы аурудан сау екені еске алынады. Жол бойы бірінен -біріне дейін, 6-7 км қашықтықта жайылым жəне суат болуы керек. Егерде жайылым болмаса , малды қысқы азықпен қамтамасыз етеді. Табынның шамасы-ірі қара мал 250 бас, қой жəне ешкі 100 басқа дейін. Жолдық қоңын жақсы ұстау жəне тірі салмағын төмендетпеу үшін - сиыр тобына бұқа, ал қой тобына - қошқар қосып айдайды. Бірінші күні ірі қараны айдау жылдамдығы тəулігіне 10 км, қой жəне ешкі 6-8 км дейін. Сосын мал үйренгеннен соң 5-6 км, қосып отырады. Егерде жайылым жəне суат болмаса ірі қараның айдау жылдамдығы 25-30, қой жəне ешкі 20 шақырымға дейін. Күн тəртібі: айдауды таңертеңгі жарықтан бастайды , 3-4 шақырым жүріп, 2-3 сағат демалыс, тағы 5-6 км. Сағат 12-15 арасында дем алу, тағы айдау. Жолда мал сою деген болмайды, əсіресе жұқпалы ауру болғанда. Дегенмен, мал өлейін деп тұрса жəне оны жеткізуге шама келмейтін болса, сояды. Еске алатын жағдай, сою жолдан 100 м қашықтықта жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |