Мəскеулік борщ. Бұл борщті дайындау үшін сорпаға шошқа ыстамаларын (сүйектерді) қосады. Оған картоп жəне шала қуырылған ұн қоспайды. Мəскеулік борщты ет өнімдер жиынтығымен: сиыр еті, сан еті, сосискаларжібереді.Ресторандарда мəскеулік борщты тапсырыспен дайындайды: көже құятын тостаққа ет жиынтығын салып дайын борщты құяды, қайнатады, қаймақ жəне көк қосады. Бөлек тəрелкеге ыстық ватрушкалар беріледі.
Украиндық борщорамжапырақ жəне картоп қосылған борщ сияқты дайындалады, бірақ көкөністерді шошқа майымен шала қуырады. Орамжапырақпен бірге тəтті бұрыш косып, шала қуырылған ұнды салады. Шошқа майымен үгілген сарымсақ қосады да, тағы да 5-10 минут қайнатады. Тоқаштар мен сарымсақтан жасалған тұздық бөлекберіледі. Пісіру аяғында қатық үшін сарымсақты тұзбен ысқылап, өсімдік майын тұзбен ж əне салқын қайнатылған сумен араластырып дайындайды. Сарымсақ қатығымен пампушканы бөлек береді. Қаймақпен жəне көк қосып жібереді.
Достарыңызбен бөлісу: |