Қазақстан республикасының ауылшаруашылық министрлігі



бет64/272
Дата28.12.2021
өлшемі3,89 Mb.
#128904
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   272
Байланысты:
консерв окулык

Жүнді субөнімдерді өңдеу. Жүнді субөнімдерді өңдеу кезінде жеуге келмейтін бөліктерді (жүн, қылды, тұяқты, эпидермисті), ластарды тазалайды.

Негізгі операциялар: жуу, жидіту, жүнді аластау, үйіту, жанған бөлшектерден тазалау, жуу. Сиыр, шошқа сирақтарын үйітуден кейін тұяқты алады. Шошқа немесе қой басын (терісімен) миын алу үшін екіге бөледі.

Жидіту температурасы термореттегіш арқылы бақыланады: сиыр субөнімдері 65-68 оС, шошқа 60-63 оС, қойдың басы үшін 68-70 оС.

Одан жоғары температурада жүннің ұсталу күші артады, оны алу қиындайды.

Шошқаның тұяғы центрифугада түсіп қалады.

Іріқаранын аяқтары центрифугадан шыққанда тұяқпен болады. Оны алу үшін арнаулы машина қолданылады МКС- 1. Тұяқпен бірге ет сыдырылмас үшін тұяқты 3-5 мииут қыздыру қажет.

Құлақтар мен еріндерді тазалау кезінде оларға сиырдың немесе шошқаның біраяғын қосып өңдейді. Бұл тазалауүдерісін жылдамдатады.

Су болған өнімдерді үйіткен кезде күйе көп болады. Сондықтан оларды үйітуден кейінгі шыққан жылы ауамен кептіріп алған дұрыс.

Оларды үйіту пешіне бункер арқылы тиейді. Көлбеу барабанның тұтас бөлігінде олар кеуіп, ары қарай тесік бар жеріне жеткенде жалынмен үйітіледі.Барабан айналып тұрған соң, олар араласа бастайды. Бұл жерде эпидермис пен 1 кг жүн күйеді. Үйіту температурасы 700-900 оС; кептіру де 300-450оС; ұзақтығы - аяқтар мен еріндер 4-6 мин; шошқа аяғы, құлак, құйрық 2-4 мин; қойдың басы 3-5 мин.

Жидіту мен күйеден тазарту үшін МОС-ЗШ центрифугасын колданады: 1 рет тиеу – 100 кг; қуаттылығы -750 кг/сағ.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет