Қазақстан республикасының ауылшаруашылық министрлігі



бет112/272
Дата28.12.2021
өлшемі3,89 Mb.
#128904
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   272
Байланысты:
консерв окулык

Салқындату жəне орамалау

Біртекті пішін (құрылым) алу үшін сонымен қатар қышқылдану үдерісін тежеу үшін майды пластиналы жəне шнекті салқындатқышта, фрейзерде, салқындатқыш барабанда, роторда жəне басқада аппаратурада салқындатады.

Бөшке , жəшік жəне контейнерде буып-түйуге арналған қайнатылған шошқаның майларын 26-35 оС дейін, фасовкілеуге арналғанды 18-23 оС дейін салқындатады. Сиыр жəне қой майларын 37-40 оС дейін, сүйекті 30-35оС дейін салқындатады. Майды бөшке, жəшік, контейнерге салар алдында оған полимер материалдан жасалған қап салады.

Майды 100, 200, 250г массада ұсақ бөлшектеп пергамент, фольгаға, полимер материалға немесе əйнек банкаларға орамалайды.

Тағамдық майлардың сапасы органолептикалық бағалау жəне анализ негізінде анықталады. Сынаманы əрбір партияның бір түр жəне сұрпынан алады. Органолептикалық бағалауда түсі, иісі, дəмі, консистенциясы жəне еріген күйдегі мөлдірлігі анықталады. Химиялық анализ жолымен ылғалдың массалық үлесі жəне қышқыл саны анықталады.

Стандарт талаптарына сай майлардың түр жəне сұрпын анықтайды.

Тараны маймен толтыруға дейін жəне кейін өлшейді.

Сақтау кезіндегі майдың шыдамдылығы олардың сапа жəне түріне табиғи антиқышқылдар құрамына ( токоферол,лецитин) жəне сақтау жағдайына байланысты. Майды қысқа мерзімде (1-айға дейін)сақтағанда температурасы 5-6оС жəне салыстырмалы ауа ылғалдығы 80% болып келетін қараңғы, құрғақ, салқын ғимараттарға қояды. Үдеріс аяқталар кезде қазанға тұз салады жəне тұндырады. Құрамында 5% дейін май бар қайнатылған шыжықты 0,08 мПа жəне 750С температурада вакуум жағдайында ылғалдың массалық үлесі 6 - 8% дейін кептіреді жəне құрғақ тағам өндірісіне жібереді.

Горизонтальды вакуумдық қазанда алынған құрғақ шыжықтан майды сүзгеннен кейін 75 – 80оС - та 4 сағатқа дейін үздіксіз əрекетті шнекті прессте немесе периодты əрекетті гидравликалық прессте сығады. Шыжықты пресстегеннен кейінгі майдың массалық үлесі 12% аспауы қажет. Пресстелген шыжықты салқындатады жəне азықтық ұн өндірісіне жібереді.

Ылғалдың массалық үлесі 15 - 40% шыжықты ТВ жəне ТН – 800 фильтрлеуші цинтрифугаларда майынан айырғанда ондағы майдың құрамы

10-44% дейін азаяды. Майсыздандырылған шыжықты горизонтальды вакуумдық қазанда кептіреді.


130

Майынан айыруда шыжықты цинтрифугалауды қолдану пресстеуге қарағанда жоғары сапалы май алуға мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет