Қазақстан республикасының ауылшаруашылық министрлігі



бет25/272
Дата28.12.2021
өлшемі3,89 Mb.
#128904
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   272
Байланысты:
консерв окулык
практика 4, Ет консервілердің жіктелуі және ассортименті, AUES Ungarov, Жанбараков Ж..... 7 СРС, Физика. Тәжірибелік сабақ. №1, aidos ezh zhogary matematika1 2, 4 наука, Кәсіпкерлік 5, Ақпарат түсінігі ЦТ срсп, физиология, 1топ Осн биотех 9практ, 9 БӨЖ, Виртуальный лабораторный практикум по дисциплине База данных, семестрлик жумыс Толегенова Асем
Ішкі мүшелерді алу (нутровка). Ішкі мүшелерді қансыратудан кейін, 45 минуттан соң алу керек. Өйткені малдың ішек-қарнында өте көп микробтар болады, олар жақын жатқан ұлпаларға тез тарайды да, олардың ыдырап жəне улы заттар пайда болуына əкеп соқтырады. Егер де ішек-қарын қансыратудан соң 2 сағаттан артық уақытта алынса, малдəрігерлік ереже бойынша, ұшаны бактериялогиялық зерттеуден өткізіп тексереді.

10– сурет. Ішкі мүшелерді алу

Ішкі мүшелері малды сойғаннан кейін неғұрлым тез уақыттың ішінде алу қажет (30 минуттың ішінде).

Ішкі мүшелері алу ұшаның көлденең не тік қалыпта орналасуында іске асырылады. Ол үшін алдымен мынадай даярлық жұмыстар жүрізіледі: екі артқы аяқтың арасындағы қашықтықты ұзарту (керу), кеуде сүйегін арамен кесу, шап сүйекті шабу, тік ішекті айналдыра кесіп, қуықты байлап қою қажет.

Ішкі мүшелерді конвейерлі жəне конвейерсіз үстелде алуға болады. Конвейерлі үстелдің жылдамдығы мен жұмыс конвейерінің жылдамдығы


36

бірдей (синхронды) болуы қажет. Алдымен пышақпен ұшаның ішін жарып, содан кейін іш майды, ішек-қарынды, өкпе-бауырды, жүректі, өңешті, кеңірдекті жəне көк етті алу қажет. Ішкі мүшелерді алатын конвейерде мал дəрігері ішкі органдарды қарайды. Асқазанды бөлшектеп, майсыздандырып, субөнімдер цехына, ішектер ішек цехына жіберіледі.

Ішкі мүшелерді абайлап алу керек, ішек-қарын, өкпе-бауырды жəне ұшаның ішкі қабатын бүлдіруге, ластандыруға болмайды . Ірі қара мал конвейер үстелінің конструкциясы табақша тəріздес болады.

Конвейерлі үстел мен ұша конвейерінің жылдамдығы бірдей болғандықтан жұмысшылар ішкі мүшелерін алғанда ұшаға қарағанда стационарлық қалыпта тұрады. Операция аяқталған соң қайтадан бұрынғы орнына келіп басқа ұшаны өңдейді. Шошқа мен қойдың ішкі мүшелерін дəл ірі қара малдың ішкі мүшелерін алғандай орындайды, тек айырмашылығы аспалы жолмен конвейерлік үстелдің өзара орналасуында, шошқа жəне қойдың ішек-қарын мен өкпе-бауырын бірге алады.

Шошқа мен қойдың ішкі мүшелерін өңдейтін конвейер үстелі жалпақ табақ тəріздес болып келеді.

Алынған ішкі құрылыс органдарын ұшаға қарама-қарсы табақшаға қояды . Ұсақ ет комбинаттарында ішкі мүшелерді стационарлық үстелде алып, өңдейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет