4.4 Балық жəне теңіз өнімдерінен дайындалатын салқын тағамдар
Əртүрлі деликатесті салқын тағамдарды теңіз өнімдерінен, соның ішінде крабтан, креветкадан, мидийден, теңіз гребешогінен жəне кальмардан дайындайды.
Салқын балық тағамдарының ішінде тұздалған майшабақ кең таралған. Майшабақты қабығынан, іш-құрылысынан, омыртқа жəне қабырғаларынан тазалап, филелерге бөледі. Дəмін жақсарту үшін майшабақты сүтте ұстап алуға болады. Егер балық асатұздалған болса, онда оны салқын суға салып алады. Салқын тағамдарға арналған ет өте майлы емес, көкөністермен дəмі үйлесетін болуы тиіс, соус ретінде сірке су құйылған желкек немесе майонез қолданылады.Салқын балық тағамдарын соустармен жəне дəмдеуіш шөптермен, пиязбен, жуамен, қызылша, картоп бөлшектерімен, маслиналармен ажарлайды.Майлы балықтың салқын тағамдарына лимон, анар, маринадталған жемістер үйлеседі. Салқын балық өнімдерін еттің алдында ұсынған дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: |