Балықты бұқтыру. Балықты бұқтыруға орташа майлы немесе майлы балықтар пайдаланылады: карпа, лещ, сазан, сом, камбал, теңіз алабұғасы жəне т.б. Ұсақ балықты басымен қоса бүтіндей бұқтырады, орташа немесе үлкен көлемдегі балықтарды порцияға бөліп, дөңгелекшк тəріздес етіп немесе филе түрінде бұқтырады.
Балықты көкөніс томатында бұқтырады . Сəбіз, аскөк, сүйрікті сабан секілді, пиязды жартылай сақина немесе сақина тəрізді етіп турайды.
Қазанға немесе кəстрөлге сұйық май, томат пюресін, сірке суын құяды, содан соң дайындалған көкөністердің қабаттарымен кезекпен -кезек балықты орналастырады. Тұз, қант, хош иісті бұрыш,бұршақ, лавр жапырағы, даршын, қалампырды қабаттардың ара-арасына біркелкі етіп себеді. Беткі қабатын көкөністермен əрлейді, 3 сағ бұқтырады. Балықты
294
қуырылған картоппен бірге, бұқтыру барысында шыққан соуспен қанықтырып ұсынады.
Достарыңызбен бөлісу: |