Тұздықты көжелер.Тұздықты көжелерді ет, балық, саңырауқұлақ сорпалардан, сонымен қатар тауық етінен, ішек қарнынан жəне бүйрекпен дайындайды. Тұздықты көжелердің негізгі бөлігі-тұздалған қияр. Қышқылтым көжелерді дайындағанда тұздалған қиярларды қабығы мен тұқымдарынан тазалайды, түтікшелеп турайды да суда немесе сорпада 15 минут өз сөлінде пісіреді. Тұздықты сүзеді, қайнатады жəне қышқылтым көжеге өткір дəм беру үшін қосады. Картопты бөліктерге, тамырлар мен пиязды түтікшелерге турайды, қымыздық жəне саумалдық жапырақтарын 2-3 бөлікке турайды. Жіберу кезіндебарлық тұздықты көже түрлеріне қаймақ немесе льезон қосады. Етті тұздықты көжелерді сүзбелі ватрушка, ал балық қосылған тұздықты көжеге расстегаилар қосып береді.
Достарыңызбен бөлісу: |