Шырышты субөнімдерді тазалау. Майсыздандыру, тазалау, шырыштан арылту. Қой мен сиыр қарындарын үшке бөледі: торкөз қарын (рубец), жалбыршақ қарын (книжка), ұлтабар (сычуг).
Субөнімдер цехына қарын тазаланып, майсыз, жуылып келеді. Оларды ілулі тұрған күйінде өңдейді.
Ірі ет комбинаттарында қарынды тасқынды механикаландырылған желіде өңдейді. Ваннадағы сумен келген қарынды, ілмектерге іліп отырады. Оларды майдан тазалап, жидіту астауына жібереді, судың 65-68 оС, -5-8 мин, содан соң МОС-ЗС деген центрифугаға тазалауға жібереді. Жидіту кезінде шырыш қабығы босап, тазалауға дайын болады.
Жидіту аппараттары термореттегіштермен қамтамасыз етілген. Тазаланған қарындарды ағынды суда ваннада суытып, суы аққанша рамкаларда ұстайды.
Жалбыршақ қарынды (книжка) цептрифугада немесе ваннада жидітіп, Т-сы 65-68оС, 5 мин. шырыштан тазалап, жуып, суда салқындатады. Тазалап болғаннан кейін, 20-30 мин суын ағызады.
Ұлтабарды (сычуг ) - 3- 5 сек жуады, өйткені ферменттер жуылып кетпес үшін, су ағысы əлсіз болуы керек, судың температурасы -25 оС. Шырышты қабықты сойған соң 45-46 мии. ішінде алу керек, ол үшін оларды абайлап кесіп, шырышты қабықты кесіп алады. Ұлтабарды жуып, тазалайды. Шырышты қабаты керек болмаса, оларды жидітіп тазалап, жуады.
Барлық шырышты субөнімдерді тазалау үшін тасқынды-механикаландырылған желілер (ЛОСС) пайдаланылады. Корзиналарға субөнімді салып, ваннада (65-67 оС) суда 8-10 мин. Жидітеді де кранмен
83
центрифугаға апарып, су құяды. Субөнімдерді салған соң, тазалау 6-10 мин. жүргізіледі.
Соңғы тазалап жуу екінші центрифугада іске асырады. Желінің өнімділігі - 500 кг/сағ.
Достарыңызбен бөлісу: |