Шошқаның түктерін алу, ыстық суға булау əдістері. Түктерді алудың техникалық құралдары.Шошқаның терісін сыпырмай өңдеу технологиясы: шошқаны жансыздандырғаннан кейін, қан ағатын жолға көтеріп, жуып қолмен немесе қырқатын машинамен бүйіріндегі жəне жотасындағы түктердің бөлігін алып, ыстық суда жидітуге жібереді.
Ыстық суда жидіту арнаулы күбіде жүргізіледі. Судың температурасы 63-65 оС; ұзақтығы 3-4 минут.
Ыстық суға жидіту кезінде терінің үстіңгі қабаты жұмсарып, түктердің түйіні шаштың қалтасынан жеңіл алынады. Ыстық суда жидіту температурасын жəне ұзақтығын көбейтуге болмайды. Бұл дерма ақуыздарының коагуляциясын тудырады (коллаген пісіп кетеді), соның арқасында түктер қысылып, қырған кезінде алынбай, сынып қалады, түйіндер шаш қалтасынан шыға алмайды. Ал температура мен жидіту уақытын азайтып жіберсе, онда түктер алынбайды немесе нашар алынады.
Жидіту күбісі көлденең жə не тік болуы мүмкін. Көлденең күбіге шошқаның бүтін еті ауыр жүк көтеретін шынжырмен немесе арнайы құралмен түсіріледі. Күбінің ішінде шошқаның бүтін еті қолмен (ескекпен), тербермелі итергішпен немесе конвейермен жылжып отырады. Күбіден етті алып шығу үшін көтермелі тор қолданылады.
Тік күйде шошқаның ұшасы жылжымалы конвейермен аспалы жолда жылжып отырады. Бу мен судың температурасы 63-65 оС.
Бұл тəсілде шошқаның бүтін етін күбіге түсіріп, жидітуден кейін аспалы жолға көтеріп керегі жоқ. Бұл жолда конвейер үздікдіз жұмыс істейді.Жидітуден кейін түк қырғыш машинада алынады.
Шошқаның ұшасының орналасуына байланысты қырғыш машина көлденең жəне тік болып бөлінеді.
Тазаланған шошқа ұшасы еті машинадан айналмалы валдың көмегімен қабылдайтын үстелге келіп түседі. Үстелде қалған түкті қолмен тазалайды. Көлденең қырғыш машинамен сағатына 100 шошқа ұшасын етін өңдеуге болады.
Шошқа ұшасының қаспасшысына қатарлас орналасқан машинадағы ұшаның қозғалысы төрт айналмалы шнекті біліктермен орындалады. Біліктер машинаның ұзына бойында орналасқан. Бесінші білік түкті тазалайды. Күбіден шошқа ұшасын қырғыш машинаға пластинкалы
41
тасымалдағыш арқылы түсіріледі. Тасымалдағыштың шеті суға түсіп тұрады. Бұл қырғыш машинада сағатына 400 шошқа ұшасын өңдеуге болады.
Жидіту мен түкті алуды үздіксіз істейтін бір агрегатта орындауға болады. Бұл агрегатта шошқа ұшасы жұмысшы конвейермен жылжып отырады. Агрегат - металдан істелген камера. Камераның екі жағында пластинкалы -топсалы қырғыш бар шынжырлар орналасқан . Шынжыр жұлдызшаға кигізіледі де жоғарыдан төмен қарай қозғалады. Камераның ұзындығы жұмыс конвейерінің жылдамдығына ж əне ұшаны тазалауға қажетті уақытқа байланысты. Агрегатта сағатына 600 шошқа ұшасын өңдеуге болады. Аталған барлық қырғыш машиналарда шошқа ұшасы температурасы 62-65 °С сумен мол суландырып отырылады.
Түктерді алу қырғыш машиналарда сумен немесе арнайы тасымалдағышпен жинап алады. Ал су сүзгісінде тазаланып, қыздырылып қайтадан машинаға беріледі. Қырғыш машинадан кейін бүтін шошқа ұшасында ұсақ шаш, терінің үстінде қабаты - эпидермис, мамық-түбіт қалып қояды. Бұларды алып тастау үшін бүтін шошқа етін (үйту үшін) үйтетін пешке жібереді. Пештің ішіндегі температура 1000-1200 °С. Үйіту уақыты 18-22 секунд (13 сурет).
13– сурет. Шошқа ұшасын үйітетін үздіксіз жұмыс істейтін пеш 1,2 - қабырғалар; 3 - іргетас, 4 - түтікше релье; 5 -тасымалдағыш шнек; 6 -
жақша тəріздес тетік (скоба); 7 - кергіш (разнога).
Достарыңызбен бөлісу: |