Балғын орамжапырақтан дайындалған щи.Орамжапырақтышаршы пішінді, сəбізді, шалқанды, ақжелкенді -бөлікше, пиязды - тілімдер түрінде турайды. Барлық көкөністерді түтікше етіп те турауға болады. Шалқанның ащы татымын жою үшін оларды шарпытады. Томат-езбенің орнына балғын қызанақты қолдануға болады . Оларды тілімдеп турайды жəне пісіру соңына 5-10 минут қалғанда қосады. Ерте піскен жəне жетілмеген орамжапырақты сорпаға салу алдында, ащы дəмін азайтуы үшін шарпытады.
Щи пісіру кезінде сорпаға орамжапырақты салады жəне қайнауына жеткізеді. Содан шала қуырылған тамырларды, пияз, томат езбесін қосады
311
жəне тағы 20- 25 минут пісіреді. Щиге болгар бұрышын жəне сарымсақ салуға болады. Щи құрамына картоп кірмесе, оның орнына пассерленген ұн қосады.
Достарыңызбен бөлісу: |