Қазақстан республикасының ауылшаруашылық министрлігі



бет24/272
Дата28.12.2021
өлшемі3,89 Mb.
#128904
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   272
Байланысты:
консерв окулык

Тері түсіру. Қансыратудан кейін, ірі қара малдың ұшасын конвейірмен жылжытады. Ұшаның ең бірінші терісін басынан түсіріп, аяқтарын кесіп алады (забеловка туш). Ұшаның басқа мүшелерінде қалған теріні механикалық тəсілмен сыпырып түсіреді. Жоғарыдай тері түсіру аумағы, барлық тері аумағымен салыстырғанда ірі қара малдікі 20-25%, қойдікі 40%, шошқанікі 35-40% дай болады. Тері түсіру операциясын өте тыңғылықты жəне байқап жүргізеді, өйткені бұдан ұшаның тауарлық түрі байланысты. Теріні қалай болса солай түсірсе, біріншіден ұшаның етін-майын кескілеп құнын кетірсе, екіншіден терінің өзі тесік-тесік болып, оның терілік шикізаттық құны төмендейді.

Терілердің өз құрылысымен жəне қасиеттерімен малдың түріне жəне жасы мен жынысына байланысты айырмашьшықтары бар. Ол тумаған немесе өлі туған бұзаулардың, сүт еміп жүрген бұзаулардың, сүттен жем-



35

шөпке көшкен бұзаулардың, сиырдың тері, бұқаның, шошқаның жəне ұсақ мадың терілері деп бөлінеді (сурет 9).

9- сурет. Ұсақ малдың



терісін сыпыруға арналған

үздіксіз жұмыс істейтін

қондырғылар

а – барабанды: 1-барабан, 2 – ілгектер, б - екі конвейерлі: 1-тасымалдағыш конвейер , 2-көлбеу конвейер, в - үш конвейерлі: 1 -тасымалдагыш конвейер, 2-аяқтарды бекітетін конвейер, 3-теріні сыпыратын конвейер.

Малдын терісі түріне байланысты ірі, ұсақ жəне шошқа тері шикізаты деп бөлінеді. Ұсақ тері шикізатына жас ірі малдың, бұзаудың, қойдың жəне ешкінің терісі жатады. Ірі тері шикізатына ірі малдың терісі жатады. Шошқа тері



шикізатына шошқа терісі жатады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет