Қазақстан республикасының ауылшаруашылық министрлігі



бет245/272
Дата28.12.2021
өлшемі3,89 Mb.
#128904
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   272
Байланысты:
консерв окулык

Салаттар мен винегреттер.Салаттар дайындау үшін көкөністер, жемістер, сонымен қатар пісірілген, ашытылған жəне маринадталған көкөністерді пайдаланады. Кейбір салат түрлеріне ет, балық, теңіз шаяны, саңырауқұлақтар, жұмыртқа қосады. Бұлар салаттардың құндылығын жоғарлатып дəмін жақсартады. Балықты жəне етті салаттарды дайындау үшін ет жəне балық өнімдерінің пісірілген, қуырылған жəне консервіленген түрлерін қолданады.

297

Салаттардың бір түрі винегрет болып табылады, оның құрамына қызылша кіреді. Винегрет – бұл, құрамына пісірілген қызылша, картоп, тұздалған жəне маринадталған қияр, пияз кіретін пісірілген, тұздалған, ашытылған жəне маринадталған көкөністер қоспасы. Сонымен қатар, осы өнімді дайындауда пісірілген сəбіз, үрмебұршақ , консервіленген көк бұршақ, ашытылған орамжапырақ, ет, пісірленген балық қолданылады (сурет 47). Салаттарды өткір, татымды, қышқыл, тəтті, майонез, қаймақ жəне т.б қатықтар қосады. Көктен жəне көкөністерден дайындалған салаттарды өзіңдік тағам ретінде жəне əртүрлі етті жəне балықты салқын тағамдарға гарнир ретінде қолданады.

Салат дайындауға арналған өнімдерді міндетті түрде суытады. Салат дайындауда маңызды операция - көкөністердің туралуы. Əдемі жəне біртекті турау тағамдарға көз тартымды жəне тəбетті ашатын түр береді. Өнімдерді жұқа тілімдеп, текшелеп, түтікше етіп турайды. Тағам көрнекті болу үшін салаттарды безеңдіру кезеңінде тағамдардың əртүрлі түстері бір-бірімен сəйкес болуы керек. Винегреттерді жəне салаттарды дайындау үшін өнімдерді суытылған түрінде температурасы 8-10 °С кеседі. Қатықтарды жəне соустарды да суытады.

Салаттарды жə не винегреттерді 8 °С температурада 12 сағаттан артық емес сақталуы тиіс. Салаттарды шынылы жəне фарфорлы ыдыстарда береді.




  1. - сурет. Салаттар жəне винегреттер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет