Жартылай фабрикатардың сапасына қойылатын талаптар Жартылай фабрикаттардың ішкі беті ішкі мұшелерден,
қоймалжың қан қалдыңтарынан, қара жарғақтардан мейлінше таза болуы керек. Ет жұмсағы сүйекке жабыса ұсталған жəне ет жұмсағы арасында қарайған дақтардың болмауын қадағалау керек. Ал, қабырға сүйектері тым жалаңаштанбағаны жөн. Өңделген балықтың терісі жыртылмаған, тұтас жəне қанатшасыз, қабыршақсыз болғаны жақсы. Қанатшалардың ет жұмсағындағы сүйектері алынып тасталған болуы керек.
Балықтан жартылай фабрикаттар дайындау үрдісіне қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар.
Микроорганизмдердің дамуына қоректік орта болып есептелінетін балық құрамындағы су мөлшері олар үшін жеткілікті, сондықтан балық салқындатылады.Бұл жағдайда микроорганизмдердің көбеюі төмендейді.Микроорганизмдердің көп мөлшері ішкі мұшелері тазартылмаған балықта, аз мөлшері жартылай өңделген балық денесінде болады, бірақ бұл мөлшер одан əрі өңдеу жəне сақтау кезінде өседі. Бұдан құтылу үшін балықты арнайы үстелде не тақтайда (осы мақсатқа арналған) бөлшектейді. Бөлшектеуге дейін жəне одан кейін балықты салқын суда жуады. Балықты порциялы бөліктерге турау жəне оларды аунатпалау осы мақсатқа арналған үстелде жүргізіледі. Алынған қалдықты дəл уақытында жойып отыру қажет. Өңдеу аяқталынғаннан кейін балықты жəне пайдаланылған құралдарды мұқият, жақсылап жуады.Жабдықтар мен құралдарды кептіреді. Балықты тоңазытқышқа салады. Өңдеу кезінде жабдықтар мен құралдарды ыстық сумен бірнеше рет жуып отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |