Жарманы жаншу үрдісі. Сұлы жармасы пісірер алдында білікті қондырғыларда бір-біріне қарама - қарсы бағытта, тең жылдамдықта қозғалатын тегіс біліктердің көмегімен тегістеліп жаншылады. Жарманың
289
өлшеміне байланысты біліктердің арақашықтығы бірдей 1,5—3,0 мм қашықтықта орналастырылады. Бір ескеретін жағдай, жақсы əрі дұрыс жазншылған жармадан, кейіннен көп мөлшерде тұнба алуға болады. Жарманың жазу үрдісін жүргізетін біліктер қоректендіргіш механизммен жəне тегіс жазылған жарманы алып тастайтын арнайы пышақтармен қамтамасыз етілген болуы керек. Себебі түскен өнім біліктің ұзындығының бойымен орналасады (əдетте рифельді біліктер) орналастырылады. Жуылған жарманың ылғалдылығы біркелкі таралуы үшін, жарманың тегістелуі үрдісі дұрыс жүру үшін сондай-ақ ұнды түріндегі қоспалардың жоғалулардың алдын - алу үшін, жарма жуылғаннан соң 10-15 минут жату керек.Сұлы жармасының жаншу үрдісі кезінде жасушалы қабырғасы бұзылады, жасуша құрамы судың əсеріне ыңғайлы болып, тағам заттектерін қайнатпада көбейтеді де, жарманың пісіру уақытын қысқартады.
44- сурет. Қайнатып кептірілген, пісіруді қажет етпейтін жарма өндірісінің технологиялық сызбасы
Жарманы ( күріш, қарақұмық жəне сұлы) артық заттардан тазартып бидай сепараторында 1 жəне 2 автотаразы арқылы дəн жуғыш машинаға бағыттайды. 3.Жуғыш машинада жуылған сұлы жармасын арнайы қондырғыда жазып өңдеп 4, жəне 5 сорғы көмегімен 6 пісіру аппаратына түседі. Содан кейін судың 8-10 есе көп көлемі құйылады. Қарақұмық жəне күріш жармасын өңдеуден өткізбей пісіру аппаратына бағыттайды. Піскен жарма 7 насос арқылы 8 жаншу машинасына келіп түседі. Онда мезга бөлек ажыратылып, кептіргіште кептіріліп қалдық ретінде қолдануға жіберіледіі. Жаншу үрдісі нəтижесінде алынатын сұйық тұнба 9 гомогенизатордың көмегімен гомогенизацияланып, өнімді ысытуға арналған булағыш жейдесі бар жинағыш бөлігінде10 жиналады. Қажетінше жинағыштағы тұнбалар 11 -насос көмегімен 13 тозаңдата кептіргіштің 12 -қабылдағыш бөшкесіне беріледі. Кепкен құрғақ тұнба 14-вибрационды сүзгідееленіп, бөлінген ірі бөлшектері ұсақталып дайын өнімге қайта араластырады.
Достарыңызбен бөлісу: |