Қазақстан республикасының ауылшаруашылық министрлігі



бет26/272
Дата28.12.2021
өлшемі3,89 Mb.
#128904
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   272
Байланысты:
консерв окулык
практика 4, Ет консервілердің жіктелуі және ассортименті, AUES Ungarov, Жанбараков Ж..... 7 СРС, Физика. Тәжірибелік сабақ. №1, aidos ezh zhogary matematika1 2, 4 наука, Кәсіпкерлік 5, Ақпарат түсінігі ЦТ срсп, физиология, 1топ Осн биотех 9практ, 9 БӨЖ, Виртуальный лабораторный практикум по дисциплине База данных, семестрлик жумыс Толегенова Асем
Ұшаны жартылап бөлу.Ішкі мүшелерді алғаннан кейін ірі қара малы мен шошқаның ұшасы тек екі жартыға бөлінеді. Екіге бөлу арамен омыртқа желісінің бойымен жоғарғы қылқанды өсімшелерден сəл ауытқып, жұлынды бұзбай орындалуы қажет. Бұл үшін механикалық ара қолданылады. Ұсақ қара малдың, бұзаудың, торайдың жəне құлынның ұшасын жартыламайды.

Ұшаларды бөлу тасымалдауды, штабелде жинауды жеңілдету жəне суықпен өңдегендегі ауданды үнемдеу үшін жүргізіледі.

Қойдың етін бөлу үшін электрлік немесе пневматикалық аралар қолданылады.

Арамен ұшаны екіге кескеннен кейін оны құрғақ жəне ылғалды тазалау жүргізіледі. Құрғақ тазалау кезінде жұлынды, бүйрек, қүйрық, диафрагманың қалдығы, ішкі май, ластанған жерлер алынады, қойда бүйрек пен бүйректің маңындағы май ұшада қалады, алынбайды. Құрғақ жəне ылғалды тазалаудан кейін етке таңба басылып, тоңазытқышқа жіберіледі.

Ірі қара малын сою үдерісін жүзеге асыру үшін тасқынды механикаландырылған желі қолданылады (11- сурет).

37


11– сурет. Ірі қара малды союға арналған конвейерлі желі



  1. - жансыздарндыру, аспалы жолға көтеру; II - артқы аяғынан ілмекке ілу;

III - қансыздандыру; IV - тамақтан қан жинау;

V - ветеринарлық-санитариялық тексеру, басты алғашқы өңдеу; VІ - қансыздандыру жолынан терісін сыпыру жолына қайта ілу; VІІ - терісін қолмен сыпыру (забеловка);

VIII -теріні механикалық жолмен сыпыру; IX- ішкі мүшелерді алу жəне тексеру;

Х - қарынды алғашқы өңдеу; ХІ - ұшаны екіге аралап тексеру;

XІІ- жарты ұшаларды құрғақтай тазалау; XIІІ - ұшаларды сумен тазалау;

XІV - таңбалау, өлшеу жəне тоңазытқышқа жіберу.



Ұшаны тазалау. Бұл жұмыспен малды сойып өңдеу технологиясы аяқталады. Ұшаны тазалағанда , оның тауарлық түрі жарасады, малдəрігерлік тазалығы жоғарлап, ет жақсы сақталатын болады. Ірі қара малдың ұшасын тазалау екі түрлі болады: құрғақ жəне ылғалды. Көп жағдайда құрғақ тазалаумен ғана тоқтайды. Ұшаның кір болған, қан ұялаған, ұрғаннан жара қалған, бауыздаған жерлерін, көк жəне бұлшық еттің, майдың қалған қалдықтарын алып тастайды. Бүйрек жəне бүйрек майын алып, жұлынын суырып алады жəне құйрығын кеседі. Егерде ұша кір болса, жылы сумен (30- 40 °С) жуады. Ұшаны тазалап болғаннан соң, тауарлық бағалаудан жəне малдəрігерлік-тазалық сараптамадан өткізіп, оны таңбалайды.

Етті таңбалау - оны азықтыққа жарамдылығын жəне қоңдылығының категориясын көрсетеді. Барлық малдың (үй қояны жəне құстан

38

басқаларынан) ұшасын таңбалау үшін үш түрлі таңба қолданылады: дөңгелек, төртбұрышты жəне үшбұрышты, ал шошқаның еті үшін сопақ жəне ромбы түрлі (40х40 мм, бұрышы 60 жəне 1200). Таңбада республиканың атауы, мекеменің нөмірі, тұтыну кооперациясының малдары үшін таңбада «Потребсоюз» деген сөз жазылады. «М» əрпі таңбасы тұрса- жас ірі қара малдың жəне торайдың еті болып есептеледі. «Б» əрпі тұрса-кестірілмеген бұқа жəне қодастың еті болады. «К» əріп-ешкінің еті. ЖС- стандартсыз ет.



Таңбалау реті келесідей жүргізіледі: Дөңгелек таңба - бірінші категориялы барлық малдың еті шошқаның бекон жəне сүт емген торайдың етіне; Төртбұрышты таңба-екінші категориялы етке; Сопақша таңба-шошқаның майлы етіне; Үшбұрышты таңба –барлық түрлі малдың (шошқадан басқа) арық етіне; Жылқының, бұғының, түйенің етіне таңбаның оң жағынан қосымша штамп қояды (аумағы 25х50мм), онда еттің түрі көрсетіледі. Ақтыққа жарамайтын етке «Утиль» деген сөзі бар штамп қойылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет