Жарманы жуу жəне тазалау.Жарма дəндік сепараторда тазаланады. Жарманы түріне байланысты əртүрлі електерөткізеді.Тазаланған жарма магниттелген бөгеттен өтіп, транспортер жүйесі арқылы салмағын өлшеу үшін автотаразыларға бағытталады. Содан соң дəнді жуғыш машиналардың қабылдау бункеріне түсіреді. Жуғыш машинаны дұрыс пайдаланғанда толығымен қауызынан, жартылай тазартылмаған қауыздарынан, минералды қоспалардан жəне ұнды қоспалардан ажыратылады. Балалар тағамын дайындау цехындағы дəндерді жуу машиналарда жарманың болу ұзақтығы 2-3 минутқа созылады.