Қазақстан республикасының ауылшаруашылық министрлігі


Мал, құс жəне қояндарды өңдеу



бет21/272
Дата28.12.2021
өлшемі3,89 Mb.
#128904
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   272
Байланысты:
консерв окулык

Мал, құс жəне қояндарды өңдеу

Малды союға дайындау. Малды сою алдында дем алдыру себеппен, оларды мал шарбаққа қамайды. Ірі қара жəне ұсақ қара малды 24 сағатқа дейін, ал жылқыны жəне шошқаны 12 сағатқа дейін ұстайды. Осы уақыттың ішінде оларды азықтандырмайды, алайда сусыз болмауы керек, соңғы рет союға 2 сағат уақыт қалғанда суарады. Мұндағы мақсат ішек-қарынын ластан тазарту, өйткені сою уақытында етті ластамау. Екіншіден, ағзада зат алмасу үдерісінде пайда болған əртүрлі керексіз алмасу заттарын сыртқа шығару. Мұның барлығы еттің жақсы пісіп жетілуіне пайдалы қасиетін тигізеді.

Егерде сойыс малы тəулік бойы су ішпесе, ұлпалардың ылғалдығын жоғалту барасында олар 3-4 пайызға дейін тірі салмағын төмендетеді жəне сонымен қатар, сойғанда терісі нашар сыпырылады (осы себептен болуы мүмкін бұрын аталарымыз соғымды сояр алдында, бір шелектей соғымға су ішкізеді) . Малды сою алдындағы ұстау уақыты, оларды қандай түрлі көлікпен тасып əкелінгеніне байланысты болады. Егерде малдар ұзақ уақытқа дейін азықтандырылмаса жəне суарылмаса (жүріп келген жолда) оларды сою алдындағы ұстауға қоймайды. Егерде мал 100 шақырымнан

32

артық қашықтықтан əкелінсе, оларды 15 сағатқа, ал жылқыларды 5 сағатқа қояды. Əкелінген мал ластанған болса, оларды жуады.



Малды сояр алдында ұруға болмайды. Өйткені қоздыру, қорқыту жəне денесін ауырту , малдың бұлшық етіне қан келуін жылдамдатып, тамырларда қан бөгелуі мүмкін. Осы себептен сою уақытында толық қансырату нашар болып, еттің түсі қаралау жəне ылғалдылау болады. Мұндай етте микробтар тез өсіп жетіледі, ет нашар сақталатын болады. Осы себептерден малды айдағанда жұмсақ қамшы, не болмаса электрайдағыш (25В) қолданады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет